21 ғасырдың жас химигі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

21 ғасырдың жас химигі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Аягөз аудандық білім бөлімі











ХХІ ғасырдың жас химигі

(Сыныптан тыс жұмыс)



«Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің химия пәні мұғалімі Кабдолданова Айнур Турсынбековна





















Тақырыбы: ХХІ ғасырдың жас химигі

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың білімін жинақтау,пәнге қызығушылығын қызықты тапсырмалар арқылы ояту, жан- жақты болуын ойлау қабілеттерін арттыру.

Жарыстың бөлімдері:

  • Таныстыру

  • Бәйге

  • Ойлан тап

  • Мен кіммін?

  • Білгірлер

  • Кім жылдам,кім тапқыр?

  • Жорға

  • Шешендік өнер

І бөлім «Таныстыру» 3 - 5 ұпай

ІІ бөлім «Бәйге» Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

  • Судың булануы немесе қатуы қандай құбылысқа жатады? (Физикалық құбылыс)

  • Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы?

(Ас тұзы)

  • Адам ағзасында қандай элементтің жетіспеуінен тісжегі ауруы пайда болады? (Фтор)

  • «Атом» грекше не деген мағынаны білдіреді? (Бөлінбейтін)

  • Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек (Молекула)

  • Д.И. Менделеевтің периодтық заңы ең алғаш қай жылы ашылды және неше элемент белгілі еді? (1869 жылы 63 элемент)

  • Элементтердің химиялық таңбаларын ұсынған ғалым (Берцелиус)

  • Темірдің атомдық массасы (56)

  • Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент (Мырыш)

  • Ас тұзының атауы (Натрий хлориді)

  • Негіздер дегеніміз не? (Құрамына бір немесе бірнеше гидроксотоптармен байланысқан металл атомы кіретін күрделі заттар)

  • Қышқылдар қалай жіктеледі? (Оттекті, оттексіз)

  • Адам организімінде қанша пайыз тұз болады? (5,5)

  • Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым ( С.Арениус)

ІІІ бөлім «Ойлан тап» Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай

  • Мені Ай ғаламшарына теңеген.Ақ түсті жылтыр,созылғыш металмын.Тек азот қышқылында еримін. Мені құймалар, әшекей заттар, тұрмыс бұйымдарын,өткізгіш заттар жасауға пайдаланады. ( Мен- күміспін)

  • Мені Юпитер ғаламшарына теңеген.Жылтыр, ақ күмістей созылғыш,ауада баяу тотығатын металмын.Мені дәнекерлеу,құймалар жасау үшін пайдаланады. (Мен- қалайымын)

  • Мені Сатурн ғаламшарына теңеген.Жұмсақ, майысқақ,күңгірттеу, сұр түсті металмын. Аккумляторлар, химиялық аспаптар, аппараттар жасауда пайдаланады. (Мен- қорғасынмын.)

  • Мені Меркурий ғаламшарына теңеген.Металдардың ішіндегі сұйығымын, әрі ауырмын, ақ түсті,жылтыр металмын. Мен химиялық өнеркәсіпте катод есебінде катализатор ретінде, жарық беретін электр шамына, медицинада т.б жерлерде пайдаланады. (Мен - сынаппын)

  • Мені ертеде Күн ғаламшарына теңеген. Сары түсті жылтыр, созылғыш металмын. Қалыпты жағдайда оттегі, фосфор, күкірт, т.б элементтермен, сондай-ақ қышқылдармен, сілтілермен әрекеттеспеймін. Негізгі валюта есебінде қолданыламын. Менен әшекей бұйымдарын жасайды.Ешқандай қышқылдарда еріп кетпеймін. Бұл шумақтың шешуін сіздерге қалдырдым. (Мен – Алтынмын)







ІV бөлім. «Мен кіммін?». Берілген қосылыстарды атау керек . Әр дұрыс жауап 1 балл.

H 2 O CO CaO SO2 Fe 2O3 CO2 Al 2O3 SO3 NaOH H 2S

Cu (OH)2 Fe (OH)3 Ca (OH)2 K 2S HCl H 3PO4 H 2CO3 HBr

H 2SO4 HNO3 CaSO4 NaNO3 Na 2SO4 NaCl H 2SiO3



V бөлім. «Білгірлер» Таңдау бойынша ұяшықтарға жауап беру. Ұяшықта ұпай саны көрсетілген.

  • 10 ұпай .

Табиғатта таралуы бойынша бірінші тұрған металл? (Алюминий)

  • 10 ұпай .

Неліктен темір аспан тасы деп аталған? ( Метеориттің құрамында бар)

  • 20 ұпай.

Бұл заттың 0,9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Ол затты тұрмыста тамақ дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? (NaCl натрий хлориді)

  • 20 ұпай .

Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (Темір,мырыш,қалайы, қорғасын,мыс,күміс,алтын)

  • 30 ұпай.

Америкалық эмбриолог,генетик. Генетикалық зерттеулерді ең алғашқы болып жеміс шыбыны дрозофилаға жүргізген.Осы жұмыстарының нәтижесінде ол шәкірттерімен бірге тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашты? Генетика ғылымының дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуда? (Т.Морган)









  • 30 ұпай.

Қанайналым және ас қорыту саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын алған алғашқы орыс ғалымы.Оның шартты рефлекстер туралы теориясы тірі ағзалардың сыртқы ортамен байланысын және олардың сыртқы әсерлерге көрсететін реакцияларын түсіндіруге септігін тигізіп,физиологияның дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуда? (Иван Петрович Павлов)



VІ бөлім . «Кім жылдам? Кім тапқыр?» Бұл бөлімде көп нүктенің орнына тиісті өнімді қойып реакция теңдеулерін аяқтау керек. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.



  • P 2O5 +…….. —— H 3PO4

  • Na 2O+ …….. —— NaOH

  • K 2O + ……. . —— KCl +H 2O

  • PH3 + …….. ——P 2O5+H 2O

  • SO3 +……… ——Na 2SO4

  • CaO+……. —— CaSO4



VII бөлім. «Жорға» Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1. Темірдің тоттануы қай құбылысқа жатады.

2. Валенттілігі 3-тең, атомдық массасы 27 тең элемент.

3. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр.

4. Су жай зат бола ма?

5. Сутегін ашқан ғалым.

6. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі.

7. Менделеев құрметіне қойылған элемент нөмірі

8. Судың салыстырмалы атомдық массасы

9. Оттектің валенттілігі

10.Қандай металл магниттеледі.











VIIІ бөлім. « Шешендік өнер». (Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген. 50 ұпаймен бағаланады.)

  • Химия ғылымының пайдасы.

  • Химия ғылымының зияны.





Қорытындылау.

Жеңімпаздарды марапаттау.













































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
846
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі