Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
21 ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Сыныбы: 11 сыныптар
Сайыстың мақсаты: Мектептегі жоғарғы сынып оқушыларының жан-жақты ізденісін,шығармашылық қабілеттерін шыңдау,ҰБТ-ге дайындығын нығайту.
Міндеттері:
а)Отансүйгіштікке,елінің тарихын білуге тәрбиелеу,жан-жақты шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ғылыми-негіздегі пәндерді игеруге қызығушылығын арттыру;
б)Рухани адамгершілігі мол азамат болып өсуге талпындыру, білімге,ізденуге ұмтылысын дамыту.
в)Шапшаңдыққа, ойын тиянақты жинақтауға дағдыландыру, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
Пәндер бойынша білімдері молайып, оқушылар жан-жақты ізденеді, ізденімпаздық әлеуеті артады.
Қымбатты ұстаздар, білім додасына қатысушы оқушылар!
Білім сайысы сіздерге тың серпін береді деп сенеміз. Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы- рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында.
Ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарыңыздың бірі- бүгінгі білім додасы.
1- қатысушы – Елепбаева Гауһар
2- қатысушы – Конысбаева Диана
3- қатысушы – Бувабай Дана
4- қатысушы – Дартай Ажар
5- қатысушы – Жолдасбек Динара
6- қатысушы –Әлімжан Нигара
Білім деген биік шың,бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты «БӘЙГЕ» кезеңін бастаймыз.
Шарты:
1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 12 сұрақ беріледі
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. Дұрыс жауабын алдарындағы параққа белгілейді
4.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!
-
Қазақ опера және балет театры 1934жылы қай драмамен ашылған еді?
А) Айман-Шолпан б)Еңлік-Кебек в) Алтын сақина
2. Тұрақты санның туындысы қаншаға тең
А)1 б)0 в) санның өзіне
3. Солтүстік Америка құрамына енетін дүниежүзіндегі ең үлкен арал?
А)Калимантан б)Исландия в) Гренландия
4.Синтетикалық каучук зауыты қай қалада орналасқан?
А)Ақтау б)Оралтау в)Теміртау
5. Nacl-ненің формуласы?
А) ас тұзының б)ас содасының в)каустикалық соданың
6. ҚР.Ұлттық Білім Академиясының тұңғыш президенті?
А) М.Әуезов б)А. Жұбанов в) Қ.Сәтбаев
7. «Ферғана» сөзігің тәжік тіліндегі мағынасы?
А) су бойындағы аңғар б) тау арасындағы аңғар в) бос аңғар
8.Алғаш ашыған қымыздан ауыл ақсақалдарына ауыз тигізу дәстүрі
А)қымызмұрындық б)тосап в)сіргежияр
9. 1950жылы аяқталған, ұзындығы 483ьшақырымдық теміржол төсемі
А)Семей-Аягөз б)Мойынты-Шу в)Шымкент-Тараз
10.Дәрі-дәрмек шығаратын зауыт қай қалада орналасқан
А)Ақтөбе б) Астана в) Шымкент
11.Мертдың жүзден бірі неге тең
А)дм б)см в)мм
12.жерде ең көп таралған элемент
А)оттек б)сутек в)азот
Әділқазылардың шешімі бойынша сайыскерлердің ішінен ең көп ұпай жинаған оқушы келесі кезеңді бастайды
«Білекті-бірді жығар, білімді-мыңды жығар» деп дана халқымыз айтқандай, қай кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз.
Сайысымыздың келесі бөлімі: «ДОДА» кезеңінің шарттарымен таныс болыңыздар:
1.Бұл сайыста 6 ойыншыға мына экрандағы 6 ұяшықты таңдау ұсынылады.
2. Ойыншылар кезегімен бір ұяшықтан таңдайды.
3.Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
4 Сұраққа дұрыс жауап бермеген сәтте ҚАРСЫЛАСТАР деген сөзден кейін келесі ойыншы жауап бере алады
5. 6 ұяшық ашылып болғаннан кейін ұпайы көп 3 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.
1.Үстеудің неше түрі бар ? (7)
2.Табыс септігіндегі толықтауыш қандай толықтауыш болып табылады? (Тура толықтауыш)
3.Орфография қай елдің сөзі? (Грек)
4.Атқаратын қызметі мен сұрақтары бірдей мүшелер? (Біріңғай мүшелер)
5.Белгілі бір аймақта қолданылатын сөз? (Диалект)
6. «Үлкен» сөзі заттың қандай сынын білдіреді ?(Көлемін)
7. «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршынды зорлықпен алмақ болған батыр? (Қараман)
8. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман (М.Дулатов «Бақытсыз Жамал)
9. Жәңгір ханның немересі ,әдебиет өкілі (Ш.Бөкеев)
10. 30 градусқа қарсы жатқан катет неге тең?( Гипетенузаның жартысына тең)
11. Бір элемент атомдарынан тұратын заттар(Жай заттар)
12. У=Х2функциясының графигі қалай аталады ?(Парабола)
13. Сағаттың 60/1 бөлігі (Минут)
14. 2 қатынастың теңдігі (Прапорция)
қарай 3-ке бөлінетін денешіктер?( Пластидтер)
15. 1892 ж темекі теңбілі вирусын алғаш ашқан орыс биологы?( Д Ивановский)
16. Сүйекті ,шеміршекті ,майды ,сіңірді , қан сұйықтығын түзетін ұлпа ? (дәнекер )
17. Бауырмен жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласы (Герпетология)
18. Тимус безі орналасады ?( кеуде бөлімінде )
19. 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтарының жарғысының» авторы (Сперанский)
20. Қожа Ахмет Иассауй кесенесіндегі тайқазан қай қалада соғылған ?(Қарнақ)
21. «Жеті жарғы» заңы бойынша хандық кеңеске кімдер жіберілмеді ?(Қарусыз келген адам)
22. 14 ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан?
( Тоғылық –Темір)
23. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы(Жошы хан)
24. Футболдан әлемнің 5 дүркін чемпионы атанған командасы?(Бразилия)
25. 2000 жылы жазғы олимпиада қайда болды ?(Сидней)
26. Спортшыларымыз Лондонда өткен олимпиадада неше медальға ие болды ?(13)
27. Шахмат ойыны неше жыл бұрын пайда болды ? (1500 жыл)
28. Пьер Де Кубертен. Бұл адам туралы не айта аласың? (Барон,француз ақсүйегі-қазіргі заманғы Олимпиада ойындарының негізін қалаушы . Ол ежелгі дәстүрді қайта жаңғырту үшін 3 жыл уақытын аямады, нәтижесінде 1896 жылы дегеніне жетті )
29. Солтүстік жарты шардағы ең ұзақ түн?(22 желтоқсан)
30. Қазақстанның аласа тауларын ата(Мұғалжар,Сарыарқа,Маңғыстау таулары)
Әділқазылардың шешімі бойынша сайыскерлердің ішінен ең көп ұпай жинаған үш ойыншымен ойынды ары қарай жалғастырамыз.
Сайысымыздың келесі бөлімі: «ЖОРҒА» кезеңінің шарттарымен таныс болыңыздар:
1.Екі кезең бойынша жинаған ұпай сандары жойылады
2. Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.
3. Әр тақырып 10,20,30,40,50 санды ұяшықтарға бөлінген.
4. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.
5. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.
«Салт-дәстүр», «Өнер», «Тұлғалар» деген тақырыптар бойынша таңдау жасалады
«Салт-дәстүр» сұрақтары:
10. Айтыстың ең көне түрі (Бәдік)
20. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген ?(Жаңа түскен келін)
30. «Өмілдірік» деген не ?(Ер-тұрман әбзелі)
40.Үш қуатты ата (Ақыл, жүрек, тіл)
50. «Шыралғы» деген не?(Бұрынғы аңшылар ұзын арқан ұшына қоянды немесе түлкіні
байлап сүйрететін болған. Сол сүйретпені « шыралғы» деп атаған.)
«Өнер» сұрақтары:
10. «Фигароның үйлену тойы», «Сиқырлы сыбызғы» Операсының авторы , 36 жасқа жетпей қайтыс болған атақты неміс композиторы . (Амадей Моцарт)
20. Артына 7 мың беттен асатын қолжазба мен қалың дәптер қалдырған. Оның жазбаларының арасынан «Құс боп ұшатын аппараттар, сүңгуір қайықтар,өзі мата тоқитын станок, вертолет сызбалары » ұшырасты. Арада 100 жыл өткен соң әлгі заттардың бәрі жаңадан ойлап табылды. Оның ойын іске асыруға сол кездегі мешеу техника мүмкіндік бермеді. Оның есесіне суреттерінің тағдыры бақытты болды.Кәзір оның суреттерін қарауға сағаттар бойына кезекте тұрады ? (Леонардо До Винчи)
30. «Қыз Жібек » фильмінің қоюшы режисері (С Қожықов)
40. Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ. (Ұлытау)
50. “Одиссея “ поэмасының авторы (Гомер)
«Тұлғалар» сұрақтары:
10. Қазақтың тұңғыш саяхатшысы (Ш.Уәлиханов)
20. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім?( Жәңгір Бөкейханұлы )
30. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын. (Жамбыл)
40. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?( Ахмет Байтұрсынұлы )
50. Миллион ” ұғымын алғаш қазақ жеріне таратқан ғалым? (Әл-Фараби)
Міне, біз «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушыларымызды да анықтайтын кезге жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазыларға берейік.(Жеңімпаздарды анықтайды)
Осымен, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз оқушыларымызды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Сайысымыздың жеңімпаздары – Қазақстан келешегінің зияткерлік тірегі мен ұстаздар мақтанышы. Алдағы уақыттарда да тек қана жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз!