Материалдар / «1желтоқсан-тұңғыш президент күні» тәрбие сағат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«1желтоқсан-тұңғыш президент күні» тәрбие сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2018
511
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін__________________

«Күншуақ» балабақшасының

Меңгерушісі: А.Қ Құлымбетова

« 29 » « 11 » «2017ж»







«1желтоқсан-тұңғыш президент күні»

тәрбие сағат


«Балапан» 2-сәбилер тобы












Тәрбиеші: Амантаева А.Б








2017-2018оқу жыл


Тақырыбы:

Тұңғыш президент күніне арналған тәрбие сағаты

Мақсаты:

Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнектіліктер:

Елбасы суреті.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.

Балалар:

Саламатсыздар ма!

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбері:

Шеңберге тұрып, жаңа күнмен амандасады.

  • Армысың, аспан ата!

  • Армысың, жер ана!

  • Армысың, алтын күнім!

  • Армысың, балабақша достарым!

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар балалар!

Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

Балалар:

Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші:

Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Балалар:

Ол біздің президентіміз!

Тәрбиеші:

Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар:

Астанада!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағыда не бар?

Балалар:

Астанада Бәйтерек бар!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар:

Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, балалар! Балалар қазір біз сіздермен тудың суретін саламыз

Ол үшін бірінші төртбұрыш салып аламыз,содан соң оны бояймыз,акварель бояумен.

Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы?

Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

Балалар:

Көк!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін

 қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.

Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.

Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар:

Шаңырақ!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,

 отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар:

Ат бар!

Тәрбиеші:

Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.

Шаршадыңдар ма балалар?

Балалар:

Иә, шаршадық!

Тәрбиеші:

Кәне келіңдер сергіту сәтіне.

 

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз

 

Қорытынды:

Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Балалар:

Нұрсұлтан Назарбаев туралы.

Тәрбиеші:

Ол кім?

Балалар:

Ол біздің елдің тұңғыш президенті.

Тәрбиеші:

Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:

Қазақстан!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені

білдіреді?

Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды. Орнымыздан

 тұрып, келген қонақтарды шығарып салайық.























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!