Материалдар / "2 cәуір - Халықаралық балалар кітабы күні" 1-11 - сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"2 cәуір - Халықаралық балалар кітабы күні" 1-11 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні" мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар кітапханашы қауымға көмегін тигізері сөзсіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2018
2216
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектеп КММ


Бекітемін: .............................

Директордың тәрбие жөніндегі

орынбасары З.Е. Мансурова




Ертегілер әлемінде

(Сахналық қойылым)












Кітапханашы: Абиева Анипа Мухатаевна



2018 жыл



Тақырыбы: Ертегілер әлемінде (сахналық қойылым)

Мерзімі: 06.04. 2018 ж.

Өтетін орны: Бастауыш сынып кабинеті


Барысы.

І Кіріспе бөлім.

Кітапханашы: Драматизацияланған ойындар.

Драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Драматизациялық ойындарда мазмұны, рөлдер, ойын әрекеттерi қандай да бiр әдеби шығарманың, ертегiнiң т.б. сюжетi мен мазмұнына сәйкес болады. Драматизация ойынында балаға қандай болсын айқын тәсiл көрсетпеу керек. Ол үшiн ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс. Драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:

І. Шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою.

ІІ. Мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап, сахнаға қою.

Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады:

  1. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.


ІІ Негізгі бөлім.

Кітапханашы:

  • «Бауырсақ» ертегісі. (саусақ театры).

Мақсаты: Ертегі мазмұнын балалардың естеріне түсіріп, сұрақтарға толық жауап берулерін қадағалау. Тіл байлықтарын дамыту. Артистік өнерге машықтандыру, дауыс ырғағын өзгерте отырып, кейіпкерлердің дауысына сала білуге үйрету.

Ойын құралдары: Саусақ басына кигізілетін ойыншықтар.

Ойын барысы:

Автор: Ерте-ерте-ертеде шал мен кемпір тұрыпты. Бір күні шал кемпіріне айтады.

Шал (1-бала): - Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берші.

Кемпір (2-бала): - Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.

Шал: - Әй, кемпір, қойманың түбін қырып көрсең. Бір бауырсақ пісіретін үн табылар.

Автор: Кемпір солай істеді. Қойма түбін қырып-қырып екі уыс ұн табады да. Қаймақ қосып, қамыр илейді. Бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытуға қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түсіп, жолға шығып, домалап кетеді. Жолда домалап келе жатса, алдынан қоян шығады.

Қоян (3-бала): - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ (4-бала): - Жоқ, сен мені жеме, қоян, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.

Әже қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жинаған,

Қаймаққа илеген,

Майға пісірген,

Терезе алдына суытқан,

Бауырсақпын домалақ!

Атадан кеттім,

Әжеден кеттім,

Қоян сенен де кетемін!

Автор: Бауырсақ алға қарай домалап кетеді, қоян қалып қояды. Бауырсақ орман ішіиен домалап келе жатқанда, алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр(5-бала): Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.

Әже қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жинаған,

Қаймаққа илеген,

Майға пісірген,

Терезе алдына суытқан,

Бауырсақпын домалақ!

Атадан кеттім,

Әжеден кеттім,

Қояннан кеттім,

Қасқыр сенен де кетемін!

Автор: Бауырсақ домалап кетеді. Қарсы алдынан қорбандап аю шығады.

Аю (6-бала): - Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: - Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.

Әже қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жинаған,

Қаймаққа илеген,

Майға пісірген,

Терезе алдына суытқан,

Бауырсақпын домалақ!

Атадан кеттім,

Әжеден кеттім,

Қояннан кеттім,

Қасқырдан кеттім,

Аю сенен де кетемін!

Автор: Бауырсақ домалап кетеді, аю қалып қояды. Бауырсақ зымырап келе жатса, алдынан түлкі шыға келеді.

Түлкі (7-бала): - Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайсың, қандай әдемісін!

Автор: Бауырсақ қуанып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса тыңдаған болып, білдірмей бауырсаққа жақындап отырады.

Бауырсақ: Әже қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жинаған,

Қаймаққа илеген,

Майға пісірген,

Терезе алдына суытқан,

Бауырсақпын домалақ!

Атадан кеттім,

Әжеден кеттім,

Қоян сенен де кетемін!

