Материалдар / 5-7 сынып оқушыларды еңбекке баулудың педагогикалық негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5-7 сынып оқушыларды еңбекке баулудың педагогикалық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбекке баулуда оқушылардың халықтық педагогика негіздерін пайдалану мүмкіндіктері бойынша арнайы, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасалды; 5-7 сынып оқушыларын еңбекке педагогикалық негіздері анықталды; оқушыларды еңбекке баулуда жаңа оқыту технологиясын пайдаланудың әдістемелік негіздері айқындалды; оқушылардың жас ерекшеліктерінің психологиялық және педагогикалық мәселелері айқындалды; үйірме сабақтарын ұйымдастыру мазмұны айқындалды; оқытудың әдістері мен формалары анықталды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2018
1088
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

















Тақырыбы: "5-7 сынып оқушыларды еңбекке баулудың педагогикалық негіздері "



















Орындаған: Нусупова Акмарал Кудайбергеновна
№168 Қасыл Қатықбаева атындағы мектеп-гимназия технология пәнінің мұғалімі















Кіріспе

Республикамыз егемендік алып, тәуелсіз ел болғаннан кейін мектептерде, оқу орындарында халқымыздың салт – дәстүрлерін жан-жақты пайдалану кең қанат жайды.

Қазақстан Республикасының жалпы және кәсіптік білім беретін мектептерге арналған тұжырымдамасында: “Мектептің мақсаты жас ұрпақты, жастарды ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға санап, оның ой - өрісінің жан – жақты дамуына жағдай жасау қажет” деп атап көрсетілген.

Еңбек тәрбиесі - қоғамда жасөспірімдер мен жастардың еңбекке адамгершілік қатынастарын қалыптастыратын, белгілі мақсатқа бағытталған процесс. Сонымен еңбек тәрбиесі –жан-жақты тәрбиенің біртұтас бөлігі. Еңбек тәрбиесінің міндеті – жасөспірімдерді еңбек сүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетіне үйрету және оларды еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру.

Сондықтан қазіргі кезде елімізде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен баулудың мәні одан сайын арта түсуде. Шәкірттерді еңбекке тәрбиелеу мен баулу, олардың бүкіл еңбек әрекетінің, ең алдымен оқушылардың жетекші еңбегінің - ғылыми негіздерін игерудің - бірлігі ретінде қарастырылады.

Жасөспірімді еңбек әрекетіне әзірлеу мектеп оқуының барлық жылдарында жүргізіледі, ал мұнан кейін арнаулы орта дәрежелі және жоғарғы оқу орындарында да жалғастырылады.

Кең салалы қоғамдық талаптармен өмір сүретін оқушылар ұжымдарының күнделікті жүйелі еңбек әрекеттері, оқушыларды өнімді еңбекке оларды еңбектегі жігерлілікке дағдыландырудың, еңбек әрекетіне тәрбиелеудің реальды негізі болып саналады.

Қоғамның қазіргі кезеңде мектеп алдына қойып отырған негізгі міндеті - жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін, қасиетін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру. Осы міндетті жүзеге асыруда көптеген іс-шаралардың атқарылып отырғанын көпшілік қауым, әсіресе педагогтар мақұлдайды. Оның айғағы ретінде білім беруде оқу ісін компьютерлендіруі, сондай-ақ оқу мен тәрбие процесінде ақпараттық технологияны игеру мен пайдалануға бет бұрыс жасауы.

Келесі бір тәрбие берудегі оң қадамдардың бірі – тәрбиенің мазмұнын, қағидаларын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастыруы.

Кез келген адамның дамуы іс-әрекетте, санасы сыртқы дүниені қабылдауы мен түсінуінде, қоршаған ортамен және адамдармен қарым-қатынас жасауда жүзеге асырылатыны педагогика ғылымынан педагог қауымға белгілі. Рухани-адамгершілік тәрбие негізі әрбір педагогикалық құбылыстар барысында жүзеге асырылады. Педагогикалық құбылыстың бастылары мектептегі білім берудің негізгі жолы оқытуда (сабақта) қарастырылады. Оқыту тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу ара қатынасында, яғни “субъект-субъект” тәрбиелік қарым-қатынаста жүзеге асады.

Еңбекке баулудағы, бұйымдар дайындауды үйретудегі тағы бір сәт, ол бұйымның түсі мен түрі. Оны мұғалімнің жақсы білуі тиіс. Бұл мәселе бейнелеу сауаттылығын талап етеді. Ұлтымыздың кез келген бұйымынан ұлттық ерекшелік, таным көрінеді.

5-7 сынып оқушыларын еңбекке баулу төмендегідей тәрбиелік функцияны атқарады деп білеміз:

  • дидактикалық тұрғыдан бұйымдарды дайындауға қатысты білімдерді (халықтық, этносқа тән танымдық бейнелеуді, т.б.) оқушылардың игеруін қамтамасыз етеді;

  • практикада технологиялық және эстетикалық тұрғыдан аса шебер-лікпен орындалатын ұлтқа тән іс-әрекеттерді қалыптастырады;

  • қолөнер бұйымдарын дайындау барысы оқушыда тұтастай алғанда жеке тұлғалық сапалық қасиеттерді қалыптастырады.

Еңбек тәрбиесі – жан-жақты тәрбиенің біртұтас бөлігі ретінде жас өспірімдерді еңбек сүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетіне үйрету және олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Еңбек тәрбиесі еңбектің өзімен, яғни еңбек процесі арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.

Еңбек – материалдық және рухани байлықтардың көзі, сонымен бірге, ол адам өмірінің ең бірінші шарты. Еңбек – жеке адамды қалыптастырудың ірге тасы. Бір жағынан ол адамның табиғатқа әсер ету процесін көрсетеді, екінші жағынан, адамдардың өмір құралдарын табудағы өзара әрекеттесу процесі. Адамдардың бірге жүргізетін еңбек процесінде олардың еңбекке көзқарасы қалыптасады.

Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім – тәрбие тұжырымдамасында: “Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан – жақты тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйету, адамзат қоғамындағы бұрын – соңды жасалмаған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу” жақтары қарастырылған. Адамның жеке басының қалыптасып, саналы еңбек ететін азамат болып өсуіне ата – баба мұрасының мол байлықтарын сақтай білу, дәстүріміздің, салтымыздың, қолөнеріміздің жақсы жақтарын бойларына сіңіре отырып өсіру қажеттігінен туындайды. Қоғам байлықтарының барлығы да адам еңбегімен жасалады. Еңбектің зейнеті мен бейнетін басынан өткізген қазақ халқы баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. “Тәбие басы тал бесік” демекші бесіктің өзінің тазалығынан бастап, отбасының өзінде ғалым Ш.Ахметовтың зерттеулерінде көрсетілгеніндей қазақ отбасында тәрбие ісі негізінен сегіз түрлі басты – басты мәселелерді қамтыған. Міне осы халқымыздың тәрбие негіздерін жалпы білім беретін мектептерде болашақ ұрпағымызды ұлттық қолөнерге баулуда оқу – тәрбие процессіне терең енгізе оқыту бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.

















































І. 5-7 сынып оқушыларды еңбекке баулудың педагогикалық негіздері

1.1. 5-7 сынып оқушыларын еңбекке баулуда халықтық педагогика негіздерін пайдалану мүмкіндіктері

Халыққа білім беру жүйесін қайта құру қоғамның дағдарысты жағдайынан туындайтын бірқатар теріс факторлар мен құбылыстарға байланысты. өйткені мектептегі жұмыстың мазмұны, түрлері мен әдістері ұлттық тамырдан қол үзген бір ғана идеологияға бағындырылып келгені белгілі. Мұның өзі мемлекеттіліктің, ұлттық сананың қалыптасуының негізі болып табылатын дәстүрлердің, мәдениет пен тілдің ұмыт бола бастауына алып келді. Бұл процесс айтарлықтай күрделі, әрқилы, көп жағдайда диалектикалық үрдіс болды.

Халықтық педагогиканы, оның идеяларын, ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін, тәрбие құралдарын жас ұрпақты жан-жақты, ең алдымен, эстетикалық тәрбиеге пайдалану шарттарын терең зерттемейінше, бұған жету мүмкін емес.

Педагогика ғылымы халық мұрасын зерттеп, ұлттық өзіндік ерекшеліктерді сақтауға, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді, тарихи әділдікті, мәдениетті, тіл мен дінді қалпына келтіріп, олардағы педагогикалық жағынан барлық прогресшіл нәрсені анықтауға және осының негізінде ғылыми негізделген ұсыныстарды талдап, енгізуге бірқатар жұмыстар атқаруда. Осыған орай педагогика саласында халықтық педагогика немесе этнопедагогика сөз тіркестері кеңінен қолданыс табуда.

Этнопедагогика және халықтық педагогика проблемаларын айқындауда Г.Н.Волковтың, Я.И.Ханбиков, А.Ш.Гашимов, А.Ф.Хинтибидзенің, К.Пирлиевтің, А.Э.Измайловтың еңбектері ерекше ғылыми құндылыққа ие болып отыр.

Халықтық педагогика мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, «нақты өмірдің мәнін, оның даму заңдылықтарын танып-білуге бағытталған өзіндік адам қызметі ретіндегі ғылым болмаған, дәлірек айтқанда, жаңа пайда болған кезде қарқындап дамыды, бірақ педагогика оны арнаулы сала ретіндегі ғылыми біліммен бһөліп алған жоқ». Ол қазіргі кезеңнің өзінде педагогика ғылымының басты проблемаларының бірі болып табылады. Халықтық педагогика идеяларын, аса бай тәжірибесін талай ұрпақ пайдаланып келеді.

Халықтық педагогика мәселелері ХІХ ғ. 50-шы жылдарының екінші жартысынан бастап арнаулы зерттеу нысанасына айналды. Бұған 1924, 1926 жылдары шыққан Б.О.Виноградовтың еңбегі ғана жатпайды.

Б.О.Виноградов өзінің еңбегінде халықтық педагогиканы, жеке адамды белгілі бір бағытта қалыптастыру мақсатында халық қолданған дағдылар мен тәсілдердің жиынтығы ретінде сипаттайды.

Бүгінге дейін жарық көрген ғылыми зерттеулер халықтық педагогиканың түрлі бағыттарын қарастыратын болғандықтан, оларды профессор С.А.Ұзақбаеваның еңбегіне сәйкес былайша жіктейді:

1. Тарихи – этнографикалық аспектіде орындалған халықтық фольклор ескерткіштеріндегі педагогикалық көзқарастарын талдауға арналған зерттеулер. Мұнда халық ертегілері, мақал-мәтелдер, эпостар арқылы тәрбие беру идеялары қарастырылып, жеткіншек ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесін беру туралы халық мұраттары мен түсініктері ашылған.

2. Халықтың педагогикалық тәжірибесін оның тәрбие дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары негізінде қазіргі педагогикалық міндеттер тұрғысынан талдауға арналған зерттеулер. Мұнда негізінен халықтық педагогика прогресшіл дәстүрлерін қазіргі тәрбиенің барлық бөлігінде, мектеп оқушыларын жас мөлшеріне қарай дамытудың барлық кезеңдерінде пайдалануға біртұтас көзқарас тұжырымдамасын талдаған.

3. Халықтық тәрбие туралы педагогикалық ой-пікірлері мен идеяларын талдауға арналған зерттеулер. Оларда халықтық педагогикалық ой-пікірлерінің қайнар көзі баяндалып, халықтық педагогикада жаңа ойшылдар мұраларында көрініс тапқан тәрбие туралы негізгі идеялар талданып, революцияға дейінгі ағартушылардың педагогикалық көзқарастарымен халықтық тәрбие беру мұраттарының диалектикалық байланысы көрсетіледі.

4. Халықтық педагогика тұтас пайдаланудың, фольклордың халық дәстүрлерінің жекелеген түрлерін поэтикалық, музыкалық шығармашылықта, СҚӨ, ұлттық ойындарда және т.б. қазіргі тәрбиенің жекелеген міндеттерін шешуде пайдаланудың әдістемелерін жасауға арналған зерттеулер. Яғни, олар фольклорды музыкалық-эстетикалық, адамгершілік, еңбек, дене және патриоттық тәрбие құралы ретінде қолданды.

5. Халықтық педагогика зерттеудің теориялық, әдіснамалық, тарихилық мәселелеріне арналған зерттеулер. Бұлар – Г.Н.Волковтың, Ю.А.Рудьтың, Е.Л.Христованың және т.б. еңбектері.

Педагогикалық әдебиетте тұңғыш «этнопедагогика» терминін қолдана отырып, оған «жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі халық бұқарасының тәжірибесі туралы, отбасы, ру, тайпа, ұлыс және ұлт педагогикасы туралы ғылым, этикалық тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлттық сипаттағы ерекшеліктерді зерттейді ...»- деген анықтама береді. «Этнопедагогиканың» «халықтық педагогикадан» айырмашылығын көрсетіп, «егер халықтық педагогика тәжірибеге және оның сипатына қатысты болса, этнопедагогика – теориялық ой саласы, ғылым саласы» - деп түсіндіреді (Волков Г.Н. Чувашская народная педагогика. Чебоксары, 1956. С.11-12.).

Бүгінгі таңда халықтық педагогикадағы тарихи-педагогикалық зерттеулерде «халықтық педагогика» анықтамасына бірнеше көзқарас қалыптасқан. Атап айтқанда:

  • «тәрбие жөніндегі халықтың білім тәрбиесі. Халық педагогикасының зерттеу негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері т.б. жатады» (ҚСЭ, ІІ том, 591 бет).

  • «халық қалаған жеке адам саналарын дамыту мақсатында еңбекшілер қолданған тәрбиелеу мен оқыту, педагогикалық дағдылар мен тәсілдер мақсаттарының, міндеттерінің жиынтығы және өзара байланысы», ол «тәрбие мәселелері жөніндегі эмпирикалық мәліметтер мен білімдер жиынтығы», ол ауызша тарайды және «өзіне жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі еңбекшілердің практикалық қызметін де қамтиды» (Волков Г.Н.);

  • «кең мағынасында бұқарасының тәрбие мәселелері жөніндегі көзкарастарының, идеяларының, әдет-ғұрыптарының, дәстүрлерінің жиынтығы. Оның нысанасы – тәрбие, ал тәрбие обьектісі – жасы мен жынысына қарамастан адам, жеке адам» (Гашимов А.Ш).

  • «балалардың және халықтың өзінің күнделікті өмірі үшін қажетті білімдерді меңгеруін қамтамасыз еткен және қамтамасыз етіп келе жатқан халық бұқарасы білімдерінің жиынтығы. Жинақталып, практикада тексерілген бұл білімдердің жиыны халықтық педагогиканың мәнін құрайды» (Афанасьев В.Ф).

  • «халықтық эмперикалық білімдер саласы, оларда тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, еңбекшілердің кең бұқарасы қолданатын тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары, іскерліктері мен дағдылары көрініс табады» (Ханбиков Я.И).

  • «...Халық бұқарасының таптық педагогикалық санасы» (Христова Е.Л).

  • «белгілі бір халық белгілі бір жерде қолданатын тәрбие тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы, ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп отырады және олар ең алдымен адамдардың тіршілік процесінде ие болған белгілі бір білім мен дағдылыр ретінде меңгеріледі ... қайсы бір идеологияны әлеуметтік тәжірибесін, мінез-құлық нормаларын, қоғамдық дәстүрлерді беруді көздейді...қалыптасқан дәстүрлерді баянды ете отырып, моральдық заңдар мен әдет-ғұрыптары көрінеді. Адамзат баласының пайда болған кезіне өмір сүре отырып, ол өз бойына бала тәрбиесіне деген ғасырлық ғұрыптары мен талаптарын сіңірген...» (Филонов Г.Н).

  • «халық бұқарасының тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің өнім ретінде көбіне ауызекі түрде ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген, жинақталған және практикада тексерілген эмпирикалық білімдердің, мәліметтердің, іскерліктер мен дағдылардың жиынтығы...»(Измайлов А).

ХП маңызды сала ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер болып табылады, олар педагогикалық білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды ғана баянды етіп қоймай, сонымен бірге олардың ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отыруына жәрдемдескен.

Осыған байланысты оның мәнін былай анықтауға болады:

Халықтық педагогика - тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерлікткрінің, дағдыларының жиынгтығы, солардың негізінде ұрпақтан ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы (поэтикалық, музыкалық, СҚӨ) беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан. Халықтық педагогиканың мақсаты – жас ұрпақта ата – бабалар тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу (С.Ұзақбаев).

Советхан Ғаббасов «халық педагогикасының» ғылым ретінде дамытып, оның этнографиялық заттық жағына ғана тоқтала бермей, адамның жан – дүниесін жетілдіретін рухани көзіне көңіл аудармай болмайды - деп ой түйеді. «Халық педагогикасы дегеніміз адамның жан- дүниесін тәрбиелейтін ілім,- десе ...ал «этнопедагогика» - адамның тән – құрылысының дұрыс жетіліуіне әсер ететіндіген, ерекше даралап бөліп айтады». «Қазіргі жаппай кең түрде білім ошақтарында пайдаланып отырған әдет-ғұрыптар мен дәстүр-салттар, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар және тұрмыстық заттардың бәрі де, негізінен тән-құрылыстары қуаттандыратын этнографиялық сипаттар екені дау тудырмаса керек» - дейді.

Адамның табиғи жаратылысын, оны алдымен биологиялық индивид ретінде қарастырып алып, сонан кейін ғана – қоғамдық тұлға ретінде тәрбиелеудің әдістерін, әдіснамалық арна етіп алған жөн.

Этнографиялық ілімнің тарауларына: үй тұрмасында қолданылатын заттар ою-өрнек, өрімдер мен зергерлік бұйымдар, сонымен қоса, ұлттық киімдер мен тағамдар, өнердің сан – саласында қолданылатын аспаптар, тіпті күнделікті қолданатын ыдыс-аяқтарына дейінгі ерекшеліктерді айтады. Халықтық педагогика мен этнография ілімдері бір – бірімен тығыз байланысты болғанымен, олар еш уақытта бірін –бірі алмастыра алмайды. Өйткені адам баласында –Тән құрылысы мен Жан дүниесі – деп аталатын екі жүйе бар. Тән құрылысының тәрбиесіне этнографиялық ілімнің жетістіктері әсер етсе, бүкіл Адамның Жан дүниесінің тәліміне –Халық педагогикасының негіздері мен жүйелері, ішкі сезімдер мен түйсікті оята алатын небір нәзік әдістері ықпал етпек.

Г.Н Волков Этнопедагогика атты монографиялық еңбегінде « ...халық педагогикасы – ғылым емес! Тек, ғылыми педагогикаға –шикі зат, материал, өмірлік фактілер ғана бере алады, оның біртұтас ғылыми жүйесінің жоқтығын былай қойғанда, тіпті алымды идеяларды жетілдіріп отыратын теориясының болуы да мүмкін емес», -деп үзілді-кесілді тұжырым жасаған».

ҚСЭ (ХІ том, Алматы, 1977, 591-бет): «...Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа қалдыру»- деп мазмұндалған.

С. Қалиев «... халықтық педагогика – тәлім –тәрбиелік ой пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы»,- дей келе, «Этнопедагогика- халықтың тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Ол халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел іспеттес ғылым» - деп өз пікірін айтады.

Ол тән мен тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі, сыр мен сымбат тәрбиесі, т.б. жөніндегі халықтың тәрбие беру барысын сипаттайды (Қазақ тәлім-тәрбиесі. 1995).

Қ.Ж.Қожахметова педагогика, этнопедагогика және қазақ этнопедагогикасы ұғымдарының мәнін төмендегідей айқындайды. Педагогика – жалпы, оның заңдары этнопедагогика саласында да әрекет етеді. Этнопедагогика – ерекше, яғни этникалық топтар, этнос формаларының барлығы үшін сипатты этникалық ерекшеліктерді педагогикада бөліп көрсетеді. Қазақ этнопедагогикасы – бұл нақты, яғни бұл тілде, дәстүрде, салтта, әдетте, дінде көрінетін, өзіне тән этникалық мәдениет есебінен түзілген өзгешеліктерді қарастырады.

Қазақ этнопеадгогикасы басқа халықтардың этнопедагогикасы іспеттес педагогика ғылымының саласы, басты элементі.

Оның обьектісі – этникалық педагогикалық мәдениет. Этнопедагогика нысанасының негіздері: халықтық педагогика, дәстүрлі педагогика, тәрбие берудің дәстүрлі мәдениеті, халықтық педагогикалық мәдениет, педагогикалық ақыл-ой, тәрбие берудің дәстүрлі нысандары, үйреншікті пеадгогтық сана, фольклорлық педагогика және т.б.

Нысанасы – адамның өмірі бойында жалғасатын, этноәлеуметтік рөлді үздіксіз меңгеретін үрдіс ретіндегі адамды этникалық тәрбиелеу барысы.

Заңдары: нақты өмірде тәрбиелеу; параллель әрекет ету (әлеуметтену және этникаландыру).

Заңдылықтары: барлық пеадгогикалық заңдылықтар.

Профессор Ж.Асанов «Этнопедагогикалық білімдер – тарихи даму кезінде ұлтымыздың әлеуметтік өмірінде екшеле келіп жүйеге түскен және тәлім-тәрбиесіне арқау болатын ұғымдар мен түсініктер.» - деп анықтайды.

Этнопедагогикалық мәдениет этнопедагогикалық білімдер мен тәжірибелер негізінде түзіледі десек, онда олардың мазмұны білім беру жүйесі үшін анықталған болуы тиіс. Ж.Асанов этнопедагогикалық білім мазмұны тәлім-тәрбиелік іске жарап келген мыналарды қамтиды деп санайды:

  • отбасының бала тәрбиесі жөніндегі тәжірибелерді;

  • әдет-ғұрып, салт-дәстүрді;

  • ауызекі және жазба әдебиет туындыларын;

  • мәдениет, өнер және этнология туындыларын;

  • ғұламалардың, би-шешендердің ой-пікірлері мен қас батырлардың ерлік өнегесін;

  • төл тарихты;

  • тұрмыс, щаруашылық тәжірибелерін;

  • ұлтымыздың балалар мен жастарға білім беру тәжірибесін;

  • білім беру жөнінде мемлекет қабылдаған құжаттарды.

Этнопедагогикалық мәдениет мазмұны этнопедагогикалық білімді, құбылысты және тәрбиелік, танымдық іс-әрекетті түзетін элементтердің, байланыстардың, қатынастардың жиынтығы. Қазіргі таңда педагогиканың заңдылықтарын этнопедагогика, яғни ұлтты, этносты тәрбиелеуде басшылыққа алынуда. Педагогикалық процесте (мектепте, үйде, басқа да мекемелерде, мекемелерден тыс орындарда) бала тәрбиесі этнопедагогиканың негізін құрайтын білімдер басшылыққа алыну арқылы жүзеге асырылады.









1.2. 5-7 сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері

Ежелгі грек ойшылдары ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық (әсемдік) және дене тәрбиесін ұштастыру міндетін ұсынды. Социалист-утопистер тәрбие жөнінде бірінші рет дінсіз тәрбие идеясын, білімнің демократиялық принциптерін, жалпыға бірдей, ақысыз жалпы білім беруді және білімді еңбекпен ұштастыруды ұсынды (Т.Мор, Т. Компанелла, Ш.Фурье, Р.Оуэн т.б.).

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин тәрбиені әлеуметтік процесс дәрежесіне көтеру мақсатын алға қойды. Орыс қазақ халықтарының өзара жақындасу жолын ашып көрсете отырып, жас өспірімдерді жаңа бетбұрысқа шақырды.

Бұл міндеттерді тәрбиенің құрамды бөліктері ретінде алып қарауға болады. Ол еңбек тәрбиесі, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық (әсемдік), дене және идеялық-саяси тәрбиенің ықпалын күшейте түсу болып табылады.

Еңбек тәрбиесі – жан-жақты тәрбиенің біртұтас бөлігі ретінде жас өспірімдерді еңбек сүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетіне үйрету және олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Еңбек тәрбиесі еңбектің өзімен, яғни еңбек процесі арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.

Еңбек – материалдық және рухани байлықтардың көзі, сонымен бірге, ол адам өмірінің ең бірінші шарты. Еңбек – жеке адамды қалыптастырудың ірге тасы. Бір жағынан ол адамның табиғатқа әсер ету процесін көрсетеді, екінші жағынан, адамдардың өмір құралдарын табудағы өзара әрекеттесу процесі. Адамдардың бірге жүргізетін еңбек процесінде олардың еңбекке көзқарасы қалыптасады.

Еңбек тәрбиесі - қоғамда жасөспірімдер мен жастардың еңбекке адамгершілік қатынастарын қалыптастыратын, белгілі мақсатқа бағытталған процесс. Сонымен еңбек тәрбиесі –жан-жақты тәрбиенің біртұтас бөлігі. Еңбек тәрбиесінің міндеті – жасөспірімдерді еңбек сүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетіне үйрету және оларды еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру.

Сондықтан қазіргі кезде елімізде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен баулудың мәні одан сайын арта түсуде. Шәкірттерді еңбекке тәрбиелеу мен баулу, олардың бүкіл еңбек әрекетінің, ең алдымен оқушылардың жетекші еңбегінің - ғылыми негіздерін игерудің - бірлігі ретінде қарастырылады.

Жасөспірімді еңбек әрекетіне әзірлеу мектеп оқуының барлық жылдарында жүргізіледі, ал мұнан кейін арнаулы орта дәрежелі және жоғарғы оқу орындарында да жалғастырылады.

Кең салалы қоғамдық талаптармен өмір сүретін оқушылар ұжымдарының күнделікті жүйелі еңбек әрекеттері, оқушыларды өнімді еңбекке оларды еңбектегі жігерлілікке дағдыландырудың, еңбек әрекетіне тәрбиелеудің реальды негізі болып саналады.

  1. Мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.

Педагогтар дамытқан еңбек тәрбиесінің программасы екі негізгі міндеттен тұрады. Бірінші міндет жастардың еңбекке деген көзқарасы мен борышын қалыптастыру. Оны мынадай тәрбие жолдарымен іске асырады.

  1. Жастардың бойына Отан игілігіне еңбек етуге деген әзірлікті және тілек- талапты қалыптастыру;

  2. Қоғамды өркендетудегі еңбектің мәні мен маңызын түсіндіру;

  3. Еңбекке деген көзқарасты, еңбектің адамзат үшін өмірлік және рухани қажеттілігін түсіндіру;

  4. Еңбекке деген адамгершілік көзқарастың қалыптасуы үшін жастарды адалдыққа, ақ ниеттілікке және жауаптылыққа баулу;

  5. Қалай да болсын еңбекке және еңбек адамына құрмет көрсетуді, қоғам мүлкіне жаны ашуға, табиғатты қорғауға, оның байлықтарын ысырапсыз пайдалануға үйрету;

  6. Еңбек түрлеріне творчестволықпен қарауға тәрбиелеу.

Еңбек тәрбиесінің екінші міндеті – жастарға еңбек ету үшін керекті білім беру, олардың іскерлігі мен дағдысын арттыру. Бұл міндет мынадай тәрбие жолдарымен іске асырылады.

  1. Еңбек етуге керекті білімді оқыту;

  2. Кәсіптік мамандық алу үшін база болатын ғылымдардың негіздерін оқыту;

  3. Қазіргі индустрияның ғылыми негізі туралы мағлұмат беруге көмектесетін политехникалық ғылымның элементтерін меңгерту;

  4. Еңбек сабағының барысында жалпы техника, агротехника және ауылшаруашылық техникасы туралы, еңбекшілердің өндірістік қызметі туралы мағлұматтар беру, сонымен қатар техника түрлерін жүргізу мен қатар оларды жөндеп сақтау туралы арнайы білім беру;

  5. Еңбектің түрлерін іс жүзіне асыру туралы дағдыларды қалыптастыру;

  6. Жұмыс түрлерін жоспарлауды, оны ұйымдастыруды, жұмыс орнын жинақы ұстауды, құрал жабдықтарды күтіп, оларды орынды қолдана білуді үйрету.

Тәрбие процесінде еңбек тәрбиесінің өзіндік ерекшелігі бар. Адам баласы тарихында алғаш рет мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері қоғамның объективті талаптарын көрсетеді. Сонымен бірге ол әрбір баланың жан-жақты даму мүддесімен сәйкес келеді.

Адамның жан-жақты дамуы үшін дене еңбегі мен ақыл-ой еңбегінің байланысуы жағдайында әр салалы еңбек әрекеті қажет. Осыдан келіп еңбек тәсілінің міндеті туады: оқушыларда дене еңбегі мен ақыл-ой еңбегін ұйымдастыратындай қажеттілікті, іскерлік-біліктерді және дағдыларды қалыптастыру.

Мектептегі еңбек тәрбиесінің ерекшелігінің бірі өсіп келе жатқан адамның адамгершілік сапаларын, еңбекке көзқарасын тәрбиелеу.

Адамгершіліктің бастамасы қоғамдық пайдалы еңбектің барлық саласында еңбек адамдарын сыйлаушылықтан басталады. Еңбек әрекеттеріне психологиялық әзірлік балаларда қоғамға йдалы мүше болуға ұмтылуды, даярлықты қалыптастыру болады.

Еңбек тәрбиесінің ерекшелігі – оның жалпы политехникалық біліммен, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбиелермен байланысты болуы.

а) оқу процесінде оқушылардың алған білімдері, практикалық іс үшін негіз болады. Оларда материалдық байлықтарды өндіруге ынталандырады.

Еңбектің оқумен органикалық түрде байланысуының өз еркінше дамуының, өзін-өзі бақылауының және өзін-өзі тәртіптендіруінің маңызды құралы болады.

б) мамандыққа сай оқу процесінде оқушылар нақты дағдылар алады.

в) еңбек тәрбиесі жалпы және политехникалық оқу негізінде оқудың белгілі мамандыққа икемдігін ашып дамытады.

Оқу-тәрбие жұмысының тәжірибесінде оқушылардың еңбек ісі

ұйымдастырудың белгілі әдістемесі құрылған. Бұл әдістеме еңбекті нақты түрде жоспарлауды, еңбекті ұйымшылдықпен бастауды, еңбек процесін дұрыс ұйымдастыруды және еңбектің нәтижесін ретті түрде бағалауды қамтиды.

а) Оқушылар еңбегін жоспарлау. Іс-әрекеттің түрлері сияқты еңбек те белгілі жоспармен жүргізіледі. Жалпы мектеп жоспарында әдетте еңбек тәрбиесіне кең орын бөлінеді. Бұл жоспарда әр түрлі сыныптардағы оқушылар еңбегінің негізгі салалары мен түрлері белгіленеді. Оқушылар мен сынып жетекшілері әр тоқсанға тәрбие жұмысының жоспарын құрады. Осы жоспарларда әр түрлі істердің, жұмыстардың орындалу мерзімі көрсетіледі, еңбекті ұйымдастыруға жауаптылар және оның нәтижелері белгіленеді.

5-7 сынып оқушылары жұмыстарды таңдауда, еңбек әрекеттерін жоспарлауда өз беттерінше істейтін бағыттарды ұстайды. Бұл жағдай олардың инициативасын және шаруашыл түрде қараушылығын дамытады, оқушыларды ұйымдастырушылық дағдыларымен қаруландырады.

Әрбір оқушы қай жерде, қалай жұмыс істеу керектігіне жақсы түсінуі тиіс. Сондықтан жұмыстың алдында оқушыларға жақсы түсініктеме беру керек, еңбек тапсырмаларын тиімді орындаудың әдістерін көрсету керек.

ә) Еңбек процесін ретті ұйымдастыру. Еңбектің бір саласының өзі әртүрлі жағдайда ұйымдастырылуымүмкін. Жұмыстың ұйымдастырылуының әдісіне қарай оқушылардың сол жұмысқа көзқарасы да, оны орындауы да әртүрлі болады.

б) Еңбектің нәтижесін жүйелі түрде есепке алу және бағалау. Жұмыстың әрбір саласының жемістілігі оны үнемі есепке алып, бағалауға байланысты.

Еңбек пен эстетикалық тәрбие біргелікте жүзеге асырылатынын көптеген ғалымдарымыз дәлелдеген.

Эстетикалық (әсемдік) тәрбиенің жеке адамдарды жан-жақты дамытудағы мәнін, ролін және орнын кеңінен түсіну көптен бері келе жатқан дәстүр.

Өнер шығармаларындағы идеялық және көркемдік біртұтастық принципі эстетикалық тәрбие жүйесінің негізінде қаланған. Бұл принципті есепке алу идеялық жағынан табанды, әбден сенген, нағыз өнерді жақсы түсінетін адамды қалыптастыруға көмектеседі. Эстетикалық тәрбие жүйесін құрған кезде жеке адамға ықпал жасауда ғылым мен өнердің өзара байланыс принципіде ең негізгі болып табылады. Ғылыммен тығыз байланысты өнер оқытудың қандай бір сатысында болсын, баланың ақыл-ой күшін дамытады, әлем туралы ғылыми түсінігін қалыптастырады. Эстетикалық тәрбиеде мектеп оқушыларының шығармашылық өнерпаздығы принципінің үлкен маңызы бар. Педагогтік ұжым және әрбір мұғалім қандай мақсаттарға жетуге, ұмтылуға тиісті екенін, мектептегі білім алудың әрбір кезеңдерңнде қандай міндеттер жетекші болатынын айдан анық көруге болады. Эстетикалық тәрбие жүйесін анықтағанда педагогикалық принциптерді айқын түсіну үлкен роль атқарады. Олардың ең маңыздысы эстетикалық тәрбиенің жалпыға бірдей ортақтығы болып табылады. Сондай-ақ мұғалімнің эстетикалық тәрбиенің негіздерін, өнердің балалардың ішкі дүниесіне ықпал жасау ерекшеліктерін біліп, тереңнен түсінуінің де маңызы зор.

Дене тәрбиесі адам организмінің анатомиялық-физиологиялық өсіп жетілуіне және оның негізгі өмірлік маңызды қозғалыс ептіліктерін, олармен байланысты білімдерін қалыптастыруға және жақсартуға бағытталған.

Дене тәрбиесінің ең маңызды міндеті – жеке адамды жан-жақты дамыту, рухани байлық пен күш-қуаттың толысуын өз бойына жарасымды етіп жинаған адамды тәрбиелеу. Оқушылардың дене тәрбиесін ұйымдастырғанда адам организмінің өзара байланыстарымен өзара әрекеттерін, нерв жүйелері және оның жоғарғы бөлімі – мидың билеушілік ролін де олардың атқарар функциясы жайлы физиологияның әрекеттеріне сүйенеді.

Балалардың дене тәрбиесі процесінде мына міндеттер шешіледі:

  1. Оқушылардың денсаулығын нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп жетілуіне ықпал ету, организмнің жұмыс қабілетін арттыру.

  2. Қозғалыс дағдылары мен ептіліктерін қалыптастыру және жетілдіру.

  3. Еріктілікке, батылдыққа, тәртіптілікке, достықпен жолдастық сезімге, өзін мәдениетті ұстай білу дағдысына, еңбек пен қоғамдық меншікке қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Тәрбиені кешенді негізде ойдағыдай жүргізу үшін, тәрбиенің ең басты мақсатына жету үшін тәрбиенің негізгі міндеттерін бір мезгілде шешіп отырудың зор маңызы бар. Жеке және жаңа адам әрдайым тұтас тұлға ретінде қалыптасады. Мәселен, идеялық-саяси тәрбиені оқушылардың бойына адамгершілік сезімінде, еңбек сүйгіштігін де дарытатындай етіп, олардың ақыл-ойында, эстетикалық талғамында, дене бітім болмысын да дамытатындай етіп жүргізуді әрдайым алдын-ала ойластырып, іс жүзінде қамтамасыз ету қажет. Ал еңбек тәрбиесін оқушылардың идеялық-саяси, адамгершілік жағынан тәрбиелей-тіндей, дене бітімін жарасымды дамытатындай етіп, яғни мұның өзінде адамды жан-жақты жетілдіруге бағытталатындай етіп жүргізу шарт.






































1.3. Еңбекке тәрбиелеу процесінде жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін тәрбиелеу



Қоғамның қазіргі кезеңде мектеп алдына қойып отырған негізгі міндеті – жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін, инабаттылық қасиетін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру. Осы міндетті жүзеге асыруда көптеген іс-шаралардың атқарылып отырғанын көпшілік қауым, әсіресе педагогтар мақұл-дайды. Оның айғағы ретінде білім беруде оқу ісін компьютерлендіруі, сондай-ақ оқу мен тәрбие процесінде ақпараттық технологияны игеру мен пайдалануға бет бұрыс жасауы.

Келесі бір тәрбие берудегі оң қадамдардың бірі – тәрбиенің мазмұнын, қағидаларын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастыруы. Осыған сәйкес этнопедагогикалық білім беруді негізге алуы.

Мектепте оқушыларды жеке тұлға деп қарап, олардың инабаттылық қасиеттерін дамыту – тәрбиенің өзекті мәселесі ретінде қарастырылуда. Мұнда негізінен рухани-адамгершілікті тек діни тұрғыдан қарастырып шешу керек екен деген ойда педагог қауым тарапынан түсінбеушілік болмауы керек.

Адамның рухани байлығы, дамуы жөнінде және т. б. рухқа байланысты көптеген сөз тіркестері кездеседі. Рухқа қатысты қазақтың сөз тіркестерін зерделей келе, Б.Игенбаеваның “… “рух” деген нәрсенің адам денесіндегі бір қуат екендігіне көз жеткізуге болады. Оның адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттері мен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі екендігін аңғару қиын емес.” деген тұжырымды ойынан, оны (рухты) мәдениеттің, тәрбиенің өзегі ретінде қабылдауға болады деп білеміз.

Ал, рухани даму дегенімізді Ш.Майғаранова “… өзінің өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру.” дей келе, рухани дамудың өлшемі ретінде адамның тәндік, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік дамуын қарастырады. Дамудың ішкі жағдайлар мен сыртқы әсерлері саласының бала дамуына ықпал әсерлері психологиялық, педагогикалық зерттеулерде кеңінен қарастырылған-дығы белгілі.

Адамның ең маңызды саналары – адамгершілік: сезім, сенім, сүю, аяушылық, төзімділік, имандылық, әдептілік, тәртіптілік, мейірбандық, парасаттылық, адалдық, шыншылдық және басқа да асыл қасиеттер. Осы қасиеттерді бала өмірге келген күннен бастап қолға алу керектігі жөнінде қазірде аз айтылып жүрген жоқ.

Кез келген адамның дамуы іс-әрекетте, санасы сыртқы дүниені қабылдауы мен түсінуінде, қоршаған ортамен және адамдармен қарым-қатынас жасауда жүзеге асырылатыны педагогика ғылымынан педагог қауымға белгілі. Рухани-адамгершілік тәрбие негізі әрбір педагогикалық құбылыстар барысында жүзеге асырылады. Педагогикалық құбылыстың бастылары мектептегі білім берудің негізгі жолы оқытуда (сабақта) қарастырылады. Оқыту тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу ара қатынасында, яғни “субъект-субъект” тәрбиелік қарым-қатынаста жүзеге асады.

Педагогикалық зерттеулерге зер сала отырып, рухани тұрғыдан жетілген тұлғаның бойындағы адамгершілік ұстанымдар, инабатты қасиеттер төмендегідей деп білеміз:

  • Отанға деген сезімді қастерлеу;

  • өзінің және өзгенің қадір-қасиетін сақтау, адамды сыйлау;

  • жауапкершілік таныту, кез келген істе саналылық таныту;

  • адал, шыншыл болу;

  • ержүрек болу, ұлт намысын қорғау;

  • ұқыптылық таныту, кез келген істі саналы орындау;

  • еңбек ете білу, іскерлік таныту.

Бұл ұстанымдар мен қасиеттер оқушы тұлға бойына өздігінен енбейді немесе механикалық түрде қосылмайды, яғни баланың бойына тәрбиелік сипаттағы іс-әрекеттер барысында жүзеге асырылатын ұзақ, әрі күрделі процесс. Сондай-ақ оқушылар бойында әр түрлі деңгейде қалыптасады. Оны қалыптастыруда мектептегі әрбір сыныпта ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының маңызы ерекше екендігін тәжірибе көрсетіп беруде.

Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұны мен бағыттарының сан алуан болуы оқушылардың бойына аталған ұстанымдардың барлығын қамтитыны мәлім. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын:

  • ата-ананың өзінің ұрпағы үшін еткен еңбегін саналы сезіну іс-әрекеттеріне;

  • бала тәрбиесіне;

  • әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге;

  • ғұламалардың, би-шешендердің игі істеріне;

  • қас батырлардың ерлік істеріне, ұлтымыздың біртуар тұлғаларының үлгі-өнегесіне;

  • күнделікті тұрмыс тіршіліктегі, қоғамдағы, жер бетіндегі ой салу керек қилы іс-әрекеттерге, т. б. топтастырылғандығын көрсетуге болады.

Тұлғаның руханилығын, яғни оқу-тәрбие процесінің гуманистік - адамгершілікке, биік парасаттылыққа оқушыларды тәрбиелеуіне негіз болады. Сонымен қатар, оқу-тәрбие процесін мектеп қабырғасында ұйымдастыру мұғалімнің тәрбиелік жұмыстар бойынша жоспарын формальды орындау сипатында болмағаны абзал.

Педагогикалық процестегі “субъект-субъект” жүйесінде мұғалімнің де оқыту және тәрбиелік сипаттағы іс-әрекеттердегі рөлі жоғары. Оқыту әртүрлі мазмұнда және бағыттылықта ұйымдастыру үшін мұғалімнің өнегелілік мәдениеті жоғары болуы тиіс. Ол бала өмірін сәулелендіретін мейірбандық пен қайырымдылық сезімін, нағыз адамгершілікпен өмір сүре білу қабілетін береді.

Өткен ғасырдағы қазақ педагогы М.Жұмабаев балалар жөніндегі: “..бала кәдуілгі адам болғанымен, баланың жаратылысында көп басқалар бар. Балаға тәрбияны өзінің шамасына, жаратылысына қарай беру керек.” - деген ой-пікірі әрбір педагогтың жадынан жатталуы тиіс деп білеміз.

А.С.Макаренко “… Талантты емес педагогқа келген бала неге жапа шегуі (страдать) қажет?” дей, келе тек шеберлік жөнінде, тәрбиелік процестің болмыстық білім, тәрбиелеуші іскерлік (ептілік) туралы сөз қозғау қажеттігін айтқан. Педагог сонымен қатар, тәжірибе арқылы іскерлікке, біліктілікке негізделген шеберлік мәселесін шешуге болатынына сенімділігін өз заманында тұжырымдаған. Әрі осы тұжырым өміршеңдігін дәлелдеуде.

Балаларға деген сүйіспеншіліксіз тәрбиешіні елестету, ойлау мүмкін емес. Осындай сәйкестіктерді әртүрлі уақыт кезеңдерінде басқа да ұлы адамдардың айтқан ой-пікірлері дәлелдейді. М.Горький балаларды өзінің табиғаты бойынша осы іске тартатын, балаларға ұлы сүйіспеншілікті және үлкен шыдамдылықты талап ететін адам тәрбиелеу қажеттілігін айтқан. В.А.Сухомлинский балаларды жақсы көруге, сүюге ешқандай оқу орны, ешқандай кітап бойынша да жүзеге асыруға болмайтынын білген. Оның пікірінше: нағыз тәрбиеші болу үшін, балаға өз жүрегіңді беру керек.

Педагогқа байланысты айтылған жоғарыдағы ойдың жалғасы ретінде М.Жұмабаевтың “… балаға бір нәрсені істе дегенде ақырмай, бақырмай, салмақпен һәм былай да жарайды, былай да жарайды деген сықылды табансыздық көрсетпеу керек” деген пікірі қуаттау табары анық.

Мектепте, мектептен тыс мекемелерде, әсіресе мұғалім тұлғаның рухани-адамгершілік, инабаттылық қасиеттерін дамыту бағытында әр түрлі тақырыптағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты ұлттың дүниетанымын игерген және тарихи, діни, көркем-эстетикалық санамен қаруланған болуы тиіс.

5-7 сынып оқушыларының сапалық қасиеттерін тәрбиелеу ерекшеліктері

У.Глассар "… кең мағынадағы сөзде, адам өмірде еш уақытта үлгермейді, егерде бір кезде өзіне басты болып табылатын жетістікті танымаса". - деп атап көрсетеді. А.С.Макаренко өзінің тәжірибесінде баланың өткенін зерттеуге асықпай, өзінің жұмысында әрбір оқушыға қатынасы бойынша тиімді технологияны әзірледі. Оның бірі жетістікті ситуацияны құру тәсілі болды.

Дегенмен, оқушылардың оқу іс-әрекетінің жетістігі әртүрлі факторларға байланысты. Көбіне үлгермеушіліктің себебін анықтауда тұйық шеңберден шығу қиындық соғады. Шын мәнісінде бұл мәселе тұйық болып табылады. Оны шешу үшін алдымен барлық себеп-салдарды анықтау, содан кейін оны кешенді түрде жою қажет.

Ол үшін оқушының үлгермеушілігінің үлкен және кіші шеңберін зерделеу және талдау қажет.

Мектептегі оқушы іс-әрекетінің толық циклін талдау негізінде оны жетілдіру жолын іздестіруге болады. Мектептегі оқушының іс-әрекетін төмендегіше көрсетуге болады:

1. Оқу материалының берілуі. Бұл іс-әрекет бала мектепке барған кезден басталады, әрі негізгі болып табылады. Материалдың берілуі оқушы организміне және осы оқу материалын қайта өңдеу психикасына сәйкес келмеуі мүмкін және оның себептері әр алуан болады.

2. Энергия резервуары. Ол өзіне энергия қорын ұстайды (Эд. Клапаред). Бұл аккумулятордан электр энергиясын пайдалануға ұқсайды. Егер энергия жоқ болса, онда ақпаратты меңгеру процесі оқушының мінез-құлқының қалыптасуындағы үлкен және кіші шеңберлер тиімсіз жүреді. Психикалық энергияның қайнар көзі тамақтану, демалыс, ұйқы, демалу, физикалық әрекеттер және т.б.

Осыған байланысты Эд.Клапаред әр түрлі шаршау мен шалдығуды ұсынады. Шалдығу - бұл өзіндік қорғану жағдайы, оның жоқтығынан энергияның ысырапталып жұмсалуы байланысты. Педагогтар мен ата-аналардың негізгі міндеті оқушылардың өзі және оқу іс-әрекетінің мақсатты бағыттауы үшін энергия резервуарын және олардың белсенділігін толтыру.

Егер баланың энергия резервуары қажетті көлемде толтырылмаса, онда психиканың қалған барлық сфералары берілген кемшілікті жоя алмайды. А.А.Крылов, Р.О. Серебрякова, Н.А.Кудрявцев радиоактивті аймақта тұратын балаларға зерттеу жүргізілген.

Радиация алған балалар өздерінің энергетикалық потенциялы радиоактивті емес аймақта тұратын балаларға қарағанда кем саналады. Олардың барлық интеллектуалдық функциясы бойынша көрсеткіштері төмен болады, энергетикалық қамтамасыз етілудің әлсіздігінен тез шаршау болады.

Б.Г. Ананьев бас мидың үлкен жарты шары жоғары дамудың қорытындысында үлкен ақпаратты операциялайды, сондай-ақ энергия өндірісіне талдау-жинақтау іс-әрекет үшін қатынасады.

3. Ақпаратты қабылдау. Оқушылардың сабақты үлгермеуінің себептері тақтадан немесе мұғалімнен қабылданатын қашықтыққа сәйкес келмейді, яғни есту немесе көруі төмен болады. Оқушылар материалды көрмейді немесе естімейді. Оның себептерінің бірі дәрігерлік байқаудың сапасыздығынан оқушы көзілдірік немесе есту аппаратын тағуға қарсылық білдіреді. Оны мұғалім байқамайды және бірінші партаға отырғызбайды. Кейде ол материалды оқушының түсіну себептерінен болуы мүмкін: арнайы терминдерді түсінбейді; мұғалімнің пайдаланған сөзі оқушының семантикалық өрісіне сәйкес емес; оқу материалы баяндалатын тілді оқушы нашар білуі және т.б.

4. Оқу ептіліктері (іскерлігі). Оқушының оқу іс-әрекеттерінің нәтижелілігі оның есте ұстау, түсіну және "сату" іскерлігіне (К.Блага), яғни көпшілік алдында оқу материалын баяндауға байланысты. Қазіргі уақытқа дейін мектепте оқушылар осы саладағы жинақталған технологияларды пайдалануды жеткілікті үйренбеді. Бұл жекелеген оқушылардың қалып қоюының бірден бір себебі.

5. Мен-тұжырымы. Оқу іс-әрекетіне үлгеруге оқушының мен-тұжырымы ықпал етеді: "… өзіне теріс үлгіні қоюы және өзіне сенушіліктің жеткіліксіздігі оқушы үлгерімінің төмендеуіне алып келеді" (К.Блага).

6. Мотивация. Мотивацияның жоқ болуы оқу үлгерімінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

7. Ерік. Еріктің жеткілікті емес дамуы оқушының қиындықты жеңуіне мүмкіндік бермейді, оқу материалын меңгеру кезінде жалқаулық пайда болады.

Интеллектуалдық іскерлік, оқу іскерлігі. Мен-тұжырымы, мотивация, ерік компенсаторлық (орнына төлеу) қатынаста болады. Бір функцияның жетіспеушілігінің орнына басқасы барады және табысқа әкеліп соқтырады. Дегенмен резервуар энергиясы көлемінің жетіспеушілігі психикалық функциялардың орнын толтыра алмайды, себебі олардың барлығы оған байланысты.

8. Оқу іс-әрекетінің нәтижелілігі. Жоғарыда аталған факторлар (2-7) оқу материалының сәтті меңгерілуіне кешенді ықпал етеді. Олардың қайсысы бірінші екенін көбіне анықтау қиын. Дегенмен себептер отбасында, мектепте, оқушы денсаулығында болады. Оқу сәттілігінің жетіспеушілігі мұғалімдер бағасына ықпал етеді.

Педагогтардың бағалары. Айтылып өткендей, педагогтардың бағаларында оқушы іс-әрекеттерінің көптеген мәселелері болады. Оқушы оқу іс-әрекетінің тиімділігінің жетіспеушілігі кезінде немесе оқушы мінезін педагогтардың күтуіне сәйкес келмеуінен оның күтпеуіне сәйкес емес баға алады. Бағалар мұғалімдер және оқушылар тарапынан жиі қайталайды.

10. Мен-тұжырымын оқушының өзінің түзетуі. Мұғалімдің (педагогтардың), ата-аналардың және құрбы-құрдастарының бағалау ықпалынан оқушы өзінің Мен-тұжырымын түзетеді. Егер үш баға өзара бірімен бірінің үйлесуі және терістеу бағыттылығы болса, онда ең нашар жағдай болғаны. Оқушы онда осылармен келіседі және осыларға сәйкес болады, кейде балада қайшылық (қарсылық) туындап, ол бұл бағалардан кетеді (яғни отбасынан, мектептен кетеді, не болмаса сыныптастарымен контактіге түспейді).

Сәттірек болатын жағдайдың бір варианты ата-аналарының немесе құрбы-құрдастарының бағалары педагогтардың бағаларымен келіспейді. Олар қандай да бір дәрежеде педагогтардың бағасын бейтараптайды және оқушының мен-тұжырымына демеушілік көрсетеді. Оқушының құрбы-құрдастарының негативті бағалауынан ол өзін түсінетін, бағалайтын орта іздейді. Кейде бұл орта заңға қайшы келетін әрекеттер жасауы мүмкін.

Мен-тұжырымының бағасы оқушының интеллектісінің дамуына

ықпал етеді және көбіне осыдан туындайтын себептік салдарлардың тежелуіне әкеліп соқтырады. Үлкен (с19-с3) тұйық шеңбер.

Мен-тұжырымының бағасы оқушының мінез-құлқына ықпал етеді, ол кек алу, өктемдік ету, сәтсіздіктен қашқақтау және зейінді аударту (Адлер). Бұл мінез-құлық педагогтардың, ата-аналардың, сыныптас құрбы-құрдастарының (немесе кейбіреулерінің) теріс қарым-қатынастарын қалыптастырады және бағасы одан әрі теріс (негативті) болады.

Кіші тұйық шеңбер. Егер шеңбер оң жаққа бағытталмаса, онда өзін төмендету, жеке тұлғаның заңды тыңдамауын қалыптастыруға әкеліп соқтырады.

Осы алгоритм бойынша баланың мәселесін талдау оқушының сәтсіздігінің себептерін табуға көмектесуі мүмкін. Себеп-салдарды айқындау жоғарыда сипатталған технология көмегімен де жүзеге асыруға болады. Әрі осы технология шеңберінен жеке тұлға Мен-тұжырымын өзіндік белсенді етуге және адамдармен ынтымақтасуға көмек беруге болады.

1-суретте көрсетілгендей оқудың нәтижелі болуы оқушы тарапынан алғанда оқу іскерліктеріне байланысты болып табылады. Сондықтанда оқу іскерліктерін қалыптастыруды оқу процесінен тыс қалдыруға болмайды.

Оқу іскерліктерін ептілік деп те қарастырады. Ептілік дегенде оқу материалдары негізінде оқушылардың қандай да бір іс-әрекеттерді тез, саналы, дәл орындау түсініледі.

Педагогикалық әдебиеттерде оқу іскерліктерінің өзі іс-әрекет ретінде сипатталады. Оны негізінен оқу еңбегі деп қарастырады. Оқу еңбегі – бұл танымдық іс-әрекет, ақыл-ой немесе ой жұмысы. Ол ақпаратты алуды, оны есте сақтауды, жазуды (тіркеуді) және игеруді қамтиды. Бұл негізінен оқушының оқу процесіндегі “субъект” жағдайына тән құбылыс. Оның өзі таным теориясы негізінде жүзеге асырылады. Оқу процесінде оқушылардың ойлануы нәтижесінде ұғымдар қалыптасады, талдап қорытулар жасалады.

Аталған процестің жүзеге асырылуы оқушылардың оқу іскерліктеріне байланысты. Оқу іскерліктері деп педагогикалық әдебиеттерде білімді және практикалық әрекетті игеру бойынша іс-әрекет тәсілдерін орындай алу түсіндіріледі. Ал, орындай алу – бұл алдыға қойылған мақсаттың шешімі үшін белгілі әрекеттерді жүзеге асыру жағдайы. Орындай алудың өзі әрекеттегі білім. Басқаша айтқанда, білімді әрекетке келтіру.

Алдыға қойылған мақсаттың сипаты бойынша іскерліктерді ақпараттық, оқу-интеллектуалдық, оқу-коммуникативтік, практикалық деп ажыратады. Ақпараттық іскерлік - әр түрлі білім көздерінен ақпаратты алу мен сақтаудағы әрекеттер жүйесі. Оған оқушылардың зерделеген пән тақырыбы, сұрақтары бойынша қажетті ақпарат көздерін табу қарастырылады. Оқу-ақпараттық іскерлік оқушыларда іздеу, жартылай іздеу, машықтану, жаттығу сияқты әдістер негізінде қалыптастырылады. Оқу-интеллектуалдық іскерлік - ұғымдарды, заңдылықтарды, қорытындыларды, талдап қорытуларды қалыптастыру үшін логикалық ойлау тәсілдерін игеру бойынша әрекеттер жүйесі. Бұл әрекеттер жүйесін педагогикалық әдебиеттерді білімді меңгеру әдістері, пән әдістемелерінде логикалық тәсілдер ретінде де қарастырады. Оның негізі оқушылардың ойлау іс-әрекет тәсілдерін (абстракциялау, талдау, дәлелдеу, растау, жинақтау, салыстыру, сәйкес қою, т.б.) меңгерту. Оқу-коммуникативтік іскерліктер – білімдерді беру, жеткізу тәсілдерінің жүйесі. Оған оқушылардың білгенін жеткізе алу, нақты объектіден, картадан қажет етілген бөлікті көрсете алу, т.б. жатады. Практикалық іскерліктер немесе практикалық сипаттағы іскерліктер - өлшеу, есептеу, түрлі сипаттағы есептерді шешу, сипаттама жасау бойынша жұмыстарды орындаудағы (пәнге байланысты) әрекеттердің жиынтығы.

Сондай-ақ, оқу іскерліктеріне оқушылардың өзінің уақытын ұйымдастыру іскерлігі, оқу процесіндегі және оны аяқтау бойынша өзіндік бақылау. Бұл іскерлікті басқа пәндерге қатысты педагогикалық әдебиеттерде, мектеп практикасында нақтылап жатады. Мәселен, еңбекке баулуда жалпыеңбек іскерлігі деп, оған өзінің жұмыс орнын ұйымдастыру, өзіндік бақылау (еңбек процесіндегі) және сапаны тексеру, т.б.

Іскерліктерді оқу еңбегі деп қарастырсақ, онда оны психологтардың зерттеу еңбектеріне сәйкес әрекеттер жүйесіне бөліп қарастыруымызға болады (Е.А.Климов, жалпы әрекеттерді төмендегідей етіп жіктейді):

1. Оқушылардың кез келген дене қозғалысын - қозғалыс әрекеттері (алу, қою, сығымдау, орын ауыстыру, күшті азайту немесе көбейту және т.б.) түзеді.

2. Оқу процесінің өзі таным теориясына негізделеді және оның құрамында төмендегідей танымдық (гностикалық) әрекеттер жүзеге асырылады:

а) қабылдау әрекеттері (байқау, ажырату, тану, есту; сипап сезу, көру, есту, дәм сезу, иіс сезу бойынша белгілер көрінісінің дәрежесін анықтау және т.б.);

б) елестету әрекеттері (объектіні ойша түзу, осының негізінде болашақ өнертапқыштар, тиімді ұсыныс жасаушылар дүниеге келеді);

в) логикалық әрекеттер (талқылау, қорытынды шығару).

3. Оқушы тұлғасы тек іс-әрекет, ақпаратты қабылдау, білу сферасында ғана емес, сондай-ақ, қарым-қатынас сферасында дамитыны белгілі. Сондықтанда оқу-тәрбие процесіндегі қарым-қатынас сферасында әрекеттер мазмұны: болжаушылық; әрекет-талап ету (ым-ишарат, өтініш, мақұлдау, кеңес, бұйыру, қысым жасау); жолдасыңның ақпараттық басқаруы бойынша әрекеттер; келісім-кесімді үйлестіру (мақұлдау, терістеу, келіспеу, т.б.) тұрады.

Оқу процесінің нәтижелі болуы оқушылардың өзбетінше жұмысты ұйымдастырудағы оқу-іскерлігіне, іс-әрекеттеріне байланысты. Әрбір іс-әрекеттің, істің тиімділігі сол сияқты оқу жұмысының тиімділігі көбінесе оның ұтымды, орынды ұйымдастырылуына байланысты. Ол үшін ұйымдастырушылық кешенді игеру қажет. Солардың қатарына: алдағы орындалар істің мақсаты мен міндеттерін анықтау, мақсатқа жету жолдарын, іс-әрекеттің әдістерін (тәсілдерін) және алға қойылған мақсатқа жетудің амалдарын белгілеп отыру; өзін-өзі бақылауды іске асыру және егер қажет болса өз ісіне толықтырулар енгізу. Оқу-ұйымдастырушылық іскерліктер жалпы оқу іскерліктерінің тобына жатады, барлық оқу пәндерін зерделеу барысында жүзеге асырылады.

Оқу-ұйымдастырушылық іскерліктердің оқушылар тарапынан жүзеге асырылуы, олардың педагогикалық тапсырмаларды орындауынан көрініс табады. Мектептік оқу пәндері бойынша педагогикалық тапсырмаларға: жаттығулар, есептер, практикалық жұмыстар, т.б. жатады. Оқу-ұйымдастыру іскерлігі нақты, дәл оқу материалына байланысты, сонымен қатар, ол барлық пәндерді зерделеуде, өзіндік іс-әрекеттерді ұйымдастыруда көрініс табады. Жалпы айтқанда, оқу-ұйымдастыру іскерлігі барлық оқу пәндерін үйрену процесін ұтымды қалыптастырады. Ал, оқу бағдарламаларында ұйымдастыру іскерлігінің қалыптастырылуы кеңінен қарастырылмайды, ал оқулықтарда тапсырмаларды орындау ғана көрсетіледі (онда да нұсқау ретінде).

Оқушыларға оқу-ұйымдастырушылық іскерліктерді игерту қажеттілік болып табылады. Оның негізі оқушыларда оқу пәндеріне сәйкес педагогикалық тапсырмаларды орындауға (жұмыс орын ұйымдастыру, оқу барысында және оның нәтижесінде өзіндік бақылауды жүзеге асыру, сапаны бақылау) даярлығын қалыптастырады.

Оқудың табысты болуы үшін оңтайлы шарттардың қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын, оқу міндеттерінің орындалу ретін анықтауға мүмкіндік беретін және оқу еңбегінде санитарлық-гигиеналық талаптарды, сабақтағы және үзілістегі тәртіпті, сабақтан тыс және үй жұмыстарын орындауда гигиенаны сақтауға, сондай-ақ сабақтағы және үйдегі жұмыс орнының дайындығын, қауіпсіздік еңбек ету техникасын басты назарда ұстауға негіз қалайтын – оқу-ұйымдастырушылық іскерлік.

Жалпы айтқанда оқу үлгерімі оқушы тарапынан қарастырғанда ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Оның ішінде ішкіге қатыстысы:

  1. Оқушының интеллектуалдық сферасының белсенділігі.

  2. Ішкі энергияның толық мәнділігі.

  3. Мотивацияның болуы (оның ішінде ішкі).

  4. Еріктік компоненттердің күшті болуы.

Сыртқыға қатыстылары:

  1. Мұғалім тарапынан берілетін ақпараттардың дәл, айқын, түсінікті берілуі.

  2. Оқу іскерліктері (оқу-ұйымдастырушылық, практикалық).

Іскерліктері.

3. Сыртқы ортадағы (оның ішінде ата-ананың, педагогтардың, оқушылардың қарым-қатынасы) ықпалдардың, қарым-қатынастардың рөлі.

Еңбекке баулуда оқушыларда сапалы қасиеттер қалыптасады.

Кесте -1

Еңбекке баулу барысында қалыптастырылатын білім, ептілік және жеке тұлғалық сапалық қасиеттер

Еңбектік іс-әрекеттер

Білім

Ептілік (оқыту негізінде жүзеге асырылатын)

Жеке тұлғаның сапалық қасиеттері

1

2

3

4

Материалдар бойынша

Материалдың сыртқы белгілері мен қасиеті

Басқа материалдардан сыртқы белгілері бойынша ажырату

Байқағыштығы

Қабілеттілігі

Белгі тҰсіру қҰралдары бойынша

Белгі салу құралдарының құрылысы мен арналуы.

Белгі салу тәсілдері

(сызықты, кеңістікті)

Арналуы бойынша белгі салу құралдарын таңдау

Сызба бойынша белгі түсіру

Ұқыптылығы, көз өлшемі, қол ептілігі, қозғалыс координа-тасы

Қолмен өңдеу қҰралдары бойынша

Материалдарды кесу құралдарының құрылысы мен арналуы

Материалдарды кесуде қажетті құралдарды таңдау

Ұйымдастырушылық, байқағыштық, ұзақ уақыттық көрнекі-бейнелі есі

Кесу процесі бойынша

Материалдарды кесу құралдарымен кесу

Қажетті құралдарды таңдау,

Тапсырманы орындау кезіндегі дәлдік және


тәсілдері,

өңдеу құралдарының құрылысы мен арналуы

материалдарды кесуді орындау

ұқыптылық, қол ептілігі, қозғалыс координациясы, ұстамдылық, зейін, жинақылығы, ойлау есі

Өңдеу тәсілдері бойынша

Өңдеу тәсілдері (жазық бетті, көлемді денені, т.б.)

Материалдарды берілген өлшем және өңдеудегі тәсілдері, деңгейі, т.б. бойынша өңдеу

Дәлдік және ұқыптылық, ойлау есі, қол ептілігі, қозғалыс координатасы

Материалдар-ды өңдеу бойынша

Материалдарды өңдеу

Технологиялық реттілікті жүзеге асыру және қауіпсіз еңбек ету ережесін сақтау

Ес, ойлау, зейін



Қол ептілігі, зейінді топтастыруы, ойлау, ес

Бөлшектерді біріктіру бойынша

Бөлшектерді (әр түрлі) біріктіру түрлері

Әртүрлі материалдардан дайындалған бөлшектерді біріктіру

Тапсырманы орындау кезіндегі дәлдік, ұқыптылық, қол ептілігі, қозғалыс координатасы

Біріктіру материалда-ры бойынша


Біріктіру құрал-жабдықтары мен материалдары және олардың арналуы.

Бөлшектерді біріктіруге сәйкес біріктіру құралдарын таңдай алу

Тапсырманы орындаудағы зейін, Ұқыптылық, дәлдік

Бөлшектерді біріктіру бойынша



Әрлеу жұмыстары бойынша

Бөлшектерді бірік-тірудің тәсілдері





Әрлеу жұмыстарының түрлері, әрілеу материалдары мен құралдары, әрілеу тәсілдері

Болашақ бұйымға сәйкес біріктірудің тәсілін таңдау және оны орындау

Әрлеу материалдарын, құралдарын таңдау, әрілеу жұмыстарын орындау

Тапсырманы орындаудағы зейін, ес, ұқыптылық, дәлдік, қол ептілігі

қабілеттілігі, байқағыштығы, ұқыптылығы, жинақылығы, қол ептілігі



Еңбекке баулудағы, бұйымдар дайындауды үйретудегі тағы бір сәт, ол бұйымның түсі мен түрі. Оны мұғалімнің жақсы білуі тиіс. Бұл мәселе бейнелеу сауаттылығын талап етеді. Ұлтымыздың кез келген бұйымынан ұлттық ерекшелік, таным көрінеді.

5-7 сынып оқушыларын еңбекке баулу төмендегідей тәрбиелік функцияны атқарады деп білеміз:

  • дидактикалық тұрғыдан бұйымдарды дайындауға қатысты білімдерді (халықтық, этносқа тән танымдық бейнелеуді, т.б.) оқушылардың игеруін қамтамасыз етеді;

  • практикада технологиялық және эстетикалық тұрғыдан аса шебер-лікпен орындалатын ұлтқа тән іс-әрекеттерді қалыптастырады;

  • қолөнер бұйымдарын дайындау барысы оқушыда тұтастай алғанда жеке тұлғалық сапалық қасиеттерді қалыптастырады.

Кесте 2

Еңбекке баулу барысында қалыптастырылатын білім, ептілік және жеке тұлғалық сапалық қасиеттер

Еңбектік іс-әрекеттер

Білім

Ептілік (оқыту негізінде жүзеге асырылатын)

Жеке тҰлғаның сапалық қасиеттері

1

2

3

4

Материалдар бойынша

Материалдың сыртқы белгілері мен қасиеті

Басқа материалдардан сыртқы белгілері бойынша ажырату

Байқағыштығы

Қабілеттілігі

Белгі тұсіру құралдары бойынша

Белгі салу құралдарының құрылысы мен арналуы.

Белгі салу тәсілдері

(сызықты, кеңістікті)

Арналуы бойынша белгі салу құралдарын таңдау

Сызба бойынша белгі түсіру

ұқыптылығы, көз өлшемі, қол ептілігі, қозғалыс координа-тасы

Қолмен өңдеу құралдары бойынша

Материалдарды кесу құралдарының құ-рылысы мен арналуы

Материалдарды кесуде қажетті құралдарды таңдау

ұйымдастырушылық, байқағыштық, ұзақ уақыттық көрнекі-бейнелі есі

Кесу процесі бойынша

Материалдарды кесу құралдарымен кесу

Қажетті құралдарды таңдау,

Тапсырманы орындау кезіндегі дәлдік және


тәсілдері,

өңдеу құралдарының құрылысы мен арналуы

материалдарды кесуді орындау

ұқыптылық, қол ептілігі, қозғалыс координациясы, ұстамдылық, зейін, жинақылығы, ойлау есі

Өңдеу тәсілдері бойынша

Өңдеу тәсілдері (жазық бетті, көлемді денені, т.б.)

Материалдарды берілген өлшем және өңдеудегі тәсілдері, деңгейі, т.б. бойынша өңдеу

Дәлдік және ұқыптылық, ойлау есі, қол ептілігі, қозғалыс координатасы

Материалдар-ды өңдеу бойынша

Материалдарды өңдеу

Технологиялық реттілікті жүзеге асыру және қауіпсіз еңбек ету ережесін сақтау


Ес, ойлау, зейін



Қол ептілігі, зейінді топтастыруы, ойлау, ес

Бөлшектерді біріктіру бойынша

Бөлшектерді (әр тұрлі) біріктіру тұрлері

Әртүрлі материалдардан дайындалған бөлшектерді біріктіру

Тапсырманы орындау кезіндегі дәлдік, ұқыптылық, қол ептілігі, қозғалыс координатасы

Біріктіру материалда-ры бойынша


Біріктіру құрал-жабдықтары мен материалдары және олардың арналуы.

Бөлшектерді біріктіруге сәйкес біріктіру құралдарын таңдай алу

Тапсырманы орындаудағы зейін, ұқыптылық, дәлдік

Бөлшектерді біріктіру бойынша





Әрлеу жұмыстары бойынша

Бөлшектерді бірік-тірудің тәсілдері







Әрлеу жұмыстарының тұрлері, әрілеу материалдары мен құралдары, әрілеу тәсілдері

Болашақ бұйымға сәйкес біріктірудің тәсілін таңдау және оны орындау



Әрлеу материалдарын, құралдарын таңдау, әрілеу жұмыстарын орындау

Тапсырманы орындаудағы зейін, ес, ұқыптылық, дәлдік, қол ептілігі

қабілеттілігі, байқағыштығы, ұқыптылығы, жинақылығы, қол ептілігі






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!