Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"2 cәуір - Халықаралық балалар кітабы күні" (Іс-шаралар топтамасы)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектеп КММ
Бекітемін: .............................
Директордың тәрбие жөніндегі
орынбасары З.Е. Мансурова
04.04. 2018 ж.
Табиғат – ұрпақ игілігі
(Ауызша журнал сабағы)
Кітапханашы: Абиева Анипа Мухатаевна
Бастауыш сынып мұғалімдері
2018 жыл
Тақырыбы: «Табиғат – ұрпақ игілігі (Ауызша журнал сабағы).
Мазмұны :
1-бет. Кіріспе. Табиғат – ұрпақ игілігі.
2-бет. Сауалхана.
3-бет. Мен үшін табиғат ...
4-бет Білгенге маржан..
5-бет. Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер.
6-бет. Табиғатты қорғау үшін ...
7-бет. Табиғатты аяла.
8-бет. Табиғатты қорғау ережесі.
9-бет. Ойлан, тап!
10-бет. Әдеби бет.
1-бет.
І Кіріспе бөлім. «Табиғат – ұрпақ игілігі» кезңі.
2-бет.
ІІ Негізгі бөлім. «Сауалхана». Кезеңі.
1. Мәңгілік жасыл ағаш (шырша)
2. Дауылға нық күшті
Ағаштың мықтысы (қарағай)
3. Көктемде ақ гүлге оранды
Күзде қолға доп боп оралды (алма)
4. Мейіріммен сүйеді ол бар адамды
Өзіне жаратпайды қарағанды (Күн)
5. Еркін самғап ұшсын деп мәпелейміз, баптаймыз
Бейбітшілік құсы деп, қандай құсты атаймыз (көгершін)
6. Діңі мықты. Қасарысып. Шөлге шықты (сексеуіл)
7. Құстай ұшады, құлындай жортады,
Қойдан қорқады (қоян)
8. Балапанын бағатын – басқа
Бар сондай қасқа (көкек)
9. Төрт аяқсыз жүйрігім
Бұлғап саған құйрығын (балық)
10. Бірі құяды, бірі жұтады (жер, жаңбыр)
11. Маң-маң басқан жүрісі, барлық құстың ірісі
Қашқанда құстай ұшпайды,қуғанын бірақ ұстайды (түйеқұс)
12. Ата отыр, тон киіп (аю)
13. Жасыл, бірақ жуа емес
Өзі ақ, бірақ қар емес
Бұйра, бұйра, бірақ шаш емес (қайың)
14. Құйрығы он қарыс,
Бұл айбатты (жолбарыс)
15. Айбат шегер алыстан
Аң патшасы (арыстан)
3-бет. «Мен үшін табиғат ...» кезеңі.
4-бет. «Білгенге маржан» кезеңі.
-
Мен көпжылдық өсімдікпін. Қыркүйек, мамыр айларында гүлдеймін. Жапырағым, тамырымды дәрі ретінде пайдаланады. Өсетін мекенім – жол жиегі. Мені қан тоқтатуға, іріңді жараның жарылуына қолданады. Сонда мен қай өсімдікпін? (жолжелкен)
-
Мен күй таңдамай кез келген жерде өсе беремін. Менің жапырағымды, тамырымды жеген мал, құс өледі. Мені тіс ауырғанда, сүйек қақсағанда ем ретінде пайдаланады. Бесіктегі баланы менімен аластайды. Сонда мен қай өсімдікпін? (меңдуана)
-
Мені мал жемейді. Жемісім жабысқақ, тікенді. Жауын жауар алдында тікенектерімді жұмысарту арқылы хабар беремін. Сөлімді өкпе демікпесіне пайдаланады. Сонда мен қай өсімдікпін? (ошаған)
Халық құстарды дара қасиеттеріне қарап бағалаған. Мысалы, бүркіт – билік иесі, қарға, ұзақ өмірді, қораз – шайқасуды білдіреді. Туымызда көкке самғаған бүркіт бейнеленген. Бүркіт - құс патшасы. Ол ұлылық, ар-намыс, еркіндіктің символы. Аққу – сұлулықтың, тазалық пен махаббаттың белгісі. Халқымыз оны киелі санайды. Даланың абыз ақыны Асан-қайғы қазақтың тұңғыш ханы Жәнібекке мынадай өсиет айтқан.
Құладын құстың құлы еді
Тышқан жеп жүні түледі
Аққу құстың төресі
Ен жайлап көлде жүр еді
Андып жүрген көп дұшпан
Елге жау боп келеді.
Құладын құзды өлтірсе -
Өз басыңа келеді.
Құлың көп сені өлтірер
Осыны Асан біледі, - деген екен
Теңіз көлінде қызыл қанатты ғажап құс бар. Фламинго – жалын деген ұғымды білдіреді. Қоқиқаздың қанаттарының ұшы қара, қаурсындары алқызыл түсті. Бұл ғажап құсты көру естен кетпес әсер береді. Қызғылт қанаттары күн сәулесіне жарқырап, әдемі сурет жасайды. Қоқиқазды көрген адам бақытты болады деген наным бар. Ол бүкіл өмірін тік тұрып өткізеді. Ұйықтаса да бір аяғымен тұрады. Тобымен ұйқыға кетсе де әлсін-әлсін кезекпен маңайды қарап қояды. Олар шомылуды ұнатады.
-
Көрініс: «Аңшы мен бала»
-
Құс аулауға шығамысың?
-
Шығамын.
-
Атқаныңды жығамысың?
-
Жығамын.
-
Міне, мылтық атамысың?
-
Атамын.
-
Құсың қайда, қарағым-ау?
-
Атпадым.
-
Көп еді ғой көлде құс?
-
Көп екен.
-
Неге атпадың?
-
Түк дәлелім жоқ екен.
-
Атуға сен қимадың ба?
-
Қимадым. Туған жердің құстарын да сыйладым.
Тиме аққуға
Мендейлердің атын ал, түйесін ал,
Тиме аққуға. Ақудың киесі бар.
Мендейлердің затын ал, биесін ал.
Тиме аққуға. Аққудың иесі бар.
Кеудемде жүрек барда басылар ма ой,
Тиме аққуға. Кіршіксіз асыл ар ғой,
Тимеңдерші көлімнің көркі болсын,
Жанарында мұңылықтың жасы бар ғой.
5-бет. «Мақал-мәтелдер» кезңі (Жалғасын тап).
1 .Ақыл-дария, алсаң да таусылмайды
... қазына, саусаң да таусылмайды.
2. Ерді талап ұшырса,
... қанат ұшырар
3. Атасы жер жырта білмегеннің баласы ... себе алмас
4. Алтын болмаса зергер қор болар
... болмаса диқан қор болар
5. ... азған елде, тоқшылық болмайды
6. Көлдің көркі ... , таудың көркі ... .
7. Сағадағы ... ішеді, аяқтағы ... кешеді.
8. Дауылдың алды ... , жаңбырдың арты ... .
9. ... жүйрікпе, қиял жүйрік пе?
10. ... семірсе құт, ... семірсе жұт.
11. Барлық аулай алмаған, ... лайлар
12. ... жайын салған білер, ... жайын қазған білер
13. ... жапырағымен, ... топырағымен.
14. ... қазына, ... гауҺар.
15. Ақсақ ... аузына, ... айдаған қаңбақ түсер.
16. Бағбан болсаң ... өсір,
Балама деп тағы өсір.
17. Арманымен ел сұлу, ... жер сұлу
18. Адам көркі – шүберек
... көркі жапырақ.
6-бет. «Тыйым сөздер» кезеңі.
-
Ит ұлыса, жаманшылық болады
-
Балық су бетінде шолпылдаса, жаңбыр жауады.
-
Ордалы жылан топ-тобымен басқа жаққа көшсе, тосын апат болады.
-
Үйге қарлығаш ұшып келсе, жақсы ырым саналған.
-
Жылан үйге кірсе, жақсылық нышаны деп ұғып, басына ақ құйып ардақтап далаға шығарады.
-
Ит шөп жесе, жақсыға жориды.
-
«Көктей соларсың» деп жамандыққа жорып, «көкті» жұлғызбайды.
-
«Қарғысы қатты» деп жапалақ, жарқанатқа тимейді.
-
«Киелі құс» деп аққуды атпайды.
6-бет. «Табиғатты қорғау үшін ...» кезеңі.
7-бет. «Табиғатты аяла» кезеңі.
1.Су атасы – Сүлеймен 2. Көшкен кезде жер ошақты
Айдыныңа тас аттым Тегістетін, топырақпен жабатын
Рұқсат ет балаңа Жанды, жансыз ғаламның
Су алуға бола ма? Бабын, тілін табатын
Түн ұйқыңды ояттым Жөнсіз іске жалтақтамай
Толқыныңды аяп тым Бірден тыйым салатын
Тұнығыңды қорғаймын Білгендері кез келгенді
Лайласам оңбаймын Жамандықтан тыятын
Су атасы – Сүлеймен Бар тыйымның түсінігі
Рұқсат ет балаңа «Обал» деген жалғыз сөзге
Су алуға бола ма? Жалғыз сөзге сиятын
3.Қасиетті сөз бар еді кие деген 4. Қасиетті қайрымды жер ананың
Киеліге жолама күйе деген Мейірінен өмірге нәр аламын
Жерін, елін, Отанын сүйетіндер Аялы алақанмен аялау да
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен Азаматтық борышы әр адамның!
Тірі нәрсе шөп деген көгал деген Ата мекен жанға жайлы сая бау
Көкті жұлма болады, обал деген Ар алдында күнә болар табиғатты аямау
Ата-анамыз жыланға үйге иірген Қанымызға сінген екен ақ сүтімен ананың
Ақ сүт құйып басына жоғал деген Туған жердің табиғатын аямау.
5. «Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме!» деп
Ұрсушы еді менің анам күйгелек
«Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын
Шыққанымда «тұлпарымды» сүйрелеп
«Ұя бұзба! Бұзба» - деймін балама,
Өсиетін қандай ғажап, жан ана!
Тал, теректі тамырынан қиятын
Тас жүректер әлі де көп арада
Бұзба!-дейді аспан түгел, жер түгел
Сол өтініш анамды еске келтірер
Анам болып ұлы Отаным сөйлейді:
Бұзылмасын дүние түгел, Жер түгел!
6. Ей, адамзат, ең алдымен досыңды ұқ.
Досың жер, су, мөлдір ауа, өсімдік
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық
Жер ешкімге жазбайды деп арыз да
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ замандас! Әр ұрпаққа туған жер
Не берсе де беретіні қарызға
7.Әй табиғат! Шеберсің-ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
Ашкөздеген адамдарға не дерсің?
Айың анау, күнің анау, жер міне
Ау, адамдар! Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын
Асырайды ол сені мені, елді де
8-бет. «Табиғатты қорғау ережесі» кезеңі.
«Балыққа - су, құсқа - ауа, аңға - орман, тоғай, тау-дала қандай қажет болса, адам баласы үшін «Отан» деген ұғым сондай қажет. Ал табиғатты сүю – Отаныңа қамқор болу деген сөз»
-
Қоқыс тастама.
-
Көкті жұлма.
-
Бұтаны сындырма.
-
Ағашты кеспе.
-
Су көзің лайлама.
-
От жақпа.
-
Құс ұясын бұзба.
-
Құмырсқаның илеуін таптама.
9-бет. «Ойлан, тап!» кезеңі.
А |
Р |
Ы |
С |
Т |
А |
Н |
|
|
|
|
|
|
|
А |
Қ |
Қ |
У |
|
|
|
|
|
|||
Б |
Ө |
Г |
Е |
Н |
|
|
|
|
|
|
||
|
С |
И |
Ы |
Р |
|
|
||||||
Н |
А |
Й |
З |
А |
Ғ |
А |
Й |
|||||
|
А |
У |
А |
|||||||||
Т |
О |
Қ |
Ы |
Л |
Д |
А |
Қ |
1. Аң патшасы
2.Сұлулықтың символы
3. Жасанды су қоймасы
4. Сүт өнімін беруші
5. Табиғат құбылысы
6. Бәріне қажет
7. Санитарлық құс.
-
Бұл қандай аңдар?
1. Арыстан. 2. Жолбарыс
3. Сілеусін. 4. Қабылан
5. Қарақал 6. Барыс
7. Ілбіс 8.Шетмысық
9. Бабыр 10. Мәлін
10-бет. «Әдеби бет» кезеңі.
|
Т |
Ү |
Й |
Е |
|
|||
А |
Л |
М |
А |
|||||
Б |
И |
Д |
А |
Й |
||||
|
П |
И |
Я |
З |
|
|||
Қ |
А |
Р |
А |
Ғ |
А |
Й |
||
|
|
А |
Й |
|
|
|||
Т |
Ұ |
Қ |
Ы |
М |
||||
Т |
Е |
Ң |
І |
З |
||||
Ш |
Ы |
Р |
Ш |
А |
|
1. Шөлге төзімді жануар,арқасында тауы бар
2. Көктемде ақ гүлге оранады, күзде қолға доп болып оралады
3. Жезге ұқсас сабағы, дәні халық тамағы
4. Тұздықпен жүреді, кәне кім айтып береді
5. Дауылға нық күшті, ағаштың мықтысы
6. Орақ болып туады, табақ болып тынады
7. Біреуін жерге береді, күзде оны тереді.
|
Б |
А |
Л |
Ы |
Қ |
|
Қ |
О |
Я |
Н |
|
|
|
Ж |
Ы |
Л |
А |
Н |
||
|
Қ |
А |
Р |
Б |
Ы |
З |
8. Кең-байтақ су, ішуге болмайды
9. Жасыл тонның бояуы жыл он екі ай
оңбайды.
10. Суда өседі, судан шықса өледі
11. Сылдырдан қорқады, шошынып жортады
12.Тіл ұшында уы бар, ол не екенін біліп ал.
13. Еті қызыл, сүті тәтті, жерде өсіп жатты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Жалпы экологияның қысқаша курсы». А.К. Бродский. Алматы. 1997 ж.
-
«Экология». Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева. Алматы. Экология. 2002 ж.
-
«Экология негіздері». З.М. Молдахметов, А.М. Ғазалиев, С.Д. Фазылов. Алматы. 2002 ж.
-
Ғаламтор желілерінің мәліметтері.
Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектеп КММ
Бекітемін: .............................
Директордың тәрбие жөніндегі
орынбасары З.Е. Мансурова
Қазақстан ғарышкелерін білеміз бе?
(Викториналық ойын)
Кітапханашы: Абиева Анипа Мухатаевна
Мектеп тәлімгері: Жанабаева Меруерт Нуртазаевна
2018 жыл
Тақырыбы: Қазақстан ғарышкерлерін білеміз бе?
Мақсаты: Оқушылардың ғарыш туралы
түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары – қазақ
ғарышкерлерімен таныстыру.
Міндеттері:
а) оқушыларға ғарышкер
өмірінен мағлұмат беру, ойын дамыту. Ой-өрісін кеңейтіп, сауатты
оқуға жаттықтыру;
ә) Оқушылардың сөздік қорын байытып, тіл байлығын молайтып,
ойлауға, армандауға баулу;
б) Ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей
шұғылданып, еңбеккер адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, бүлдіршіндерді
еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып
тәрбиелеу;
Көрнекі
құралдар: Ғарышкерлер суреті, оқулық,
Байқоңыр суреті
Мерзімі: 12.04. 2018 ж.
Өтетін орны: кітапхана
Қатысушылар: 5-11 – сынып оқушылары
Барысы.
І Кіріспе бөлім.
Кітапханашы: Тоқтар Әубәкіров – әлемнің 256-ыншы ғарышкері.
Талғат Мұсабаев- әлемнің 309-ыншы ғарышкері.
Айдын Айымбетов- әлемнің 545-інші ғарышкері.
Бүгін - халықаралық ғарышкерлер күні. Бұл күнді қазақ халқы ерекше естеліктермен қарсы алады. Талай қазақ баласының ғарышкер болу арманға құлшындырып, аспан көгіне деген ынтызарлығын оятқаны анық. Қазақ ел болғалы үш батырын аспан көгіне ұшырды.
Олар: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов
Осы орайда ғарышкерлер күні қарсаңында қазақ ғарышкерлерінің өмірі мен аспан әлеміндегі таңғажайыптары жайында қызықты деректерді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
-
Тоқтар Әубәкіров КСРО-да алғаш болып МиГ-29К истребителін «Тбилиси» крейсерінен истребительге арналған трамплиннің көмегімен алғаш болып ұшырды. «Тбилиси» крейсерінен жаңа әдіспен ұшақты көкке көтеру оқиғасына бүкіл әлем көз тікті десе де болады. Бұл әдістің ерекшелігі: ұшақ трамплиннен түскендей төмен лықсып келіп, бірден көтеріліп кетуі керек. Ол әрине ұшақтың маторына байланысты еді. Барлық мәселе секундтар еншісінде болатын. Сәл іркіліс болса, бітті: ұшақ судың астына кіріп кетеді. Сынақшы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров құлдилап та, көтеріліп те үлгерді. Авиация тарихында бірінші рет мұндай әдіспен ұшуды жүзеге асырған қазақтың осы ерлігі Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді.
-
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтың құрметіне Талғат есімі берілген қазақтың екінші, әлемнің 309-ғарышкері де рекордшы атанған. Ол бір ай ішінде бес рет (30 сағат 8 минут) ашық ғарышта болған сапары үшін Гиннесс рекордтар кітабына енген.
-
Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың аспан көгіне саяхаттауына Елбасы да үн қосты. «Тоқтар, халқымыз бұл күнді 30 жыл күтті. Әзір қолымызда тұрған ғарыштық технологияның барлығы біраз уақыттан кейін ешкімге керексіз күйінде қалады. Ғарышқа халқың үшін ұш!»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев. Тоқтар Әубәкіровтың сынақшы-ұшқыш болуына Кеңес Одағының Батыры А.Федотов үлкен әсер еткен.
-
Қазақ жерінде дүниеге келіп, ғарышқа үш рет ұшқан ғарышкер Владимир Шаталов. Ол Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында туып өскен. Авиацияның генерал-лейтенанты, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, техника ғылымдарының кандидаты КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1969 жылдың қаңтарында «Союз-4» кораблімен алғаш рет ғарышқа ұшты. Сол жылғы қазан айында «Союз-8» кораблінің командирі ретінде үш корабль құрамында ғарышқа топтасып ұшуға қатысты. В.Шаталов «Союз-10» кораблімен және «Салют» орбитальдық станциясымен 1971 жылғы сәуірде үшінші рет ғарышқа ұшты. 1991 жылғы қыркүйекке дейін ғарышкерлер даярлау орталығының жетекшісі болды.
-
Қазақ публицистерінің арасында ғарыш тақырыбын алғаш жазған авторлардың бірі – Жүсіпбек Қорғасбек. «Қазақ әдебиетіндегі» «Туған тұғырдан ғарышқа» ұшар деп үміттенген қос қазақтың бірі – Совет Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров» /ҚӘ. 1991, 25 қаңтар/ – деген Жүсіпбек Қорғасбековтің мақаласы газет бетіне алғаш басылды. Мақалада Тоқтар қазақ жұртына тұңғыш рет таныстырылды. «…Ол Тоқтар Әубәкіровтің туған жер төсінен, Байқоңырдан космосқа сапар шегуге мүмкіндік алуы болып отыр… Өйткені, біз үшін қазақ азаматының ғарышқа ұшуы – қазақ жерінің осыған дейін космосты игеруге қосқан орасан зор үлесінің символы іспетті көрінері хақ…» – деп тебіренеді Жүсіпбек Қорғасбек ағамыз.
-
Қазақ ғарышкерлерінің бірі Талғат Мұсабаев туралы алғашқы мақаланы журналист Несіп Жүнісбаев ағамыз жазды. «Туған тұғырдан ғарышқа» ұшар деп үміттенген қос қазақтың тағы бірі – Талғат Мұсабаев».
/ҚӘ. 1991, 1 ақпан/ Мақала авторы қазаққа Талғатты таныстыра келе, Талғаттың ғарышқа бастар баспалдақтарын өрнектей келіп: «Талғат бір халықтың атын космос әлеміне жазуға даярланып жатқан жігіттің бірі», – деп таныстырды.
-
Ғарышкерлер тамағы Мәскеу облысының Ленин ауданында орналасқан Бирюлев тәжірибе зауытында даярланады. Бұл цехта Гагариннен бастап, күні бүгінге дейінгі ғарышкерлердің бәріне тамақ дайындалады. Алғашқыда ғарышкерлер тамағы 165 граммдық түбекшелерде дайындалыпты. Одан алғаш ауыз тиген Гагарин болыпты.
-
Ғарышкерлері шығарып салу салтанатына ғарышкердің ағайын-туысы, отбасы мүшелері қатыса алады. 2015 жылы ғарыш көгіне ұшқан үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовты зайыбы Лилия, ұлы Әмір, қыздары Диана мен Даяна шығарып салды.
Халықаралық ғарыш станциясында ұшқалы отырған қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовтың қызы Даяна әкесін шығарып салып тұрып: «Мен әкеме ақ жол тілеймін, ғарышта жатпланеталықтармен танысып, жерге аман-есен оралсын деп тілек айттым. Сондай-ақ, әкеме өзімнің ең сүйікті ойыншығым — арыстанды сыйладым деген болатын.