Түлкі: - Әдемі өлең екен! Айналайын, бауырсақ, мен қартайдым, құлағым естімейді ғой. Кәне, менің тұмсығыма отырып, өлеңді тағы бір айтып берші.

Автор: Бауырсақ мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына шығып, өлеңін айта бастағанда, түлкі бауырсақты «ап!» деп жеп қояды.


Кітапханашы:

  • « Шалқан » ертегісі (фланелеграфта )

Мақсаты: Балаларды ертегіні мұқият тыңдай білуге үйрету, сөз қорын жетілдіру, әңгімелей білуге дағдыландыру. Еңбекке, бірлікке тәрбиелеу.

Ойын құралдары: Фланелеграф тақтасы,ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Ойын барысы:

Автор: Атай көктемде шалқан егеді. Шалқан үлкен дәу болып өседі. Күзде атасы шалқанды жапырағынан ұстап тартып көрді. Бірақ шалқан жұлынбады.

Атай: Көмекке әжені шақырады.

Автор: Әже - атадан, атай – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.

Әже: Әжесі немере қызын шақырады.

Автор: Немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.

Немере: Немересі итті көмекке шақырады.

Автор: Ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.

Ит: Ит мысықты көмекке шақырады.

Автор: Мысық – иттен, ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан,

атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.

Мысық: Мысық тышқанды көмекке шақырады.

Автор: Тышқан –мысықтан, мысық – иттен, ит –немересінен, немересі - әжесінен,

әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартып - тартып.

Осылай бәрі қосылып шалқанды жұлып алды.


ІІІ Қорытынды бөлім.

Кітапханашы: «Ертегілер елінде» мерекелік іс-шараға белсене қатынасқан оқушыларға көп рахмет. Өздерінің өте тапқыр, алғыр және білгір де ойшыл екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Ертегі- халқымыздың асыл қазынасы, оны оқып, ертегідегі шыншылдықты, адалдықты, еңбекті сүйіңдер.








































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ ертегілері». Құрастырған: А.Сәулебаева, Суретші: Г.Ф.Алматова – Шымкент

«Шикула и К» ЖШК, 2006 ж. 104- бет.

2. «Бала мен балабақша». №1 2010 ж. 3-5 - бет.

3. «Бастауыш мектепте оқыту» журналдар.

4. Ғаламтор жүйесінен алынған фотосуреттер.





Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектеп КММ


Бекітемін: .............................

Директордың тәрбие жөніндегі

орынбасары З.Е. Мансурова



(әңгімелеу, мәнерлеп оқу сайысы)












Кітапханашы: Абиева Анипа Мухатаевна



2018 жыл


Тақырыбы: Құстар-біздің досымыз.
Мақсаты: 1) Оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстардың пайдасын түсіндіру.
2) Ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Байланыстыра сөйлеуге үйрету.
3) Табиғатқа сүйіспеншілік, құстарға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Әдісі: әңгіме, ойын - жаттығулар, көрнекілік.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Мерзімі: 17.04. 2018 жыл.

Өтетін орны: кітапхана

Қатысушылар: 5-9 – сынып оқушылары


Барысы.

І Кіріспе бөлім.

Кітапханашы:
а) - Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Құстар табиғаттың бір бөлігі. Құстар өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды. Құстардың түрі өте көп. Олардың бәрі пайдалы, Көктем мезгілі – құстардың туған жерге оралатын кезі. Құстар өздеріне ыңғайлы ұя салатын орын іздейді. Бірі батпақтан, енді бірі шөп - шаламнан ұя жасайды.
ә) Суреттер бойынша құстардың түрлерімен таныстыру. Өздеріне таныс тағы да басқа құстарды білетіндерін айтады, олар туралы әңгімелейді.
ІІ Негізгі бөлім.

  • Суретпен жұмыс.

Кітапханашы: Қарлығаш - киелі құс. Оның құйрығы айыр. Сол себепті оны басқа құстардан тез ажыратуға болады. Қарлығаш үй маңында ұя салады.
Ауламызға бау бүрлеп,
Шешек атып жайнайды.
Ақ тамағы бүлкілдеп
Қарлығаштар сайрайды.
Кітапханашы: - Балалар, қарлығаш туралы қандай ертегі білесіңдер?

  • Құстарға байланысты мәнерлеп өлеңдер айту.
    Құс келді,
    Қар, су балып жөнелді.
    Бүршік атып бар ағаш
    Келіп көктем құстары
    Бау - бақшада ән салды.
    Оларды жас достары
    Ұя жасап қарсы алды.

Кітапханашы: - «Ағаш дәрігері»- деп аталатын қандай құсты білесіңдер?
- Дәрігермен орманға
Құрт, шіркей көп ол маңда
Тоқылдатып жатпаймын
Торғайларды баптаймын.
- Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып
Тоқ – тоқ соғады.
Тоқылдақ - орман құсы. Ол орманда өмір сүреді. Тоқылдақ ағаштарды құрттардан тазалап, оны шіруден сақтайды. Сондықтан оны – орман дәрігері деп атайды.

Кітапханашы:

  • Үй құстары тақпақтар айту.
    Үйрек туралы өлең
    - Үйректі
    Жүзуге кім үйретті
    Аулада
    Жүруді ол сиретті
    Күн шыққан кезеңде
    Қашады өзенге
    Тереңге сүңгиді,
    Лайсаңда жүгіріп
    Кір болу – мін дейді.

Үй құстарының суреттерін көрсете отырып, олардың аттарын атап, пайдасын әңгімелеу.
* Үкінің суреті көрсетіледі.
- Үкі – айналасындағы заттарға екі көзбен бірдей қарай алатын құс.
* Бүркіт – дүниеде күн көзіне тура қарай алатын құс.
* Тотықұстың суреті көрсетіледі.



Кітапханашы: - Тотықұстың өте әдемі құс. Тотықұста үшінші аяқ бар. Ол оның бұтадан бұтаға ауысуына көмек береді.
* Аққу туралы әңгімелеу.
Аққу – құстың төресі
Ақ мамықтай денесі
Аққу - өте әдемі сұлу құс.

  • Құстарға қамқорлық жасау туралы сурет бойынша әңгімелеу, өлеңдер оқып беру.
    - Ұя жасап тақтайдан,
    Талға апарып байладым.
    Жыл құсының шаттанған,
    Күттім қашан сайрауын.
    - Тас атқылап торғайды
    Қуалауға болмайды,
    Қамқор болып құстарға,
    Барлық адам қорғайды.

  • Ағаштан жасалған құстың ұясын көрсете отырып құстарға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.


ІІІ Қорытынды бөлім.

Кітапханашы:

  • Құстарға байланысты жұмбақтар айтып шешу.
    - Шарлап келіп даланы,
    Үйіме үйін салады
    Бұл не деген шебер еді
    Ормандағы ағаштарды,
    Тұмсығымен шегеледі.
    - Жүні майда үлпілдеген -
    Жағымсыз даусы күркілдеп,
    Имен тұмсық, жез тырнақ,
    Түнде жүрер бүлкілдеп.

  • Ойын: « Кім тапқыр»

Сурет бойынша үй құстары мен дала құстарының аттарын екі бағанаға бөліп жазып көрсету.
Үй құстары: ------ Дала құстары:
тауық -------------- торғай
әтеш --------------- қарлығаш
түйе тауық ------- үкі
балапан ---------- тоқылдақ
үйрек қаз --------- сауысқан

  • Халықтық болжамдар.
    1. Шағала келсе сең бұзылады.
    2. Жаңбыр жауар кезде,
    Қарғалар у - шу болып топталып ұшады.
    3. Жыл құстары қаптап келсе, күн жылы болады.

(Құстардың тіршілігіне байланысты айтылатын халықтық болжамдарды айтып сабақты аяқтау).

  • Хор «Ақ көгершін»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ғаламтор жүйесінен алынған материалдар.

  2. Қарқаралы ауданы «Ұлттық мұражайынан» алынған фотосуреттер.

  3. Оқушылар түсірген фото.

Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектеп КММ


Бекітемін: .............................

Директордың тәрбие жөніндегі

орынбасары З.Е. Мансурова



Кітап – біздің досымыз



(«2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы мерекесіне» орай кітап көрмесі)











Кітапханашы: Абиева Анипа Мухатаевна



2018 жыл



Тақырыбы: Кітап- біздің досымыз (Кітап мерекесі).

Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білеуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу.

         Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.

         Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

Мерзімі: 02.04. 2018 жыл.

Өтетін орны: кітапхана

Қатысушылар: 1-11-сынып оқушылары және қонақтар


Барысы.

І Кіріспе бөлім.

Кітапханашы: Армысыздар, балалар!

                                      Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.

                                      Кітап- адал пейіл, асыл дос.

                                      Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең?

                                      Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап.

         Кітап- қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен.


ІІ Негізгі бөлім.

Кітапханашы: Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, өлеңдер білеміз, соны ортаға салайық.

1-оқушы:

Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние-мүлік

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

2-оқушы:

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

3-оқушы:

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жайып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын  ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

4-оқушы:

Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

5-оқушы

Кітаптар бейне жапырақ

Жырлайтын сырын өмірдің

Оқисың кейде жаттап

Көтеріп күйін көңілдің

6-оқушы:

Айдын шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дерсің

Ауадай қажет бейне бір

Таппасаң нәрін шөлдерсіңъ

7-оқушы:

Білім алар көп адам

Жақсы нәрсе жоқ одан

Қызыға кеп оқимын

Кітапты көрсем жаңадан

8-оқушы:

Кетпйді ешбір жадымнан

Мектепке бардық күз айы

Тастамай сені жанымнан

Қолтықтап жүрдім ұдайы

9-оқушы:

Достарға толы маңайым

Татулық тәтті бәрінен

Ерекше сені санаймын

Құшақтап жүрмін мен әлі.

10-оқушы

Ұсынған қойынан

Білімнің үлесін

Шықпайды ойыңнан

Досың ғой білесің

Бұл не?

Бұл –кітап.

11- оқушы:

Бәрін, бәрін білесің,

Оқи берсең кітапты.

12-оқушы:

Қазынаны тереңнен табарсың,

Білімді кітаптан аларсың13-оқушы

Асыл ойдың иесі, бар ғалымның жүйесі

Қуанышты

Көңілдің, баспалдағы өмірдің

Жан азығым серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап:

Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,

Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін.

Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді

Оқушы:

Әсерлемей,асырмай, айтып берші жасырмай,

Жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап:

Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп

Бетімді менің ашады, әңімеге басады

Жолдарымда сызады, шырқымды да бұзады

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды

Налымаймын неге мен, бұл секілді пендеге.

Оқушы:

Сені сүймес адам аз

Ақылды көп, надан аз

Ондайлардан түңілме

Сені ойлар түбінде

1-жүргізуші: Енді Т.Дәуренбеков ағаларыңның «Кітаптар мұңы» әңгімесіне құлақ асайық.

Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткерірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.

Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.

- Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?

- Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді.

- Не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің, бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

- Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілі оқуғымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер, күтіп ұстаса, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай-сүйегім сырқырайды. Іші бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған,, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем.

- Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы боламын,- деді бірінші кітап. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып болып, мектеп босағасын аттамағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып-бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп-тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.

- Әріптестер, қанша айтқанмен «Ана тілімін» ғой. Менің айтқаныма құлақ асыңдар. Бұл жерде тек кішкентайлар емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі-ау!

- Д ұрыс айтасың, «Ана тілі»,- деді қаракөлеңкелеу жерде жатқан бір кітап.

- Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ойнағанда қой демейді ғой үлкен ағасы. Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды».

- Бірақ-деді «ана тілі» сөзін қайта жалғап,- шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы кекрек қой. Ондай балалар жоқ та емес,, бар. Бар емес-ау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі –Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз – мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін! Кітабыңа шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды., сия тамызбайды. Оның «Ана тілі» кітабы қыстап су жаңа күйінде шықты.

- Енді бізді не істер екен?- дейді кітап.

- Әлде жинап-жинап отқа тамызық етер ме екен?

От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.

- Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер,- деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соңбасу айтып.

- Түптер,-деді оны кекетіп әлгі кітап.

- Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтінін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге де ұялып, бір түкпірге бұқпалап отырғанымды.

- Пысықтығына қарағанда есеп кітабы боларсың, - деді оған «Ана тілі».

- Дұрыс айтасың. Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.

- Әріптестерім, отқа тамыздық қылады деп ұнжырғыларың түспесін,-деді «Ежелгі дүние тарихы» жұбата сөйлеп.

- Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.

- Соны айтсаңшы,-деді бірдей жамырап.

2-жүргізуші:

1. Әңгіме неге «Кітаптар мұңы» деп аталған?

2. Кітаптарды өздерің қалай ұстайсыңдар?

3. Оқушылырға кітаптың тигізер пайдасы қандай?

4. Кітаптарды кімдер және қалай жасайды?

5. Кітаптардың оқушыларға ренжігендері дұрыс па?

6. Кітап қайда басылып шығады?

7. Кітапты баспадан шығару үшін  не қажет?

-Сендер сол жайлы не білесіңдер, балалар?


1-жүргізуші: - Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау-бәріміздің міндетіміз.

Бізде кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар. Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар.

2-жүргізуші:

Ойланайық, балалар,

Кітап-асыл досымыз.

1-жүргізуші:

Жайнатып жанымызды

Келтіріп сәнімізді.

Арнайық бас қосқанда

Тамаша әнімізді.


Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл қойшы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда - ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келелі күн көз алдыма көп тұрады.

Книга – учитель,
Книга – наставница,
Книга – близкий товарищ и друг,
Ум, как ручей, высыхает и старится,
Если ты выпустишь книгу из рук.
Книга – советчик,
Книга – разведчик, 
Книга – активный борец и боец,
Книга – нетленная память и вечность,
Спутник планеты Земля, наконец…


Білімнің қайнар бұлағы - кітап.
Кітап - құдіреті қару.
Кітап ғалым тілсіз мұғалім.
Кітап - өмір ұстазы.










Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Кәрішалова К. «Кітапхана жаңа ғасыр мәденитетінде» (балалар әдебиеті проблемалары)// Саясат. - №3. – 2006 ж. - 28-29-б.

  2. Дүтбаева Н. «Кітап неге оқылмайды: себеп пен салдар»// Қазақ әдебиеті. – 2009 ж. - 30 қаңтар. - 1-3-б.

  3. Ғаламтор жүйесінен алынған материалдар.

Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектеп КММ


Бекітемін: .............................

Директордың тәрбие жөніндегі

орынбасары З.Е. Мансурова



Қазақстан есірткіге,

туберкулезге қарсы



(Кітап көрмесі)
















Кітапханашы: Абиева Анипа Мухатаевна



2018 жыл





Тақырыбы: Қазақстан есірткіге, туберкулезге қарсы (Кітап көрмесі. Әңгіме сағаты)

Мақсаты: Аталған дерттiң алдын-алу.

Мерзімі: 10.04. 2018 жыл

Өтетін орны: кітапхана

Қатысушылар: 5-11 – сынып оқушылары


Барысы.

І Кіріспе бөлім.

Кітапханашы: 1987 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымды өзінің есірткіні теріс пайдаланушылықтан еркін халықаралық қоғам құру мақсатында қызметін және ынтымақтастығын күшейту табандылығын білдіру үшін Халықаралық есірткі заттарын теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына, заңсыз түсік жасатуға қарсы күрес күні ретінде атап өтуді белгіледі (International Day Against Drug Abuse and Illicit Trafficking). Сондай-ақ, осы күні өткізілген Халықаралық конференция барысында ВИЧ ауруының таралуына жол ашатын ине арқылы есірткі қабылдауға қарсы күресу мақсатында бағдарлама даярланады. Жалпы есірткіні таратуға қарсы күрес шаралары 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ең алғаш рет 1909 жылы шанхайлық апиынға қарсы ұйымының мүшелері әлемдегі дамыған 13 мемлекетті жинап, есірткі тасымалдануына тосқауыл қою шараларын ойлап табуға тырысқан болатын. Содан бері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, мәселенің шешімі нақты табылған емес. БҰҰ нашақорлық және қылмыс басқармасының бағасына сәйкес, есірткі пайдаланушылардың саны 200 млн. адамға жеткен, ол бүкіл жер шарының 3,4% немесе 15 жас және одан жоғары халықтың 4,7% құрайды. Қазіргі таңда 160 млн-ға жуық адам каннабистік есірткі пайдаланушылар тобында, 42 млн. САР (олардың ішінен 8 млн, экстази) және 14 млн. артығы кокаин, 15 млн-нан азы апиынды пайдаланады (олардың ішінен 10 млн. героин). Және оны тұтынушылардың үлесі жылма-жыл артып келетіндігі көңілге қаяу салады.



