Материалдар / 4 сынып Ашық сабақ " Жанғыш пайдалы қазбалар"

4 сынып Ашық сабақ " Жанғыш пайдалы қазбалар"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне әдіс тәсілдер қажет болып калар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
757
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәннің аты: дүниетану4 сыныпМұғалім: Шу қаласы «№49 негізгі мектебі» КММ Сагымбекова Нурдана Алимтаевна бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың атауыЖанғыш пайдалы қазбалар
МақсатыКүтілетін нәтиже- Пайдалы қазбалардың түрлері мен олардың өндірісте қолданылу аясын меңгерту. Экономикалық, экологиялық білім қалыптастыру.- Мәтінді түсініп оқуға төселдіру. -Оқушыларды өз бетінше ой қорытып сөйлеуге машықтандыру.- Сын тұрғысынан қисынды ойлау білігін дамыту.- Оқушыларда қоршаған ортаны, табиғатты зерделеуге бағытталған іс - әрекет қалыптастыру, табиғат байлықтарын қорғай білуге тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, ізденушілік, проблемалық т. б.Пәнаралық байланыс: география, физика, химияСабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер, кесте, карта
Психологиялық ахуалШахтадан оны қазамыз,Пешке салып жағамыз.Үлкен үйді жылытып,Рахатқа біз батамыз.Бұл не?/Көмір/Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді, санау арқылы топқа бөлу
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тануМұғалімнің түсіндірмесі :Мәтін бойынша тірек сөздерді тақтаға жазу(Мұғалім тақырыптан 7 кілтті сөз таңдап, жаттап алуға 30 секунд уақыт береді)Түрлерітас көмірмұнайгазтеміртұзфосфоритТірек сөздерді дәптерге жатқа жазу ( ООМ енгізу )(Тақта жабылады да, балалар жаттап алған сөздерді 30 секунд көлемінде жазады. Егер 63% оқушы 7-6 сөз жазса, норматив тапсырылды деп есептелінеді)Тексеру(Оқушылар сөздерді жазып болғаннан кейін блок ашылады да, қалып қойған сөздерін толықтырып жазады)Мәтінді оқушылардың өз бетінше оқуы( Оқушылар берілген мәтінді іштей оқып, тірек сөздерді мағынасын ашуға дайындалады. Сонымен бірге мәтінді өте көңіл бөліп оқу керектігі жөнінде нұсқау алады, өйткені мұғалім сын тұрғысынан сұрақ қою кезінде көңілін әрбір детальға аудару керек)Оқу уақыты: 1 бетке – 3 минут, 2 бетке – 6 минутБерілген тірек сөздердің мағынасын ашу ( ООМ енгізу )(Оқушылар тірек сөздер бойынша мәтінді мазмұндауы тиіс. Мұғалім барлық оқушыдан сұрап, оқушылардың отырғызу матрицасына енгізуі керек)1. Пайдалы қазбалардың түрлері өте көп. (Иә)2. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 4 топқа бөлінеді.(Жоқ. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 3 топқа бөлінеді )3. Жанғыш пайдалы қазбаларға темір, мыс, қорғасын жатады.( Жоқ. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай, газ жатады.)4. Тас көмір – өте аз өндірілетін пайдалы қазба. (Жоқ. Тас көмір – ең көп өндірілетін пайдалы қазба)5. Тас көмір тек отын ретінде ғана пайдаланылмайды, одан басқа да көптеген заттар алынады. (Иә.)6. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте аз.(Жоқ. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол)7. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды мен Екібастұзда көмір шахталық әдіспен өндіріледі. (Жоқ. Қарағанды мен Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі)8. Мұнай – қызуы аз отын. (Жоқ. Мұнай – өте қызулы отын).9. Мұнай күл қалдырмай түгел жанып кетеді. (Иә.)10. Көмірді айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алады.( Жоқ. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы, т. б. алынады.11. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде тас көмірдің аса бай кен орындары бар.( Жоқ. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.)12. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында мұнай кездесетін тау жыныстары жатады. (Жоқ. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады.)13. Кенді пайдалы қазбаларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий және т. б. металдар алынады.(Иә.)14. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Батыс Қазақстанда көп шоғырланған.(Жоқ Орталық Қазақстанда көп шоғырланған.)15. Жезқазған және Қоңырат темір кен орны әлемге әйгілі.(Жоқ. Жезқазған және Қоңырат мыс кен орны әлемге әйгілі.)16. Кенді пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады.(Жоқ. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады.)17. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз, т. б. жатады.(Иә)18. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қоры біздің елімізде өте аз.(Жоқ. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қоры біздің елімізде баршылық.)19. Қаратаудағы гранит кен орны қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы қатарды иеленеді.(Жоқ. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы қатарды иеленеді.)20. Фосфоритті ұнтақтап, әктас алынады.(Жоқ. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді.)
Сергіту сәтіТөменде үш қаз ұшады,Үшеуі бұлтты құшады,Өзеннен көрдік екеуін.Айтқын, қаз нешеу екенін?
ҚорытындыТоппен жұмыс:Кенді пайдалы қазбалар :_________________________________

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар:____________________________ Жанғыш пайдалы қазбалар: ________________________________
Үйге тапсырмаМәтінді түсініп оқып, мазмұндау.Жамбыл облысында қандай қазбалар бар?
Бағалау

Топ басшылары бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланысСмайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