Материалдар / 5-сынып оқылым бойынша тест тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5-сынып оқылым бойынша тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мұғалімдеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2018
3963
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқылым бойынша тест тапсырмалары

1-мәтін

Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең бақытты жанұя болып саналады. Әр жексенбі және түрлі мейрамдар сайын отбасы мүшелері ата мен әженің шаңырағындағы мол дастарқан басына жиналып бір-бірлеріне деген құттықтауларын білдіреді. Себебі оларды отбасылық рухани құндылықтар біріктіреді.

Жанұяның қонақ күту рәсімі ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты әртүрлі болады. Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан, келген қонақты төрге шығарып, ақ дастарқан жайған.

Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу ... отбасылық дәстүрлер ертеден қалыптасқан. Бала дүниеге келгенде, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді туған-туысқандарымен бірге тойлайды.

Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Ол болашақ ұрпақ тәрбиесінде де маңызды рөл атқарады.



1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес?

А) Туған жерге туың тік.

В) Отан отбасынан басталады

С) Отан үшін отқа түс, күймейсің,

Арың үшін алыссаң, өлмейсің.

Д) Батыр туса,ел ырысы.



2. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады?

А) болмаса

В) әйтпесе

С) сияқты

Д) сондықтан



3. Соңғы абзацтағы қарамен берілген сөзді қай сөзбен алмастыруға болады?

А) балалардың

В) ұрпақтардың

С) ағалардың

Д) кісілердің



2-мәтін

Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дәстүрдің бірі – бата беру. Бата – тілі көркем, ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз. Батаның тәрбиелік маңызы үлкен. Бата берудің өз жолы, дәстүрі, рәсімдері бар.

Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, тілашар кезінде жастар қол жайып, үлкендерден бата сұрайды. Батаны кез келген адам бере бермейді. Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер береді.

Батаның түрлері бар. Ас батасы – асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы – үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жоға шыққанда беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге ,туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан бата алады. Тілек-бата – үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын жайып беретін батаның түрі.

Қазақтар сөз өнерін өте жоғары бағалаған. «Бата адамға күш береді, жолын ашады, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.

1. Мәтінге қайсысы сәйкес емес?

А) Бата берулің тәртібі.

В) Батаның пайдасы.

С) Батаның түрлері.

Д) Батаның дәстүрі.



2. Кіріспе қай сөздермен аяқталады.

А) рәсімдері бар

В) терең сөз

С) маңызы үлкен

Д) бата беру



3. 1-сөйлемдегі «ертеден» сөзінің синонимі қайсы?

А) қазірден

В) болашақта

С) бұрыннан

Д) әйгілі



3-мәтін

Мектеп

«Мектеп» деген сөз араб тілінен шыққан. «Оқу орны» деген ұғымды білдіреді. Біздің мектеп қаланың орталығында ... . Мектептің ауласы кең. Аулада футбол алаңы бар. Онда оқушылар футбол ойнайды. Сынып терезелерінің алдында ағаштар өсіп тұр. Ағаштарды балалар суғарады, күтеді. Мектепте асхана, кітапхана, шеберхана жұмыс істейді. Мектептің үлкен спорт залы бар. Ол ешуақытта бос болмайды.



1. Әңгіме қай жақта айтылып тұр?

А) 2- жақта

В) 3- жақта

С) 1- жақта



2. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады.

А) орналасқан

В) жақын

С) жұмыс істейді

Д) бар



3. Мәтін қай үлгіде жазылған

А) аңыз

В) әңгіме

С) эссе

Д) ертегі



4-мәтін



Белгілі балалар жазушысы – Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 13 қазанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостебе ауылында келген. Осы жерде мектеп бітірген. Ол 14-15 жасынан бастап өлең жазған. 1949 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып жұмыс істеген. Ол «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында да жұмыс істеген. Қазақстан Жазушылар Одағында түрлі қызметтер атқарған.

Бердібек Соқпақбаев балаларға арналған пьеса, көптеген әңгіме бірнеше киноға сценарий жазды. «Бұлақ» атты өлеңі 1950 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Жазушының «Бақыт жолы», «Алыстағы ауылда», «Балалық шаққа саяхат», «Дала жұлдызы», «Аяжан», «Жолда», «Менің атым – Қожа», Өлгендер қайтып келмейді», «Қайдасың, Гауһар?» және т.б. шығармалары бар. Бердібек Соқпақбаев – балалардың сүйікті жазушысы.

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесі алғаш рет Мәскеудегі «Детская литератаура» баспасынан орыс тілінде жарық көрді. Кейін фрацуз тіліне ... . «Менің атым – Қожа» повесі 30 тілге аударылып, дүниежүзіне тарады.

1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркем фильм шығарды. Фильмнің режиссері – Абдолла Қарсақбаев. «Менің атым – Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды.

«Менің атым – Қожа» фильмін үлкендер де, балалар да қызығып көреді. Бұл фильм барлығына ұнайды.



1. Қай абзацта Б. Соқпақбаевтың шығармалары берілген?

А) біріншіде

В) ақырғыда

С) екіншіде

Д) барлығында



2. Көп нүктенің орнына қай сөз сәйкес?

А) жазылды

В) аударылды

С) оқыды

Д) сөйледі



5-мәтін

Қызыл кітап

Ең алғаш «Қызыл кітап» 1966 жылы жарық көрді. «Қызыл кітап» табиғатта қорғауды қажет ететін құстар мен жан-жануарларға, өсімдіктерге арналған. «Қызыл кітаптың» парақтары төрт түсті болады. Қызыл парағына -мүлдем жойылып кету қаупі бар аң-құстар жазылады. Ақ түсті парағына – саны азайғандар, сары түсті парағына – сирек кездесетін аң-құстар, ал жасыл парағына адамдардың қамқорлығы арқасында қалпына келтірілген жан-жануарлар жазылады.

«Қызыл кітап» Қазақстанда 1978 жылы шығарылды.



1. «Сирек» сөзін қай сөзбен алмастыруға болады?

А) аз

В) көп

С) жиі

Д) көп



2. «Ең алғаш» сөзінің синонимі қайсы?

А) бұрын

В) баяғыда

С) ең бірінші

Д) белгілі



6-мәтін

Көкқұтан мен Бақа



Бірде Көлбақа Көкқұтанмен шекісіп қалды:

Екеуіміздің қайсымыз әдеміміз?

Мен! – деді сенімді түрде Көкқұтан. – Қарашы, аяқтарым қандай әдемі!

Оның есесіне менде төрт аяқ бар, ал сенікі екеу-ақ! – деп бетбақтырмады Бақа.

Иә, менде екі-ақ аяқ бар, - деді Көкқұтан, - бірақ сенікінен ұын!

Мен бақылдай білемін, ал сенің қолыңнан ол келмейді.

Оның есесіне менің сүйріктей тұмсығым бар!

Со да мақтаныш болып па! Неге қажет ол тұмсығың!

Неге? Ал көр ендеше, - деп ашуланған Көкқұтан Бақаны жұтып жіберді...



1. Мәтін қай үлгіде жазылған?

А) аңыз

В) әңгіме

С) эссе

Д) мысал



2. «әдемі» сөзінің синонимі қайсы?

А) жақсы

В) сұлу

С) жаман

Д) әдепті



7-мәтін



«Алтын киімді адамның» мүрдесін 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша, ол б.з.б. V- IV ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17 - 18-де, бойы 165 см шамасында болса керек. Есік қорғанынан табылған екі қорымның біреуі ертеректе тоналған екен, ал екіншісі аман қалған. Жалпы, Шығыс Қазақстан және Жетісу жерінде ерте көшпелілердің алып қорғандары жиі кездеседі. Олардың ішінде биіктігі 15-18 метрге жететіндері де бар. Бірақ олардың көпшілігі тоналған, ішіндегі құнды заттары жоғалған. Сақ жауынгері мүрдесінің басы батысқа қаратылып жатқызылған.



1. Мәтінге сай тақырыпты таңда.

А) Алтын басты адам

В) Алтын киімді адам

С) Алтын жанды адам

Д) Алтын жүзді адам



2. «ішіндегі» сөзінің антонимі қайсы ?