-
Қазақ ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы дайындаған ғылыми бағдарлама аясында 10 тәжірибе жүргізу жос-парланып отыр. Олардың арасында ең маңыздысы «Дауыл» жобасы. Қазақстандық ғалымдар бұл жобамен 20 жылдан бері айналысуда. Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы жерді қашықтан зондтау тәсіліне басымдық беріп отыр. Ғарыштан түсірілген суреттер төгілген мұнайды, шаңды дауылдың қозғалысын, қардың қалыңдығы мен ылғалдылықты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің ел экономикасы үшін маңызы зор. Жаңа тәжірибелер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың ғарыш орбитасында жүргізген зерттеулерінің жалғасы іспетті.
-
Ғарыш экспедициясына арнап Қазақ тағамтану академиясының ғалымдары азықтық және биологиялық құндылығы, әрі медициналық-биологиялық қасиеттері жоғары бие сүті мен жылқы майының негізінде қазақтың ұлттық мәзірінің арнайы дайындалған өнімдерін әзірлеген болатын. «Дастарқан» деп аталатын бұл ұлттық тағам кешенін Айдын Айымбетов өзімен бірге Халықаралық ғарыш стансасына алып барды.
-
Тоқтар Әубәкіров – әлемнің 256-ыншы ғарышкері. Талғат Мұсабаев әлемнің 309-ыншы ғарышкері. Айдын Айымбетов әлемнің 545-інші ғарышкері.
-
Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов бір айда, бір күнде дүниеге келген ғарышкерлер. Туған күндері - 27 шілде. Екеуі де Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесінің түлектері.
-
2003 жылы Алматыдағы молекулярлы биология және биохимия институты картоптың жаңа сұрыбын ойлап тапты. Ғарышқа жіберілген дән өсіп шыққан соң, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров дәнді жерге алып келді. Бұл қазақ ғылымында «Тоқтар» картобы деген жаңа сұрыптың тууына ықпал етті.
-
Талғат Мұсабаев ғарышкерлер арасындағы алғашқы хируг атанған. 2001 жылғы сапарында Талғат алғашқы ғарышкер-турист, американ миллионері Денис Титомен бірге ұшады. Экипаж командирі ретінде Титоға барынша көмектеседі. Ұшу кезінде денсаулығы нашарлап укол салады. Станцияда басын жаралап алған кезде емдеп, тігеді. Осыдан кейін Талғат Мұсабаев «ғарыш турисінің күтушісі», «алғашқы ғарыш хирургы» деген ресми емес атақтарға ие.
Ғарышқа сапарларының бірінде
Талғат Мұсабаев ажал аузынан қалады. Айтуынша, ашық ғарышқа шыққан
кезде, кемеге бекітетін тетік ажырап кетеді. Кемеден алыстай түсіп,
енді оралмастай болған жағдайда, таңғажайып құдірет оны құрдымнан
суырып алады. Солайша ғарышкер аман
қалады.
ІІ Негізгі бөлім.
Кітапханашы: «Алтын қақпа» викториналық ойыны.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертен осы елге ие болатын тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердіңбүгінгі жайы,даму бағыты мемлекеттің назарында. Сапалы білім,саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса,өз елінің білімді,өнегелі азаматы болу әр оқушының міндеті.
Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.Сонымен қатар сайыскерлеріміздің білім деңгейлерін тексеріп, әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық.
Әділ қазылар алқасы:
1.____________________________________________________
2.____________________________________________________
3.____________________________________________________
Сайыс шартымен таныстыру:
Ой өрісті дамытуда бір елі.
«Алтын қақпа» сұрақ- жауап мекені.
«Алтын қақпа» викториналық сұрақ- жауап танымдық ойын сайысына ат салысуға шақырамыз.
Ойын шарты:Ойынға қатысушылар 3 топқа бөлінген.
«Алғырлар» тобы
«Тапқырлар» тобы
«Білгіштер» тобы
Ойын 3 кезеңнен тұрады,әр кезеңнің 5 тапсырмасы бар.Бұнда кездесетін тапсырмалар жан-жақты қамтылған әр түрлі тақырыптарда келеді. Мысалы:
« Логикалық сұрақ », «Мақал –мәтелдер ».
1-ші кезеңнің 5 сұрағына жауап берілсе «Тас қақпа» ашылады
2-ші кезеңнің 5 сұрағына жауап берілсе «Күміс қақпа» ашылады
3-ші кезеңнің 5 сұрағына жауап берілсе « Алтын қақпа» ашылады
«Алтын қақпа» ашылғаннан кейін
көмбеде «Алтын сандық» бар. Алтын сандықтың да өз тапсырмасы
бар.
Ал енді, «Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойынымызды
бастаймыз.
* «Тас қақпа» сұрақтары:
1. Логикалық есептер.
– Қандай сағат күніне екі рет айналады?
(Тоқтап тұрған сағат).
2. Өсімдік неден көбейеді?
(тұқымнан)
3. Жаңбыр екі күн қатар жауа ала ма?
(Жоқ, арасында түн бар).
4. Ауылдан қалаға дейін бір бала 2 сағат жүрген. Ал 5 бала қанша жүреді? (2 сағат)
5 пен 15 арасында қанша сан бар? Жазып көрсетші (9 сан)
(«Тас қақпа» ашылады)
*
«Күміс қақпа»
сұрақтары:
Логикалық есептер.
1.Төрт түйеқұс ұшып бара жатыр біреуін атты нешеуі қалды? (4 қалады түйе кұс ұшпайды)
2. « Әдептілік» сөзінен сөз құраңдар
Әдеп,тіл,тілек,тілік,ептік,ілік,іл,әдет.
3.
Жеті қазынаны ата?
Жеті қазына – Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой, жүйрік ат,
қыран бүркіт, берен мылтық .
4.Тіркесін табу:
Тіл тас жарады…
(Тас жармаса, бас бас жарады).
5. Ерді намыс өлтіреді…
(Қоянды қамыс өлтіреді).
(«Күміс қақпа» ашылады)
*
Сергіту сәті.
-
«Алтын қақпа» сұрақтары:
-
Мюнстенберг әдістемесі
Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдпжыл
(ағаш, шырша, дарын, отан, оқу, нәтиже, жел, жыл) -
Абай Құнанбаевтың туған жері? (Семей)
3. Жазылмай қалған сандарды
тап.
16,…., 18, 19,…., 21, 22 (17, 20)
4. Артық өлшем бірлікті алып таста.
2м, 3см, 4мм, 5 кг, 8дм, 6км (5 кг)
5.Үшбұрыш дегеніміз не? (бір
түзудің бойында жатпайтын үш нүкте белгілеп кесіндімен қосамыз)
(«Алтын қақпа» ашылды).
Ал енді көмбедегі «Алтын сандықты» ашуға дайынбыз ба?
1. Жеті жоқты ата?
Жеті жоқты – Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада талақ жоқ,
Аспанда тіреу жоқ,
Жерде өлшеу жоқ,
Аллада бауыр жоқ.
2. Қазыбек би:
Не қымбат?
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.
3. Отан туралы 4 мақал
айту.
1. «Отан үшін отқа түс, күймейсің»
2. «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»
3. «Отан оттан да ыстық»
4. «Отан-қуат, отбасы-шуақ»
( «Алтын сандық» ашылды).
Көмбеге де жетіп, «Алтын сандықтың да» тапсырмаларын
орындадық.
-
Кідіріс
Көрермендерге сұрақтан шашу шашайық.
-
Қазақ хандығының 2015 жылы неше жылдығын атап өттік?
– Жер бетінің қағазға
кішірейтілген бейнесі қалай аталады?
- Ұлы жеңіске неше жыл?
– Мемлекеттік тіліміз?
– Қазақ халқының атақты үш биін ата
– Абай Құнанбаев қашан қай жерде дүниеге келген?
-
Ән « Алға, Қазақстан! »
-
Би «Үнді биі»
ІІІ Қорытынды бөлім.
Кітапханашы: - Ендеше, сөз кезегін әділ
қазылар алқасына берейік. Марапаттау рәсімі.
Білдім деме, балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған,
Көп нәрсені тоқиды,- деп Өтебай Тұрманжанов ағамыз жырлағандай
оқып, білім алудан ешқашан жалықпайық!
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақ публицистерінің арасында ғарыш тақырыбын алғаш жазған авторлардың бірі – Жүсіпбек Қорғасбек. «Қазақ әдебиетіндегі» «Туған тұғырдан ғарышқа» ұшар деп үміттенген қос қазақтың бірі – Совет Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров» /ҚӘ. 1991, 25 қаңтар/ – деген Жүсіпбек Қорғасбековтің мақаласы газет бетіне алғаш басылды.
-
Қазақ ғарышкерлерінің бірі Талғат Мұсабаев туралы алғашқы мақаланы журналист Несіп Жүнісбаев ағамыз жазды. «Туған тұғырдан ғарышқа» ұшар деп үміттенген қос қазақтың тағы бірі – Талғат Мұсабаев». /ҚӘ. 1991, 1 ақпан/
-
Ғаламтор жүйесінен фотосуреттер мен қажетті материалдар пайдаланылды.
Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектеп КММ
Бекітемін: .............................
Директордың тәрбие жөніндегі
орынбасары З.Е. Мансурова
Болашаққа кітаппен
(Оқырмандар байқауы)
Кітапханашы: Абиева Анипа Мухатаевна
2018 жыл
Тақырыбы: Болашаққа кітаппен (оқырман сайысы)
Мақсаты: Дүниежүзілік кітап күніне байланысты оқырмандардың ой-өрісін, сөйлеу мәдениетін
дамыту, кітап оқуға баулу, тапқырлыққа, ұтымды ой айтуға, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани тәлім-тәрбие беру.Оқырмандардың өздігінен жұмыс істей білуге баулу.
Мерзімі: 18.04. 2018 ж.
Қатысушылар: 1-11 – сынып оқушылары
Өтетін орны: кітапхана
Барысы.
І Кіріспе бөлім.
Кітапханашы: Армысыздар құрметті оқырмандар! Қонақтар! Кітапхана –ғасырлар келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Дағыстан халқының ұлы ақыны Расул Ғамзатовтың тамаша сөзі бар: «Кітаппен дос бол, кітаптың жомарт беттері көзіңді ашар, адал дос одан жоқ тегі» деген.
Бүгінгі сайысымыз «Кітап мересіне» арналып отыр.
2 – сәуір – халықаралық балалар кітабы күні. Кітапхана –оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір.
1-жүргізуші:
Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұнды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
2-жүргізуші:
О, кітап бас иемін мәртебеңе,
Игілік-қазынасың бар адамға.
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
-
Олай болса, бүгінгі өткелі отырған «Болашаққа кітаппен» тақырыбындағы
Оқырмандар сайысын ашық деп жариялаймыз.
Кітапханашы: Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі-кітап.
Өмір атты осынау сырлы алаңда,
Жаңаға, жақсылыққа құнықтырған
Адам ойы-ең қымбат бұл ғаламда
Кітаптардың бетіне тұнып тұрған.
2-жүргізуші: - Бүгінгі болғалы отырған сайысымызға қатысушы ең көп білетін, ең көп оқитын білімді оқырмандарымызға сәттілік тілей отырып, ортаға шақырамыз.
(Сайысқа қатысушыларды шақырамыз)
Сайысқа қатысушыларды таныстыру.
-
Сайысты бастамас бұрын сіздерді әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Кітапханашы: - Сайысымыздың шарттарымен таныстырып кетейін.:
1) «Талантты оқырман-болашағымыз» өзін-өзі таныстыру.
2) «Кітап-ғылым,тілсіз мұғалім» көркемсөзді жатқа оқу «Менің сүйікті кітаптарым»
3) «Ана тілім –қазынам » мақал-мәтелден жарыс
4) «Кітап және кітапхана» болашақтағы кітапхананы жарнамалау
2-жүргізуші: - Ал,кәнекей сайысымызды бастаймыз.
-
Таныстыру.
Кітапханашы:
Жыр келеді өмірге,жыр келеді,
Тоқсан толқын сөз тасқын түрленеді
-
«Менің сүйікті кітаптарым»
(Оқырман өзінің оқыған кітаптар тізімін әкеледі.
Кітапханашы: Кітап толы терең сыр парасатқа,
Қазынасы ол - адамзат ақылының.
Кітап сөзі – жас ұрпақ болашаққа,
Жеткізеді дананың асыл үнін.
-
«Ана тілім –қазынам» (мақал-мәтелден жарыс).
-
ата-бала
-
отан –от
-
ақыл-асыл
-
жақсы-жаман
-
оқу-білім
-
өле-бөле
-
оқу-ине
-
дос-дұшпан
-
кітап-білім
-
өнер
-
тіл-тас
Кітапханашы: - «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - дегендей, рахмет сіздерге!
Керемет кемеңгер жан ақыл асқан,
Ең алғаш әріп жасап,кітап басқан.
Емес пе, шын ғажайып осы кітап
Халыққа өнер - білім нұрын шашқан.
2-жүргізуші:
-
«Кітап және кітапхана»сайысы. Сайыскер кітапхананы жарнамалау көрсетеді.
-
Қосымша сұрақ - жауап беріледі
Кітапханашы: «Білсең дағы біле бер, тағы тіле.
Мақсатыңа жетерсің біле-біле» - деп, дана, ойшыл Жүсіп Баласағұн айтып кеткендей, білімді, ізденімпаз оқырмандарымызды ортаға шақырайық.
2-жүргізуші: «Ең үздік оқырман» тақырыбында өткен оқырмандар сайысын қортындылау үшін сөз әділқазылар алқасының төрайымына беріледі.
-
Марапаттау рәсімі.
Кітапханашы: Құрметті бүгінгі «Болашаққа кітаппен» сайысына қатысушылар! Сіздерге шығармашылық табыс тілей отырып, оқырмандар байқауын аяқтамыз.
(Естелік суретке түсу).
2-жүргізуші: Кітап әлемінде келесі кездескенше, аман-сау болып тұрыңыздар!
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы «Қазақстан жолы –
2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». – Астана, 2014 жыл, 17 қаңтар// Егемен
Қазақстан. –2014.17 қаңтар. – Б. -
Назарбаев Н. Ә. «Тарих толқынында». — Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010. — 232 бет.
-
Ғаламтор желілерінің материалдары.
Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектеп КММ
Бекітемін: .............................
Директордың тәрбие жөніндегі
орынбасары З.Е. Мансурова
«Кітап апталығының»
қорытынды есебі
Кітапханашы: Абиева Анипа Мухатаевна
2018 жыл
Тақырыбы: «Кітап апталығының» қорытынды есебі.
Мақсаты: Балаларға ыстық сезімде жеткізу үшін баланың шығармашылық және жеке қабілеттерін дамытуға және іске асыру үшін оқуға баулу, кітапқа жүрегі тулаған көзқарас пен ұқыптылыққа тәрбиелеу, оқитын балаларды көтермелеу, ертегілер мен оның батырлары туралы білімін бекіту және жүйелеу.
Міндеттері: ертегілердің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту және көркем әдебиетке қызығушылығын тәрбиелеп, одан әрі арттыру.
Мерзімі: 18.04. 2018 ж.
Өтетін орны: мектеп үйі, лездеме
Қатысушылар: 1-11 – сынып оқушылары және мектеп ұжымы
Барысы.
І Кіріспе бөлім.
Кітапханашы: Кітаптардың туған күні – барлық оқитын балалардың мерекесі, балалық шақ
мерекесі, жазушылар, баспагерлер мен кітапханашылар мерекесі.
Бұл жаңа әдеби ашылулар мен көңілді оқиғалар, кітапқа ғашық және үлкендер
мен білімқұмар балалардың мерекесі болып табылады. Дәстүр бойынша, балалар
кітабы апталығы, жылда өз дәрежесінде өткізіледі.
Апта барысында жұмыстың әртүрлі түрлері қолданылды: кітап көрмесі, викториналар, әңгіме сағаттары, ауызша журнал, драмалық қойылым, мәнерлеп оқу сайысы мен оқырман байқауы.
