Материалдар / 4 сынып қазақ тілі пәнінен ережелер жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

4 сынып қазақ тілі пәнінен ережелер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздары оқушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2020
19650
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Одағай сөздер

Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл-күйін білдіретін сөздерді одағай сөздер дейді.








Одағайға тән негізгі белгілер:

1. Лексикалық мағынасы болмайды;

2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;

3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.


Одағайдың үш түрі бар:

1) көңіл күй одағайлары;

2) жекіру одағайлары;

3) шақыру одағайлары.


1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.


2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.


3. Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім;қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс; ешкіге қатысты шөре-шөре; итке қатысты кә-кә, айтақ-айтақ; мысыққа қатысты пырс, т.б. одағайлар қолданылады.



Қазақ әліпбиі (алфавит)


Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сөзі. Әріп –дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиі арқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған – А.Байтұрсынов.

Қазақ әліпбиі үш рет өзгерді:

1)араб әліпбиі,

2)латын әліпбиі,( Қазақ жазуы араб әліпбиінен 29 әріптен тұратын латын әліпбиіне 1929 жылы көшті. Латын әліпбиіне көшкеннен бастап бас әріппен жазу пайда болды.)

3)орыс әліпбиі (1940 жылы қараша айынан бастап орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі қолданыла бастады.)

Қазақ әліпбиінде 40 әріп және 2 таңба бар.

Әліпбиде әріптің аты аталып, орын реті белгіленеді.








Тіл және сөйлеу

Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тілдің көмегімен адамдар қоршаған орта туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біледі. Олар оқиды, ойланады, өз ойларын ортаға салады, білгенін айтады, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.

Ауызекі тіл және жазбаша тіл

Ауызекі тіл - бірін-бірі көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым-қатынасы, әңгімелесуі.

Жазбаша тіл - адамдардың хабарды жазып беруі.

Дыбыстарды айтамыз және естиміз.

Әріптерді көреміз және жазамыз.







Дыбыс және әріп

Дыбыс



дауысты

у/у

дауыссыз





а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, у;

б, в, г, ғ, д, ж, з, к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ч, ш, щ, ц, л, м, н, ң, р, й, у;



Дауыссыз дыбыс

Дауысты дыбыс

,













Шылау

Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейді. Шылаулар: мен, бен, пен, және, да, де, та, те, ма, ме, ба, бе, па, пе, дейін, шейін, қана, ғана, қой, ғой, үшін, туралы, ақ.








Шылау - толық лексикалық мағынасы жоқ, сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы: үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты бірге, туралы, секілді, т,б.

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:

1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;

2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;

3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;

4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;

5. Шылаулар түрленбейді, яғни көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.


жалғаулық

септеулік

демеулік

Шылау









1.Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

-ша, -ше, -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей,
-дайын,-дейін,-тайын,-тейін,-шама, -шалық, -майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше :


Үстеу мағынасына қарай бөлінеді:

1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді,

2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу.

3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?

Шылау




Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.

Шылаулар -ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? - барамысың? келесің бе? - келемісің? көріп пе ең? - көріппісің?

-ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те. -ғана (қана) тек.

-мыс, -міс. түгіл, тұрсын, тұрмақ. қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті. Және, мен, бен, пен шылаулары сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда қолданылады да, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды. Мысалы, Абай мен Мұхтар және Шәкәрім - қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар.



Сөз дыбыстардан құралады.

Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.





Тіл дыбыстары екіге бөлінеді:

1) дауысты дыбыстар

2)дауыссыз дыбыстар

Дауысты дыбыстар саны - 12

Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у)

Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы жасалады.

Дауысты дыбыс



ё(й-о), ю(й-у), я(й-а)

ә, ө, і, е, и, э, ү

а, о, ы, ұ

Жіңішке

Қосарлы

Жуан








Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді:


Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады.

1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, ұ.



Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл кейін шегінің, тіл үсті дөңестенеді. Мысалы: қозы, лақ, бұзау.


<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!