Тақырыбы: Жылқы Сәбит
Мұқанов
Мақсаты:Төрт түліктің бірі жылқының
ерекше қасиеттерімен таныстыру.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, іздену,
түсіндіру, әңгімелеу,
жұптастыру,» «топтастыру»
Сабақтың көрнекілігі: сурет,
слаид, С.Мұқанов портреті Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау: Жарық түнде жайлауда Әбділда
Тәжібаев
Әбділда Тәжібаев қай жылдары
өмір сүрген? Өлеңді мәнерлеп оқу.
ІII. Мақсат қою
кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын
хабарлау.
IҮ. Жаңа сабақты
түсіндіру:
Айтылған сұрақтарға «Қ»
әрпінен басталатын сөздермен жауап
беру
Кімнің ойы
жүйрік?
Жылқының төлі—құлын.
Жылқының сүті—қымыз.
Жылқының пірі—Қамбар ата.
Жылқының етінен жасалатын тағамдар—қазы,қарта.
Жылқының құйрығынан қай аспаптың шегі жасалады?--- қобыз.
Жылқыны қалай шақырады?—құраулап. (жауап берген оқушыларды
бағалау критерий
Топқа
бөлу (топ жетекші сайлау
) 1.Жүйрік 2. Тұлпар
3.Құлагер
-
Топқа бөлу арқылы жаңа
тақырыпты ашу
Сәбит
Мұқанов ( 1900 - 1973) қазақтың аса
көрнекті жазушысы. Ол Солтүстік Қазақстан облысында, Жамбыл
ауданында туған. Қазақтың аса көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері.
Оның «Өмір мектебі»,»Ботакөз»,»Ақ аю»,»Балуан Шолақ» т. б. көптеген
шығармалары бар. Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз
тұтқан.
Сәбит Мұқановтың «Жылқы»
әңгімесін түсіндіру
Жылқы төрт-түліктің бірі.
Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, жоғары
бағалаған .Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар ,өлең жырлар
,ертегілер өте көп.Ежелден қазақ батырларының қанаты. Еліміздің
Елтаңбасында Қос Тұлпар – осы киелі пырақтар. Жылқы ер қанаты деп
тегін айтылмаған.
Әңгімені түсініп, жалғастырып
оқу.
Сөздікпен
жұмыс: Қос – шөп шабу, егін салу, егін
жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы,
тігуі, жығуы оңай баспана.
Топтық
жұмыс: (бағалау парақшасын тарату
)
Тапсырма. 1 Табиғат көрінісін беретін
жолды оқу
2.Жылқының аналық мейірімі
туралы оқы
3 Мақаңның сөзін тауып
оқы
Жылқының пайдасы:Ассоциация
құру
3 топқа 3 түрлі тапсырма
тарату.
Еті: күшті,қуатты,құртаса таза
етіне жеткенде өліп қалады, тамақ, емдік қасиеті
бар.
Қымызы: шипалы, табиғи сусын, емдік
қасиеті бар, өкпе ауруына ем.
Терісі: иісіне жылан жоламайды, түрлі
бұйымдар жасайды (торсақ, саба, қымыз
сапыратын).
Сергіту
сәті
Ү.Топтастыру:
Жылқы жасына қарай қалай
аталатынын тауып, мына үлгі бойынша сәйкестендіру
.
Жауабы: 1
жаста –
құлын, 2
жаста –
тай, 3
жаста –
құнан, 4
жаста –
дөнен, 5
жаста – бесті
(ат).
Топтар бірін-бірі тексеріп,
бағалайды критерий . Барлығы дұрыс
болса жасыл. 4 дұрыс
– сары. 2-3 қана дұрыс болса
- қызыл.
ҮІ. Бағалау
критерий Топ басшысы топ мүшелерін
бағалайды.
ҮІІ.
Рефлексия. Бүгінгі сабақта болған
көңіл-күйді мәреге жеткен бәйге атқа стикерге жауаптарын жазып,
жапсыру .( барлығы түсінікті болса жасыл мен
қызыл)
ҮІІI Үйге
тапсырма: түсініп оқу,
мазмұндау
IХ.
Бағалау
Үй тапсырмасы бойынша
жұппен бағалау парақшасы
Сабақтың
тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Жарық түнде
жайлауда»
р/с
|
Критерий
|
Сипаттамасы
|
Ұпай
саны
|
1.
|
Мәнерлеп
оқу
|
Дауысы күшті, көтеріңкі, айқын
естілді
|
1
|
|
|
Дыбыстың үйлесімін, екпінін,
дауыс ырғағын сақтап айтты
|
2
|
Оқушының
аты-жөні:
|
Барлық ұпай
саны:
|
|
Топтық жұмысты бағалау
парақшасы
р/с
|
Критерий
|
Сипаттамалары
|
Ұпай
саны
|
1.
|
Түсіну
|
Мәтінмен
жұмыс:
1.Табиғат көрінісін
беретін жолдарды тауып
оқыды;
2.Жылқының аналық
мейірімі айтылған тұсты
оқыды;
3.Мақан жылқышының сөзін тауып
оқыды.
|
1
1
1
|
2.
|
Қолдану
|
Жылқының пайдасы
туралы пікіріңді дәлелдеді:
4.Еті
5.Қымызы
6.Тері
|
1
1
1
|
3.
|
Білу
|
7.Жылқы жасына қарай
сәйкестендірді.
|
1
|
Оқушының
аты-жөні:
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Жалпы ұпай
саны
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Топтық
жұмыс
Мәтінмен
жұмыс
Топ жетекшілерінің топты
бағалауы
Рефлексия – сабақты
қорытындылау кезеңі
Т.Аманов атындағы №16 жалпы
орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қағазбаева
Қымбат Рамазанқызының 4 «Ә» сыныбында Сәбит Мұқановтың «Жылқы »
тақырыбында өткізілген ашық сабағына жазылған
рефлексия.
16.03.2017 ж С.Мұқановтың
«Жылқы »әңгімесіне ашық сабақ өткіздім. Сабақты ұйымдастыру
барысында оқушылардың « көңіл күйлерін сабаққа ынталарын, сабаққа
дайындықтарың қалай?» деп сұрадым, оқушылар «керемет», «ғажап»,
«жақсы » деп жауап берді.
Үй тапсырмасын сұрауда өлеңді
мәнерлеп оқу дауыстың күшті көтеріңкі,айқын естілуі,дыбыстың
үйлесімін ,екпінін, дауыс ырғағын сақтап айтуы ескертілді, топта
жұптық жұмысты бағалау парағы ұсынылды. Бағалау парағы сабақ
барысында оқушыларға түсіндірілді. Бағалаудың « үй тапсырмасы»,
«топтық жұмыс», « ассоциация құру», « топтастыру » бөлімдері
бойынша бағаланды.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай , соңында толық 7 ұпай
жинаған оқушы «5» 5-6 ұпай жинаған «4» 3-4 ұпай жинаған оқушы
«3»деген бағамен бағаланды. Жаңа тақырыпты ашу кезеңінде « Кімнің
ойы жүйрік?» Жылқы малына қатысты сұрақтарға «Қ» әрпінен басталатын
сөздер арқылы жауап беру сұралды.Оқушылар белсене жауап
берді.
Топқа бөлу кезеңінде «Жүйрік»
« Тұлпар» « Құлагер» деп үш топқа бөлдім. Топ басшыларын сайлау
үшін отырған орындығына жасыл стикер жасыру арқылы тағайындалды.
Бағалау парағы топ басшысына берілді. Топ атаулары бүгінгі сабақпен
қандай байланысы бар екендігі сұралды. Бұл оқушылырдың ойлау
жүйесін шыңдауға себебін тигізді деп ойлаймын.Жаңа тақырыпты
түсіндірігеннен кейін, оқушылар тізбектеп оқыды. Мәтін бойынша
топқа берілген тапсырманы орындады. Топтағы оқушылар әр тапсырма
сайын жұмыла жұмыс жасады.
Жылқының пайдасы туралы
ассоциация құру кезеңінде оқушылар өз ойларын еркін
жеткізіп,жылқының пайдасы туралы айтып берді. Топтағы жұмыста
оқушылар бір-біріне көмектесіп ,әр топтан бір оқушы шығып
қорғады.Жылқы жасына қарай топтастыу кезеңінде әр топ бірін- бірі
бағалады.
Сабақ соңында топ басшыларының
бағалауын ескере отырып жиынтық баға қойылды. Бұл сабақта жеткен
жетістігім: мақсатыма жеттім, тақырып толығымен талданды, оқушылар
әр түрлі тапсырмалар орындай отырып ойларын
айтты.
Осы сабақта жұппен бағалауы,
топ басшысының бағалауы, топтар бірін-бірі бағалауы,сабақ барысында
оқушылардың қаншалықты деңгейде екенін білуіме үлкен көмегін
тигізді. Тақырып бойынша өз білімдерін толықтырды, өз беттерінше
жұмыс жасауға дағдыланды, бірін-бірі және өзін бақылауға үйренді.
Оқушыларымның жетістіктері мені
қуантты.