Оқушылар сынып жетекшілерінің басшылығымен қызықты викториналар мен көңілді
шараларға белсене қатысты.
Апта дәстүр бойынша, апталықты жүргізу үшін жоспарланған іс-шаралар жарияланған лездемеден басталды.
Мектеп фойесінде "Балалар кітабы апталығы" атты стенд безендірілді, ал кітапханада "Менің сүйікті кітаптарым" атты кітап көрмесі болды.
Атқарылған шаралар төмендегідей:
-
«Кітап апталығының» ашылу салтанаты (02.04. 2018 жыл. Жауапты: кітапханашы) мектеп үйінде, лездемеде (І-ІІ кезең) өткізіліп, апталық жоспарымен таныстырылды.
-
Оқушыларды оқулықты құрметтей білеуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында (02.04. 2018 жыл. Жауапты: кітапханашы) «Кітап- біздің досымыз» (Кітап мерекесі) тақырыбында кітапханада 1-11-сынып оқушылары және қонақтардың қатысуымен шара өтті. Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
-
«Табиғат – ұрпақ игілігі» тақырыбында (04.04. 2018 ж. Жауапты: кітапханашы) ауызша журнал өткізілді.
-
«Ертегілер әлемінде» тақырыбында (06.04. 2018 ж. Жауапты: кітапханашы, бастауыш сынып бірлестігі) драмалық қойылым болды.
-
Драматизацияланған ойындар.
Драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Драматизациялық ойындарда мазмұны, рөлдер, ойын әрекеттерi қандай да бiр әдеби шығарманың, ертегiнiң т.б. сюжетi мен мазмұнына сәйкес болады. Драматизация ойынында балаға қандай болсын айқын тәсiл көрсетпеу керек. Ол үшiн ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс. Драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
І. Шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою.
ІІ. Мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап, сахнаға қою.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады: Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.
-
Аталған дерттiң алдын-алу мақсатында «Қазақстан есірткіге, туберкулезге қарсы» (Кітап көрмесі. Әңгіме сағаты) тақырыбында (10.04. 2018 ж. Жауапты: кітапханашы, мектеп медбикесі) 5-11 – сынып оқушыларының қатысуымен ауқымды шара өтті.
-
Оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейту, құстардың пайдасын түсіндіру, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету, табиғатқа сүйіспеншілік, құстарға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу мақсатында (17.04. 2018 ж. Жауапты: кітапханашы) «Құстар – біздің досымыз» атты 5-9 – сынып оқушыларының қатысуымен кітапханада кітап көрмесі және түсіндірме сағаты өтті. Әдісі: әңгіме, ойын - жаттығулар, көрнекілік. Көрнекілігі: проектр, слайдтар.
-
Дүниежүзілік кітап күніне байланысты оқырмандардың ой-өрісін, сөйлеу мәдениетін
дамыту, кітап оқуға баулу, тапқырлыққа, ұтымды ой айтуға, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани тәлім-тәрбие беру.Оқырмандардың өздігінен жұмыс істей білуге баулу мақсатында «Болашаққа кітаппен» тақырыбында (18.08. 2018 ж. Жауапты: кітапханашы) 1-11 – сынып оқушыларының қатысуымен кітапханада оқырман сайысы өтті.
ІІ Негігі бөлім.
Кітапханашы: Оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту , оқырман дербестігін тәрбиелеу , оқу мәдениетін білу, кітапханада өзін дұрыс көрсете білуді үйрету өте маңызды.
Оқушылар кітаптар мен оқулықтарды қалай дұрыс қолдану керек екендігін айтып, көңілді жұмбақтар жасырды, кітап қалай жасалғанын айтты, балаларға мектеп кітапханасына жазылуға көмектесіп, бірінші сынып оқушыларына алғыс жарияланды.
«Балалар кітабы апталығы» алғашында қалай ашылса, сондай-ақ, салтанатты саппен жабылды. Онда үздік оқырмандар мен белсенді қатысушылар, викторина жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұл іс-шара аптаны логикалық жағынан ғана жаппайды, сонымен қатар білуге тәрбиелеуге, кітап оқуға ынталандыру мен оқушылардың оқу тілегін әрі қарай арттырады.
ІІІ Қорытынды бөлім.
Кітапханашы: Оқитын адам - ойлаушы тулға. Сондықтан балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін мектепке дейінгі жастан бастап тәрбиелеп, арттыру керек. “Кітап апталығы ” жобасына балалардың қатысуы өте маңызды, себебі балалардың шығармашылық, қабылдау қабілеттерін дамытуға, сөздік қорын толтыруға мүмкіндік береді. Адамның өміріндегі кітаптың мәнін білу керек, кітапты қорғау керек екенін білу маңызды.
Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі. Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізіледі.
Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланады. Оларға бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылып, кішкентайлардың санасын ояту мақсатында түрлі дәрістер де оқылады. Әлемнің ұрпақтары білімді де, саналы болып өсу үшін қай мемлекет болса да, жай қарап жатпасы анық.
Осы күнге орай көптеген оқырмандар, мектеп ұжымы, ата-аналар балаларға арналған кітаптардың жарық көруіне ат салысады. Өздерінше қолдау көрсетіп, демеушілік етер ұйымдардың саны артады. Жыл сайын әлем елдері мерекенің тақырыбын алдын ала белгілеп, арнайы атақты қонақтар шақырылады. Осы арқылы балалардың көңілін білім мен танымға арттырады.