Жалпы
мақсаты,
міндеттері
Оқыту
нәтижесі
Сабақтың
жабдығы
|
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту, оқып
білгенін өмірде пайдалана алу, шығармашылықпен жұмыс жасай
отырып, сөздік қорын дамыту,
байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру. Топпен жұмыс істеуге
үйрету, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа
тәрбиелеу.
Оқушылар топта шығармашылықпен
жұмыс жасай алады, бірін-бірі бағалайды, Топпен жұмыста өзіндік
пікір алмасады, өз ойларын еркін жеткізе алады,
дәлелдейді.
интерактивті тақта, слайдтар,
суреттер, постер, тірек сызба, логикалық тапсырмалар
т.б
Сабақтың түрі: топпен жұмыс,
сайыс /ойын/
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап;
шығармашылық т.б
|
Сабаққа психологиялық
дайындық.
-Қонақ күту-
салтымыз
Оқып- біліп
жатырмыз.
Келген қонақ
сіздерге
Сәлем бердік
жалпымыз.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз
күнделікті сабаққа қарағанда ерекше. Осы сабағымызды ойдағыдай етіп
өткізіп, келген қонақтарымызға өз білімімізді көрсетейік. Сабақтың
барысында өз-өздеріңді жақсы жағынан көрсету үшін қандай кедергілер
бар? Осы кедергілерді алдарыңыздағы қағазға жаза
қойыңыздар.
(1 минут ішінде 1-2
сөзбен)
-Ендеше, кедергілерді жояйық!
(қағаздарды умаждау)
-Кедергілер
жойылды!
-Сабағымыз сәтті
өтсін!
Қызығушылығын
ояту.
-Көңіл-күйлерің
қалай?
-Керемет! (қолдарын
көтереді)
-Сабаққа дайындықтарың
қалай?
-Тамаша!
(шапалақтайды)
-Ынтаңыз
ше?
-Ғажап! (алақандарын
тигізеді)
-Ендеше,
бастайық.
-О-о-о! (бас бармақтарын
көрсетеді).
Үш түрлі (көк,қызыл, жасыл)
түспен бөлу. Бірдей түстер бір топқа отырады. Алдарындағы
қағаздардың екінші жағында мақалдардың бір-бір сөзі жазылған, содан
мақал құрастырады, сол мақалға байланысты топтың атын шығарады.
(Мысалы, «Бірлік бар жерде тірлік бар» топтың аты-
Бірлік)
Мұғалім
сөзі:
-Балалар, бүгінгі біздің
сабағымыз әр пәннен өткен білімдеріңді қайталау сабағы. Қазір
сендермен бірге «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз. «Алтын қақпа» төрт
кезеңнен тұрады.
1-кезең-«Тас
қақпа»
2-кезең-«Темір
қақпа»
3-кезең-«Күміс
қақпа»
4-кезең-«Алтын
қақпа»
-Бәйгеге түсіп
жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар
ма?
Білім мен өнер
жарысып,
Тәрбие, тәлім табар
мән.
Бұл бәйге ойдың
бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда, -
дегендей бүгінгі сабағымыз топтық ойын түрінде
өтеді.
1-кезең-«Тас қақпа»
тапсырмалары
«Жедел
сұрақтар»
1-топ
сұрақтары:
1.Тәуелсіздік күні қашан
тойланады? (16 желтоқсанда)
2. Етістіктің сұрақтары
қандай? (не істеді? не ғылды? Қайтті?)
3.Су қанша күйден тұрады? (3
сұйық, қатты, бу)
4. 3 пен 7 - нің көбейтіндісі?
(21)
5. Үш жүз алпыс
бес
Үш жүз алпыс
алты
Әр жылдағы қалпы. (Бір жылдағы
күндер саны)
6.Үш қойдың аяғы қанша?
(12)
7. «Кел, балалар, оқылық»
өлеңінің авторы (Ыбырай Алтынсарин)
8. Мектептегі 10 минут?
(Үзіліс)
9. 1ондық, 1 бірліктен тұратын
сан. (11)
10.Жұмылған көзбен не көруге
болады? (түс)
2-топ
сұрақтары:
1. 1 жылда неше ай бар?(
12)
2.Кемпірқосақта неше түс бар?
(7)
3.Оңынан да оқысаң сол
сан,
Солынан да оқысаң сол
сан
Ол қандай екі таңбалы
сан? (40)
4. Зат есімнің сұрақтары?
(кім? не?)
5. Мемлекеттік тіл қай тіл?
(қазақ тілі)
6.Ұя салмайтын құс.
(көкек)
7. Кез келген санды бірге
көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)
8. 5 кг темір мен 5 кг
мақтаның қайсысы ауыр? (тең)
9. Қыс айларының алғашқы айы
қандай? (желтоқсан)
10. 9 ондықтан 8 бірліктен
тұратын санды ата. (98)
3-топ
сұрақтары:
1. Оқу жылының алғашқы айы
қандай? (Қыркүйек)
2. Сан есімнің сұрақтары?
(қанша?неше?нешінші?)
3. Өзің оқып жүрген кітаптар
қай баспадан шығады? (Атамұра)
4. 1 тәулікте неше сағат бар?
(24 сағат)
5. Мектептегі 45 минут?
(Сабақ)
6. Санды сол санның өзіне
бөлсе.. (1 шығады)
7. 1 жұмыртқа 8 минутта
піседі
10 жұмыртқа неше минутта
піседі? (Сондай 8 минутта піседі)
8.100жылда неше ғасыр бар?
(1ғасыр)
9.Дәм сезу мүшесі.
(тіл)
10. Ағайынды
жетеуінің
Алтауының жұмысы
бар,
Жоқ жұмысы біреуінің. (апта
күндері)
2-кезең: Темір қақпа
тапсырмалары:
«Сөз ойла, тез
ойла».
-«Сөз ойла, тез ойла» сайысына
да келіп жеттік. Мұнда сендерге әріптер беріледі, сол әріпке
байланысты берілген сұраққа жауап қатасыңдар.
Мысалы:
С әрпі болса, с – дан
басталатын жауаптар беріледі.(с, қ, ш, м, к,
б)
Сенің атың
кім?
Сен нені
армандайсың?
Қайда
барасың?
Сен не
ұнатасың?
Досыңа туған күнге не
әпересің?
Қыста не
болады?
Мектепке немен
келесің?
Демалыста қайда
боласың?
Ұнататын
тағамың?
Достарыңа
тілек.
«Қимылды би» сергіту
сәті
3-кезең: Күміс қақпа
тапсырмалары:
«Жұмбақ
сайыс»
1-топқа:
-
2 2 2 2 =
2
-
Өзен бойындағы көп қазға бір
қаз келіп, «Сәлеметсіз бе, жүз қаз!»,- дейді. Сонда қаздың біреуі :
«Біз тіпті жүз емеспіз. Бізге тағы да біздей және оның жартысындай
қаз қосылса, жүз боламыз»,-дейді.
-
Амалдарды
пайдаланып,
сөз құра.
М 700:70
ШАҚ, 1000-994
Н, ТҮ
100:100
2-топқа:
-
4 4 4 4 4 =
4
-
Жаңа туған пілдің массасы 1
тоннаның сегізден бір бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы
неше килограмм тартады /125 кг/
-
Амалдарды
пайдаланып,
сөз құра.
2000-1995 ІК,
3600:600 Н, 10000:100 ІМ
3-топқа:
-
5 5 5 5 5 =
5
-
Асқар Алтынайдың ағасы,
Алтынай Арманның шешесі. Асқар Арманға кім
болады?
-
Амалдарды
пайдаланып,
сөз құра.
2700:900 КІР, Қ
1х10 АҚ ,
К 1000-998
Л
4-кезең: Алтын қақпа
тапсырмалары:
«Ой дамыту»
кезеңі
1-топқа «Образға
кіру»
Шарты: Жансыз заттардың,
өсімдіктердің, жануарлардың орнында өздері қандай күй кешетіні,
қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мысалы, (Гүл, қоян, шырша,
дәптер, доп)
-Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін.
Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш
сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш
әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін.
Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық
істемеймін.
2-топқа
«Диалог-ертегі»
Шарты: Мұғалім не оқушы ойдан
шығарып, кез келген әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған
оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен әрі қарай
жалғастырады.
Мысалы,
-«Ертеде бір байдың ерке ұлы
болыпты...»
3-топқа «Грифонаж»
стилі
Ақ параққа топ оқушылары шимай
салады, сол шимай ішінен бір нәрсенің кескінін тауып, соны әрі
қарай жалғастырып салады.
Әр кезең сайын топтар
бір-бірін «Бас бармақ» әдісі,
«От шашу» әдістері арқылы
бағалап отырады.
Әр топ мүшелеріне
стикерлер тарату, бүгінгі сабақта алған әсерлерін стикерге
жазу
|
Оқушылар қонақтарды қарсы
алып, өлең жолдарын хормен айтады.
Оқушылар алдарыңыздағы қағазға
кедергілерді жазады. Аяқтаған соң қағаздарды умаждап
лақтырады.
Көңіл-күйлерін, сабаққа
ынтасын, дайындықтарын көрсетеді.
Оқушылар мақалдар бойынша 3
топқа 6 оқушыдан топтасады. Топқа мақалдардың мазмұнына байланысты
ат қояды.
Әр топ өздеріне берілген
сұрақтарға жауап береді.
Әр кезең сайын топтар
бір-бірін «Бас бармақ» әдісі,
«От шашу» әдістері арқылы
бағалап отырады.
Әр кезең сайын топтар
бір-бірін «Бас бармақ» әдісі,
«От шашу» әдістері арқылы
бағалап отырады.
Оқушыларға тапсырмалар
таратылып беріледі, әр топ берілген тапсырма бойынша бірлесіп жұмыс
жасайды.
Әр кезең сайын топтар
бір-бірін «Бас бармақ» әдісі,
«От шашу» әдістері арқылы
бағалап отырады.
1-топ «Образға кіру»
тапсырмасын орындайды.
2-топ «Диалог-ертегі»
тапсырмасы бойынша ертегі құрастырады.
3-топ «Грифонаж» стилімен
орындалатын «Шимай ішінен сурет тап» тапсырмасын
орындайды.
Әр кезең сайын топтар
бір-бірін «Бас бармақ» әдісі,
«От шашу» әдістері арқылы
бағалап отырады.
Әр топ мүшелері
өздерінің сабақтан алған әсерлерін тақтада
бейнеленген күн (мен сабақты түсіндім, маған
сабақ ұнады), бұлт (маған кей тапсырмалар қиын
болды), жаңбыр (маған сабақ ұнамады, мен
сабақта ештеңе түсінген жоқпын) суреттеріне стикерлерге жазып
жабыстырады.
|