жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
2-сынып тәрбие сағаттар



Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.
Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.
-
Ат — жұмыс көлігі;
-
Ат — есім, атау;
-
Ат — етістік (бұйрық рай).
Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.
Қас деген төрт сөз бар:
-
қас — адамның қабағындағы қас;
-
қас — дұшпан, жау;
-
қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);
-
қас — ердің қасы
Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.
Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.
Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.






Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің
отбасым»
Мақсаты: 1.
Білімділік «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы
туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге
үйрету.
2. Дамытушылық. Ата - ана және бала қарым -
қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің
ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы
түсініктерді
кеңейту;
3. Тәрбиелік Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын
ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге
баулу, алдағы өмірге
даярлау.
Әдістері: Пікір алмасу, психологиялық жаттығулар,
психологиялық минут, анкета, сұрақ – жауап, тыныштық
сәті.
Қажетті құрал - жабдықтар: Үлестірмелі
қағаздар, А4 формат, отбасылық құндылық ағашы.
Слайд.
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар және ата - аналар!
Бүгінгі тренинг сабаққа келгендеріңізге алғысымды білдіремін.
Сіздердің көмектеріңізбен бүгінгі сабағымыз жетістікке жеткізеді
деп ойлаймын.
Қазір мына жерде тұрған үш түрлі стикерлер
бойынша топқа
бөлінейік.
« Жылы сөз»
жаттығуы Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға
жауап береді?Олай болса әрқайсымыз өзіңіздің есіміңізге сын есім
қосып өз бойыңыздағы үш қасиетті кезекпен айтып
шығыңыз.
Психологиялық
минут. Бүгінгі сабаққа қандай көңіл күймен
келдіңдер? Табиғаттағы ауа - райын сипаттай отырып өз көңіл
күйімізді айтамыз.Қалғандарымыздың көңіл күйіміз жақсы болса, бір -
бірімізге қарап
жымиямыз.
Ой
жинақтау
1тапсырма
Отбасы дегеніміз
не?
Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның
заңды неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы,
алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне
берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасын құрғанда
Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы
адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт -
дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған
ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың
ең маңызды міндеті.
Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.
1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.
2-оқушы:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.
3-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.
5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.
6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.
7-оқушы: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
8-оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.
9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
11-оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.
12-оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.
13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.
14-оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.
Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан –
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балалрды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса, бала- солардан».
«Қымбат
машина» әңгімесі
«Бірде әкесі
Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма,
қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы
жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап
аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап
алды.
- Қараңдаршы,
папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана
сөйледі.
- Келші
көрейік...
Бере тұршы жүре
ме екен?
- Қандай әдемі,
кел. ойнайық.
Аман ойыншығын
құшақтап оларға бермей қойды. Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та,
Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп,
төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше
арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына
келді.
- Мен де
ойнайыншы.
- Ал, балалар
болса үндемей, ойындарын жалғастыра
берді.»
Сұрақтар:
1. Әңгімеден не
түсіндіңіздер?
2. Кім қателік
жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі
ме?
4. Аманның
әкесінің орнында сіздер қайтер
едіңіздер?
Келіңдер,
пікір алысайық
1 Отбасы
–тәрбие бастауы
2 Қазақ
халқының қай салт-дәстүрлері сіздің отбасыңызда
сақталған
3 Ұят-адам
қасиетін бағалайтын
сезім
4 Ұл-ол әке
мұрагері ғана емес, ол ұлт болашағы. Отбасындағы ер адамға
көзқарас
5 Шешесін
көріп- қызын ал, Ыдысын көріп –асын
іш.
6 Отбасындағы
кітап, газет –журнал оқу. Білімді сатып алуға бола
ма?
Қорытынды
Барлық өнеге
отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік -
дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа
ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет
деп түсінейік.
Тақырыбы: Жолда жүру ережелерін білеміз бе?
Мақсаты: Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан
оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын
түсіндіру.
Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой -
өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа,
сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілері, бағдаршам макеті, бордюр
макеті, сюжетті белгілер
суреті.
Техникалық
құрал: видео көрініс жазылған
DVD дискісі.
Барысы:
Сынып оқушылары 4 топқа бөлініп отырады. (әр
топта 6 оқушыдан)
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз
өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде
жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде
жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында
«Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі
отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам
үшін маңызды деп білеміз.
- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп
соғуы мүмкін?
1 -
оқушы: Көшеде жүру
тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді,
жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын
жерлеріне дер кезінде жетпеуі
мүмкін.
2 -
оқушы: Көшеде жүру
тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап
жатады.
3 -
оқушы: Жолда жүру
ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып
та жатады.
4 -
оқушы: Жол жүрудің
тәртібін
Ережесін
білеміз.
Сақтанғанда
қатерден,
Сау - саламат
жүреміз.
Мұғалім: Олай болса сендерге көшеде жүру
ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. Ал сендер келген
қонақтарға бар білімдеріңді көрсетуге
тырысыңдар.
- Балалар, жол деген
не?
5 -
оқушы: «Жол» деген сөздің
өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын
қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі
жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге
арналған деп екіге
бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі
ереже қандай?
6 -
оқушы: Жолда жаяу жүргінші
мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер
көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН
немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру
керек.
- Тротуар деген
не?
7 -
оқушы: Тротуар сөзі
француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді
білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе
жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса
қауіпті болып табылады.
- Жол жиегінің бойындағы қапталдар
не?
8 -
оқушы: Бұл – жол жиегі мен
тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны
БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге
арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен
жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы
мүмкін.
9 -
оқушы: Тротуар – жүрер
жолы жаяудың, желаяқтың,
Жайбасардың,
баяудың.
Машинаның жолы – көше
ортасы,
Соны ұмытып кете көрме,
аяулым.
- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай
атаймыз?
Хормен: Жол
белгілері
- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз.
Көшеден өтетін кезде қалай
өтеміз?
10 -
оқушы: Көшеден тек жаяу
жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ
жол) деп
атайды.
Суретпен
жұмыс
1. Жаяу жүргіншілер жолын
көрсет.
2. Балаға үйден мектепке дейінгі ең қысқа
жолды табуға көмектес. Оны қызыл сызықпен
белгіле.
3. Ал енді ең қауіпсіз жолды тап. Оны жасыл
сызықпен белгіле.
- Қызыл сызықпен белгіленген жол қысқа
болғанымен қауіпті, сондықтан жасыл түспен белгіленген жолмен
жүргіземіз.
11 -
оқушы: Жолақ жолмен
көшеден
Өтеді кіл
жаяулар.
Көліктердің
бәрінің
Жылдамдығы
баяулар.
«Қалмасын жұрт
жолынан!»-
Деп жол берер
көліктер.
Зебраның
жонынан
Аумайды өзі, келіп
көр!
- Көшеде жүру тәртібін не
басқарады?
Оқушылар хормен:
БАҒДАРШАМ
12 -
оқушы: Бағдаршам
аты
Үш көзі бар
батыр.
Тоқ болғанмен
заты,
Өзінде көп
ақыл.
13 -
оқушы: Бағдаршам -
өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп,
тілін алу баршамызға керек.
Би
«Бағдаршам» ( үш қыз
бағдаршамның үш көзіне сәйкес күсті дөңгелекшелермен
билейді)
1 - қыз: Қызыл көзі
жанғанда
Қалт тоқтай қал
табанда.
2 - қыз: Сары көзі
жанғанда,
Сақ, абай бол
барынша.
3 - қыз: Жасыл жарық жол
ашық,
Жүре бергін бел
асып.
Сергіту ойынын
ойнайық.
Орнымыздан
тұрайық
Бағдаршамның
белгісін
Қимылмен келтіріп
шығайық.
( Мен қызыл дөңгелекті көтергенде
отырасыңдар, сары дөңгелекті көтергенде тұрасыңдар, жасыл
дөңгелекті көтергенде орындарыңда
жүресіңдер.)
- Балалар, кейде қиылыстардағы бағдаршам
жұмыс істемей қалуы мүмкін. Бұл жағдайда бағдаршамның міндетін
мемлекеттік автоинспекциясының қызметкерлері атқарады. Оны РЕТТЕУШІ
дейміз. Қазір Нұрдәулет реттеуші болады. Сендер оның қимылын
бағдаршамның қандай сигналына сәйкес келетінін алдарыңдағы қызыл,
сары, жасыл белгішелерді көтеру арқылы
көрсетесіңдер.
Нұрдәулет: (ала таяғымен реттеуші қимылын 2
рет көрсетеді)
Көрсең жолдың
бойынан
МАЙ
қызметкерлерін
Шаршау білмес, ей,
ұлан,
Елеу керек
еңбегін.
Көз салып ол
қырағы,
Бос жібермей әр
күнін,
Қадағалап
тұрады
Жолда жүру
тәртібін.
- Рахмет. Ал, балалар, жолдағы жол белгілері
не үшін керек деп
ойлайсыңдар?
14 -
оқушы: Жол белгілері
жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу
жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға
болады және болмайтындығын
көрсетеді.
І топ. Ескерту
белгілері.
1 -
оқушы: Үшбұрышты қызыл
бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни
қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.(суреттерін көрсете отырып әр
оқушы екіден ескерту белгілерін атап
шығады).
• жаяу жүргінші
өтпесі
•
балалар
• тайғақ
жол
• жол жөндеу
жұмыстары
• екі жақты
қозғалыс
• велосипед жолымен
қиылыс
• шлагбаумы бар темір
жол
• шлагбаумы жоқ темір
жол
2 -
оқушы: Басымдылық
белгілері – бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген
бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту керектігін
бейнелейді.
• басты
жол
• басты жолдың
аяқталуы
• жол
беріңіз
• аялдамасыз қозғалуға тыйым
салынады.
ІІ топ. Тыйым салатын
белгілер.
3 - оқушы: Дөңгелек
шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне
тыйым салады (суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту
белгілерін атап шығады).
• кіруге тыйым
салынады
• қозғалысқа тыйым
салынады
• велосипедпен жүруге тыйым
салынады
• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым
салынады
• аялдауға тыйым
салынады
4 -
оқушы: Нұсқау белгілері –
бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін
жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің
нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат
береді.
• түзу
қозғалыс
• оңға
қозғалыс
• айналма
жол
• велосипед
жолы
• жаяу жүргінші
жолы
• ең төменгі қозғалысты
шектеу
ІІІ топ. Ақпараттық көрсеткіш
белгілері.
5 -
оқушы: Бұл топтағы
белгілер жол қозғалысына қатынасуларға, жаяу жүргіншілер өтпесі
орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын туралы
хабарлайды.
• автобус немесе троллейбус тоқтайтын
жер
• трамвай тоқтайтын
жер
• біржақты қозғалыстағы
жол
• тұрақ
орны
• жаяулар
өтпесі
• жер асты жаяулар
өтпесі
ІҮ топ. Қызмет көрсету
белгілері.
Қызмет көрсету белгілері
- тиісті объектілердің орналасуын
хабарлайды.
• алғашқы медициналық көмек
пункті
•
аурухана
•
телефон
• тамақтану
орны
• ауыз
су
• демелыс
орны
7 -
оқушы: Қосымша ақпарат
белгілері (табличкалар) - өздерімен бірге пайдаланылатын
белгілердің ықпалын нақтылайды немесе
шектейді.
• объектіге дейінгі
арақашықтық
• ықпал ету
аймағы
• қолданылу
бағыттары
- Өте жақсы, балалар. Осы жол белгілерін
үнемі естеріңде сақтаңдар. Ал енді мына бір көрініске назар
аударыңдар.( теледидардан арнайы түсірілгенвидео көріністі қосамын
)
Үш оқушы мектепке бару үшін үйінен шықты да,
көлік жүретін көшеде қуаласып ойнады. Тәртіпсіздеу біреуі екінші
оқушыны итеріп жібереді. Ол жығылып қалады. Үшінші оқушы жығылған
баланы тұрғызуға көмек көрсетеді. Дәл осы кезде бұрылыстан шыға
келген машина әзер тоқтайды. Итерген тәртіпсіз оқушы бар ықыласымен
айқайлап, күліп тұрады.
- Осы көрініс жайында не айтасыңдар? /
/
- Әрине, осындай ережеге сай емес ойындар
кездейсоқ апатқа кезіктіреді. Сондықтан жолда жүру ережесін үнемі
сақтаңдар.
Топтық жұмыс «Қай жерде ойнауға болады? Ал
қай жерде ойнауға
болмайды?».
Егер топтарыңа жолда жүру ережелерін бұзбай
ойнап жүрген балалардың суреті берілген болса астындағы шаршыны
жасыл түспен, керісінше ереже сақталмаған жерді қызыл түспен
бояйсыңдар.
- Біз ауылда бір жерден екінші жерге жаяу
қатынай береміз. Ал қалада қоғамдық көліктерді пайдаланбасқа
келмейді. Ол кезде көбіне қандай көлік түрін
пайдаланамыз?
- / автобус
/
- Автобусқа мінерде қандай ережені сақтау
керекпіз?
8 -
оқушы: Автобусты аялдамада
күтеміз. Тәртіпті сақтау керекпіз. Автобустың артқы есігінен кіріп,
алдыңғы есігінен түсу
керек.
( Екі оқушы қысқа көрініс көрсетеді.
Автобустың макетінің атқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түседі
)
9 -
оқушы: Есігінен
артқы,
Көлікке сен
мінгін.
Дәл осы бір
салтты,
Құлағыңа
ілгін.
10 -
оқушы: Кезекте сен
әлгі
Артқы есіктен
кіргін.
Енді есіктен
алғы,
Түсеріңді
білгін.
- Жақсы, балалар. Сендер көшеде жүру
ережелері жайлы көп әңгімеледіңдер. Енді сендердің білімдеріңді
«Жол белгілерін білесің бе?» деп аталатын лото ойыны арқылы
қорытындыламақпын. Сендердің қолдарыңда белгі аты жазылған карталар
бар. Сол картаны жол белгілерінің сәйкес суретіне теріс қойып
шықсаңдар қызықты суретті көре
аласыңдар.
( Оқушылар қолдарындағы жол белгісінің атын
оқып, сәйкес суретке қондырады. Соңында суретті
тамашалайды)
- Қандай сөйлем
шықты?
Хормен оқиды: Жолда жүру ережелерін
сақта!
Мұғалім: Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде,
біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне
ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да,
үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай
орындауы керек.
Тәрбие сағатына белсене қатысып, ізденгіштік
қабілетін көрсеткен оқушылар атап
өтіледі.
Жолда жүру ережесі
Тақырыбы: Білім алушылардың топпен және қатармен жүру ережелері
Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін
қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс
жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын
байыту.
Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан
таблица. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып,
үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан
кескіні түсіріледі.
I.Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
II.Негізгі
кезең
Мұғалім түсіндірмесі: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын
көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала,
ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл
ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін
жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Балалар, сенднр көшеде
жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре
білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп
жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ
жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы
жанған кезде өтуге болады.
6.Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол
жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз
саламыз.Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте
тұрамыз.
7.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге
болмайды.
8.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.
- Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.
1.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді.
( Трамвай)
2.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
(Жол)
3.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар?
(Велосипед)
4. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)
Бұдан кейін оқушылар өздерінің бағдаршам туралы іздестіріп тапқан
жұмбақтарын кезегімен айтып шығады.
Сөйлегенді білмейді,
Бірақ «тоқта, жүр»дейді.
Әйгілі үш сөзді,
Бір дәу тұр үш көзді.
Оған жас-кәріміз,
Бағындық бәріміз.
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір»дейді,
Бір көзім «жүгір»дейді,
Бір көзім «абайла»дейді.
«Қарап қалма маңайға»дейді.
- Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Бір оқушы көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін
көрсетеді.
- (Бағдаршамның қызыл отын көрсетіп) Бағдаршамның қызыл оты
жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.
Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге
болмайды.
Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады.
- Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!
Сақтан!
Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп
тұрады.
Қорытындылау
Тақырыбы: Трамвай және
көліктің басқа да түрлерінде сапарға шығу
Мақсаты :
1. Оқушыларға жол ережесі туралы жалпы мағлұмат беру.
2. Жол ережесін бұзғанда болатын қауіп-қатер туралы ескерту.
3. Жолда жүргенде абайлап жүруге тәрбиелеу.
Көрнекіліг: Сурет, жол белгілері, сөзжұмбақ.
Не білу керек?
* Жолаушының ережелерін, жол белгілерін ажырата білу.
Не істей білу?
* Жолда жүру ережелерін орындай білу.
Бағдаршамсыз жағдайда жолдан қалай өту керек?
Бағдаршамсыз жағдайда көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жағыңа қара. Жүріп келе жатқан көлік көрсең, оны өткізіп жібергенің дұрыс. Жолдан өтерде ешқашан асықпа, жүгірме.
Үлкен даңғылдарда өтіп үлгермеген жағдайда,
қай жерде күту керек?
Аялдамада тұрған автобустың қай жағынан өтуге болады?
Аялдамада тұрған автобустың сырт жағынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны көре аласың.
Көшеде әркімнің өз жолы бар:
Адам - жүргіншілер жолы
(ала жолақ), тротуармен.
Машиналар- даңғылмен.
Велосипед - жол жиегі.
Трамвай – рельспен.
Жаяу жүргіншіге арналған жадынама
1.Жаяу жүргінші жаяу жол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.
2.Елді мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;
3.Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;
4.Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;
5.Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;
6.Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;
7.Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн.
Жаяу жолда жүру тәртібі
Жеке жүрсең:
1. Жаяу жолдың оң жағымен жүр;
2. Жүгірме, асықпай адымда;
3. Жол жиегінен (бордюрден) аттама, оның үстімен жүрме;
4. Жаяу жол үстіндегі кедергілерді көлік жолға шықпай айналып өт;
5. Жаяу жолдың ортасына тұрма, үйлерге жақын барып тұр;
6. Жаяу жол үстінде ойнап, алыспа;
7. Әлдеқандай затыңды көлік жолға түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра;
8. Жолаушылар үшін жасаған қоршаудан қарғыма. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең:
1. Қатардан шықпа;
2. Алысып ойнама;
3. Жүгірме, секірме, итеріспе;
4. Шуылдама;
5. Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама;
Жолды жаяу жүргінші арқылы өту ережесі
1. Жаяу жолдың шетіне барып, жаяу жүргінші өтпесіне жақындап, жол жиегінен баспай тоқта;
2. Солға және оңға қарап ал: жолдың бір жақты немесе екі жақты қозғалыста екенін анықта;
3. Жақын келе жатқан көлікті өткізіп жібер;
4. Жаяу жүргінші өтпесіне қарай артқа жүріп келе жатқан көліктің жоқ екеніне көз жеткіз;
5. Жолдан өтуді келе жатқан көлікпен арақашықтық қауіпсіз болған жағдайда ғана баста. Қашықтықты анықтағанда жолда кідіру мүмкіндігін ескерген жөн;
6. Көлік жолдан өткенде жүгірме, бірақ жылдам адымда!
7. Жолдан өткен кезде алдымен сол жақта келе жатқан көлікке, ортасынан асқан соң оң жақтағы көлікке қара. Бір жақты қозғалыстағы жолда жүріп келе жатқан көлік түрлерін бақыла;
8. Жол өтпесінен өткенде жаяу жолға қарай қиғаштап емес, тура жүр.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Басталсын сабағымыз сәлемменен.
Арманға алға күткен асығармыз,
Біз қалай жалын атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жол ортасын айландырып алаңға,
Көпшілігің ұмытыпсың ережені далақтап,
Барлығымыз бірге үйреніп білейік
Жол бойында қалмау үшін алаңдап.
Ескерту белгісі:
Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп, сәт сапар жолдаған
Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те.
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Тыйым белгісі:
Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.
Жұмбақтар
1. Сөйлеуді ол білмейді
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. /Бағдаршам/
2. Өзі тым күшті, аяғы тісті.
Лезде тындырар қыруар істі /Трактор/
3. Үзеңгісін тептім,
Зымырап кеттім /Велосипед/
4. Төрт аяқ домалақ,
Адамсыз ол жүрмейді. /Машина/
5. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. /Бағдаршам/
6. Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іздеген басталып, алысқа жеткізген. / Жол/
Көрсеткіш белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн-түнсіз жөн сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де түнде де от болып жанамын,
Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.
Бағдаршам:
Көшеде бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе
Кідірме, абыржып онда аса
Сенгейсің өзіңнің көзіңе
Көшеде ортаға жеткенше
Әуелі көзің сал сол жаққа
Балақай, ортадан өткен соң
Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.
Сөзжұмбақ
1. Жүргізушілерге қозғалысты бағыттайды. Жол бойында кездеседі.
2. Қоғамдық көлік түрі.
3. Зымыран жүргізушісі.
4. Машина маркасы.
5. Бағдаршамның қай жарығы жаңғанда рұқсат етіледі?
6. Алғашқы медициналық пункті.
7. Машинаның аяқ киімі.
8. Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
9. Жолаушы көлікті қай жерде күтеді?
Қорытынды:
Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де, барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындауы крек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады.
Тақырыбы: Зиянды әдеттерден сақтан!
Мақсаты:
1. Оқушыларға зиянды әдеттерден сақтану жолдарын, оның денсаулыққа зияндылығын түсіндіру.
2. Оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, өзара пікірін айтуға, дәлелдеуге дағдыландыру.
3. Оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға, зиянды заттардан аулақ болуға, адамгершілікке, сақтыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: салауаттылық өмір салтына байланысты ішімдік, темекі шегу, нашақорлық, ауруларының адамға, қоғамға тигізетін кері әсерлерін түсіндіру;
Көрнекілік: Буклеттер, плакаттар,күй, сынып оқушылардың шығрмашылық жұмыстары.
Тәрбие сағатының өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
А) сынып оқушылармен амандасу;
ә)
сыныпты үш
топқа бөлу ( оқушылар алдымен көздерін жұмады, күй ойнап тұрады сол
каезде әр оқушының
беттеріне фигуралары жапсырылады,
сәлден соң оқушылар көздерін ашып, қасындағы көршілерінде қандай
фигура тұрғанын ыммен түсіндіріп
береді.
ІІ. Дайындық кезеңі:
А)
сынып
оқушыларын фигуралар бойынша топтарға бөліп
отырғызу.
І
қатар қызыл ІІ қатар көк ІІІ
қатар сары
Ә) бүгінгі өтілетін тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты, тәрбие сағатының өту барысымен таныстыру.
ІІІ. Кіріспе сөзі.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс»деп атап көрсеткен. Сол бағдарламаға орай бүгінгі сыныбымызда сайыс түрінде өтетін ашық тәрбие сағатымыздың басты мақсаты – зиянды әдеттерден сақтану. Бұл аталған зиянды әдеттер болашақ жас ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.
ІҮ. Сайыс шарттарымен таныстыру.
-
Таныстыру. (Әр топ өздерін таныстырады, төс белгілерін қорғайды.)
-
«Артық болмас, білгенің». (Зиянды әдеттер туралы оқушылардың ізденісінен)
-
«Мақал-мәтел сөз мәйегі» (Зиянды әдеттер тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру)
-
«Танымдықпен, білгірлікпен жауаптарың тыңдалсын».
(Зиянды әдеттер тақырыбына сұрақ-жауап)
-
Салыстыру әдісі арқылы «Жаман-жақсы» ойыны.
-
Топтастыру.
-
«Уланбасың өмірің». Тәжірибе көрсету.
-
Қорытындылау.
Басталу рәсімі:
Өтіп жатыр өмір шіркін құбылып,
Кейбіреулер тойынғаннан құтырып.
Кейбіреулер темекі мен арақтан
Балта шапты өміріне мәңгі қиып,- дей келе бірінші сайсымызды бастайық.
І. Таныстыру.
1топ: «Шылымқорлық»
Ұраны: «Темекіні тартқаның, өміріңді құртқаның»
2-топ: «Ішімдік»
Ұраны: «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір»
3-топ: «Нашақорлық»
Ұраны: «Есірткеге жолама, жетелейді молаға»
ІІ. «Артық болмас, білгенің» сайысы
Есірткінің шығу тарихы. Есірткіні ертедегі Египетте, Грекияда, Римде және Үндістанда өте ерте заманнан –ақ қолданылған. Есірткіні алғаш үндістер және латын америкалықтар пайдаланды. Есірткі қарасора, мак, кокаин мен мақтан, апиын, героин, лаудаум, марихуана өсімдік шөптерінен жасалады. Кокаин өсімдігінің жапырағын шайнап, сөлін жұту арқылы уақытша көңіл-күйлері көтерілген. Нашақорлық - өлімге апаратын тура жол. Есірткі –бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінезі-құлқын бұзатын қауіпті,тыйым салынған химиялық зат.
Зиянды заттардың бірі –ішімдік. «Мас болу- өз ықтиярыңмен есуастануы» деген екен атақты Аристотель. Маскүнемдік - шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт.
Темекіні Еуропа мен Азияға ХҮ ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланып жүрген.Бұл өсімдік тұқымын испан монахы Роман Пано әкелді. Индейцтер –темекі тұқымын «кохоба» түтінін «табако» деп атаған.
ІІІ. «Мақал-мәтел сөз мәйегі» сайысы. Мақал-мәтелдер жарысы.
1топ: Шылым
-
Шылымнан нәр тартқаның, өзіңе темір шеге қаққаның.
-
Темекі тартқан бір кісі, уланған бүкіл үй іші.
-
Темекіні тарқаның, өзіңді-өзің құртқаның.
-
Жақсы іске жақын бол, темекімен жау бол.
2-топ: Ішімдік
-Арақ алдымен күлдіреді, күлдіріп отырып бүлдіреді.
- Арақ ішегіңді шірітеді, бауырыңды ірітеді.
- Ақыл тасты жарады, арақ басты жарады.
- Арақ естен айыртар.
- Мастықтың түбі- мазақ, мазақтың түбі – азап.
- Арақ ішкен азар, шылым шеккен тозар.
3-топ: Нашақорлық
- Нашақорлық ауру, түбі-ажал.
- Нашақорлық - өлімге апартын тура жол.
- Нашақорлық - жазылмайтын дерт.
- Нашақорлық –ол есірткі басқаратын робот.
ІҮ. «Танымдықпен, білгірлікпен жауаптарың тыңдалсын» сайысы
1-топ: «Шылым»
1. Темекі құрамындағы улы зат (никотин)
2. Шылымның зияны тиетін мүше (өкпе)
3. Темекі өнімдерін сатуға қай жастан бастап тыйым салынған(18жас)
4. Не себептен балалар темекі шеге бастайды?
(отбасындағы адамның, өзіне үлгі тұтатын досының темекі шегуі,, атақты жарнамалардан әсер етеді)
5. Темекі шегетін адам қандай ауруға жиі шалдығады? (өкпе қабынуы)
2-топ: «Ішімдік»
1. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (арақ-ішімдік)
2. Ішімдік ішкен адам қандай ауруға шалдығады? (гастрит)
3.Ішімдік құрамында кездесетін улы зат. (Спирт)
4. Салауатты сөзінің негізгі мағынасы не?( парасатты, байсалды, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)
5.Адам шамадан тыс ішімдік ішкенде.......... не істейді? (есінен айырылады)
3-топ: «Нашақорлық»
1.Есірткінің ең көп тараған түрі?
(ең көп тараған –героин, анаша, какоин, апиын)
2. Есірткі неліктен қорқынышты?
(ауырғанна кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ)
3. Нашақорлық есірткіге ақшаны қандай жолмен табады? (өтірік айту, ұрлықпен айналысу, кісі өлтіру)
4.Есірткі көп тараған елді-мекендерді ата.(Теміртау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, жамбыл, Алматы, Өскемен, Талдықорған т.б.)
5. Есірткі жасайтын шөптесін өсімдіктерді ата.
(қарасора, мак, кокаин, мактан, апиын, героин, марихуана, гашиш,)
Ү. Салыстыру «Жаман-жақсы» ойыны
Жақсы
Жаман
Тазалық сақтау
Ағзаны шынықтыру
Спортпен шұғылдану
Емнің алды-еңбек
Шынықсаң-шымыр боласың
Салауатты өмір салтын сақтау
Дұрыс тамақтану
Темекі- жау
Ауруын жасырған өледі.
Арақ-атадан қалған ас емес.
Есірткі-улы зат
Арақ адамды тоздырады.
Өтірік пен жалқаулықтан аулақ бол.
Ішімдік- мастықпен жасалған жаттығу.
ҮІ. «Топтастыру»әдісі.
1-топ: «Шылым»
өмірге мағынасыз отбасымен
қарайды қарым-қатынасы
бұзылады.
д
енсаулықты бұзады. өмірді
қысқартады
Зиянды заттардың қауіптілігі
өзіне сенімділігі қылмысқа апарады.
жойлады.
Ұрпаққа әсер ашуланшақ, ұмытшақ
етеді ұрыншақ болады
2-топ: «Ішімдік»
Батыл Шымыр өзі-өзіне сенімді

Жігерлі өмірі ұзақ
Салауатты өмір салты
болады
толық отбасы
Туған-туысына
Сыйлы адамгершілігі мол
Дені сау дұрыс тамақтану
3-топ: «Денсаулық» сөзіне тігінен әр дыбысқа мақал құру.
Д-
Дәрі шөптен, ақыл көптен
Е- Емнің алды-еңбек
Н-Негізгі байлық-денсаулық
С-Саулық -байлық негіз
А-Ас –адамның арқауы.
У- У-ды ішсең өлерсің.
Л- Ластын досы-шыбын
Ы-Ыдысы тазаның ырысы таза.
Қ- Қотыр қолдан жұғады.
ҮІІ. «Уланбасың өмірің» ,- деп балалар бүгінгі ашық сабағымыздағы зиянды әдеттердің ішіндегі ең көп тараған зат қай зат? (Темекі)
-Балалар, сендердің ойларын бойынша темекі пайдалы ма, әлде зиянды ма?
Ендеше, мен сендерге бір есте қалатындай тәжірибе жұмысы арқылы зиянды заттардан қалай сақтану керек екендігі бойынша тәжірибе көрсетейін. Мына тәжірибе арқылы ойланып көріңдерші, темекі пайдалы ма, әлде зиянды ма екенін көріп, өз
ойларынды ортаға салыңдар.
ҮІІІ: Қорытынды.
Балалар, біз сонымен тәрбие сағатынан Не үйрендік? Не алдық? Не білдік? Нені білгің келеді? Топ басшыларына сөз беру. Әр топтарын қорғап шығу. «Белгілеу парағы» бойынша тексеру.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының ұлттық
теңгесі.
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші
айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің
мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың
мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін
ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Алғашқы теңгелердің
үлгілері, «Теңге – мемлекет келбеті», жаңа
сөздер.
Сабақтың барысы: Қызығушылығын
ояту.
Теңгемен.
Ендеше тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Теңге –
мемлекет келбеті».
«Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар:(
теңге, тиын, ақша, валюта, қаржы,
капитал).
Тәрбие сағатының мақсатымен
таныстыру.
Теңге тарихын айтып
бермейік.
Теңге
тарихы
- Мемлекетіміздің елбасы – Н. Ә.
Назарбаев.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
болып қай жылы
сайланды?
- 1991жылы1 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайланды.
- Президент Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттарын белгілеп отырды. Әрбір егеменді елдің
өзіне тән мемлекеттік рәміздері, яғни белгілері болады. Оған Ту,
Елтаңба және Әнұран жататының Сіздерге
белгілі.
- Мемлекетіміздің Әнұранның авторы
кімдер?
- Мемлекетіміздің Туының авторы
кім?
- Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары
кімдер?
(Оқушылар жауабын
тыңдалады).
Жүргізуші: Қазақстан Республикасы - егеменді,
тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өзі Ата Заңы, мемлекеттік
рәміздер, ұлттық валютасы бар. Ал енді оқушылар теңге туралы не
біледі екен?
1 – Оқушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші
айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы
көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына,
халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте
замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы
шеберханаларда
жасалған.
Жүргізуші: Теңге өмірге оңайлықпен келген
жоқ.
Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға
қаржыгерлерге тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз
идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте
кезеңде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер
бары іздестірілді.
2 – Оқушы: Ұлттық валютамыз теңгені жасап
шығаруға байланысты жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер жасалып,
ішіндегі « мықтылары»Елбасының таңдауына берілді. Елбасының берген
тапсырмасына сәйкес ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы
жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8: 00 - ден бастап
енгізіліп, елдің қолына тиіп, ел мәре – сәре болысты. Өйткені төл
теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі
еді.
Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 19жыл
толып отыр. Қазақ теңгесі Англияда
басылды.
Жүргізуші: Теңгенің 16 – ға жуық құпия
қорғанысы белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайның жасаушы
авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Төл теңгеміз тек
өз еліміздің экономикасын ғана емес, көрші жатқан елдің
экономикасына да үлесін қосты. Одан түскен пайда елге оралып
экономикамыздың дамуына, халықтың тұрмысын жақсартуға
жұмсалуда.
Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың
белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды
біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі,
әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық
уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз
етеді.
ҚР 1995 жылғы 30наурызда №2155 Заңына сәйкес
ҚР Ұлттық банкі 2006жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000,
5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа
шықты.
Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан
ақшаның арасында айырмашылықтар бар. Енді теңге туралы
әңгімелейік.
Алдыңғы шыққан Ұлттық теңгеміздің шеттері
қазақтың ою – өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ
халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде
ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Одан кейін жаңа айналысқа шыққан ақша мынадай болып
өзгерді.(қазіргі қолданыстағы теңгелер
көрсетіледі.
Теңгенің орталық бөлігінде « Астана –
Байтерек» монументі бейнеленген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген.
Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген.
Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан
картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация
министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде
орнатылған қанатты барыстың суреті
салынған.
Жүргізуші: «Тиыннан теңге құралады», -
демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. Қазіргі ақша мен кейінгі
ақшаның арасында қандай айырмашылықтар
бар?
(Оқушылардан сұрап жауаптарын
толықтыру)
Кім тез ұғып алды екен « Сиқырлы сандықша»
ойынын ойнап
көрейік.
- Ұлттық валюта қай жылы
шығарылды?
- Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар
кімдер?
- Ақша қандай қызмет
атқарады?
- Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі
қандай?
- Ерте заманда теңгелерді қайда
жасаған?
- Теңгенің неше құпия қорғанысы
бар?
- Қайдан несие алуға
болады?
- Ақшаны қайда жинауға
болады?
- Ұлттық валюта дегеніміз
не?
- Теңге немен
безендіріледі?
- Қазіргі теңгеде қандай суреттер
салынған?
- Қазақ теңгесі қайда
басылды?
- Сен ақшаны орынды жұмсай аласың
ба?
Сабақтың
тақырыбы: Реттелмейтін жол
қиылыстары.
Сабақтың
мақсаттары:
Оқушыларға жолда жүру ережесін үйрете отырып олардан алған білімдерін пысықтау.
Өз ойларын ашық айтуға, көше тәртібі белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру.
Оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам,
суреттер.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Арманға алда күткен асығармыз
Біз қалай толқын айтпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
- Реттеуші деген кім?
- Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған, яғни оның негізгі
міндетті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу үшін ол жезл
деген құралды пайдаланды. Көпшілік оны «ала таяқ» деп те
атайды.
Жұмбақ жасыру.
1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақылаған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)
- Кейін реттеушінің орнына бағдаршам пайда болды.
- Бағдаршам қалай пайда болды?
- Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап
тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына
ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі Д. Найт болатын.
Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып
кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы
ұмыт болды. Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында сосын
Нью - Йорк қалаларында қайтадан пайда болды. Бұл жолы екі түсті
қызыл, жасыл электр бағдаршам болды. Ал 1918 жылдан бастап үш
түс қолданыста болды. Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам
Мәскеу қаласында 1924 жылдан Кузнецкі көпірі мен Петровка
көшелерінің қиылысынан орын алды. Қазіргі заманның талабына сай
жаңа технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам
алмастыруда. Олай болса балардың бағдаршам туралы не білетіндерін
тыңдайық
Қызыл
жарық: Қызыл жарық
жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары
жарық: Сары шамы жағылса,
Сақ абай бол барынша!
Жасыл
жарық: Жасыл жарық – жол
ашық,
Зымырай бер бел асып
Барлығы:
Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтседе
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
- Қазір жаяу жүргіншілерге де арналған бағдаршам бар. Бірақ
әзірге біздің қаламызда орнатылмаған. Бірақ біз үлкен қалалардан
көре аламыз. Мысалы: Ақтау қаласында т. б
Олай болса бүгінгі сабағымызда реттеуші туралы білдік.
- Енді осы реттеушінің әрбір қиылысы бізге, көліктерге айтылған
ескертпелер екен.
Практикалық кезең.
- Үлкен қалаларда не көп, бағдаршамдар көп. Олардың көпшілігі
көнеріп, істен шығып қалып жатады. Тіпті кейде көлік қозғалысы
шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда жүріс - тұрысты
реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол ала таяқшаның
көмегімен қозғалысты қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші түн
мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде жанып
тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай көтерсе,
бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге
болмайды. Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа жағын
беріп тұрса жүруге тыйым салынады. Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса
онда жүруге болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда
реттеушінің екі иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс
істеп тұрса, реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа
алу керек.
Тапсырма.
1. Реттеуші деген кім, оның қызметі қандай?
2. Егер реттеуші таяғын жоғары көтерсе не істеу керек?
3. Қандай жағдайда жүргіншінің жүруіне болады?
4. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші бағыт көрсетіп тұрса,
кімге бағыну керек?
Есіңде болсын!
Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды.
Көшенің қиылысына келгенде, екі жағыңа назар аудар, жасыл жарықтың
жануын күт.
Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге болмайды.
Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан өтпе.
Көше қиылысында тоқтау сызығы болады. Осы жерде тұрып бағдаршам
белгісінің жануын күт.
Автобусты артқы жағынан айналып өт. Жолда келе жатқан машина
көрінбесе, онда екі жағы бірдей көрінетін жолды таңда, сол жерден
өт.
Жаяу жүргіншілер жаға жолдың оң жақ қапталымен жүруге тырысу
керек.
Егер велосипедпен жүрсең, жолда жүруге ережелерін білетінің, туралы
куәландырылған қағазың болуы тиіс.
- Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады. (сұрақ)
- Жол бойында 14 жасқа толған балаларға ғана болады.(жауап)
Жол бойына коньки, шаңғы доп теппе.
Көліктің артына жармаспа.
Қалтарыстан шыға келме, өміріңе қауіпті.
Жаға жолмен ғана жүруге болады, машина жолымен жүруші болма.
Жол көлік оқиғасын кезінде полиция бөліміне хабарлас.
Жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсет.
Жол белгілерін ажырата білген жөн.
Қорытынды.
Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол
қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де барлық
жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындалуы керек. Жол
заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар,
жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп
қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Жол тәртібін білейік, есен
- аман жүрейік!
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigationJump to search
Жапониялық реттеуші
Реттеуші - жол қозғалысын дене жайымен, ишарат сабын қолданып қолдарының қимылымен, дискпен немесе онсыз, сонымен қатар ысқырық сигналымен реттеуші полиция қызыметкері.[1]
5.2.Реттерушінің сигналдары (ҚР-ның жол қозғалысы ережелерінен: алғашқы сан ереже, екінші сан тармақ ретін білдіреді) Реттеушінің денесі мен қолдарының, оның ішінде мынандай мәндерді білдіретін жезлдермен жасаған қимылдары реттеушінің сигналдары болып табылады.
қолдары екі жаққа созылған немесе төмен түсірілген:
сол және оң бүйір жақтарынан — қозғалыс трамвайға тіке, рельссіз көлік құралдарына тіке және оңға қозғалуға рұқсат етіледі, жаяу жүргіншілерге жүріс бөлігін кесіп өтуге рұқсат етіледі;
кеуде және арқа жағынан — барлық көлік құралдарының және жаяу жүргіншінің қозғалысына тыйым салынады.
оң қол алға созылған:
сол бүйір жақтан — қозғалыс трамвайға солға, рельссіз көлік құралдарына барлық бағыттарға рұқсат етіледі;
кеуде жағынан — барлық қозғалыс құралдарына қозғалыс тек оңға рұқсат етіледі;
оң бүйір және арқа жағынан — барлық қозғалыс құралдарына қозғалыс тыйым салынады, жаяу жүргіншілерге жүріс бөлігін кесіп өтуге реттеушінің арт жағынан рұқсат етіледі.
қол жоғары көтерілген:
Ереженің 5,6 тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда барлық көлік құралдары мен жаяу жүргізушілердің барлық бағытта қозғалысына тыйым салынады.
Сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші жезлді немесе сигналды дискіні (жарық қайтарғышты) қолдануы мүмкін.
5.3. Көлік құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе бір мезгілде ысқырып сигнал бере отырып, көлік құралына бағытталған қол қимылымен көрсетуі мүмкін.
5.4. Ысқырықпен берілген қосымша сигнал қозғалысқа қатысушылардың назарын аударуға беріледі.
5.5. Бағдаршамның (реверсивтіден басқа) реттеушінің тыйым салатын сигналы кезінде жүргізушілер тоқтау сызығының (5.3.3-белгісінің) алдында, ал олар болмаған кезде:
жол қиылысында — кесіп өтетін жүріс бөлігінің алдында (Ереженің 13.8 бөлігін ескере отырып), жаяу жүргіншілер үшін кедергі тудырмай;
теміржол өтпесі алдында — Ереженің 15.4-тармағына сәйкес;
басқа жерлерде — қозғалыс рұқсат етілген көлік құралы мен жаяу жүргіншілерге кедергі туғызбай тоқтатуға міндетті.
14.02.2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Мен және менің отбасым
Сабақтың мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;
Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушыны шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы слайд, мультимедиа.
Барысы:
І. Құрметті ұстаздар, ата-аналар!
«Мен және менің отбасым» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.
ІІ. Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймыз
Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?
Әкелеріңнің анасы кім болады?
Отбасының тірегі кім?
Үйдегі алтын қазық кім?
Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?
Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?
(Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп, отбасы сөзін шығару)
ІІІ. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.
ІV. Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары:
1-оқушы Роллан
Бала,бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
2-оқушы Шыңғыс
Атамның ән-күйі ғажайып
Әжемнің әлдиі ғажайып
Анамның мерейі ғажайып
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып.
3-оқушы Айдана
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген-тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойында аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.
Не десеңде әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
4-оқушы Рахима
Бойға қуат береді.
«Әй, жарайсың» дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді.
5-оқушы Аружан
Әкем шытса қабағын,
«Байқа, балам» дегені
Алған көп-ақ сабағым
Жақсы көрем мен оны.
6-оқушы Бақытжан
Сабағымнан қалмаймын
Бес аламын бәрінен
Озат оқып әрдайым
Қуантамын әкемді
7-оқушы Аян
Ойнаймыз, күлеміз
Жарқылдап жүреміз
Әкені сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.
8-оқушы Айдана
Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,
Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
9-оқушы Адалхан
«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,
Қуат алдың, анажан, өзің неден?!
Адамдардан жақсылық күте алмаймын
Ана жүрек мейірін түсінбеген
10-оқушы Бақдәулет
Әжемнің саясында ер жетіп мен,
Аялы ақ бесікте тербетілген
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен
11- оқушы Бақытжан
Ер жетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы
Иіскеп маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны
12- оқушы Ғазиза
Дүниенің жарық күні-анамыз
Жарық күннен қуат алған санамыз.
Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,
Дана болсақ-анамене данамыз.
Өмірге мына бізді ала келген,
Дүние қымбат екен анаменен
V. Ән: «Асыл әжем»
VІ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер
Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.
Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Ата-бәйтерек, бала-жапырақ
Балалы үйдің еңсесі биік.
Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.
VІІ. Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасым » тақырыбындағы көрмемен таныстыру. Оқушыларға шығармаларын оқыту.
VІІІ. Жалғыз-дара өзіңсің
Атасының көзісің,
Әжесінің сөзісің
Аппақ мөлді сезімсің
Мен барымды аяман
Ботақаным, сен үшін- деп, үнемі балапандарының маңдайынан сүйіп, еркелететін арамызда ата-аналарымыз отыр. Ендеше, қонаққа келіп отырған ата-аналарымызды ортаға шығарып, бірнеше ойындар ойнасақ.
Бірінші ойын: «Гүл бейнесін келтіру»
-Бала-әр ата-ананың болашағы. Ол-оның өмірінің жалғасы деп жатады халқымыз. Олай болса сіздер үшін бала деген кім? Осы сұраққа бір-бір жауапты мына гүлдің жапырақтарына жаза отырып, бір гүлдің бейнесін құрап шығаруларыңыз керек (Аналардың жауабы: бауыр етіміз, болашағымыз, үміитіміз, сүйенішіміз, мұрагеріміз, ізбасарымыз…)
Екінші ойын: «Біз екеуміз бірге…»
-Бұл ойында ата-ана баласымен бірге үнемі не істейтіндері жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.
Үшінші ойын: «Сезім гүлі»
-Бұл ойында мұғалім ұсынған жауқазынға ата-ана өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айтып баласын шақырып беру керек.
ІХ. Оқушыларға арналған ситуациялық жағдайлар:
Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған
ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?
Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап
өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?
Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыркүнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің?
Х. Ата-аналарға сауалдар:
1. Сіздің балаңыз-озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?
2. Қызыңыз кешкі астан кейін ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отырып алды. Қандай әрекет қолданасыз?
3. Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?
ХІ. Көрініс: «Ананың жүрегі»
ХІІ. 13-оқушы «Ұлыма сыр» Гүлсезім
Екі нәрсе қадірлі тірі адамға,
Сол екеуі мәңгілік дос дер едім.
-Не дейсің ғой, айтайын:
-Бірі-Анаң да,
Бірі-Отаның туған жер, өскен елің!
Осы екеуі-бақытың, үміт таңың
Осы екеуі-ашатын жігіт бағын
Дүниеде бар нәрсе өзгермелі,
Осы екеуі-мәңгілік ұмытпа ұлым!
Осы екеуін әрқашанда пәк түсін де,
Осы екеуін арманым, ақ құсым де!
Өз арыңды лайлап алмау үшін,
Осы екеудің арына дақ түсірме!
Биіктер көп, бәрінен ғасыр биік,
Бермес саған ол бірақ жасын қиып
Қуансаң да, мұңайып қайғырсаң да
Осы екеуге тағзым ет, басыңды иіп.
ХІІІ. Қорытынды
Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Әкем біреу, анам да біреу менің
Мен жығылсам сүйенер тілеулерім
Олар барда мереке
Көрген емес қабақтарын, шытқанын, түнергенің
Менің досым әкесін жек көреді
Бізбен ісі жоқ оның деп сөгеді.
Жамандайды, сыртынан тістенеді.
Бір-біріне бітпейді өкпелері
Дос тапса да адамдар, тапсадағы
Әке жалғыз табылмас ақшаға да
Жамандасаң әкеңді саған әкеп
Жақсы әкесін береме басқа бала
Әке білек, саусағы балалары
Қан тамырымен жалғасқан аналары
Ана тамыр бойымен беріледі
Тіршіліктің жылуы таралады
1 Қазан - Халықаралық қарттар күні
Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1 - қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға - апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.
Жүргізуші: Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым - қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.
Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қай жерде де ата - анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке - шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата - анасы оның отбасының құты болып табылады.
Қарт кісіні құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
Ән: «Әке туралы жыр»
1 - оқушы: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
2 - оқушы: Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр…
3 - оқушы: «Реніш» (Мұқағали Мақатаев)
Әй, балам – ай,
Шамалы – ау түсінігің,
Қандай болар, білмеймін кісілігің…
Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені
Жауар күндей қабағын түсіруін!
Әй, балам – ай, шамалы – ау түсінігің…!
… Жоқ, балақай!
Мен сендей боп өспедім!
Мына мінез – мінезім емес менің.
Адамдардан қарым алу үшін
Не көрмедім, өмірде не кешпедім.
Аяры жоқ адуын жауыздықтан
Алып шықтым арымды тамыздықтап.
Амалым не жастықтың кер тұлпарын
Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.
Қиып түсер қыршын ем алмасы көп,
Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.
Мінезің – ай, балам – ай, мінезің – ай,
Кетпегей – ді мерт етіп, жарға сүйреп.
Жүргізуші: Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар. Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухомлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл»,- деп айтқан.
Тақырыбы: «Өз құқығыңды білесің бе?»
Сабақтың мақсаты:
-Халық ертегілері арқылы « Балалар құқығы туралы тұжырымдамамен» таныстыру.
- Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
- Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін арттыру.
-Заңды сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру. Өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: ойын, тренинг – сабағы.
1.
«Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?
2. «Бәріміз бірге!»
ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап
береді)
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
Мұғалім: –
Әлемде 1979 жылы халықаралық балалар жылын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық тұжырымдама» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылдың 20 қарашасында Тұжырымдама әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» /27 - бап/ - делінген.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев Нью – Йоркте ЮНИСЕФ – тің атқарушы директоры Джеймс Грантпенг бірге «Балалар құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Әлемнің 156 – шы елі болып қол қойған бұл елеулі қадам жыл сайын 20 қарашада Республика балаларының өз құқықтарын қорғау мерекесі ретінде аталып өтіледі.
«Құқық»ұғымын ашу.
Қ-қоғам
Ұ-ұқыптылық
Қ-қорғау
Ы-ынтымақ
Қ-қызмет ету
Ойынның жүргізілу шарты:
Оқушылар! Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасай отырып, бүкіл әлем балаларының тең жағдайда өмір сүру құқығын қорғайтын Тұжырымдамамен өздеріңді таныстыру үшін саяхат ойынын өткізбекпіз. «Балалар құқығы туралы халықаралық Тұжырымдама 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданған.
Тұжырымдама деген не?»
Тұжырымдама дегеніміз – келісім, шарт.
Халықаралық келісімдердің кең тараған түрі.
Тұжырымдама шарты бойынша, 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі. Тұжырымдамадада балалар жарық дүниеге келе салысымен тіркеуге алынады, осы сәттен бастап өзіне есім және азаматтық алуға құқылы деп көрсетеді. Тұжырымдамада бірде – бір баланың жеке отбасылық өмірі мен тұрғын үй меншігіне, хат хабар құпиясына басқа біреулер өз бетінше және заңсыз қол сұға алмайды дей келе, бірде – бір баланың ар – намысын аяққа таптайтын айуандық қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрлеріне жол берілмейді – делінген.Тұжырымдама Адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасына, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу - жөнінде айтылған.
Оқушылар! Түжырымдамада қаралған құқықтарың жөнінде біршама ұғынған болуларың керек. Енді мен сендерге ертегілерден үзінді айтамын, сендер Тұжырымдамада балалар құқығының қайсысына жататынын қолдарыңдағы әр түрлі балалар құқықтары жазылған плакаттармен көрсетіп, қорғап және менің бұл жерде балалар құқығы бұзылды ма, жоқ па деген сұрағыма жауап қайтарасыңдар!
Бар екен де жоқ екен
Ерте, ерте, ерте екен
Ешкілері бөрте екен
Қырғауылы қызыл екен
Құйырық жүні ұзын екен
«Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы Жалмауыз кемпір ұстап алып, өлтірмекші болып, баланың өміріне қауіп төндіреді, оқушылар, бұл туралы тұжырымдамада қандай құқық көрсетілген?
( Балалардың аман – сау өсіп, жетілуі қамтамасыз етіледі.).
-Бала құқығы бұзылды ма?
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата – анасынан айырылып қалған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай балалар құқығын көрсетер едіңдер?
(Баланың жеке отбасылық өміріне қол сұғылмайды).
-Бала құқығы бұзылды ма?
«Қобыланды батыр» жырында Тоқтарбай деген кісі өмір сүрген, ол бір ұл, бір қызды болады. Осы жырда қызының аты Қобыландыға қарындас – деп көрсетеді, бұл арада балалардың қандай құқығы туралы айтуға болады?
(Бала дүниеге келе салысымен өзіне есім алады).
-Құқық бұзылды ма?
«Тазша бала» ертегісін білесіңдер ғой, оқушылар! Хан жарлығы бойынша жетім өскен Тазша бала тапқырлығымен «Қырық өтірік» әңгімесінде «Қырық өтірік» өлең құрастырып халқын, ханын риза қылады. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар?
(Баланың өз пікірін еркін білдіруге қақысы бар екенін).
-Бала құқығы бұзылды ма?
«Ұр тоқпақ» ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс, қазанын», «Құс, есегін» алып қалған балаларды «Ұр тоқпақтың» көмегімен өздерінің теріс қылықтарын түсіндіріп, «Піс, қазанын», «Құс, есегін» қайтарып алады. Бұл ретте қандай құқық туралы айтуға болады?
(Егер бала тәртіп бұзса, оларды айуандық қинау түрлеріне жол бермейді.).
Құқық бұзылды ма?
Сонымен біздің қандай құқығымыз бар екен?
- Баланың аман – сау өсіп, жетілуін қамтамасыз етілуі.
- Баланың жеке отбасылық өміріне қол сұғылмайды.
-Бала дүниеге келе салысымен өзіне есім алады.
-Баланың өз пікірін еркін білдіруге қақысы бар екенін.
-Егер бала тәртіп бұзса, оларды айуандық қинау түрлеріне жол берілмейді.
Мұғалім:Сендер сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
Қазақстан Республикасының азаматтарының
міндеттерін анықтаңыз
Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып қана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінен мысалдарын келтіріңдер.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:
1. Заңдарға бағыну.
2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.
3. Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу.
4. Қаржы, салықтарды төлеу.
5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау.
6. Табиғатты және табиғи байлықтарды сақтау.
7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, балалардың ата – ана алдындағы міндеттерін орындау.
8. Орта мектеп білімін алу.
9. Қазақстан Республикасын қорғау.
« Тәртіп орнат »
1.Құқық а – Еліміздің негізгі заңы.
2.Конституция ә – Мемлекет басшысы
3.Президент б - Тәуелсіздік
4.Егемендік г – Заңдар жүйесі
Міне, Құрметті оқушылар! Тұжырымдама сендердің жан – жақты қамқорлықта болуларыңды қорғауды мақсат тұтқан екен, ал баланың білім алуы туралы – олардың жеке басының дамуы, ақыл – ойы, таланты өсуі қажет деп көрсетеді.
Тұра берші, мәңгі жасыл өмір бағым жайқалып,
Бөбектердің күлкісінен тәттілігің байқалып.
Түлеп күнде өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар,
Кетпесін тек тыныштығы шайқалып!
(Күлән Абзолда. «Өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар»).
Мұғалім: Балалар, бүгінгі бір сабақта алған білімдерің керекке жарайды ғой деп ойлаймын.
Тәрбие сағаты «Мәдени этикет. Телефонмен сөйлесу, сәлемдесу, достық жылы қарым-қатынас тілі»
Мақсаты: Әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік,инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту,қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуге,ізгілікке,мәдениеттілікке,үлкенді сыйлауға,кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Міндеттері:Білімділік: Адам өміріндегі қарым - қатынастың мәні туралы алғашқы түсінікті. беру; Дамытушылық: Оқушыларға қарым - қатынасты үйрете отырып, көңіл күйін басқара білуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушылардың жағымды қарым - қатынасын дамыта отырып, ізгілікке тәрбиелеу.Сабақтың типі: Жаңа сабақСабақтың түрі: Ашық сабақКөрнекілігі: Әдептілік туралы жазылған қанатты сөздер.
1.Ата-баба дәстүрі- әдептілік негізі. 2.Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді. 3.Әдепсіз өскен адамнанТәртіппен өскен тал жақсы. 4.Тәрбиесіз бала білім ұғар ма,Олай болса уысыңнан шығарма.Қатты тәртіп көрсе бала күніндеӨнерімен қуантады түбінде. 5.Адамның нағыз байлығы затта емес ақыл парасатта, рухани қазынада( В.Сухомлинский)
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. 2.Негізгі бөлім: А) Әдептілік-тәрбие бастауы. Ә)Құпия хаттармен жұмыс (өз ойларын ортаға салу) В) Әдептілік ,сыпайлық туралы мақал-мәтелдер 3.Өлең шумақтарынан үзінді оқу(әдептілік, сыпайылық туралы өлеңдер) 4.Қорытынды. (Әдептілік )Қайырлы күн құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің «Әдептілік - тәрбие бастауы» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер. Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ. Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс-қимылы, жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстай білуі оның әдептілігі, мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады.Үш бөлімнен тұрады, оның іші толған әдептілік, мәдениеттілік жайлы сұрақтар, құпия хаттардан тұрады. 1-Бөлім: «Әдептілік-тәрбие бастауы» Тақырыптар: 1.Сәлем-әдептіліктің белгісі. 2.Қоғамдағы көліктегі әдептілік. 3.Дастархан басындағы мәдениет. 4.Мәдени-көпшілік орындардағы әдептіліктің ережелері.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің
ең бірінші айрықша белгісі теңгемен
тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын
жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін
дамыту. Туған жеріне , отанына сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрекілігі: Алғашқы теңгелердің үлгілері, «Теңге –
мемлекет келбеті», жаңа сөздер.
Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту.
Теңгемен .
Ендеше тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Теңге – мемлекет келбеті».
«Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар:( теңге, тиын,
ақша, валюта, қаржы,капитал).
Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.
Теңге тарихын айтып
бермейік.
Теңге тарихы
- Мемлекетіміздің елбасы – Н.Ә. Назарбаев.
- Қазақстан Республикасның тұңғыш Президенті болып қай жылы
сайланды?
- 1991жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасчының
тұңғыш Президенті болып
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
- Президент Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттарын белгілеп отырды.
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері,
яғни белгілері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран
жататының Сіздерге белгілі.
- Мемлекетіміздің Әұранның авторы кімдер?
- Мемлекетіміздің Туының авторы кім?
- Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер ?
(Оқушылар жауабын тыңдалады).
Жүргізуші: Қазақстан Республикасы - егеменді ,
тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өзі Ата Заңы ,
мемлекеттік рәміздер, ұлттық валютасы бар.Ал енді оқушылар
теңге туралы не біледі екен?
