Коучингімді амандасудан
бастап, оқушыларға жақсы көңіл - күй сыйлаудан
бастадым.
Қайырлы күн, құрметті
әріптестер! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Жақсы жұмыс жасауға, жақсы
көңіл күй керек. Ол үшін біз қолданып жүрген формативті бағалау
тәсілдерінде қолданып жүрген сөздерді бір-бірімізге айтсақ. Қазір
оқушының орныда өздеріңіз болып, осы сөздерді естігенде қандай
көңіл куйде
болдыңыздар? деп ой
түйіндедік.
Коучингке кірген кезде әр
адамның қолына мөр қойылған. Ол 2 түрлі. Сол суреттер бойынша 2
топқа бөлініп отырғыздым.
Тақырыпты ашуға бағытталған
ашық , жабық сұрақтар: «Ашық және жабық
сұрақтар» жүргіздім. Жұптық жұмыс ретінде
өтіліп, 4 жұпқа арналған тапсырманы 2
жұптан 2 сұрақтан жауап алдым.
1жұп:
1.Сабақта материалдарды барлық
оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба?
2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны бақылай алуға
мүмкіндігіңіз бола ма?
2-жұп:
1 . Мұғалімге
барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндігі бар ма?
2. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты өткізуде басқа
әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасап жүрсіз
бе?
(Презентация арқылы «Lesson
study» әдісі туралы қысқаша түсінік
беру)
Lesson Study
бастауыш
және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім
деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында,
сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді
әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson
Study өткізу барысында топта (немесе
жұппен) жұмыс істейтін
мұғалімдер:
• Өздері күнделікті жинаған
материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму
басымдықтарын белгілеу үшін
қолданады.
• Алдағы уақытта әзірленетін
немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту
әдістемесін бірлесіп
анықтайды.
• Үш «бақылаудағы оқушыны»
анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы
қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен
оқушылардан.
• Lesson Study-ді
бірлесіп
жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі
назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның
нәтижелерін мұқият
зерттейді.
• Бақылаудағы оқушылардың дамуы
мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson
Study өткізеді және оны қадағалайды.
Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі
мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study
кезінде
жүргізу міндетті емес.
• Бақылаудағы
оқушылардың Lesson Study
туралы
ойларын білу үшін олармен
сұхбаттасады.
• Lesson Study-ді
талқылайды.
• Қолданылатын әдіске
бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен
жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін
қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту
мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану
мақсатында Lesson
Study-ге талдау
жүргізеді.
О сы
тақырыпты талқылау үшін: топтық жұмыс
жасадық.
Қатысқан
мұғалімдердің Lesson Study-дің пайдасы
туралы төмендегідей ой-пікір
айтты.
• әдеттегіге қарағанда
балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан
және егжей-тегжейлі дәлелін
көруге;
• мұғалімнің пікірі бойынша
балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай
қандай екендігі арасындағы айырмашылықты
көруге;
• оқытуды нәтижесінде
оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай
жоспарлау керектігін
түсінуге;
• Lesson Study-ді
басты
мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің
кәсіби дамуына ықпал ету
бол ып табылатын мұғалімдердің
желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (Dudley, P.
2011a);
• Lesson Study
мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға
көмектеседі.
Рефлексия:
Притча «Морковь, яйцо,
кофе»
Міне, әрбір алдымызда отырған
баланы өзгерту, дамыту біздің қолымызда
екен.
|