Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

2 (ІІ)- топ металдары мен олардың қосылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
2 (ІІ)- топ металдары мен олардың қосылыстары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

9.2С 

1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері жәнеолардың қосылыстары

Мектеп: ММЛИ «Дарын»

Күні: 14.12.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Муржукпаева Ж.А.

Сынып: 9В 1 топ

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

2 (ІІ)- топ металдары мен олардың қосылыстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.1.3 1 (І)-ші топ және 2 (ІІ) топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыр;

9.2.1.4 кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: сілтілік-жер металдардың жалпы сипаттамаларын және оларды сақтау мен қауіпсіздік ережелерін білу.

Оқушылардың басым бөлігі: Кальцийдің қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін,қолданылуын,өзара генетикалық байланысын меңгереді.

Кейбір оқушылар: Кальций қосылыстарының химиялық қасиеттерімен танысып, реакция нәтижесін жазу қабілеті қалыптасады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі


  • Сілтілік-жер металдардың жалпы сипаттамаларын және оларды сақтау мен қауіпсіздік ережелерін біледі.

  • Кальций және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын,өзара генетикалық байланысын меңгерді.

  • Кальций қосылыстарына тәжірибе жасай отырып, нәтижесін жазады.

Тілдік мақсат

Оқушылар IІ-ші топтағы металл реакциялары туралы білімдерін ауызша және жазбаша жинақтау

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Мәрмәр,ангидрит, ғаныш, флюорит,сөндірілген әк.

Құндылықтарға баулу

Академиялық білім алуы, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқуға, оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру. Сондай-ақ, өзін-өзі оқыту, өздігін білім алуы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Пәнаралық байланыс

география, биология

Алдыңғы білім

8.2.1.1 топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі Амандасу.

Жағымды психологиялық ахуал «Түстер» арқылы топқа бөліну

«Түстер» арқылы топқа бөліну

Оқушылар қызыл, сары, жасыл түстерді таңдау арқылы 3 топқа бөілнеді. Бір түсті алған оқушылар бір топқа бірігеді.

Сабақтың басында оқушыларға бағалау парағы таратылады (қосымша 1).

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыпты саралау:

Алдыңғы сабақта өткен материал quizizz.com сайтына жүктелген викторина сұрақтары арқылы тексеріледі.

https://quizizz.com/

Жұптық жұмыс:

Тест «Металдар мен құймалар» тақырыбы бойынша:

1. Металдарда қандай байланыс түрі болады?

А) иондық В) металдық С) коваленттік D) сутектік

2.Тек металдар орналасқан қатар:

А) K,Zn,Fe    В) Si,Ca,Bi       С) Al, C, Cr     D) W,O, Pb

3. Металдар арасындағы жалғыз сұйық металл:

А) натрий        В) темір           С) хром        D) сынап.

4. Шойын және болат қай металдың құймасы:

А) темір.       В) мырыш          С) мыс          D) қорғасын

5. Қиын балқитын металл:

А) алтын       В) вольфрам          С) темір          D) қорғасын

6. Қай металл қышқылмен әрекеттеспейді?

А) Na       В) Ca          С) Cu          D) Al

7. Алюминийдің құймасы дюралюмин қай жерде қолданылады?

А) авиацияда   В) ракета жасауда 

С) медициналық аспаптарда          D) зергерлік бұйымдарда

8. Ең жеңіл металл:

А) Na       В) Li          С) Cu          D) Al

9.  Бағалы металдар

А) Au, Ag, Pt     В) Na,Ca,K          С) Cs,Fr,H D) K,Mg,Ba

10. Металлургия өндірісінің тобына жатпайды

А) пирометаллургия В) гидрометаллургия 

С) электрометаллургия D) нанотехнология



https://quizizz.com/admin


Сабақтың ортасы


10 минут

І.Жаңа сабақты игеру. Мәтінмен жұмыс.

Ойлау дағдыларының деңгейлері білу

Жұмыс түрі– топтық

Дамыту дағдыларыоқылым, айтылым, тындалым.

Саралау– тапсырма бойынша

Бағалауды ұйымдастыру формасы:бір-бірін бағалау


«Мәтінмен жұмыс» үш топқа дәріс тапсырмалары беріледі.

1-топ. Кальцийдің табиғатта таралуы мен химиялық қасиеттері

2-топ. Кальций оксидінің алынуы мен химиялық қасиеттері

3-топ. Кальций гидроксидінің химиялық қасиеттері мен қолданылуы

(Оқып болған соң әр топтан бір-екі оқушы ауызша қысқаша түсіндіреді, түсіндірулері бойынша әр топқа бір бірден сұрақ қояды)

  • Кері байланыс: әр топ бір-бірін «бес саусақ» әдісімен бағалайды

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі

Дескриптор

1.Атом құрылысы негізінде сілтілік жер металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіреді;


- IIА топ металдарының жалпы сипаттамасын түсіндіреді;

- сілтілік жер металдардың табиғатта таралуын түсіндіреді

- сілтілік жер металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіреді


Дәріс тапсырмалары


10 минут

II.Жаңа мәліметті игеру.

Ойлау дағдыларының деңгейлерібілу, түсіну, қолдану

Жұмыс түрі– жеке

Дамыту дағдылары–жазылым, айтылым, тындалым

Саралау тапсырма бойынша

Бағалауды ұйымдастыру: Plickers


Топтардың мәтінмен жұмыс кезінде айтқан мәліметтерін қабылдауы бойынша тексеру сұрақтары Plickers программасымен беріледі.Жалпы бес сұрақ.




Кері байланыс: 5 ұпаймен бағдарлама бағалайды.


https://www.plickers.com/seteditor/638ed66854dab100123a5a4f


карточкалар

10 минут

Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмасы:

Ойлау дағдыларының деңгейлерібілу, түсіну, қолдану

Жұмыс түрі– топтық

Дамыту дағдылары–жазылым

Саралау тапсырма бойынша

Бағалауды ұйымдастыру: слайдпен тексеру

Кавказ және Қырым тауларындағы сталактит үңгірлері туристер арасында өте танымал. Әктастан жасалған Қырым үңгірлері Ұлы Отан соғысы кезінде партизандарға пана болған. Карбонаттың бикарбонатқа айналу реакциясы қайтымды, сондықтан әктас үңгірінің төбесінен құрамында кальций бикарбонаты бар қаныққан су тамшылары қатты карбонатқа айналады да, сталактиттердің салбырап тұрған мұздықтары пайда болады. Төбеден түскен тамшылардан үңгірдің еденінде кальций карбонаты жиналып, уақыт өте келе салбырап тұрған мұздыққа қарама-қарсы бағаналар түрінде «сталагмит» мұздықтары пайда болады.

Тапсырма:

  1. Кальций гидрокарбонатының Сa(HCO3)2 электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңыз.

  2. Ca3(PO4)2+5C+3SiO2= 3CaSiO3+2P+5CO

теңдеуін электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз

  1. Массасы 18,5 г кальций гидроксиді ерітіндісі арқылы көмірқышқыл газының артық мөлшерін жібергенде түзілген тұнбаның массасы қанша?

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі

Дескриптор

1.Электролиттік диссоциация теңдеуін жазу

2.Электрондық баланс әдісімен ТТР теңестіру

3.Өнімнің массасын анықтау


- тотығу дәрежесін анықтайды;

- электрон беру немесе қосып алуын көрсетеді;

-электрондық баланс әдісімен теңестіреді;

- кальцийдің химиялық қасиеттерін түсіндіреді;

- пропорция құрып, белгісіз массаны анықтайды.

Кері байланыс: слайд бойынша жауаппен бағалау



Сабақтың соңы

5 минут

Р ефлексия:

Сабақтан алған әсеріне байланысты суреттегі бейнелерді бояйды.

Үй тапсырмасы: 116 бет А деңгейінің 2,3,4 117 бет В деңгейіңің 1,2 тапсырмалары





Интерактивті тақта

стикерлер


Саралау – Сізқандайтәсілменкөбірекқолдаукөрсетпексіз? Сізбасқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғақандайтапсырмалар бересіз?

Бағалау– Сізоқушылардыңматериалдыигеруденкейінқалайтексерудіжоспарлапотырсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасынсақтау

Тапсырмалар оқушылардың қабілеттеріне сай сараланды. Сабақ барысында әртүрлі тәсілдер қолданылды.

Қабілеті жоғары оқушылар: «Өкіл» әдісінде сұрақтарға нақты жауап береді, өзінің айтылым дағдысымен ерекшеленеді, белсенділігін, көшбасшылығын танытады.

Қабілеті орташа оқушылар: «Жұпта» әдісіндегі берілген викторинаны орындай алады, топтық және деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында қабілеті жоғары оқушылармен бірлесе отырып өз ойларын жетілдіреді.

Қабілеті төмен оқушылар: топтық, жұмыс, жеке жұмыс кезінде белсенді оқушылардың және мұғалімнің қолдауымен берілген тапсырмаларды орындайды.

«Бессаусақ» әдісі бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен - жаңа ақпаратты игергентігін топтық жұмыс бағаланса;

Жұптық жұмыста «10 ұпай» әдісі арқылы бағаланды

Сабақты қорытындылау үшін «жетістік ағашы» қолданылады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.01.2024
465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12