400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1-сынып ата-аналарымен жүргізілген тренинг эллементтері: "Мектеп және отбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып ата-аналарымен жүргізілген тренинг эллементтері: "Мектеп және отбасы". Мақсаты: 1 сынып ата-аналарының өзара қарым-қатынасын жақсарту,мектеп өмірімен таныстыру, сынып жетекшісімен дұрыс қарым –қатынаста болу, психологиялық кеңес, ағарту жұмыстары. Қажетті заттар: музыка жазылған таспа, қағаз – қаламдар, түрлі түсті қағаздар, шарлар. Дайындалу шеңбері: 1-сынып оқушыларының ата-аналарын күтіп алып дөңгелене шеңбер етіп отырғызамыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Досжанова Назым Турарбековна,

педагог-психолог,

М.Маметова атындағы орта мектебі,

Ескелді ауданы

Мектеп және отбасы

(1-сынып ата-аналарымен жүргізілген тренинг сабақ)

Мақсаты: 1 сынып ата-аналарының өзара қарым-қатынасын жақсарту,мектеп өмірімен таныстыру, сынып жетекшісімен дұрыс қарым –қатынаста болу, психологиялық кеңес, ағарту жұмыстары.

Қажетті заттар: музыка жазылған таспа, қағаз – қаламдар, түрлі түсті қағаздар, шарлар.

Дайындалу шеңбері: 1-сынып оқушыларының ата-аналарын күтіп алып дөңгелене шеңбер етіп отырғызамыз.


Құрметті ата-аналар, біздің бүгінгі тренингіміз бір-бірімізді жақын тану үшін жасалынып отыр. Қазір орындарыңыздан тұрып өздеріңізге серік көрші таңдаймыз. Ата-аналар орындарынан тұрып өздеріне серік көрші таңдайды. Бір-бірімен танысып білуіне 5-минут беріледі, сосын біртіндеп көршілерін таныстырады.

Жаттығу «Көпір».

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диаганаль бойынша бормен сызық жүргізеді. Ойынның мәнін былай түсіндіреді: «Бұл сызық – тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір». Желден теңселген, тартылып байланған көпір, төменде сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол, тек бір ғана адам өте алады. Әрі артқа шегінуге немесе қайтып кетуге жол жоқ. Бір- біріне қарама – қарсы келе жатқан екі адам. Екі адам екі ұлттың өкілі, бір – бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жету керек. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі.

Талқылау

- Тапсырма ненің көмегімен орындалды?

- Қатысушылар бір – біріне көмектесті ме?

- Осы жағдайда қарым – қатынастың қандай құралдары маңызды?

Жаттығу «Зағиптар»

Жүргізуші: Шеңбер ортасында тұрып зағиптар ойыны ойнатылады.

Мақсаты: Белсенділерді анықтау. Жүргізуші қатысамын деушілерді (8-10 адам) шақырады.

Жүргізуші: ойынға қатысуларыңызға болады дейді. Қатысушылардың көздері матамен танылады, содан соң зағиптар жан-жаққа апарып тұрғызылды .

Жүргізуші мені естіп тұрсыңдар ма? - Енді бір қатарға бойларыңды түзеп тұрыңдар .Әдетте жаттығудың орындалуына 10-15 минут керек.Жүргізуші менің алдымда дұрыс тұрғандарыңа сенімдісіңдер ме? Егер дұрыс тұрмаса «зағиптар» қайтадан бастайды. Көздері шешілмейді, қатарға бойларын дұрыс түзеп тұрғанға дейін қайталана береді. Дұрыс нәтижеге жеткенде көздері шешіледі.

Жүргізуші: Қалай қимыл іс әрекет жасадыңдар? Кім жетекші бола білді? Қарап отырғандар не бітірді? Мәз болып күлді. Зағиптарға көмектесу ешкімнің ойына келмеді. Күліп қарап отыра бердіңдер.

«Жаттығуға бәріңіз қатысуға болады» - деп ескерттім. Енді бәріңіз қалай қатысқаныңыз жөнінде ойланыңыздар. Бұдан былай бір-біріңізге көңіл бөле жүріңіздер(ортақ шеңбер, пікір алмасу, қорытынды сөз).

1-сынып оқушыларына психологиялық кеңес беру, он екі жылдық білім беру жөнінде талқылау. Ата – аналар психологиялық кеңес тыңдап, өз пікірлерінде қосып отырды.

Жүргізуші : енді ата-аналар , «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.

Ал енді ата-аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек діңдер бір бөлек отыруымыз керек.Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

Жүргізуші: Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы» тамырды, «діңгек тобы» - діңгекті, «жапырақ тобы» - жапырақты саламыз. (музыкалық сүйемел, қалам – қағаздар).

Ұстаздарыңызға деген талап – тілектеріңізді «тамыр тобы» – тамырға, «діңгек тобы» – діңгекке, «жапырақ тобы» – жапыраққа жазыңыздар.

Жүргізуші: Осы ағаштың тамыры - ата – ана, діңгегі – сынып жетекшісі, бұтағы – пән мұғалімі. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жеміс берді. Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларымыздың қызығын көрейік!

Жаттығу «Құрметтім саған не тілейін?»

Мақсаты: Қатысушылардың бір – біріне деген қарым – қатынасын нығайту. Кері байланыс жасау. Бір – біріне деген ыстық ықыласты тудыру. Бұл ойында кішкене қиылған жүрекшелер таратылып, қатысушылар өз есімдерін жазады.

Жүргізуші есімдері жазылған жүрекшелерді жинап алады да жұптап қатысушыларды шақырып отырады. Ортаға шыққан жұп «Қымбаттым саған не тілейін?» – деп сөздерін бастап бір – біріне деген ыстық жүректен шыққан тілектерін айтады. (Әр жұп сайын қол шапалақтап, қошемет көрсетіп тырады.)

Жүргізуші: Бүгінгі тренинг барысында алған әсерлеріңіз туралы ой бөлісіңіздер, талқылау, кері байланыс жүргізу керек. Оқушыларға, ұстаздарға, ата – аналарға сәттілік тілеп, музыкалық сүйемелдеу арқылы қоштасу.

Ата-аналарға психологиялық кеңес

Балалар не көрсе, соны үйренеді

Егер балаңыз ұрыс-керіс көрсе, онда ол төбелесуге бейім болады.

Егер баланы әрдайым ұялтса, онда ол өзін үнемі кінәлі сезінеді.

Егер баланың істеген ісін үнемі сынаққа алса, онда ол біреуді кінәләуді үйренеді.

Егер баланың іс-әрекетіне шыдамдылық танытса, бала да сабырлы болып өседі.

Егер баланы әрдайым қолдаса, онда ол өз-өзіне сенімді болуды үйренеді.

Егер баламен қарым-қатынаста әділ болса, бала да адал болып өседі.

Егер бала өзін қауіпсіз сезінсе, онда бала сенуді үйренеді.

Егер баланың істегенін мақұлдаса, оның өзіндік бағасы дұрыс қалыптасады.

Егер баламен достық қарым-қатынасты дұрыс сақтаса, онда баланың өмірге деген сүйіспеншілігі артады


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1743
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12