Тараз қаласы №25 орта
мектебі
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы:
«Рухани келісім, бірлік
пен татулық»
Сыныбы: 2 сынып
Мұғалімі: Сатыбалдиева
Н
2020 оқу
жылы
Тақырыбы : Рухани келісім,
бірлік пен татулық
Мақсаты: Биылғы 2020 жаңа оқу жылының
өзгешеліктерін дәріптеу. Ұлы тұлғалар Әл-Фараби мен Абай
атамыз туралы қысқаша мағлұмат беру. Оқушыларды Отанды сүюге,
құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге
тәрбиелеу.Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылық- тарын
дамыту. Өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды
тәрбиелеу.
Кіріспе сөз
:
Құрметті менің
оқушыларым
Мен сіздерді – Білім күні
мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер өте жақсы білесіздер
биылғы оқу жылы өте күрделі кезеңде басталғалы отыр. Оған әлем
елдерін жайлаған коронавирус індетінің таралуы негізгі себеп болып
болды.
Осы Білім күніне арналған
алғашқы тәрбие сағатының
– Рухани келісім , бірлік пен
татулық арналуы өте
орынды.
Өйткені, осындай асыл
қасиеттердің әрбір қазақстандықтардың, оның ішінде жастар мен
жасөспірімдердің бойына сіңіру - бүгінгі күннің алдында тұрған
үлкен міндет.
Ал, ұлт бақыты – ел ішіндегі
тыныштық!
Сондықтан, отаншылдық,
ұлтжандылық қасиеттер әрине туған Отаныңды, ана тіліңді, ұлтыңның
рухани құндылықтарына аса зор құрметпен қараудан бастау алары
бұлтартпас шындық.
Өйткені, туған Отаныңды сүю –
ол парызың.
Ал, ана тіліңді жетік білу –
ол қарызың.
Рухани бай мұраңа асқан
құрметпен қарау – ол міндетің.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев
биылғы 2020 жылды «Абай жылы» деп жариялауында үлкен мән
бар.
Өйткені, ұлт ұстазы атанған
ұлы ғұлама Абайдан қалған шексіз мұралар, оның ішінде жастар мен
жас ұрпаққа айтқан қасиетті өсиеттері өзінің мәнін ХХІ ғасырда да
жоймай отыр.
Ал, ұлы ойшыл Абай – жастарды
білімге, ғылымға, еңбекке, өнерге үндеп, тағылымы мол тәрбиелі
болуға шақырған жоқ па?!
Сондықтан, ұлттық тәрбиенің
қайнар бастауының негізі – отаншылдық және ұлтжандылық қасиеттермен
арасы ажырамаған егіз ұғым екені даусыз.
Әлем елдерінде осындай
берекесіздіктердің қандай жағдайларға душар етіп отырғанын
күнделікті көріп жүрміз.
Достық деген – ауқымы үлкен,
мәртебесі биік ұлы құндылық әрбір екі адамды бала кезінен
жақсылыққа үндеп, қамқорлыққа жетелейтін қасиетті
ұғым.
Ал, шынайы достық – ұлтқа
бөлінбейді. Оның шекарасы жоқ. Достықтың қадір-қасиетін тек қана –
таза көңілді әділ болуымен өлшенері
ақиқат.
-олай болса оқушылар бүгінгі
білім күніне арналған өлең жолдарымыз
болса
айта
кетейік..................
Арайлым
Өмір
бойы мектебімді жыр етем,
Бір
өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін,
өрлесін
Құтты
болсын білім күні- мерекең!
Абдуқадир
Жан шуағы, күн шуағы арай
ма,
Ұстаз деген әулиедей
талайға
Басын иіп өткен жоқ па
біз түгіл,
Әл- Фараби, Омар Хаям,
Абай да.
Нұрасыл
Сәлем, саған
мектебім,
Алғыстарым көп
менің.
Оқу, білім,
тәрбие
Ой санама
еккенің.
Айбол
Өмірдің бейбіт бағы
бұл,
Асудан асып
асқарлы
Мінекей, биыл тағы
бір
Жаңа оқу жылы
басталды.
Нұршаттық
Отанның біз ұл -
қызы
Халықтың біз
жұлдызы.
Оқимыз ақын -
жырларын,
Оқимыз еңбек
сырларын.
2020 жылы "Әлемнің екінші
ұстазы" атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО
көлемінде аталып өтеді
Шығыстың ғұлама ойшылы,
математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші
ұстаз атанған .
Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы
Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі
Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қаласында
дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед
ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ 2020 Әл-Фараби. -"Ол әулетті отбасыда
өмірге келді. Оның әкесі әскери қолбасшы
болған.
Абай – Ибраһим.
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей
уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан. Негізгі аты – Ибраһим
болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған.
Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай
ауданы, бұрынғы Семей облысында
өтті.
Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің
аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды. Әкесі -
тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа
қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен
анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының
қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме,
күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі
бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз
халқының рухани ой қазынасына қанығып
өсті.
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат
таниды. - Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері,
Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы,
заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның
ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың
өлеңдеріне кезек берелік.
Мұғалім сөзі
Абай – дара, Абай – кемел,
озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең-өзені.
Осымен ашық тәрбие сағатымыз
аяқталды,назарларыңызға
рахмет!