Материалдар / 22 ақпан Ана тілі күніне арналған сайыс сценарийі

22 ақпан Ана тілі күніне арналған сайыс сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 22 ақпан Ана тілі күніне орай ұйымдастырылған сайысқа арналған. Сценарий Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтармен қамтылған. Топтық сайыс түрінде өткізіледі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмегі тиеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2018
990
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

22 ақпан Ана тілі күніне арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» атты топтық сайыстың сценарийі:

Жүргізуші:Туған тілім- бабам тілі, өз тілім,Туған тілім- анам тілі, өз тілім.Туған тілім – далам тілі, өз тілімТуған тілім- адам тілі, өз тілім.Құрметті,оқушылар және ұстаздар! 22 Ақпан –Ана тілі күні.Төрімізде тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы! Бүгінгі кешіміз Абай Құнанбаевтың 170 жылдығымен байланыстырылып отыр. Ойшыл, ұлы Абайды білмейтін адам кемде – кем. «Қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбайұлы. Одан асқан бұрын –соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ», - деген екен А. Байтұрсынов.Ойшыл, дана Абай шығармашылығын танытатын зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер!Ән шашауымызды қабыл алыңыздар.Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. І топ «Болашақ» тобы.ІІ топ. «Зерде » тобыІІІ топ «Жалын » тобыОйынымызды бастамас бұрын әділқазы алқасымен танысып алайық

Сайыс құрылымымен таныс болыңыздар.І кезең. «Абай – дана, Абай- дара» Ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап беру.ІІ кезең «Сұрақ бізден, жауап сізден» (жорға сұрақтары) 30 секунд ішінде 10 сұраққа жауап беру.ІІІ кезең. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Бұл үй тапсырмасы. (Өлең, эссе, ойтолғау жазып келу)ІҮкезең . «Сыр шертеді сөздерім» Қара сөздері оқылады. Нешінші сөзі екенін табу.Ү кезең. «Жылдар сөйлейді» Берілген амалдарды шешіп, сол жылдағы оқиғаны атау.ҮІ кезең. «Мықты болсаң тауып көр» Адасқан өлең жолдары беріледі, орнына қою шарт.

Жауап беру үлгісі: жалауша көтеру.Ойын шарты: тәртіп сақтау, сұрақтарды мұқият тыңдау.

Таныс болсаңыздар ойынымыздың І кезеңін бастаймыз.І кезең «Абай – дана, Абай- дара» Берілген ұяшықтардың бірін таңдау. Жауап жоқ болса, басқа топқа жауап беруге болады.Кезек «Болашақ » тобында.

101010
202020
303030


Кезекті екінші турға береміз.ІІ кезең «Сұрақ бізден, жауап сізден» 30 секунт ішінде 10 сұраққа жауап беру керек. Жауап жоқ болса келесі сұраққа өтесіз.

І топ1.Абайдың неше қара сөзі бар? (45)2. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі қандай тақырыпты қамтиды? (білім, ғылым) 3. Абай курсының негізін салушы кім? (М.Әуезов) 4. Ақын сүйегі қайда жерленген? (Жидебайда) 5. Абайды әлемге танытқан ұлы жазушы? ( М.Әуезов) 6. Абай Лермонтовтан неше шығарма аударған? (27) 7. Ұлжан кім? (Анасы) 8. Абай Семейдегі Приходская школада қанша уақыт оқыды? (3ай) 9. Абайдың әндерін ата ( «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң»)10. Абай туралы жазылған роман-эпопея? ( «Абай жолы»)11. Абайдың ата салтымен алған алғашқы қалыңдығы (Ділдә)ІІ топ1. Абайдың туған жері? (Шығыс Қазақстан облысы (Бұрынғы Семей))2. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған? (Лермонтовтан) 3. Абайдың аяқталмаған поэмасы («Әзім әңгімесі»)4. «Ескендір» қай жанрға жатады? (поэма)5. Абай меңгерген тілдер? (араб, парсы)6. Абай болыс болған мекен. (Қоңыр Көкше)7. ЮНЕСКО көлемінде Абайдың неше жылдық мерейтойы аталып өтті? (150 жылдығы)8. Жылдың төрт мезгіліне арнаған өлеңдері («Күз», «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры»)9. Абайдың сөздері қай жылы кітап болып басылып шықты? /1909ж/10. Ырғызбай Абайдың нешінші атасы? ( 3 -атасы)11. Абайдың келешегінен үміт күткен ұлы. (Әбіш)

ІІІ топ1.Абайдың шын есімі? ( Ибраһим)2. Абайдың поэмаларын атаңыз? ( « Ескендір», « Масғұт», « Әзім әңгімесі»)3. Абайға «Қазақтың бас ақыны» деп баға берген кім? (А.Байтұрсынов)4. Абай алғаш кімнен сауат ашқан? (Ғабитхан молдадан)5 Оспан кім? (Абайдың інісі)6. Абайдың күйлері («Торжорға», «Май түні», «Абай желдірмесі»)7.Абайдың өлең құрылысына енгізген жаңалығы (аралас буын енгізді)8. Әбдірахман кім? (баласы)9. Ақынның сөз өнері туралы өлеңін атаңыз. («Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»)10. Қара сөздерін тағы қалай атайды? (Ғақлиялары)11. Абай жақсы көретін ұлттық спорттық ойын (Тоғызқұмалақ)

Тамаша әнге кезек берейік.

ІІІ кезеңге де кезек келді. Бұл кезең «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Бұл үй тапсырмасы. (Өлең, эссе, ойтолғау, мақала т.б.) Ескеріледі мазмұны, мәнері.

ІҮ кезең. «Сыр шертеді сөздерім» Қара сөздерінен үзінді оқылады. Нешінші сөзі екенін табу керек. Ескеріледі топтардың жылдамдығы. Жауап жоқ болса, келесі топқа жауап беруге болады.

І топ1.Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, не ол киімін былғап, былжыратып кимей ,таза кимек –дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек ,һәм киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ –кербездің ісі.Кербездің екі түрлі қылығы болады:бірі бет-пішінінің ,мұртын,мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. (Он сегізінші сөз)2. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгінеді. (Он жетінші сөз)ІІ топ1. Біздің қазақтың мақалаларының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа , не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді.Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын.Егер онысы жалға жүргенінде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол –ар кететұғын іс емес. (Жиырма тоғызыншы қара сөзі)

2 . Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. (Жетінші сөз)ІІІ топ1 Егерде мал өсірмек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі-қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.Әуелі- бұл кісімді ол ісімен асырайтын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып , өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. (Отыз үшінші қара сөзі)2. Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: Әуелі- көкірегі байлаулы берік болмақ керек;(Отыз бірінші сөз)Әнге кезек берейік.Ү тур. «Жылдар сөйлейді» Берілген амалдарды шешіп, сол жылдағы оқиғаны атау. Ескеріледі жылдамдық, есептің дұрыс шешімі, дұрыс жауап.І топ255+220*3+465=1890822+248+800 = 1870

1.1890 жылы “Қара сөздерін” жаза бастады 2.1870 жылы жас төңкерісшіл Е.П. Михаэлиспен кездесті ІІ топ356+189*2+801=1891904+250+300+421=1875

1. 1891 жылы сүйікті інісі Оспан қайтыс болды 2. 1875 жылы Болыс болып сайланды

ІІ топ 372+246*2+653=523+362+220+781=

1.1889 жылы А. Пушкиннің “Евгений Онегин” романын өлеңмен аударды2.1886 жылы “Ғылым таппай мақтанба” өлеңін жазды

ҮІ тур. «Ғалым өлмес, қағазда аты қалар» Адасқан өлең жолдары беріледі, орнына қою шарт. Ескеріледі жылдамдық, дұрыс жауап.

«Біреудің кісісі өлсе, қарқаралы ол»Туғанда дүние есігін ашады өлең,Өлеңмен жер қойнына кірер денең.Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең..... ***Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан даАлдамаған кім қалды тірі жанда?Алыс жақын қазақтың бәрін көрдім,Жалғыз жарым болмаса анда-санда

***«Жігіттер , ойын арзан, күлкі қымбат»Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.» деген Нұрсұлтан Әбішұлының тамаша сөзімен сайысымызды аяқтаймыз. Сайыс болған соң бірі ұтылып, бірі ұтатыны белгілі. Оза шапқан топты анықтау үшін, сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз

Назарларыңызға рахмет!













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