Сабақтың барысы:
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
§35. Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу.
§35. Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу.
|
Бөлім: |
«Қозғалыс. Биофизика» |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
05.02 |
|
Сыныбы: 8 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі (бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек). Зертханалық жұмыс№10 «Бұлшықет ұлпаларының құрылысын зерттеу» Адам денесінің бұлшықеттерін жіктеу. §35. Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу. |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.1.6.5 - бұлшық ет ұлпасының түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау. 8.1.6.6 адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану. |
|
Сабақтың мақсаты: |
бұлшық ет ұлпасының түрлері мен олардың қызметтерін сипаттайды; адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып таниды; бұлшық ет ұлпасының құрлысын зерттейді; |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 мин
|
І.Ұйымдастыру кезеңі: а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Үй тапсырмасы: «Миға шабуыл» әдісі.
|
Оқушылар ұстазымен амандасады, сұрақтарға жауап береді. |
ҚБ мадақтау |
Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жаңа сабаққа кіріспе 2 мин |
«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.
|
Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады; |
|
презентация
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 10 мин
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. «Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.
1. Суретке қарап бұлшық ет құрлысын сипаттаңдар; 2. Шандыр мен сіңір арасындағы байланысты анықтаңдар. Олардың қызметін сипаттаңдар. 3. Бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық еттерді салыстыру. 4. Бұлшық еттер бүгуді және жазуды қамтамасыз ете ала ма? Мысалдар келтіріп, дәлелдеу. |
Дескриптор: -бұлшық ет құрлысын сипаттайды – 1 балл; -шандыр мен сіңір арасындағы байланысты анықтайды және қызметін сипаттайды – 1 балл; -біріңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық еттерді салыстырады– 1 балл; -бұлшық еттер бүгуді және жазуды қамтамасыз етуіне мысалдар келтіреді – 1 балл;
|
ҚБ мадақтау |
Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 5 мин
|
Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау тапсырмасы беріледі. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Қандай бұлшық ет жасушаларын микроскопсыз көруге болады? Анықтама беріңдер. 2.Адам ағзасында қанша бұлшық ет бар екенін атаңдар. 3.”Миоцит, бұлшық ет талшығы, бірыңғай салалы бұлшық ет, көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы” деген түсініктерді қалай салыстыруға болады? |
Дескриптор: -берілген сұрақтарға жауап береді және тапсырмаларды орындайды – 1 балл; |
ҚБ мадақтау |
Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 15 мин |
Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады. №10 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с Бұлшық ет ұлпасының құрылысын зерттеу Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттар арқылы бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының құрылысымен танысу. Құрал-жабдықтар: микроскоп, бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтарының дайын микропрепараттары. Жұмыс барысы 1. Бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының құрылысын қараңдар. Олардың пішіндерін анықтаңдар. 2. Олардан ядроны табыңдар (олар едәуір қара болып боялған). Ядро цитоплазмада мембранаға қатысты қалай орналасқан? 3. Бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының тип тармақтарында цитоплазмасының боялуы қалай ерекшеленеді? 4. Жүрек және қаңқа ұлпасы жасушаларының негізгі айырмашылықтарын табыңдар. Олардың жасушалары бір-біріне қалай бірігіп жатады? 5. Өздерің көрген жасушалардың суретін салыңдар. Оның негізгі бөліктерін көрсетіңдер. 6. Олардың құрылысында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? Қорытынды жасаңдар. Кестені толтырыңдар.
|
Дескриптор: - дайын микропрепараттар арқылы бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының құрылысымен танысады – 2 балл; - бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының құрылысын зерттейді – 2 балл; -қорытындысын жазады – 1 балл; |
ҚБ мадақтау |
Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 мин |
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. |
Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды. - менің түсінгенім..... - енді мен......аламын. |
Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын! |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз


