1 – Оқушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші
айрықша белгісі - ұлттық валюта.Ол – Қазақстан
Песпубликасы көлемінде пайдаланылатыгн заңды төлем
құралы. Ақша – асылд қазына , халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда
теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы
шеберханаларда жасалған.
Жүргізуші: Теңге өмңірге
оңайлықпен келген жоқ.
Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге тапсырма
берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы
керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында
ерте кезеңде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде
қандай деректер бары іздстірілді.
2 –Оқушы:Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға
байланысты жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер
жасалып , ішіндегі « мықтылары »Елбасының таңдауына
берілді. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес
ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы
жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат
8:00-ден бастап енгізіліп , елдің қолына
тиіп , ел мәре – сәре болысты. Өйткені төл
теңгеміз тәуелсіздігіміздің бастыюелгісі
еді.
Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 19жыл толып отыр.
Қазақ теңгесі Англияда басылдыы.
Жүргізуші: Теңгенің 16 – ға жуық құпия қорғанысы
белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайның
жасаушы авторлық топтың жетекшісі
Тимур Сүлейменов болды. Төл теңгеміз
тек өз еліміздің экономикасын ғана емес,
көрші жатқан елдің экономикасына да үлесін
қосты. Одан түскен пайда елге оралып
экономикамыздың дамуына , халықтың тұрмысын
жақсартуға жұмсалуда.
Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың
белгісі . Басқаның валютасына тәуелді
болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне
беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік
деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі.
Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді.
ҚР 1995 жылғы 30наурызда №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық
банкі 2006жылғы үлгідегі номиналы 200, 500,
1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары
айналысқа шықты.
Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында
айырмашылықтар бар.Енді теңге туралы әңгімелейік.
Алдыңғы шыққан Ұлттық теңгеміздің шеттері
қазақтың ою – өрнектермен безендірілген.
Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы
тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою
- өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз
салынған. Одан кейін жаңа айналысқа шыққан
ақша мынадай болып өзгерді.(қазіргі қолданыстағы
теңгелер көрсетіледі.
Теңгенің орталық бөлігінде « Астана – Байтерек»
монументі бейнеленген . Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті
ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік елтаңбсы жасыл түспен
бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан
Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген.Банкноттың
төменгі жағында ашық алақан
бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін
білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының
контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және
коммуникация министрлігінің үйі және Астанда
Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты
барыстың суреті салынған.
Жүргізуші: «Тиыннан теңге
құралады» , - демекші , ақшаны үнемді
пайдалану керек.Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның
арасында қандай айырмашылықтар бар?
(Оқушылардан сұрап жауаптарын толықтыру)
Кім тез ұғып алды екен « Сиқырлы сандықша» ойынын
ойнап көрейік.
-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
-Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар кімдер?
-Ақша қандай қызмет атқарады?
-Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі
қандай?
-Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған ?
-Теңгенің неше құпия қорғанысы
бар?
-Қайдан несие алуға болады?
-Ақшаны қайда жинауға болады?
-Ұлттық валюта дегеніміз не?
-Теңге немен безендіріледі?
-Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған?
-Қазақ теңгесі қайда басылды ?
-Сен ақшаны орынды жұмсай аласың ба?
Сабақты қортындылау:
Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді,
болашақта білімді, саналы азамат
болып өсуімізге борлық жағдай жасалуда.
Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып
еліміздің ертеңі жарқын болуына
сіздер де ертең еңбек етесіңдер, соған
лайықты ұлан болып өсіңіздер! Сіздерге
қатысқандарыңыз үшін
рахмет.
Тақырыбы:Күн тәртібі
Мақсаты: Оқушыларға күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, өз уақыттарын дұрыс пайдалануға үйрету. Гигиеналық ережелер мен мінез-құлық мәдениетінен білім беру.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер.
«Дем алғың келсе, уақытыңды рәсуә етпе»В.Франклин
«Режим мен еңбек – денсаулық кепілі»И.П.Павлов
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Жаңа сабақ
Күн тәртібі – іс-әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба, бүгін сол туралы әңгімелесеміз.
-
Балалар, бізге Кірқоймастан хат келіпті. Не жазғананын білгілерің келе ме әлде үзіліс кезінде оқимыз ба?
-
Қазір оқығымыз келеді.
-
«Мен достарыммен бірге «Тазалықтың достары» қоғамын құрдық. Сабын, тіс пастасы мен шеткасы, тарағы бар және күнделікті тазалықты сақтайтын балалар сол қоғамға мүше бола алады. Егер сендер сынақтан өте алсаңдар, онда мен сендерді өз қоғамыма қабылдаймын» — деп жазыпты.
Балалар.Мектепке барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен.
«Қайрлы таң!»-деймін мен.
Күндіз де елді елеймін.
«Қайрлы күн!»-тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білмеймін.
«Кеш жарық!»- деп кіремін.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
(Сыныпқа оқушы кіреді)
-
Сәлеметсіздер ме, өтіп бара жатып Кірқоймастың қоғамы туралы естіп қалдым, менің де қоғамға мүше болғым келеді.
Мұғалім: — Балалар, оған мүмкіндік береміз бе? (Иә, өзін сынап көрсін). – Жарайды сыныпқа кір. Сонымен сұрақты оқимын, дайынсыңдар ма?
-
Сендер таңертең ұйқыдан тұрдыңдар, ары қарай не істейсіңдер?
Балалар. Төсек орнымызды жинап, киініп, таңертеңгі асымызды ішеміз.
Оқушы. Жуынып, жаттығу жасау керек.
Мұғалім. Алдымен не істеу керек?
Балалар. Жуыну керек.
Оқушы. Жоқ, жаттығу жасап, киініп, мектепке жүгіру керек.
Балалар. Міндетті түрде жуыну керек, киініп алып жуынуға болмайды, киімімізді сулап алуымыз мүмкін.
Мұғалім. Балалар, сендердің араларыңда кейде жуынуды ұмытып кететіндерің бар ма?
-
Жоқ.
-
Ал жуынғанда тек бет әлпеттеріңді ғана жуасыңдар ма?
-
Жуынғанда тері таза болу үшін беті-қолды, құлақ пен мойынды жуу керек.
-
Дұрыс айтасыңдар. Біздің қонағымызға қалайжуыну керк екендігін таға бір рет қайталап беріңдер.
Оқушы. Тісті не үшін тазалаймыз?
— Тамақтанғаннан соң тісте тамақтың қалдықтары қалады, міне солар тісті бүлдіреді, дұрыс күтім болмаса тіс жылдам зақымданады. Әр тамақтанған сайын тісті шайып, таңертең және кешке тісті тіс пастасымен сазалау керек.
Мұғалім. Мұны есте мықтап сақтаңдар. Егер осы талапты орындасаңдар Кірқоймасың қоғамына мүше бола аласыңдар. Жуынып болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Жатығу жасаймыз.
Мұғалім. Барлықтарың жаттығу жасайсыңдар ма? – Иә. Қандай жаттығу жасайсыңдар, жаймен орындарыңнан тұрып көрсетіңдер.
-
Физкультүзіліс.
Мұғалім. – Жарайсыңдар, балалар. Шамалы дем алдық, енді тақырыпты талдауды жалғастырайық. Жаттығу жасап болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Төсек-орынды жинап, киініп, таңертеңгі асты ішеміз.
Оқушы. Тамақтанамын анам төсекті жинайды.
Балалар. Жоқ, біз алдымен киінеміз, содан соң төсек жинаймыз.
Мұғалім. Төсек-орынды жинауды бәріміз білеміз бе? Міндетті түрде үйреніңдер.
Оқушы. Қоғамға мүше болу үшін оны да білу керек пе?
Мұғалім. Әрине, біздің қонағымызға ары қарай не істеу керек екендігін түсіндіріңдер.
Балалар. Енді тамақтанамыз.
Мұғалім. Балалар, қалай ойлайсыңдар, өз білетіңдеріңді қонағымызға үйрете аламыз ба? – Білмейміз, мүмкін үйрете алармыз.
Оқушы. Мен бәрін білемін.
Мұғалім. Тоқтаңдар, сонымен не қалды?
Балалар. Түскі ас пен кешкі ас.
-
Балалар, әңгімемізді ары қарай жалғастыру үшін таңертеңгі міндеттерді қайтадан қайталаңдар.
Оқушы. Мектептен кейін не істейміз, қыдырамыз ба?
Балалар. Жоқ, алдымен түскі асты ішу керек, содан соң қыдырсаң болады.
Оқушы. Яғни, сабаққа дайындалудың керегі жоқ қой.
Балалар. Серуендеп келген соң, сабаққа дайындаласың.
Оқушы. Қайтадан қайталап беріңдерші.
Мұғалім. –Дұрыс айтасыңдар, сендердің барлығың «Тазалық қоғамына» мүше бола аласыңдар. Ал сабаққа дайындалып болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Кешкі асты ішеміз. Одн кейін бос уақытта әркім өзінің қалаған ісімен айналысады.
Оқушы. Содан соң ұйықтаймыз.
Балалар. Иә, тек ұйықтар алдында жуынып, тісті тазалауды ұмытпау керек.
Мұғалім. Қонағымыз бәрін есіңе сақтадың ба? – Иә.
-
Балалар, қонағымызға көмектескендеріңе рахмет. Бір мезгілде ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалуды, жатуды да есте сақтаңдар. Соған әдеттеніңдер. Егер кез келген уақытта ұйықтап, тұратын болсаңдар, ұйқыларың қанбайды немесе көп ұйықтайсыңдар. Осыдан өздеріңді нашар сезінесіңдер, жылдам шаршайсыңдар. Шаршаған адам ақпаратты нашар қабылдайды, содан соң сабаққа үлгерімдерің нашарлайды, жаңа тақырыпты игеру қиынға тұседі. Сондықтан мезгілімен ұйықтап, уақытымен ұйқыдан оянып, күн тәртібін сақтасаңдар өздеріңді сергек сезінесіңдер. Бір мезгілде тамақтану не үшін керек екенін білесіңдер ме?
-
Ауырмау үшін.
-
Дұрыс айтасыңдар. Кез келген уақытта тамақтансаңдар асқазандарың ауыртасыңдар, тек асқазан ауырып қана қоймайды өздеріңді де мазаларың кетеді. Бір мезгілде тамақтанып, асқазанды соған үйретсеңдер, «Ас тұрған жерде дерт тұрмайды» деген нақыл сөздің шындығына көз жеткізесіңдер.
Мұғалім;Балалар енді ойын ойнап жіберейік;
1.Мақал-мәтел құрастыру.
2.Денсаулыққа пайдалы емес заттарды табу.
3.Күн тәртібін құрастыру.
-
Сабақты бекіту.
Мұғалім. Ал енді Кірқоймастың тпсырмасын оқимын. Сендер сөйлемді аяқтауларың керек. Сонымен,
Тісті ………………. (күніне екі рет жуу керек)
Үнемі …………… жуу керек. (үнемі беті-қолды, құлақ пен мойынды, таңертең ұйқыдан тұрған соң, әжетханаға кіріп шыққан соң жуу керек)
Жуылмаған ……… жемеу керек (жеміс-жидек, көкөністі)
Тамақтанып отырғанда ( сөйлеспеу) керек.
Бір мезгілде .. (ұйықтап, ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалып, серуендеу керек)
1 Кун-мол шаттық түсінем
Күнмен өстіп көрісем
Содан соң үй-ішімен
Шаттығымды бөлісем.
2 Қолды шайып мен енді
Жарты шыны су ішем
Шынықтырып денемді
Жаттығуға кірісем.
3 Тасытқан соң кушімді
Шынығуды бітіріп
Тазалаймын тісімді
Жуынамын кутініп.
4 Жылықпаймын сабақтан
Оқимын да жазамын
Білім нәрін таратқан
Ұстазда ылғи-назарым
5Мұның бәрі-
Мен білсем,
Жаттығудың арқасы.
«Бақыттымын» деп жүрсен-
Алтын күннің арқасы.
-
Бұл Кірқоймастың ережелері. Осы ережені әр қайсысың естеріңе сақтаңдар, уақыттарыңды дұрыс ұйымдастырыңдар, сонда сендер барлық іске үлгересіңдер.
-
Тәрбие сағаты осымен аяқталды. Сау болыңдар.
Сабақтың тақырыбы: «Тұрмыстық және көше қауіпсіздігі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай суреттер, мақал - мәтел
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, балалар? Отырыңыздар. Көңіл - күйлеріңіз қалай? Жақсы, сіздерге бүгігі тәрбие сағатынан мен беремін. Менің аты-жөнім Сагадатова Ажар Саяхатқызы мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Олай болса, осындай жақсы көңіл - күймен сабағымызды бастайық.
2. Психологиялық дайындық:
Күліп шықты күн бүгін,
Қуанайық достарым.
Қуанайын мен де,
Қуана ғой сен де.
Арайлап атқан күнге!
3. Жаңа сабақ
Жол заңы дұрыс жүріп абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулері машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Неге деп ойлайсыздар? Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші. Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол) Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді) қане, балалар бәріміз бірге айтайық:
Қызыл – тоқта!
Сары – сақтан!
Жасыл – жол ашық!
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап калма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Сергіту сәті:
Қызыл көзін жағады. (қозғалмай
тұру)
Сары көзін жағады. (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады. (бір орында
тұрып жүру.)
Жұмбақтар:
1.Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
Дәптермен жұмыс:
Түсініктері бойынша бүгінгі сабақты қорытындылау
Бағдаршамның үстері қалай орналасақан?
1)Қызыл
2)Сары
3)Жасыл
Қорытынды:
Бағдаршам – өмірізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп тілін алу баршамыздаң міндетіміз.
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Қандай тақырыппен таныстық?
-Жол ережесін кім айтып береді?
-Бағдаршам жоқ жерлермен қалай өтеміз?
Сабағымыз аяқталды сау болыңдар балалар!
Сабақтың тақырыбы: «Мәңгі қазақ жері - ұлы дала елі»
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Балалардың туған жер, туған ел туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін арттыру;
-
Дамытушылық: Баланың бойына адамгершілік, кішіпейілділік, адами қасиеттерді дамыту;
-
Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, әдемілікке, сыпайылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттері, бейнетаспа.
Сабақтың барысы: Әнұран
Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатынан мен Жолдасбай Ару Бауыржанқызы беремін. Бүгінгі сабағымыз жоғары деңгейде өтеді деген сеніммен келіп отырмын. Бүгінгі сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймын. Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма? Сынып оқушылары түгел ме? Көңіл күйлеріңіз қалай? (Оқушылардың зейінін жинақтау, түгелдеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру)
Психологиялық
дайындық:
- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей,
қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша
сәлемдеседі, содан соң мына өлең жолдарын қайталайды)
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.
Шаттамын мен де!
Шаттанасын де!
Шаттанамыз бәріміз!
Арайлап атқан күнге!
Бәрімізге сәттілік серік болсын!
Жаңа сабақ:
- Сабаққа кіріспе (сұрақтарға жауап беру). «Ой қозғау».
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?
3.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?
4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?
5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?
6.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту-Шәкен Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.
7. Қазақстан қандай табысты елдермен ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс жасауды? Қытай, Малайзия, Түркия елдерімен.
-Жарайсыңдар. Жауаптарыңа рахмет балалар. Біз сонымен бүгінгі тақырыпта осы туған жеріміз жайлы сөз қозғамақпыз. Олай болса, қанекей, балалар тарихымызға көз жүргіртіп өтейік. Ол үшін «Жылдар сөйлейді» ойынын ойнайық (ортаға 5 бала шығарады, әрқайсысының қолына 1991 ж, 1992ж, 1995ж , 1997ж , 1989 жылдары жазылған парақатарды таратылады, ал отырған балалар сол жылдарда не болғанын тауып айтуы керек)
«Жылдар сөйлейді»
1. 1991 жыл – Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды.
2. 1992 жыл – Мемлекеттік рәміздерді белгіледік.
3. 1995 жыл – Ата Заңымыз қабылданды.
4. 1997 жыл – Жаңа әнұранның қабылданған жылы.
5. 1989 жыл – Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған жылы.
-Жарайсыңдар, балалар сенден барлығын біледі екенсіңдер. Енді, бейнероликке назар аударайық.
Сергіту сәті:
-Жақсы, енді балалар, шаршаған шығарсыңдар.
Тұрып, бір билеп алайық.
Бейнебаян: «Мен қазақпын»
-Жақсы, орындарыңа жайғаса қойыңдар.
Топтық жұмыс:
Қазір біз қатар бойынша үш топқа бөлінеміз. Енді сендерге мынадай тапсырмалар беремін.
1-топ:
«Қазақстан – туған елім!» тақырыбына эссе жазу.
2-топ: мәтіндегі сөйлемдерді аяқтау.
Менің туған жерім .... Қазақстан - көп ұлтты республика. Қазақстанның астанасы – жаңа қала.... Қазақстаннвң тұңғыш Президенті – ... Қазақстанның тәуелсіздігі ... қабылданды. Биыл оған ... жыл толды.
3-топ: Астана қаласының суретін салу.
(балалардың жұмыстарын талдап, 5-6 баланың жұмысын көрме арқылы көрсету)
-Жарайсыңдар, балалар, енді бейнебаянға назар аударып, ондағы әнге қосыла отырайық жарайды ма?
Бейнебаян: «Қазақстан»
Қорытынды:
-Балалар, Мәңгілік Ел болу үшін ертеңгі өскелең ұрпақ ретінде не істеуіміз керек? Өз ойларымызды ортаға саламыз!Өз білетін,дайындап келген өлеңдеріңізді, әндеріміз бен рухты сөздерімізді айтуға рұқсат.
-Мен 21 ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры»
боларына сенемін.
-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
-Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды
болсын!
-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол
ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.
Сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!
Бағалау: әр балаға күлегештер тарату.
Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
«Мәңгі қазақ жері - ұлы дала елі»
Орындаған: Жолдасбай. А.Б
Тәрбие
сағатының тақырыбы: «Қауіпті
ойындар»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: балаларға өмірлеріне қауіпті үшкір, өткір заттардан, электр приборларынан, тұрмыстық химиялық заттардан, дәрілік заттардан сақтану жолдары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндіріп, білімдерін кеңейту. Өрттің алдын алуға балаларды ынталандыру. Білім, білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Спорттық эстафета, көрініс және сұрақ-жауап арқылы қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау.
Сабақтың
түрі: Тәрбие
сағаты.
Сабақтың
көрнекілігі: дәрілік заттар, кір
жуатын заттар, ұшы өткір заттар суреттері, от, майшам, газ
суреттері, слайд.
Сабақтың
барысы:
Балаларды шаттық
шеңберге шақыру.
1. – Балалар, жан - жақтарыңа қараңдаршы, қандай әдемі! Терезеге қараңдаршы, күн алтын сәулелерін шашып тұр. Ендеше қане шеңбер жасап тұра қалып қоршаған ортамен амандасып жіберейік.
– Армысыз, қайырлы күн!
- Армысыз, қайырымды Аспан ата!
- Армысыз, мейірімді жер-ана!
- Армысыз, шұғылалы Алтын-күн!
- Қуанайық, шаттанайық бәріміз!
- Күліп шықты күн бүгін!
- Бәріміз күндей жарқырайық!
- Бәтіміз тату болайық!
- Бәріміз дос болайық!
Балаларды орындарына отырғызу.
2. Ғажайып сәт. Шырпы, майшам, газ.
Мұғалім: Осы суреттерді көре отырып, сіздерге қандай ой келді?
- Шырпы күнделікті өмірде қажет. Шырпы арқылы майшамды,газды т.б. нәрселерді тұтату үшін іске асырады. Шырпыны үлкендердің рұқсатынсыз алмау керек. Себебі, өрт-тілсіз жау. Шырпының адам өмірінде пайдасымен бірге зияны да болады.
3. Слайд көрсету. Өрт сөндірушілер туралы фото материал көрсету, әңгімелеу.
Мұғалім: Әр адам өз отбасын түрлі қауіптен
сақтауға тиіс. Қауіптің түрлері көп. Мысалы: газдан сақтан. Ол тез
тұтанғыш, жарылғыш зат. Тіпті түссіз, көзге көрінбейді. Газ өте
улы. Сондықтан газдан аулақ бол!
Тілін алып
кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып
жүрмін бәрінің.
Ата - ананың
айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік
белгісі деп таныдым.
Міне балалар,
ата - аналардың көмегімен ғана газды пайдалануға
болады.
Слайдтар
көрсетіледі. Балалар үйде тұрмыстық заттарды
аналарымыз қолданады. Тұрмыстық заттарды атайықшы. Нелер жатады?
Ыдыс, кір жуатын ұнтақтар, жуынатын сабындарымыз бен сусабындар т.
б. Слайд көрсетіледі. Балалар тіпті біздің ауырған кезде ішетін
дәрілеріміз шектен тыс қолдансақ, ол өте қауіпті болады. Балалар
денсаулық туралы тақпақтар айтады.
«Сау дене,
азат ақыл, адал көңіл,
Үшеуімен болады бақытты
өмір»- демекші
сергіту жаттығуларын жасасақ.
Сергіту
сәті:
Сағаттың
тіліндей
Иіліп оңға
бір,
Сағаттың
тіліндей
Иіліп солға
бір,
Сағатқа қарап
ап
Жаттығу оңай -
ақ.
Келесі өмірімізге қауіпті нәрсе – электр
құралдары. Үйдегі үлкендердің көмегімен ғана ол құралдарды
пайдалануымызға болады. Балалар осы сақтық шараларын орындамасақ,
тіпті өрт шығу қаупі орын алады. Балаларға бейне - ролик
көрсетіледі. Ал енді жұмбақ
жасырайын.
5.Үйде тұр бір
жұлдыз,
Ол барда түн –
күндіз.
(электр
лампасы)
Енді тақпақтар
тыңдасақ.
Электрсыз,
Шырағым,
Болмай - ақ қой
шүбәлі,
Теледидар,
Үтік те
-
Барлығы істен
шығады.
Тату өскен
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз.
Нанға кетсе
анамыз,
Үйде өзіміз
қаламыз.
Қане кім тапқыр екен? Слайд көрсетіледі.
Артығын тап. Неге?
Ал балалар
бүгінгі сабақтан өздеріңе қандай пайдалы кеңестер
алдыңдар?
Өрт қауіпсіздігі
бойынша тест
Өрт шығып жатқанын көрсен қандай іс-әрекет жасайсын?
А) «101» нөміріне қоңырау соғамын -1
Б) Көмекке шақырамын- 2
В) Ешкімге айтпай, қашып кетемін- 1
Егер бөлменін іші ащы түтін болса ?
А) Есікті жаппай, терезені ашамын -0
Б) Шығып кетемін -0
В) Аузымды және мұрнымды суланған орамалмен жауып, еденге жабыса есікке қарай жылжып шығамын- 3
Электр сымы өртенсе ше?
А) Су құямын -0
Б) Үлкендерді көмекке шақырамын- 3
Үстіңдегі киім өртенсе ше?
А) Жүгірем, үстімдегі киімді шешуге тырысамын – 0
Б) Тоқтаймын, жерге домалаймын өртті сөндіру үшін -3
В) Көрпеге оранамын -2
Егер, тамақ әзірлеген уақытта тападағы май жанса?
А) Суланған орамалды жабамын -3
Б) Су құямын -0
В) Тапаны далаға шығаруға тырысамын -0
Егер, өрт басталған кезде сен 5-ші қабатта болсан не істейсің ,телефон жоқ?
А) Су шүберектермен есіктің тесіктерін бекітіп, терезеден көмекке шақырамын -3
Б) Шүберектерден арқан жасап терезеден төмен түсемін -1
В) Көмекке шақырамын -1
Өте қызық бағдарлама көріп отырғанда, теледидардың артынан түтін шықса, не істеуін керек?
А) Бағдарламаны көремін- 0
Б) Үлкендерді көмекке шақырамын -2
В) Телидидарды сөндіріп, өрт сөндірушілерге хабарлаймын -3
5. Қорытындылау
Баспалдақтан далақтап.
Ұшып- қонып Қалтақбай.
Сырғанап кеп Қанаттан
Қшып түсті қалпақтай.
Келеді әркез сендіргім-
Қауіпсіздік керек бұл:
Шығарда үйден сөндіргін,
Құралдарын электр.
Қауіпсіз деп ойлама,
Отпен оқыс ойнама.
Қорытынды:
-
Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Назарларына рахмет!
Сабақтың тақырыбы: «Біздің Отанымыздың белгілі ұлдары»
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушыларға еліміздің спортшылары туралы түсінік беріп, олардың білімін жан-жақты кеңейту.
-
Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге, оқушылардың патриоттық, эстетикалық, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ҚР-ң әнұраны, тақырыпқа сай спортшылардың суреттері, бейнетаспа, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
Әнұран
1.Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатынан мен, Тұрдымұрат Қарлығаш беремін. Бүгінгі сабағымыз жоғары деңгейде өтеді деген сеніммен келіп отырмын. Бүгінгі сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймын. Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма? Сынып оқушылары түгел ме? Көңіл күйлеріңіз қалай? (Оқушылардың зейінін жинақтау, түгелдеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру)
Психологиялық
дайындық
- Балалар, қанекей барлығымыз орнымыздан тұрып,
мен айтқан өлең шумақтарымды қайталайық, жарайды ма? ( Бәрі
осылайша мына өлең жолдарын қайталайды)
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз
Жаңа сабақ
- Балалар, Қазақстанның қандай спортшыларын білесіңдер? Олимпиада Қазақстанның туын биікке көтеріп, алтын-күміс және қола медальдарға ие болғандарды білесіңдер?
-Жарайсыңдар, балалар сендер бәрін біледі екенсіңдер. Ал, енді мені мұқият тыңдаңдар жарай ма? Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, еліміздісүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Солай емес пе?
-Жақсы, енді балалар айта қойыңдаршы:
- Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?
- Қазақстанда спорттың қай түрі дамыған?
- Осы өзіміздің өңірдегі, жалпы Қарағанды облысының спортшылары кімдер екенін білесіңдер ме? Олай болса, мені мұқият тыңдаңдар. Қарағанды облысының спортшылар қатарында: Серік Сәпиев, Серік Елеуов, Азамат Белгібаев, Бауыржан Қуанышбаев сынды спортшыларымыз бар екен.
-
Азамат Белгібаев – Қарағанды облсынан шыққан боксшы. Бірталай жеңістерге жеткен.
-
Серік Сәпиев – боксшы. Ол бірнеше жеңістерге жеткен. Қазақстанның спортының дамуына біршама үлес қосты. «Олимпиада ойындарында» алтын меддальға иеленді.
-
Серік Елеуов – бұл жігіт те боксшы. «Олимпиада ойындарында» қола медалін иеленді.
-
Тоғызқұмалақтан Бішкек қаласында өткен Азия Кубогында Лина Каримова 1 орынды иеленсе, МММ-ден Бурабайда өткен «Көшпенділер шайқасы» жарысында Бауыржан Қуанышбаевтың бағы жанды (суретін көрсету)
-Ал, енді бейнетаспаға назар аударайық.
Бейнетаспа:
-Не түсіндік?
-Кім жайлы айтылыпты?
Шығармашылық жұмыс
-Балалар, енді сендерге мынадай тапсырма: Әр бала «Отанымның патриотымын» деген тақырыпқа эссе жазу керек, жарай ма? (оқушыларға 5 мин уақыт беріледі. Жұмыстарды 5-6 балаға оқытып, қорытындылайды)
Сергіту сәті:
-Балалар, шаршаған боларсыңдар? Қанекей орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық. (іс-қимылдарды қайталау)
Бейнетаспа:
Тақтамен жұмыс: «Мақал-мәтелдерді жалғастыр»
-
Отанды сүю-... (отбасыдан басталады)
-
Отансыз адам,
Ормансыз ... тең. (бұлбұлмен)
-
Отан – елдің анасы,
Ел - ... анасы. (елдің)
-
Отан үшін отқа түс күймейсің.... (арың үшін алыссаң, өлмейсің)
-
Отан үшін күрес ... (елге тиген үлес)
Қорытындылау
- Балалар, біз бүгін Қарағанды облысының спортшыларымен таныстық,
иә? Олар кімдер екен? Жақсы, енді бізде болашақта осы кісілердей
спортшы болмасақ та, еліміз үшін қызмет ететін, Отанымызды
құрметтеп, сыйлайтын ер-азамат болып өсуіміз
керек.
Сабағымыз осымен аяқталды, сау болыңдар!
Бағалау: әр балаға смайликтер тарату.
1 желтоқсан - «Тұңғыш Президент күні»
Сабақтың мақсаты:
· 1 желтоқсан - «Тұңғыш Президент күні» мерекесін сезіне отырып, елімізде жас ұрпаққа білім беру саласында жасалып жатқан игі істер туралы мағлұмат беру;
· Республикамыздың дамуы, ондағы халықтар достығы, елбасымыз
Н. Ә. Назарбаевтың өз елінің өркендеуіне байланысты жүргізіп отырған саясатымен таныстыру; ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің және тәуелсізділіктің құндылықтарын жеткізу;
· Ел рәміздерін қастерлеуге, заман талабына сай жан-жақты, білімді, жігерлі және Отанын, туған жерін, халқын сүйетін тұлға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: тақырыптық буклет, ел рәміздері, слайдтар.
Сабақтың барысы
І . Ұйымдастыру бөлімі.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Республикамызда тыныш өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен дос, бауыр. Сондай – ақ, жас ұрпақтың жақсы, терең білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті іс-қимыл, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Еліміздің ертеңі, болашағы – сендерсіңдер.Сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық!
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
1960 -
1969 жылға дейін Қарағанды металлургия
комбинатында жұмыс істеді.
1969 –
1973 жылға дейін Қарағанды облысы, Теміртау
қаласында партия, комсомол жұмыстарында.
1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия
комбинатының партия комитетінің хатшысы.
1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия
комитетінің хатшысы, екінші хатшысы.
1979-1984 жылдары - Қазақстан Орталық партия
Комитетінің хатшысы.
1984-1989 жылдары - Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің
төрағасы.
1989-1991 жылдарда – Қазақстан Компартиясы Орталық
комитетінің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің
төрағасы қызметтерін атқарды.
1990 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Президенті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы
Өткен жылы тәуелсіздіктің 20 жылдығында еліміздің қол жеткізген жетістіктері жан-жақты саралана келіп, 1-желтоқсанды тұңғыш Президент күні ретінде атап өту туралы ойда айтылған-ды. Осы бастаманы үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары қолдап, әрі ұсыныстарымен «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» ретінде жаңа мемлекеттік мейрам болып бекіді.
2. «Миға шабуыл» (блиц-сауал)
1. Қазақстан халқының мемлекеттік тілі?
/қазақ тілі/
2.Қазақстан Республикасының рәміздері:
/елтаңба, ту, әнұран/
3.Қазақстан халқының ұлттық валютасы:
/ теңге/
4.Қазақстанның бас қаласы:
/Астана/
5.Әнұран қалай айтылады?
/қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады/
6.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
/Есіл/
7.Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі?
/ту/
8.Әнұранның авторлары:
/ Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев/
9.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
/Т. Әубәкіров/
ІІ. Негізгі кезең.
1. Ссөзжұмбақ шешу (рәміздерге шолу)
1) 1830 жылы орыс әскері бірінші қай өзеннің бойына тоқтады?
2) Мемлекеттік мереке және қандай мереке бар?
3) 1997 жылға дейін Астана қаласы қалай аталды?
4) Семей және Өскемен қалаларынан ағып өтетін өзен.
5) Ұлттық мереке
6) Н.Ә.Назарбаев кім?
7) Қазақстан неше елмен шектеседі?
8) Музыкалық аспап.
-Жақсы, балалар, қандай сөз шықты?
-Рәміздерге не жатады?
-Қазақстан Республикасы президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы жарлығымен мемлекеттік символдар бекітілді:
· Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Туы,
· Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Елтаңбасы,
· Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Әнұраны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заңды күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заңды күшi бар Жарлығымен (24.01.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту- көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ӘНҰРАНЫ
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші
Қалдаяқов
2. «Астана жайлы ой қозғау»
3. «АТА ЗАҢЫМ - ЕЛДІГІМ»
• Қазақстан тәуелсіздігін нығайту үшін ең алдымен Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін анықтап, бекіту қажет еді. Әр мемлекеттің қалыпты өмір сүріп, тұрақты дамуы үшін өз заңдары болады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Президенттің төрағалығымен Ата Заңды дайындау мақсатында арнайы комиссия құрылды.
• 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлімнен, 21 тараудан тұрды.
• 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық рефердум нәтижесінде Қазақстанның жаңа екінші Конституциясы қабылданды. 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.
• Қазақстанның Ата Заңында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның құқықтары мен бостандықтары делінген.
ІІІ. Қорытынды:
Тренинг: «Ақ тілектер»
-Менің еліме деген тілегім қандай болмақ?
-Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына қосылсын!
-Балалар бақытты болсын!
-Еліміз тыныш болсын!
-Экономикасы дамыған ел болсын!
-Балалар білімді болсын, мәдениетті болсын!
16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
Оқушы:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел, «Туған ел» суреті
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Оқушы: Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Оқушы: Бостандық құтты болсынерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Ән «Отаным — Қазақстан»
Оқушы: Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы, білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.
Оқушы: Халқымның мақтанышы — алып тұлға. «Бәйтерек» суреті
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
Оқушы: Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.
Оқушы: Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Оқушы: Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
Хор «Елім менің» Сөзі: Н. Назарбаев Әні: Б.Тілеуханов
«Астанаға саяхат» суреттер көрсетіледі.
Оқушы: Көз қуанып күн сайын көркеміне,
Көңіліміз сенеді ертеңіне «Астана» суреті
Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
Таңым ғана лайық ел төріне.
Оқушы: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейиіз,
Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.
Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?
Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап.
Оқушы: Отаным – Қазақстан туған жерім,
Мұнай мен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім.
Оқушы: Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай.
Оқушы: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республи- касының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір азаматтың міндеті.
Оқушы: Бұлт баспасын күнімді «Ту» суреті
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті борышым.
Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астын- да қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі- не нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою — өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Оқушы: Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Оқушы: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен
Оқушы: Бабам тұлпар жаратты «Елтаңба» суреті
Құлынын да танып ақ
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмасын шаңырақ.
Оқушы: Тәуелсіздік көркі ол да,
Өрке ниет өрінде
Нұр төгеді Елтаңба
Ақ Орданың төрінде.
Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Ота- нымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұл- пардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мін- ген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылық- ты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.
Оқущы: Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға
Жасы тұрмақ, шығады екен қарьты аңға
Қалай оның елтаңбасы болмайды
Түлегіне дейін салса ен – таңба?!
Оқушы: Енді бүгін өлген Туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Оқушы: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған,- деп — Әнұран?!
Оқушы: Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы — Әнұран. Әнұран мемлекеттік салта- натты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Хор «Әнұран» Бәріміз әнұранды айтып берейік.
Оқушы: Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр…
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Оқушы: Көк аспанда нұлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.
«Сөзжұмбақ» шешу.
Оқушы: Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім
Самғап жүрсек бостандықта, биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.
Хор «Қазақстан»
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген