Материалдар / 1-сынып ата-аналарына кеңестер беру ата-аналар жиналысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1-сынып ата-аналарына кеңестер беру ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып ата-аналарына кеңестер беру ата-аналар жиналысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2024
117
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Бірінші сынып оқушыларының ата –анасына кеңестер беру

Мақсаты: Ата-ананың баламен қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Тренинг бағдарламасы:

Шағын дәріс: «Бала тәрбиесінде ата ана тарапынан қандай қасиеттер керек?»

Жағдаяттар шешу

«Біз бақытты жанұямыз»

«Аяқталмаған сөйлем» жаттығу

«Кінәлі сөздер»

«Сіз қандай ата анасыз» сауалнама

«Шегенің ізі»

Рефлексия

І. Шағын дәріс: “Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек?”

Мақсаты: Баланы бағалауға, сезінуге, түсіне білуге баулу.

Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі кездесуімізде ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге тырысамыз.

Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.

Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол – басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Жағдаяттар шешу:


1-жағдайда баланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды.

2-жағдайда  бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың!» немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді.

Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайлы қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.

  • Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сәйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.

«Біз – бақытты жанұямыз» балалар суреттерін табу

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.

Талдау:

  1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

  2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

  3. Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

Аяқталмаған сөйлем:

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, …

–     Егер балаға үнемі күлсе, …

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, …

–     Егер бала төзімділікте өссе, …

–     Егер бала адалдықта өссе, …

–     Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, …

–     Егер бала кекшілдікте өссе, …

–     Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, …

Дұрыс жауаптары:

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, … (оның оқуғы құлқы болмайды).

–     Егер балаға үнемі күлсе, … (ол бұйығы болып кетеді).

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, … (ол өз қадірі үшін оқиды).

–     Егер бала төзімділікте өссе, … (ол басқаларды түсінуге тырысады).

–     Егер бала адалдықта өссе, … (ол адал болып жетеді).

–     Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, … (ол адамдарға сеніммен қарайды).

–     Егер бала кекшілдікте өссе, … (ол қатыгез болып өседі)

–    Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, … (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).

«Кінәлі сөздер»

  1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

  2. Неге сен басқа балалардай емессің?

  3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

  4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

  5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

Дұрыс жауаптары:

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

  1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» – деп, үміт артуы керек.

  2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» – деп, сенім артуы керек.

3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр» – деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

  1. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

  1. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда» және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

«Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнама

-Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?

-Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

-Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?

-Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?

-Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

-Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

-Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

-Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?

-Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

-Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

-Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?

-Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?

-Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл. Кейде ғана келісемін – 2 балл. Келіспеймін – 1  балл.

Сауалнаманы бағалау:

0-16 балл. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30 балл. Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс.

Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

 «Шегенің ізі» әңгімесі.

Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», – деп табыстапты. Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке-жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», – дейді.  Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, – депті, – алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір-бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам» – деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырар.

Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да болса ақиқат. «Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп  ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса «ісінің шалалығы» деп, жас болса «жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан.

«Жүректен жүрекке» жаттығу

Үлкен қағазға мынадай сөздер жазылған сөздерді толықтыру:

1.“       …           …       … үйрендім”

2.“       …           …           … екенін білдім”

3.“ ..              …         …”

4.“Мен үшін ең бастысы … ”

5.“   …       …     сенемін”

6.“Болашақта   ….         …         қалаймын”

7.“   …           …           тырысамын”

  1. Мен баламмен сөйлескенде,     …       өзімді сезінемін”

  1. Егер бала бір нәрсені дұрыс істемесе,     … керек”

Ата-ана өз еркімен кез-келген сөйлемді аяқтауға құқылы.

Ата-анаға айтарымыз…

Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Оның маңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздың бастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз. Мәселен: «Жарайсың, соңғы уақыттарда сен маған әжептәуір көмек жасап жүрсің!», «Сен жасаған мына дүние ерекше екен», «Ұсынысың – керемет» деген сияқты қолдануға болады.

Балаңыздың өмірін басқаруға ұмтылмаңыз. Оның өзі атқара алатын ісіне араласудың қажеті жоқ. Шамаңыз келгенше, балаңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асуға тырысыңыз. Мұндай кездерде: «Сен – керемет тамаша баласың», «Сендей баламыздың болғанына қуаныштымыз» деген сөздерді қолдануға болады.

Балаңызға бұйрықты түрде сөйлеуден, бір нәрсені күштеп істеуден, намысына тиетін сөздерден аулақ болыңыз.

Балаңызбен бірге болуға тырысыңыз. Сіздің жан жылуыңыз бен аймалауыңызды қажетсінген кездерде сырт айналмаңыз.

Балаңыздың қате басқан қадамы болса, оны бірден жазалауға ұмтылмаңыз. Шын мағынасында, жазалау-бала тәрбиесіндегі дөрекі де өнімсіз құрал.

Бала жарық өмірге еш қорғансыз, дәрменсіз, періште қалыпта келеді. Оның өмірі мен денсаулығы, болашағы оның айналасындағы ересектерге тікелей байланысты. Махаббат пен ізгілік аясында есейген, ержеткен, өсіп-өнген бала кейін айналасына да көп жақсылық әкелмек. Ендеше, ата-ана мен бала арасында шынайы адал сүйіспеншілік, рухани жақындастық, екі жақты өзара сыйласымдылық, сенім болған жағдайда бала өз көзқарасы мен ақыл-ой тұрғысында нық тұрып, болашақта ата-анасының мықты тірегіне айналмағы сөзсіз.

Қорытынды:

  • Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі  – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

  • Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

  • Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

  • Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.  «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік!


Міне осы аталған жағдайларды ғана қалтқысыз орындағанда балаларымызды өмірлерін құтқаратынымыздың бірден-бір кепілі деп қорытындыланды.

Мектеп психологы: Г.Манабаева



















155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде 1-сынып оқушыларын бейімдеу тақырыбында психологтың ата- аналармен жүргізген жиналыстың


А Н Ы Қ Т А М А С Ы


155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде «1-сынып оқушыларын бейімдеу» тақырыбында ата- аналарымен жиналыс өтті.«1-сынып оқушыларын бейімдеу» сілтемесі WhatsApp арқылы 1- сынып жетекшілері мен ата-аналарына таратылды.

«1-сынып оқушыларын бейімдеу» деген тақырып төңірегінде 1- сынып жетекшілері мен ата-аналарына пікір алмасу болды.

Мектепке бейімделу деген не, соның басын ашып алайық. Психологияда бұл термин баланың ойлауы мен іс - әрекеті оның мектеп ортасына үйлесімді «сәйкестенуіне» мүмкіндік беретіндей өзгеруі деп түсіндіріледі, яғни:
1. бала өзінің « істегім келедісін» мектептің «істеу керегіне» сәйкес келтіруі керек;
2. тапсырмаларды (кейде балаға онша қызықты емес) өз бетімен орындауға үйренуі керек;
3. мектеп тәртібін сақтауға, онымен есептесуге, өзінің тәртібімен басқа балаларға кедергі келтірмеуге және мұғалімдердің басын ауыртпауға үйренуі керек;
4. достық қарым - қатынас орнатып, оны ұстануға, басқа баланың ұнауына не ұнамауына қарамастан онымен тіл табысуға, тым болмаса қарым - қатынас жасауға үйренуі керек;
5. мектептегі оқуы – оның «жұмысы» екенін, оқушы болу - өте маңызды екенін түсінуі керек!

Әдетте мектепке бейімделудің 4 деңгейі болады: жоғары, орта, төмен және өте төмен.
Бейімделуі жоғары деңгейдегі бала мектепті жақсы көреді, оқушы болғанына қуанышты. Ол үшін оқу жеңіл, жаңа білімді қызығушылықпен қабылдайды және айналасындағылармен қуана бөліседі, тапсырманы мектепте де, үйде де ынтамен орындайды ( сырттай бақылау жасамай - ақ және қысым көрсетпей - ақ), сабақта мұғалімді ынтасымен тыңдайды, өзі белсенділік танытып «бағдарламадан тыс» бір нәрсе істеуге не жаттауға қабілетті, «қоғамдық тапсырмаларды» абыроймен орындайды, сыныптастарымен оңай тіл табысады.
Бейімделуі орта деңгейдегі бала да мектепке баруға қарсы емес, сабақтарға да кет әрі емес, сыныптастарымен және мұғалімдермен жақсы қарым - қатынаста, сабақта берілген материалды меңгеруге қабілетті, бірақ мектепте де, үйде де ересектердің бақылауында, солардың бұйрығымен ғана жұмыс істеуді қалайды. Өз бетімен жұмыс мұндай балаларда «жүрмейді». Мектепте бұл балаға білім емес, оқушы дәрежесі маңыздырақ, сондықтан оны жаңаны меңгеру емес, «бәрін ереже бойынша істеу» қызықтырады. Қызықты болған нәрселерді – жақсы орындайды – егер бір нәрсе шықпай қалса не «көңілсіз» болса – оқу процесі тоқырауға ұшырайды және тек ересектердің көмегімен ғана алға жылжиды. Бір сөзбен, мұндай балаларға үздіксіз бақылау қажет, білім алуға құлшыныс білдірмейді, тікелей мүддесіне қажет емес істерді өз бетімен істеуі нашар дамыған. Мұндай бірінші сынып баласына үйде қарап, сабақ қарауы бірнеше сағатқа созылып кетпеуін қадағаласа, ал мектепте мұғалімнен «балаға аса көңіл бөлуді» өтінсе (жұмыс істеуге ынталандыру үшін) – бәрі де жақсы болады.

Бейімделуі төмен деңгейдегі балалар бұдан да көп назар аударуды қажет етеді. Мұндай балалар мектепке теріс көзқараста немесе немқұрайлы болады, сабақта бұйығы, «жоқ» секілді. Немесе, керісінше, жиі тәртіп бұзады, оқу материалын толық меңгермейді, жұмысты өз бетімен қиындықпен және көңілсіз орындайды, үй тапсырмаларын анда - санда орындайды ( соның өзінде жақындарының бақылауы және қысымы арқылы). Жаңа материалды меңгеру үшін оған мұғалімі мен ата - аналарының көмегі қажет: бірнеше рет толық түсіндіру және қайталау, басқаларға қарағанда көп уақыт бөлу сияқты. Қоғамдық жұмыстарды бұл балалар ынтасыз орындайды, көбінесе сыныпта жолдастары - достары болмайды, керек десе балардың есімдерін де жыл аяғына дейін білмеуі мүмкін.

Төртінші деңгей «қатерлі» деп аталады, бұл расында да бала үшін де, ата - ана үшін де, мұғалімдер үшін қатерлі. Ең ауыр жағдайда баланың жұмысынан не талап етілгенін мүлдем түсінбейтінін көруге болады. Ондай балалар жеке жұмыста үлкендермен қарым - қатынасқа түсіп, оның нұсқаулықтарын түсіне алады, осыны ескеріп, бастапқы кезде мұғаліммен жеке жұмыстар жасалады.

Егер сіздің балаңыздың бейімделу деңгейі төмен болса, – оған көмектесіңіз, әйтпесе баланы алда «мектеп неврозы» күтіп тұр.

Егер сіз баланың бойынан бейімделудің төмен деңгейі белгілерін байқасаңыз, балаға да, сізге көмек керек екенін білгеніңіз дұрыс! Көмек сұраудан ұялмаңыз! Мұғалімдер мен психологтардың сізге көмектесе алатынына сенімді болыңыздар!

Ата - аналарға ұсыныс:
1. Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ - түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз.
2. Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз: мектептегі тамақтануға дейін оған көп жұмыс істеу керек болады.
3. Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз: тентек болма, өзіңді жақсы ұста, бүгін жаман бағалар болмасын және т. б. Балаға сәттілік тілеңіз.
4. БҮГІН ҚАНДАЙ БАҒА АЛДЫҢ деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз.
5. Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз, саябырланған соң өзі айтады.
6. Мұғалімнің ескертуін ести сала, ұрсысуға асықпаңыз, мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлесуге тырысыңыз.
7. Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 - 3 сағат қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт - 15 - 17 сағат аралығында.
8. Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 - 20 минут сабақтан кейін 10 - 15 минут үзіліс қажет.
9. Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп, қолдау, мақтау қажет.
10. Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл - күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.



Мектеп психологі: Г. Манабаева

















































155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде бастауыш сынып жетекшілері мен ата-аналарына «Агрессия, оның себептері мен салдары», «Оқушы өміріндегі жағымды эмоциялар», , «Кибербуллиг» «Ғаламтор және жасөспірім» тақырыбындағы жүргізілген жиналысқа


А Н Ы Қ Т А М А


Мерзімі:

Тақырыбы: «Агрессия, оның себептері мен салдары», «Оқушы өміріндегі жағымды эмоциялар», «Кибербуллиг» «Ғаламтор және жасөспірім»

Бағыты: Психопрофилактика

Мақсаты: орта буын сынып жетекшілері мен ата-аналарына «Агрессия, оның себептері мен салдары», «Оқушы өміріндегі жағымды эмоциялар», «Кибербуллиг» «Ғаламтор және жасөспірім» тақырыбындағы түсіндіру


Қатысқандар: бастауыш сынып жетекшіліері мен ата-аналары

Барысы:

155 Д. Шыныбеков атындағы орта орта буын сынып жетекшілері мен ата-аналарына «Агрессия, оның себептері мен салдары», «Оқушы өміріндегі жағымды эмоциялар», «Өтпелі кезең: мектеп оқушыларының физикалық және жыныстық дамуы», «Кибербуллиг» «Ғаламтор және жасөспірім» тақырыбында жиналыс өтті.

«Кибербуллинг» https://zhastar.org сілтемесі WhatsApp арқылы орта буын сынып жетекшілері мен ата-аналарына таратылды. :«Агрессия, оның себептері мен салдары», «Оқушы өміріндегі жағымды эмоциялар» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Кибербуллинг» алдын алу жолдары» деген тақырып төңірегінде орта буын сынып жетекшілері мен ата-аналарына пікір алмасу болды. Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды.Кибербуллинг жасайтындардың арасында педофилдер көп кездеседі. Олар балаларды алдап-арбап, желіге жалаңаш түскен видео не суреттерін салуға көндіреді. Кейін сол суреттерді жұртқа жария етемін деп қоқан-лоққы жасау арқылы кездесуге шақырады не ақша бопсалайды. Ал қысымға шыдамай, шарасыз күйге түскендері көп жағдайда өзіне қол салады. Сарапшылардың сөзінше, кибербуллинг қазір бүкіл әлемдегі өте өзекті проблемаға айналған. Өкініштісі, Қазақстанда да кибербуллингке ұшыраған балалар аз емес.

Бастауыш сынып жетекшілері мен ата-аналарына осы мәселелер жөнінде ой қозғап, көптеген мағлұмат алды. Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды.

Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс дейді зерттеушілер.

"Егер бала проблемасын айтып келсе, оны бас салып кінәлап, ұрысудың қажеті жоқ. Телефонды да бірден тартып алып, ғаламторға шектеу қоймау керек. Мұндай жағдайда бала ата-анасынан көңілі қалып, екінші мәселесін айтпайтын болады. Әке-шешелері балаларымен байыппен сөйлесіп, олардың еш кінәсінің жоқтығын түсіндіруі керек. Қамқорлықты сезінген баланың сенімі оянып, тығырықтан шығатынына сенеді. Бізде көп ата-аналар балаларымен сөйлеспейді, оларды не мазалап жүргенін байқай бермейді.

Ата-аналар жиналысында мектеп директоры интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, Youtube арналарында балалар мен олардың ата-аналарына арналған балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмысын жүргізді. Мектеп психологі "Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны" туралы бейнероликтер, жадынамалар, ережелермен таныстырды. Ата-аналар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, қызу пікір алмасты.

1-4 сынып білім алушыларының қатысуымен «Қауіпсіз интернет - қауіпсіз болашақ» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты:

интернеттің пайдалы және зиянды жақтары бойынша ақпарат беру;

интернетті қауіпсіз пайдалануға үйрету;

желі қолданудағы қауіпсіздік шараларын сақтауға баулу.

Сынып сағаттары барысында ғаламтордағы қылмыскерлер, құмар ойындар, вирустар мен ғаламтордың адам денсаулығына кері әсерінен сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді. Білім алушылардың пікірлері тыңдалып, постерлер қорғалды.

Міне, осы аталған жағдайларды ғана қалтқысыз орындағанда балаларымызды кибербуллингтен :«Агрессия, оның себептері мен салдары», «Оқушы өміріндегі жағымды эмоциялар», «Кибербуллиг» «Ғаламтор зиянынан» құтқаратынымыздың бірден-бір кепілі деп қорытындыланды.

Мектеп психологы: Г.Манабаева



































Хаттама

Мерзімі:

Бағыты:психокоррекция

Қатысқандар: 1-сынып ата-аналары мен сынып жетекшілері

Тақырыбы: Мектепке дайындық деңгейі төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылардың 1-сынып ата-аналары мен сынып жетекшілеріне кеңес беру

Өту барысы

Үстіміздегі жылдың 28-тамызы күні мектепке қабылданған 1-сынып оқушыларының мектепке жалпы дайындық деңгейін анықтау мақсатында мектептің психологиялық орталығы біршама жоспарланған зерттеу, талдау жұмыстарын жүргізіп, төмендегі қорытындыға келіп отыр.

Денсаулығы, танымдық қабілеті мен мектепке психологиялық дайындық дейгейі жарамды деп танылған 30 оқушыға зерттеу 3 (үш) бағытта жүргізілді.

Атап айтқанда, интеллектуалдық, психологиялық және ерік-жігерлік бағытындағы зерттеулер. Аталған үш бағыттағы зерттеулер Керн-Йерасек әдістемесі негізінде жүргізілді. Бұл әдістеменің ерекшелігі- балаларды бастапқы зерттеуде ұзақ уақытты талап етпейді, зерттеу жеке тұлғалық және топтық негізде де жүргізіледі, жан-жақты ауқымды талданған, практикалық қолданыстарда кеңінен пайдаланылған нормативті базасы жетілген зерттеулер жүйесі.

Әдістеме негізінде алынған тест қорытындысы бойынша мектепке дайындықтың қалыпты деңгейін 12 оқушы (бұл қатысқан оқушылардың 38 %) көрсеткен. 10 оқушы немесе оқушылардың 32 %-ы мектепке дайындықтың орта деңгейін көрсетіп отыр, ал төмен деңгейді 4 оқушы немесе қатысқан оқушылардың 20 %, өте төмен деңгейді 4 оқушы (10 %) көрсеткен.

Оқушылардың жалпы математикалық қабілетінің даму деңгейін және қоршаған орта, табиғат туралы білімдерін анықтау барысында оқушыларда мектепте оқуға қажетті білім негіздері мен білік дағдыларының қалыптасқандығы байқалады. Дегенмен, дайындықтың өте төмен деңгейін көрсетіп отырған 4 (төрт) оқушының (Шазатхан Нұржігіт, Мағжан Серікұлы, Жарасов Тілектес, Әубәкір Жанерке) сынып жетекшілері мен ата-аналарына психологиялық орталық тарапынан белгілі ғалым-психологтардың іс-тәжірибелерінен туындаған әдістемелерді басшылыққа ала отырып бірқатар кеңестер берілді.

  1. Сынып жетекшілеріне кеңес: оқушының үлкендер тарапынан берілген нұсқаулардың жүйелі түрде орындауына, берілген тапсырманы орындауға өз бетінше әрекет жасауына, оқушының сыртқы факторлардан алаңдамай, белгілі бір іс-әрекет жүйесі шеңберінде бір бағытқа бағытталу дағдысын қалыптастыруға көмектесетін «Графикалық диктант», «Үлгі және ереже» атты әдістемелерін мақсатты түрде пайдалану;

  2. Баланың көрнекі-бейнелі ойлау жүйесінің деңгейін анықтау мақсатында оқушының логикалық ойлауын дамытуға көмектесетін «Лабиринт» әдістемесін қолдану;

Ата-аналарға жеке диагностика жасауға американ психологы Дж. Чейпидің бала дүниетанымының даму деңгейін анықтайтын ұсыныс-кеңес берілді.

Бұл әдістеме ата-анаға баласына қарапайым ғана сұрақтар қою, әрі бақылау арқылы өз баласының даму деңгейін бағалауға сәл де болса мүмкіндік алуына септігін тигізеді


Мектеп психологі: Г. Манабаева

























155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде бастауыш сынып жетекшілері мен ата-аналарына «Кибербуллинг» https://zhastar.org тақырыбындағы жүргізілген жиналыстың


А Н Ы Қ Т А М А С Ы


155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде бастауыш сынып жетекшілері мен ата-аналарына «Кибербуллинг» https://zhastar.org тақырыбында жиналыс өтті.

«Кибербуллинг» https://zhastar.org сілтемесі WhatsApp арқылы орта буын сынып жетекшілері мен ата-аналарына таратылды.

«Кибербуллинг» алдын алу жолдары» деген тақырып төңірегінде орта буын сынып жетекшілері мен ата-аналарына пікір алмасу болды. Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды.Кибербуллинг жасайтындардың арасында педофилдер көп кездеседі. Олар балаларды алдап-арбап, желіге жалаңаш түскен видео не суреттерін салуға көндіреді. Кейін сол суреттерді жұртқа жария етемін деп қоқан-лоққы жасау арқылы кездесуге шақырады не ақша бопсалайды. Ал қысымға шыдамай, шарасыз күйге түскендері көп жағдайда өзіне қол салады. Сарапшылардың сөзінше, кибербуллинг қазір бүкіл әлемдегі өте өзекті проблемаға айналған. Өкініштісі, Қазақстанда да кибербуллингке ұшыраған балалар аз емес.

Орта буын сынып жетекшілері мен ата-аналарына осы мәселелер жөнінде ой қозғап, көптеген мағлұмат алды. Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды.

Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс дейді зерттеушілер.

"Егер бала проблемасын айтып келсе, оны бас салып кінәлап, ұрысудың қажеті жоқ. Телефонды да бірден тартып алып, ғаламторға шектеу қоймау керек. Мұндай жағдайда бала ата-анасынан көңілі қалып, екінші мәселесін айтпайтын болады. Әке-шешелері балаларымен байыппен сөйлесіп, олардың еш кінәсінің жоқтығын түсіндіруі керек. Қамқорлықты сезінген баланың сенімі оянып, тығырықтан шығатынына сенеді. Бізде көп ата-аналар балаларымен сөйлеспейді, оларды не мазалап жүргенін байқай бермейді.

Кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керек?

  • Қорлап, кемсіту баланы психолигиялық күйзеліске ұшыратады;

  • Жанын ауыртып, суицидке итермелейді;

  • Мінезінің өзгеруіне әкеледі;

  • Ешкім қорлықтың құрбаны болмауы керек;

  • Әркім өзінің ар-намысын аяққа таптатпауға құқылы;

  • Ата-ана мен мұғалімдер мұндай қорлықты байқаса, бірден балаға көмектесуі керек.

Қысым көрген балалардың айрықша белгілері:

  • Мектепке барғысы келмейді;

  • Сабақ оқуға зауқы болмайды және үй тапсырмасын нашар орындайды;

  • Көңіл-күйі түсіп жүреді;

  • Үнемі уайымдайды және өзіне сенімсіз болады;

  • Ешкіммен әңгімелесуге зауқы соқпайды және оқшау жүреді;

  • Қорқып сөйлейді, тамақ ішуге тәбеті тартпайды;

  • Үйден қашып кетуге тырысады;

  • Суицид жасайтынын айтып қорқытады;

  • Түнде дұрыс ұйықтамайды және шошып оянады;

  • Өзіне не болғанын айтудан қорқады;

  • Жиі ақша сұрайды не ұрлық жасайды;

  • Ғаламторды не гаджеттерді қолдануға үрейленеді;

  • Телефонына хабарлама келсе, ашуланады.

Кибербуллингке тап болғанда:

  • Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның хабарламасына жауап бермеу;

  • Онымен сөйлесуді тоқтатып, бұғаттау;

  • Әлеуметтік желі әкімшісіне сен туралы жарияланған жазба не суреттерге шағымдану;

  • Күдікті жазбаларды скриншот жасап, ата-ана не ұстаздарға хабар беру керек.


Міне осы аталған жағдайларды ғана қалтқысыз орындағанда балаларымызды кибербуллингтен құтқаратынымыздың бірден-бір кепілі деп қорытындыланды.

Мектеп психологы: Г.Манабаева





















155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде сынып жетекшілері мен ата-аналарына «Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез -құлқы» тақырыбындағы жүргізілген жиналыстың


А Н Ы Қ Т А М А С Ы


155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде сынып жетекшілері мен ата-аналарына «Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез -құлқы» тақырыбындағы жиналыс өтті. Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез -құлқы» сілтемесі WhatsApp арқылы орта буын сынып жетекшілері мен ата-аналарына таратылды. Ата-аналарға балалардың ғаламтор-кеңістігін қауіпсіз пайдалану жөнінде ұсыныстармен таныстырылды.

Компьютерлік технологиялардың артуы және Интернет желісінің кеңейуі адамдарға қарым-қатынас пен өзін-өзі дамыту үшін үлкен мүмкіндік береді.  Интернет —бұл мүмкіндіктер қоймасы ғана емес,қорқыныш көзі екенін біз түсінеміз. Бүгінгі күнде Интернет желісін пайдаланушылар ондаған миллион адам құрайды және оның басым бөлігі әлем торының қауібі туралы біле бермейтін -балалар.

Берілген ұсыныстар—қорқыныштың алдын алатынжәне баланың интернеттегі жұмысының пайдалы болуына көмек ретінде ата-аналар үшін тәжірибелік ақпарат.

Ереже  1. Балаларыңыздың  «мировой паутинада» әрекеттеріне мұқият болыңыздар.

Балаларды Интернетте «еркін жүзуге»жібермеңіздер. Баланың ғаламтордағы қатым-қатынасына  белсенділікпен қарауға тырысыңыздар,әсіресе оны жаңа меңгеру кезінде. Балалмен интернет арқылы көп нәрсе алатыны туралы айтыңыз, өз кезінде үрейдің алдын ала ескерту жасау туралы.

Ереже 2. Баланы желінің беретін  мүмкіндіктері мен әкелетін қауібі туралы ескертіңіз.

Балаға Интернетте де өмірдегі  сияқты «жақсы», «жаман» адамдар кездесетіні туралы түсіндіріңіз. Егер бала басқа интернет пайдаланушы тарапынан теріс жағдайлармен, зорлыққа тап болса, ол ол туралы жақын адамдарға хабарлауы керек.

Балаға өзі туралы жеке мәліметтерді(мекенжай, телефон, оқу орны) әлеуметтік желілерге  және басқа ашық көздерге салу керек емес,тіпті ол қауіпті екенін түсіндіріңіздер.

Баланы оған қажет ақпарат іздеуге үйретіңіздер.

Баланы интернеттен ақылы ақпарат және қызмет  алуға   мұқият болуды үйретіңіз, әсіресе  sms жіберу арқылы , – ақша жоғалтудан алыс болу үшін..

Балаңыз пайдаланатын пайдалы,қызықты, қауіпсіз ресурстардың  тізімін жасап соларды пайдалануды ұсыныңыз.

Балаға өз бетімен браузердің мекенжай жолына  мекежайын енгізуді  үйретіңіз Бұл клон- сайттарынан құтқарады .

Ереже 3.Балаңыздың желіде болуына бақылаудың оңтайлы  түрін таңдаңыз.

Өзіңіздің  компьютеріңізге қажетті бағдарламалық қамтамасыздықты  орнатыңыз —ата-аналар бақылауының шешімі ,Касперский антивирусы  немесе  DoctorWeb.

Компьютердің жай күйлері  Сізге сіздің балаңыздың қандай ақпараттарды қарастыратынын біліп отыруға  мүмкіндік береді. Үнемі балаңыз шығатын ресурстарды  қадағалаңыз.

Отбасы үшін қауіпсіз бағдарламамен пайдаланыңыз,олинтернетке кіруді және  веб-фильтрлер орнатуды толық жабуға мүмкіндік береді  сонымен қатар балаңыз қандай сайтқа кіретінін, қандай бағдажеліде қанша уақыт отыратынын бақылауға  мүмкіндік береді.

Егер Сіздің балаңыз оқушы болса  —төменгі сынып оқушылары және үйде жалғыз жиі қалатын болса, балаңыздың,  Интернетеотыру уақытын шектеңіз.

Егер  компьютерді  барлық отбасы мүшелері пайдаланса, оны барлық отбасы мүшелеріне қол жетімді жерге орнатыңыз,бала бөлмесінде емес.

Ереже 4. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасызщ ету үшін 
компьютерліксауаттылық деңгейін үнемі  көтеріп отырыңыз.

Компьютерлік және   Интернетсауаттылығы деңгейінің арттырудың оңтайлы мүмкіндіктерін пайдаланыңыз, мысалы ,курсқа бару,арнайы әдебиет оқу, сараптамашылардан кеңес алк.

Өзіңіздің барлық  отбасы мүшелерінкомпьютермен  Интернеттеқауіпсіз жұмыс істеудің  негізгі принциптерімен.

Баладан үйреніңіз!  XXIғасыр балаларыкомпьютерменИнтернетмәселелері жөнінде жиі жағдайларда ата-аналарына қарағанда  ақылдырақ . Ойын түрінде баланың өз мүмкіндіктерін көрсетуін және түсініксіз әрекеттерге  үйретуін  өтініңіз.

Ереже 5. Баланың мінез-құлқын қадағалап,Интернетке тәуелділік  қауіпінен сақтардырыңыз.

Естеріңіде болсын,жаман әдеттер денсаулыққа зиянды, ал Интернетке тәуелділік адам психикасына зиян келтіреді. Дәргерлердің, психологтердің айтуынша, Интернетке тәуелділік ата-аналар үшін ыңғайлы тәуелділік болып табылады.

Баланың мінез –құлқыныдағы өзгерістерге мұқият болыңыз.Ашушаңдық,аңқаулық,тұйықтық кез келген нәрсеге қызығушылығын жоғалтуы, желіде болған уақытын жасыру,  компьютералдында  отырып жиі тамақтану  — осының бәрі интернетке тәуелділік  белгісі болуы мүмкін.

Интернеткепайдалы балама  ойлап табыңыз.Бұл қызықты  ермек, белсенді демалыс, спорт секциялары мен үйірмелерге қатысу, достарымен, ата-аналармен қалыпты серуенге шығу  болуы мүмкін.

Тәуелділікті мейлінше  ертерек танып, қажет болса мамандарға  жүгініңіз.

Ереже 6.  Педиатлардың ұсыныстарын басшылыққа алыңыз.

7жасқа дейінбалаларды компьютерге /Интернетке жолатпау; 7-10 жаста   компьютералдында  отыру уақытын күніне  30 минутқа  шектеуді ұсынады . 10-12 жаста- 1 сағатқа; старше 12 жастан ересектерге  — міндетті үзілістермен1,5 –тен асырмауды.

Есіңізде болсын, компьютералдында  мөлшерден артық отыру баланың денсаулығына зиянды және көру қабылетін төмендетуге, гиподинамияға, подверженность аллергияларғатіпті жүрек тамырлары ауруынаәкеліп  соқтырады.


«Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез -құлқы» тақырыбындағы деген тақырып төңірегінде орта буын сынып жетекшілері мен ата-аналарына пікір алмасу болды.

Міне осы аталған жағдайларды ғана қалтқысыз орындағанда балаларымызды интернетке тәуелділіктен құтқаратынымыздың бірден-бір кепілі деп қорытындыланды.

Мектеп психологы: Г.Манабаева










Анықтама


Мерзімі:23-30.11

Бағыты:Психодиагностика

Зерттеу әдісі: Зунг депрессия шкаласы (Т.И.Балашова) бойынша оқушылардың депрессия деңгейін анықтау әдістемесі

Әдісі:Түсіндіру,тесті

Зерттеу жүргізгендер:5-7сынып

Оқушы саны: 62

Қатысқаны:62

Мақсаты: тәуекел топты, депрессиялық, стресстік күйдегі оқушыны анықтау. Жүргізілуі: тестті орындау алдында зерттелінушілерге жауап парақ пен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі.

Зерттеу көрсетілген сынып бойынша 15 оқушымен жүргізілді.Тест 20 сұрақтан тұрады. Зерттеу барысында оқушыларға әр сұрақ бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күйде болды. Түсінбеген сұрақтарына сауал қойылып,, жауап беріліп, қызықты пікірлесу болды.

Оқушының жауап парақтары мұқият тексеріліп, әр оқушының баллдық саны шығарылды. Яғни:

Тест қорытындысын өңдеу және интерпретациялау

Депрессия деңгейі (ДД) белгіленген сандардың соммасы ретінде есептелінеді:

50 балдан аспаса, онда депрессиясыз күй болып есептелінеді.

50-59 ұпайдың аралығында болса, жағдайға қатысты және невротикалық генездік сипаттағы жеңіл депрессиялық күй деген қорытынды жасалынады.

60 пен 69 ұпай аралығында болса, субдепрессиялық немесе бүркелген депрессиялық күй болып табылады.

Нағыз депрессиялық күй ДД көрсеткіші 70 ұпайдан асқанда белгіленеді.

Жалпы 5-7 сынып бойынша 62 оқушының депрессия деңгейін анықтау тесті жүргізіліп, тест қорытындысын өңдеу және интерпретациялау кезінде нәтижесі 100% депрессиясыз күйде екендігі,яғни 50 баллдан аспайтын көрсеткішті берді.

Тәуекел тобына алынатын оқушылар жоқ.


Зерттеу қорытындысы бойынша

Ұсыныс:


1. Оқу ісінің меңгерушісі А.Дінбаева тарапынан пән мұғалімдеріне оқушылармен қарым-қатынас жасауда қаталдық, дарындарын, мінез-құлықтарын эмоцияларын басқарып, жағымды қарым-қатынаста болуын қадағалау.

2.Сынып жетекшілері оқушыларды үнемі бақылауда және көңіл-күйін назарда ұстау

3.Сынып жетекшісі тарапынан пән мұғалімдерімен қарым-қатынастағы мәселелерді шешу (оқушыдан сабақ сұрау,бағалау,өз-өзін еркін ұстауға мүмкіндік жасау)жұмысын жүргізу.Үнемі қадағалауда ұстау

4. Мектеп психологы тарапынан сұхбаттасу(коррекция) бағытындағы психологиялық тренинг сабақтары жүргізіліп,қажет болған жағдайда арнайы маманға бағыттау жұмыстарын жүргізу.

5. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан оқушылар арасында пайда болған тәртіп бұзу себептерін анықтау, ретке келтіру, алдын-алу жұмыстарын жүргізуді тікелей қолға алу, үнемі қадағалауда ұстау.

5.Әлеуметтік педагог тарапынан аталған оқушылардың отбасы,әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеп,үнемі бақылауда,қадағалауда ұстау.

Мектеп психологы: Г.Манабаева





155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде 9-11 сыныпта өткізілген «Құқықбұзушылық, нашақорлықтың, зиянды заттардың алдын алу жолдары» тақырыбындағы жүргізілген жиналыстың


А Н Ы Қ Т А М А С Ы


155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде 9-11 сыныпта 11 қаңтарда «Құқықбұзушылық, нашақорлықтың, зиянды заттардың алдын алу жолдары» тақырыбында жиналыс өтті.

«Құқықбұзушылық, нашақорлықтың, зиянды заттардың алдын алу жолдары» деген тақырып төңірегінде оқушылармен пікір алмасу болды. Еліміздің келешегі жастардың қолында. Олар білімді, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, еліне адал қызмет ететін жаңа буын өкілдері. Болашақ күтіп тұрған ауқымды істер атқару үшін білім мен мықты денсаулық керек. Сондықтан зиянды,жат қылықтардан аулақ болып, денсаулықты сақтаудың басты жолы салауатты өмір сүру екенін ұғыну керектігі түсіндірілді.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек екенін ұғыну.

1-бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»

2-бағыт: «Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес жүргізу керек екенін көрсеткен болатын.

Адам денсаулығына әсер ететін факторлар

1.53%-салауатты өмір салтына

2.20%- тұқым қуалаушылыққа

3. 17%-қоршаған орта жағдайына

4. 10%-денсаулықты сақтау мекемелеріне байланысты.

Денің сау болсын десең мынадай негізгі талаптарды орындау қажет. Оны мына сызбабанұсқа арқылы көруге болады.

СОС ұстанымдары:

1.Жеке бас гегиенасын сақтау

2.Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру

3.Дұрыс тамақтану

4.Зианды әдеттерден аулақ болу

5.Спортпен шұғылдану

6.Қоршаған ортаның тазалығы

7.Жанжалдар мен кикілжіңдердің алдын алу

8. Тиімді демалыс

Оқушылар осы мәселелер жөнінде ой қозғап, көптеген мақлұмат алды.

Міне осы аталған жағдайларды ғана қалтқысыз орындағанда салауатты өмір сүріп қана қоймай, ұзақ өмір сүрудің бірден-бір кепілі деп қорытындыланды.

Мектеп психологы: Г.Манабаева

155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде өткізілген балалар әлеміндегі игі істер әлеуметтік жобасы аясында «Кедергісіз әлем» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясының өтілуі туралы


А Н Ы Қ Т А М А С Ы


155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде балалар әлеміндегі игі істер әлеуметтік жобасы аясында «Кедергісіз әлем» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан– 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз»  деген болатын. 

Мектебімізде денсаулығына байланысты 3оқушы үйден оқытылады. Олар 3-сынып оқушысы Ж. Әбубәкір, 5-сынып оқушысы Ж. Әубәкір, 7-сынып оқушысы А. Нәрзәлда. Бұл оқушылар толық компьютер жабдықтарымен толық қамтамасыз етілді. Мектепіішілік, аудандық іс –шараларға жиі қатыстырылады. Мереке күндері мектеп әкімшілігі сыйлықтар дайындап, отбасына құттықтап апарып беру дәстүрге айналған. Жыл басында оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Балалар әлеміндегі игі істер әлеуметтік жобасы аясында «Кедергісіз әлем» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясы жыл бойы жалғастырылады.


Мектеп психологы: Г.Манабаева












155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебіндегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналары мен пән мұғалімдеріне онлайн кеңес беру мқсатында жүргізілген жұмыстардың


А Н Ы Қ Т А М А С Ы


155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде өткізілген үйден оқитын балаларға психоконсультациялық жұмыстар жүргізілді.

Адамның дене, жан саулығының қолдаушысы, амандығының қайнар көзі және кепілі – ата-аналық махаббат. Сол себепті бала тәрбиесінің алғашқы және негізгі міндеті – сәбиге оны жақсы көретіндігінің, қамқорлы екендігінің сенімін құру. Еш уақытта, қандай жағдай болмасын бала ата-аналық махаббатта күмәнді болмауы тиіс. Ата-аналық махаббат – адамның амандығын, дене және жан саулығын тілейтін періштесі және кепілі. Сол себепті бала тәрбиесінің алғашқы және негізгі міндеттерінің бірі, балада оны жақсы көретін және оған қамқор болатын сенімді құру. Әр мүмкіндігі шектеулігі бар бала өзінің жарық дүние есігін кемтар болып ашуын қалаған емесмүмкіндігі шектеулі болып дүниеге келгені үшін кінәлі емес. Олар да ел қатарлы өмір сүріп, білімнен нәр алып, дені сау азамат болуды қалады. Тағдыры қиын болғанымен, балалық бақыттың дәмін сезініп өсуге, ел қатарлы, тең дәрежеде білім алып, ешкімнен кем болмай өмір сүруіне әр бала лайықты.

Мектебімізде денсаулығына байланысты 3оқушы үйден оқытылады. Олар 4-сынып оқушысы Ж. Әбубәкір, 6-сынып оқушысы Ж. Әубәкір, 8-сынып оқушысы А. Нәрзәлда. Бұл оқушылардың ата-аналарына мектеп психологі, дефектологі, әлеуметтік педагог үнемі байланыста. 1. Ата-аналармен сенімділік байланысты құру.

Белсене тыңдау тәсілдері, адал тілектестік педагогтың ұсыныстарына аңғарусыз қарсылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

2. Ата-аналарды не мазалайды? Келелі мәселелерді анықтау.

дамуында бұзылысы бар баланы оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтар;

баланың отбасында және қоғамда (социум) бірдей емес тәртіптілік әрекеттері;

жақын туысқандардың балаға деген бірдей емес жеке аралық байланысуы;

мұғаліммен және тәрбиешімен баланың мүмкіндігінің бағасын төмендету және т.с.с.

дамуында бұзылысы бар баланың отбасының жұбайлық байланысының бұзылғаны;

дамуында ауытқуы бар баланы эмоциялық шеттетуі;

дамуында ауытқуы бар балаға және қалыпты балаға көңіл бөлудің бағасы.

Үйден оқитын балалардың ата-аналарына үнемі психолог тарапынан кеңестер үздіксіз беріліп отырады.


Мектеп психологы: Г.Манабаева






«№155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-індегі жыл басында үйден оқытылатын оқушыларды анықтап құжаттарын реттеу мақсатында жүргізілген жұмыстардың

А Н Ы Қ Т А М А С Ы


«№155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-інде жыл басында ПМПК мекемесінің тұжырымдасымен анықталған үйден оқытылатын оқушылардың құжаттарын жинақталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан– 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз»  деген болатын. Мектебімізде денсаулығына байланысты 3оқушы үйден оқытылады. Олар 4-сынып оқушысы Ж. Әбубәкір, 6-сынып оқушысы Ж. Әубәкір, 8-сынып оқушысы А. Нәрзілда. Бұл оқушылар толық компьютер жабдықтарымен толық қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес үйден оқушылардың ата-аналарының өтініштері мен құжаттары қабылданып, қол хат берілді.Әр оқушы парта, тақтамен қамтамасыз етілді. Мектеп директорының бұйрығымен сабақ кестесі және пән мұғалімдері бекітілді. Жыл басында оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Мектепіішілік, аудандық іс–шараларға жиі қатыстырылады. Мереке күндері мектеп әкімшілігі сыйлықтар дайындап, отбасына құттықтап апарып беру дәстүрге айналған. Балалар әлеміндегі игі істер әлеуметтік жобасы аясында «Кедергісіз әлем» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясы жыл бойы жалғастырылады.


Мектеп психологы: Г.Манабаева







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!