Елімізде өткен жылы нашақорлыққа байланысты 9 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, 20 тоннадан астам есірткі айналымнан алынған. Жалпы өткен жылы сондай-ақ есірткіні мөлшерден артық қолданған 211 адамның көз жұмғаны да анықталып отыр. Қазақстанда нашақорлық дертіне шалдыққан 52 мыңнан астам адамның 60 пайызы 30 жасқа дейінгі азаматтардан тұрады. Мемлекеттік емес ұйымдардың жүргізген сауалнамасы бойынша, елімізде әрбір оныншы адам өмірінде бір рет болса да есірткі пайдаланған көрінеді. Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымға шығуына қарсы күрес күні бұқаралық қоғамға қазіргі уақытта есірткі мәселесіне баса аударуға себепші болып отыр. Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, планетамыздың әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылмақшы. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық!


Кітапханашы: Туберкулездің алдын алу. (Туберкулездiң алдын - алу шаралары туралы жалпы түсiнiк)
Мақсаты: а) Балалардың сана - сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру
ә) Қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған проблеманың түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету.
б) Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.
Түрi: Сұхбат ( Сұрақ - жауап, кеңес әңгiме)
Әдiсi: Баяндау, сұрақ - жауап.
Көрнекiлiгi: Туберкулез тақырыбына салынған суреттер, плакатқа жазылған нақыл сөздер.
Қатысушылар: 5-11 – сынып оқушылары

Барысы.

І Кіріспе бөлім.

Кітапханашы: Балалар, дүние жүзінде халық санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы бұдан 20 - жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша дүниежүзінде туберкулез ауруымен 8 - 10 млн адам тiркелiп, 3млн адам қайтыс болады екен.
- Ал, енді әңгіме сағатымызды бастамас бұрын дәрігер - фтизиатор рөлін ойнайтын сыныбымыздың оқушысы Жантемір Аруана дайындап әкелген мәлімдемесін тыңдалық.
Жантемір Аруана: Туберкулез өкпе қабынатын ауыр жұқпалы ауру. Ежелгі ғалымдар мен ойшылдарының жазбаларында туберкулез « көкжөтел – чахотха» ретінде айтылады. Туберкулез қоздырғышын неміс ғалымы Р. Кох ашқан.

Сондықтан бұл бактерияларды Кох таяқшалары деп атайды. Олар әр түрлі мүшелерді зақымдайды: өкпе, сүйек, буын, бүйрек т. б. зақымдайды. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады - ластықта, қақырықта, күнделікті пайдаланылатын нәрселерде, қоршаған ортада көп уақытқа дейін сақталады (топырақта, суда, кітапта). Туберкулез – аса қауіпті дерт. Ауру белгілері көпке дейін білінбейді. Алғашында аздаған құрғақ жөтел пайда болып, кейін күшейеді, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйықтағанда терлеп, кешке қарай дене қызуы көтеріледі, тез шаршайды. Содан кейін жөтел, қан аралас қақырық пайда болады. Осы белгілер біліне салысымен, неғұрлым ертерек дәрігер - фтизиаторға қаралу керек. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады, топырақта 2 апта, кітап беттерінде 3 ай, суда 5 айға дейін сақтала алады. Туберкулез таяқшаларын ұзақ уақыт қайнату, тура түскен күн сәулесі, хлорамин және хлорлы әк өлтіреді.
Кітапханашы: - Ал ендi балалар, бұл ауру туралы дәрігерімізге қандай сұрақтарыңыз бар?
1- оқушы: - Туберкулез адамға қалай жұғуы мүмкін?
Дәрігер: - Туберкулез жөтел және қақырық арқылы тарайтын жұқпалы ауру. Сондықтан өзiңiзге де, өзгеге де еденге, жерге түкіруге жол бермеңіз.
2- оқушы: - Адамның туберкулез ауруын жұқтырғанын неден байқауға болады?
Дәрігер: - Туберкулездi анықтаудың бiрден-бiр жолы - қақырық тексеру.
Егер науқас:
- Үш аптадан аса жөтелсе;
- Қан түкiрсе;
- Үш аптадан аса көкірек тұсындағы ауырсыну басылмаса;
- Үш аптадан аса қалтырап жүрсе, бұларды туберкулез ауруының хабары деп түсінген жөн.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2006 ж. №25.

  2. Ғаламтор жүйесінен алынған материалдар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!