Материалдар / 1 сынып әліппе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 сынып әліппе

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппе пәнінен "ә әріпі және дыбысы" тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспар. 1сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2023
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Сабақтың тақырыбы: "Ә" дыбысы мен әрпі

Білім беру ұйымының атауы

Лунчарский атындағы орта мектеп

Пәні:

Әліппе

Бөлім:


Педагогтің аты-жөні:



Күні:

20.11.22

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

"Ә" дыбысы мен әрпі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:Әә әрпін тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіре алу. Буындап оқу.

Көптеген оқушылар :сөздерді тұтас, түсініп оқу және сөздерге дыбыстық талдау жасау. мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.

Кейбір оқушылар:мәтінді жүйелі мазмұндап беру.

Бағалау критерийлері

· Әә әрпін таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

· сөздерді буындап, тұтас оқиды және дыбыстық, буындық талдау жасайды.

· мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсінеді, мәтінді мазмұндап береді.

Алдыңғы тақырып

Ә дыбысы мен әрпі туралы біледі.

Сабақтың барысы

















Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

3 минут





Өткен тақырыптарды пысықтау

7 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылармен сәлемдесу,

-оқушыларды түгелдеу,

- сабаққа назарын аудару




«Ойлан,тап!» ойыны

Оқушылар ә әріпінен басталатын сөздерді өз ойларынан айтады. Мысалы: әтеш, әткеншек, әтір, т.б.

Әр сөз үшін айтқан оқушыларға балл ретінде қызыл түсті стикерлер беріліп отырады. Бір қызыл стикер 2балл.







Оқушылар ә әріпінен басталатын сөздерді еске түсіріп, оларды мұғалімге айтады.







Дескриптор

Ә әріпін еске түсіреді.-1балл

Ә әріпінен сөз құрай алады-1 балл

Жалпы балл:2

(әр сөз үшін)








Қызыл стикерлер

Сабақтың басы

13 мин

«Сенің кезегің»

Оқушылар оқулықтағы «Шебер әжей» мәтінін кезекпен оқиды. 1оқушы 1 сөйлемнен оқиды. Мәтін аяқталған соң мәтіннің басынан бастап оқып, жалғастырады.


Шебер әжей (68-бет)

Әселдің әжесі текемет басады. Әжей- сырмақ жасаудың да шебері. Сондықтан ол кісіні «шебер әжей» дейді.



Әр оқылған сөйлем үшін жасыл түсті стикерден беріледі.1жасыл түсті стикер-4балл.

Оқушылар оқулықтағы «Шебер әжей» мәтінін кезекпен оқиды. 1оқушы 1 сөйлемнен оқиды. Мәтін аяқталған соң мәтіннің басынан бастап оқып, жалғастырады.


Дескриптор


Оқушылар өткен әріптерді еске түсіреді-2балл


Әріптерді біріктіріп, берілген сөйлемдерді оқи алады-2балл


Жалпы балл:4

Оқулық

Сабақтың ортасы

10 минут

«Жұлдыз құрт» әдісі

Оқушылардың әрбіріне әріптері жасырылған сөздер жұлдыз құрт түрінде беріледі. Оқушылар жұлдыз құрттың ішінде жасырылған сөздерді табу керек.



Әр сөз үшін айтқан оқушыларға балл ретінде қызыл түсті стикерлер беріліп отырады. Бір қызыл стикер 2балл.


Сергіту сәті

Оқушылар 2 қатарға тұрып, тақтаға ілінген суреттердегідей қолдарын суреттің үстіне,кезекпен қояды.

Оқушылар жасырынғңан әріптерді өз орнына қояды.

Дескриптор

Оқушылар жасырынған әріптерді таба алады-1балл

Оқушылар ә әріпін біледі және жаза алады-1балл

Жалпы балл:2

(әр сөз үшін)

Сөздер жасырылған жұлдыз құрт суреті











Әртүрлі қалыптағы қолдың суреттері.

Бекіту


9 минут


«Ұшақ» ойыны

Оқушылар экрандағы ұшақ соғысып қалмас үшін дыбыстарды біріктіру арқылы ә сөзінен басталатын сөздер шығарады

Сөздер: әже, әке,әдемі,әсем,әйнек,әтір,әткеншек,әсер, әлем,әуен, әпер


Оқушылар сөзді жалғастырып, ә әріпінен басталатын сөз құрастырады.

Дескриптор

Оқушылар ә әріпінен басталатын сөздерді біледі-1балл

Жалпы балл:1

(әр сөз үшін)

https://wordwall.net/ru/create/editcontent?guid=0c46308377d1417f8bdeac77ac65091c


Сабақтың соңы.



Рефлекция


3 мин



«Басбармақ» әдісі. 

Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін көрсетеді.


Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім

Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін көрсетеді.



Shape1

Кері байланыс


3 мин


Бағалау



Әр белсенділіктері үшін оқушыларға стикер таратылады. Стикер санын есептек арқылы қанша балл жинағанын есептейді. Дескрипторларға сүйене отырып, оқушылар өз білімдерін өз беттерінше бағалау критерий арқылы бағалау


25 баллдан жоғары – «5» өте жақсы

15–25 балл аралығы – «4» жақсы

10 –15 балл аралығы –«3» қанағаттанарлық


Стикер санын есептек арқылы қанша балл жинағанын есептейді. Дескрипторларға сүйене отырып, оқушылар өз білімдерін өз беттерінше бағалау критерий арқылы бағалайды



Үй тапсырмасы

Оқулықтағы 68-беттегі жаттығуды орындау.

Оқушылар үй жұмысын дәптерге өз беттерінше орындап келеді.

Дескриптор

Оқушылар сұрақтарға жауап бере алады.-1балл

Оқушылар сұрақтың жауабын өз бетінше орындай алады.-2балл

Жалпы балл:3

(әр сұрақ үшін)


Оқулық

Дәптер







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!