А) қасындағы

В) сыртындағы

С) жанындағы

Д) астындағы







8-мәтін

«Табиғат – ана деп текке айтылмаса керек. Табиғаттың адамға берері көп. Тек соны түсіне білу керек. Мысалы, табиғаттан жақсы қасиеттерді үйренуге болады. Топырақ, тау, жаңбыр, құмырсқа, бал арасы, аққу және басқалары – бәрі ғибратқа толы.

Топырақтан кішіпейіл болуды үйрен. Ол – бүкіл тіршілік атаулының қайнар бұлағы, бірақ аяқ астында жатыр. Құлпырған гүд де, жайқалған орман да топырақтан өсіп шығады.. Мынаны ұмытпа: топыраққа не ексең, сол шығады.

Қ.Ибрагимов «Адам мен табиғат»



«Топыраққа не ексең, сол шығады» сөйлемінің мағынасын анықта.

А) Топырақсыз өмір жоқ.

В) Топырақ – байлық көзі.

С) Әркім өз еңбегінің жемісін жейді.

Д) Жамандық та, жақсылық та топырақтан шығады.



2. Автордың ойынша, табиғат:

А) Сақтандырушы

В) Қорғаушы

С) Емдеуші

Д) Үйретуші



3. «ғибрат» сөзінің мағынасын тап?

А) үлгі–өнеге

В) жамандық

С) өмірге

Д) тіршілік



9-мәтін

Зайсан көлі

Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.

Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл көлемі үлкен, жағалай біткен көк құрақ.

Құсы көп, ... жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын бұрын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.



Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады?

А) әсіресе

В) өйткені

С) сондықтан

Д) себебі



ІІ абзац не туралы?

А) көлдің сұлулығы туралы

В) көлдің тереңдігі туралы

С) көл суының тұздылығы туралы

Д) көл суының құрамы туралы



10-мәтін

Қазақстанның ең ірі кітапханаларының бірі – Семейдегі Абай атындағы кітапхана және өлкетану мұражайы. 1883 жылы Е. П. Михаэлис, Н.Я.Коншиндердің жәрдем беруімен ашылған болатын. Алғашқы жылы кітапхана қорында 274 дана кітап болып, 130 оқырманға қызмет көрсеткен.

Ең алғашқы мәдениет ошақтарының бірі қоғамдық кітапхананың ашылуы Семей қаласының тұрғындары үшін маңызды оқиға болды.

Абай қыстың бір күнінде Семейдің Гоголь атындағы кітапханасына барып, өзі оқып бітірген Толстойдың 1-том кітабын қайтарып, 2-томын сұрайды. Кітапхананың ішіндегі оқырмандар орыстар екен, басында тымағы бар, аяғында етігі, үстінде қара тоны бар қазақтың Толстойдың кітабын сұрап тұрғанын көргенде, отырған орыстар қайран қалады. Ақынның жанына Е.П. Михаэлис келіп танысып, ол таныстық баянды достықпен жалғасады.

Кітапхананың алғашқы оқырмандарының бірі болған Абай бұрын қолына түскен кітапты оқитын болса, енді Михаэлистің кеңесімен кітаптарды таңдап оқитын болды. Абай қалаға келген сайын кітапханаға соғып, өзіне қажет кітап, газет-журналдарды алып, қыста қалада жатып, ал жазда қоржынын толтырып, ауылына алып қайтып, үзбей оқыған.

  1. 1883 жыл тұрғындар үшін қандай оқиға болды?

А) кітапхана мен мұражайдың ашылуы

В) Михаэлис пен Коншиннің келуі

С) Абайдың бірінші рет кітапханаға келуі

Д) Оқырмандардың қайран қалуы



2. Мәтінде Абайдың қандай қасиеті ерекшеленеді?

А) суретке құмарлығы

В) еңбекке құмарлығы

С) кітапқа құмарлығы

Д) табиғатқа құмарлығы

3. «қала» сөзінің синонимін тап?

А) ауыл

В) қыстақ

С) шаһар

Д) мәдени орын



11-мәтін

Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Денсаулық - бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Жеке бас тазалығының ережелері:

-күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

-таңертең тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

-ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

-ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімің таза және үтіктелген болсын;

-мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

-өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

-сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киім ілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

Тері тазалығы – адам денсаулығы кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға ... .

1. Мәтін мазмұнына келетін мақалды тап?

А) «Жалқаудың - жаны тәтті»

В) «Жаман ауруға жақсы ас»

С) «Дені саудың - жаны сау»

Д) «Көзің ауырса, қолыңды тый,

Ішің ауырса, тамағыңды тый»

  1. Ақырғы сөйлемдегі көп нүктенің орнына қай сөзді қоюға болады?

А) болады

В) жүреді

С) болмайды

Д) қояды



12-мәтін

Ырғыз, Торғай көлдері – су құстарының тұрақты мекені. Мұнда аққудың негізінен 2 түрі кездеседі. Ал жабайы қаздар мен үйректер өте көп. Бұл аймақта жыл сайын 250 мыңдай ақбөкен төлдейді. Алматы қорығында құлан, марал, бұғы, таутеке, елік, құндыз, күзен өсіріледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» қорығында марал, арқар, таутеке, тағы да басқа бағалы аңдар өсіріледі.

Аққуды халық қасиетті құс санайды. Оны ауламайды, етін жемейді. Аққу – айрықша таза, кербез, сұңқылдаған сұлу үнді құс.

Бүркіт – батыл, қайратты қыран құс. Ол қоян, қарсақ, саршұнақ пен тасбақаны да аулайды. Қазақ халқы бүркітті аңшылыққа пайдаланған. Онымен түлкі, қасқыр аулаған.

  1. Мәтіннің 3, 4 абзацында қандай құстар туралы айтылған?

А) қаздар мен үйректер туралы

В) қаздар мен бүркіттер туралы

С) бүркіт пен аққулар туралы

Д) су құстары мен аңдар туралы.



2. «кербез» сөзінің мағынасын тап?

А) тәкаппар

В) сұлу

С) тамаша

Д) әдемі



13-мәтін

Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді. Осы көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 метр биіктікте орналасқан. Көл жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты, ал шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты. Төңірегінің климаты континенттік: қыс мезгілінде ауа температурасы кейде - 55˚ С-қа дейін төмендейді. Қазан - мамыр айлары аралығында көл қатады. Көлге құятын өзендердің ірілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0,07 г/л, құрамында йод, фтор, бром, т.б. бар. Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр.



  1. Мәтіннің мазмұнына сәйкес емес ақпарат?

А) Суы тұщы, мөлдір, құрамында: йод, фтор, бром бар.

В) Көл теңіз деңгейінен биік орналасқан?

С) Марқакөл Қазақстанның ең жазық алқабы болып саналады.

Д) Қыс мезгілінде ауа температурасы -55˚ С-қа дейін төмендейді.



  1. «ірі» сөзінің антонимін тап?

А) үлкен

В) кең

С) ұсақ

Д) биік



14-мәтін

Қазақстанның мемлекеттік туы аспан түстес, көгілдір. Геральдика тілі бойынша ол – адалдықтың, тазалықтың белгісі, әрі осы түстес ту көтерген елдің саясатына ерекше сенім көрсетуге болатын көрінеді.

Туымыз бір түсті, қоспасы жоқ. Ол халқымыздың бірлігін, тұтастығын білдіреді.

Көк байрағымызда алтын күн, дала бүркіті және ұлттық өрнек бейнеленген. Күн байлық пен берекенің нышаны болып есептеледі. Ал қанатты бүркіт – далалықтар үшін еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу. Ою-өрнектер – қазақ халқының өмірлік серігі.



  1. «ту» сөзінің синонимін тап?

А) елтаңба

В) белгі

С) байрақ

Д) ою-өрнек



  1. «биік сөзінің антонимін тап?

А) жоғары

В) байтақ

С) зеңгір

Д) аласа



  1. Мәтінде қай ақпарат кездеспейді?

А) адалдық пен тазалықтың белгісі туралы

В) бір түсті, қоспасы жоқ туралы

С) байлық пен береке нышаны туралы

Д) тік төрт бұрышты, көк түсі туралы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!