400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

5- сынып қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Бесііке салу

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің сабақ өтуіне жарайды
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім: Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

Сабақ: 3-бөлім

Тақырыбы: «Тұсау кесу»

Мектеп: Кемелұлы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Гүлзат Оспанова

Сынып: 5 А

Катысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

5.4.2.1.Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: тұсау кесу туралы сұраққа жауап бере алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндердің мазмұнын айта алады;

Кейбір оқушылар орындай алады: Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну және қолдану.

Бағалау критерийі:


  • Мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын, стилін анықтайды;

  • Сұхбатты ауызекі сөйлеу стилінде жүргізеді.

  • Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі

Құндылықтарды дарыту:

6-құндылық: «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы». Салт-дәстүрді дәріптеу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Берілген тапсырмаларды ауызша-жазбаша орындап, сұрақ қоя алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: салт, ғұрып, дәстүр, бесік, ырым, ала жіп, желаяқ.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қаз тұру, тәй-тәй басу, думанды дәстүр

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Тұсау кесер туралы не білеміз?

2. Ала жіптен басқа не нәрсемен тұсау кесуге болады?

3. Тұсау кесу үшін қандай адамдарға қолқа салады?

Алдыңғы оқу:

Бесікке салу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақ басы

5 минут








І. Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 2 топқа бөлініп отырады.

Үйге берілген тапсырма:

«Көшпелі дәптер» әдісі

«Бөбекке тілек» тақырыбында шағын мәтін жазып, буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді анықтап, астын сызып келу.

Дескриптор:

1. Буын үндестігіне сай сөздерді таба алады.

2. Тақырыпқа сай мәтін жаза алады.

Топқа бөлінетін тәттілер

Picture 1

Сабақтың ортасы:

15минут

Ой-қозғау

«Болжау» әдісі

  • Балалар, суреттен қандай көріністі көріп отырмыз?

Дескриптор:

- Оқушылар суретке қарап болжам жасайды

- Суретке қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады

№1 тапсырма

(1-топқа Уикипедиядан алынған мәлімет)

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.

Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.

Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Бұдан кейін 2 – 3 жасар балаларды жарыстырып, озғандарына бәйге береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.



2-топқа оқулықтаға №2 тапсырмадағы мәлімет.


1.Тұсау кесер қазақтың салт-дәстүрі

2.Бала 5-6 жасқа келгенде кеседі

3.Тұсауды ала жіппен кеседі

4.Тұсауға байланысты бата-тілектер бар

5.Тек қыз баланың тұсауын кеседі

6.Тұсауды кімге кескізу туралы шешімді баланың ата-анасы қабылдайды



«Т- кестесі»

Оқушылар тақырыпқа сай дұрыс-бұрысын анықтайды.

Дұрыс

Бұрыс



Дескриптор:

  • Оқушылар тұсау кесер дәстүрін біледі.

  • Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі

  • «Т- кестесі» арқылы дұрыс-бұрысын ажыратады.


Тақырыптық

суреттер


10 минут














2-тапсырма «Кезбе тілші» әдісі

Тұсау кесу бойынша сұхбат жүргізу

1- топқа

  1. Тұсау кесу үшін неге ала жіп алынады?

  2. Тұсау кесу үшін қандай адамдарға қолқа салады?

  3. Ала жіптен басқа не нәрсемен тұсау кесуге болады?

  1. -топқа

  1. Қай кезде тұсау кесіледі?

  2. Тұсау кесу туралы бата білесің бе?

  3. Тұсауды кім кеседі?

Дескриптор:

  • Сұхбатты ауызекі сөйлеу стилінде жүргізе алады.

  • Тұсау кесер рәсімі туралы сұраққа толық жауап бере алады.















7 минут







3-тапсырма Тыңдалым

Тұсау кесу рәсіміндегі айтылатын тілек өлеңді тыңдайды.

  1. -топқа . Жас балаға қандай тілектер айтылған?

2 –топқа Шілдехана мен тұсаукесердің айырмашылығын айтыңдар?

Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап бере алады

  • Айырмашылығын ажыратады

Қажетті құралдар


Сабақ соңы

3 минут
















Кері байланыс:


Үйге тапсырма: Тапсырма №6

Қазақтың салт-дәстүрлері туралы ақпарат жинақтап, досына хат жазып келу.


Смайлик суреті



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
1204
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі