2023-2024 оқу жылының химия пәнінен атқарылған жұмысы бойынша ЕСЕБІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2023-2024 оқу жылының химия пәнінен атқарылған жұмысы бойынша ЕСЕБІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия ғылымы – эксперименттік ғылым. Сондықтан бұл пәннің сабақтарында эксперименттік, демонстрациялық тәжірибелер, зертханалық жұмыстар, сарамандық сабақтарға көп мән беріледі. Химия сабағында да әр түрлі оқыту технологияларының элементтерін пайдалану өте тиімді. Мультимедиа, электронды оқулықтар мүмкіндіктерін қолдану химия сабақтарын дәстүрлі емес сабақтар деңгейіне көтере алады, оның ішінде кіріктірілген сабақтарды ұйымдастыруда мұғалімнің таптырмас көмекшісі бола алады. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзіреттерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы б
Материалдың қысқаша нұсқасы

2023-2024 оқу жылының химия пәнінен атқарылған жұмысы бойынша

ЕСЕБІ


Химия ғылымы – эксперименттік ғылым. Сондықтан бұл пәннің сабақтарында эксперименттік, демонстрациялық тәжірибелер, зертханалық жұмыстар, сарамандық сабақтарға көп мән беріледі. Химия сабағында да әр түрлі оқыту технологияларының элементтерін пайдалану өте тиімді.

Мультимедиа, электронды оқулықтар мүмкіндіктерін қолдану химия сабақтарын дәстүрлі емес сабақтар деңгейіне көтере алады, оның ішінде кіріктірілген сабақтарды ұйымдастыруда мұғалімнің таптырмас көмекшісі бола алады.

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзіреттерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:

  • оқу, жазу сауаттылығынан;

  • жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

  • математикалық сауаттылығынан;

  • компьютерлік сауаттылықтан;

  • денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

  • құқықтық сауаттылығынан.

Химия пәнінен 7,8,9,10,11 сыныптарға сабақ беремін. Апталық жүктемем: 16 сағат. Химия пәніне сай тақырыптық-күнтізбелік жоспар 28 тамыз күні « Химия және биология пәндер әдістемелік бірлестігі отырысында қаралып, 3 қыркүйек күні бекітілді. Сабақ кестесі бойынша апталық жүктемеме байлынсты сағат сандары дүйсенбі – жұма күндеріне қойылды.

2023-2024 оқу жылында химия пәнінен 156 оқушы білім алды. 7-11-сыныптар аралығында химия пәні бойынша бірінші жартыжылдықтың білім сапасы – 84,1 %. Үшінші тоқсанмен салыстырғанда 9 пайызға жоғарылаған.

Бірінші жартыжылдық бойынша химия пәнінің білім сапасының салыстармалы көрсетіші

2023-2024оқу жылы

Сыныбы

Оқушы саны

Бағалары

Үлгерім

Білім сапа

«5»

«4»

«3»

«2»

ІІІ тоқсан

ІV тоқсан

7

45

17

28

0

-

100%

%

100%

8

28

11

13

4

-

100%

71%

86%

9

33

16

10

7

-

100%

73%

79%

10 А

18

6

9

3

-

100%

83%

83%

10 Ә

18

4

8

6

-

100%

67%

67%

11 А

14

8

5

1

-

100%

86%

93%

Барлығы 7-10,11 А

156

62

73

21

-

100%

76%

85%







Тоқсан аяғында пән бойынша ТЖБ алынып, бірінші тоқсандағы ТЖБ - мен екінші тоқсандағы ТЖБ бойынша салыстырмалы мониторингі жасалды. Мониторинг бойынша кейбір сыныптарда білім сапаларының төмендегендігі байқалды.

Оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша мониторинг жүйемен жұмыс жасауда туындаған қиындықтар:

· оқушының табандылық қасиетінің аздығы;

· жаңалыққа ұмтылыстың төмендігі;

· көркем әдебиетті оқудан гөрі ғаламтор ақпаратттарына сүйенуі.



ББЖМ-ға дайындық жұмысы бойынша тестілеу нәтижелері

9 сынып

Химия пәні бойынша әкімшілік тарапынан құрылған кесте төңірегінде ББЖМ- дайындық сабақтары аптаның бейсенбі күні сағат: 16.00 - 16.40 аралығында өткізіледі. Дайындық сабағы арнайы бекітілген жоспарға сай өтіп отырады. 9 сынып оқушылары дайындық сабақтарынан үш, төрт қатынасып келеді.

Жалпы 9 сыныпта - 33 оқушы бар. Тестілеуде қамтылған тақырыптар: 7-9 сыныптар бойынша

Химия пәні бойынша 35 тест тапсырмасынан тұрады, оның ішінде: - берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы; - берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған 10 тест тапсырмасы. 11-сыныпта химия пәні бойынша максималды балл – 40 балл.

Тест тапсырмалары 8,9,10,11 сыныптың ( бірінші жартыжылдығында) өткен тақырыптарды қамтиды.

«Дарын» бағытында 2023 – 2024 оқу жылында атқарылған жұмыстар

Мақсаты: дарынды балалардың дамуына жағдай жасау, оқушының табиғи қабілеттерін танып біліп дамыту, ғылыми ізденіс әдістерін үйрету арқылы шығармашылыққа баулу.

2022 – 2023 оқу жылының кеткен кемшіліктерін ескере отырып, дарынды балалармен жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Химия пәні бойынша дарынды оқушылармен жұмысты нығайту мақсатында аудандық деңгейге жеткізу үшін оқушыны ғаламтор желісі бойынша өтетін түрлі олимпиадаларға және аудандық сайыстарға көбірек қатыстыру жоспарланды.

Мектебімізде қазан 2023 жылы 8-9-10-11 сыныптар аралығында мектепішілік олимпиада өткізілді.

Мақсаты: республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатыстыру және дарынды

оқушылармен жеке жұмыс жүргізу мақсатында, химия пәні бойынша білімдері

жоғары дарынды оқушыларды анықтау.

Химия пәні бойынша жоспарланған жұмыстардың орындалуы «қанағаттанарлық » деңгейде жүзеге асырылды.

Химия пәні бойынша білім сапасын көтеруге нақты шаралар жасау, өз білімін жетілдіру үшін әріптестермен тығыз байланыста болу;

Дарынды балалармен жұмысты жоспарлы түрде орындау;

Химия кабинетін гүлдендіру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2024
524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі