Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
5-сынып оқушылармен жүргізілетін Векслердің интеллект шкаласы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Векслердің интеллект шкаласы
Д. Векслердің алғашқы кеңінен танымал интеллект тесті 1939 жылы жарияланды. Бұл 1932-1967 жылдар аралығында Векслер жетекші психиатр қызметін атқарған Нью-Йорктегі Бельвью клиникасының клиникасының атымен аталған алғашқы нұсқасы болатын. «Wechsier-Bellevue Scale» атауына ие болған бұл тест 7 жастан 69 жасқа дейінгі сыналушылар тандамалары арасынджа атсндарттталады.
1949 жылы Векслер балалар интеллект шкаласын «Wechsier-Intelligence Scale for Children» (WISC) ұсынды. Бұл субтестер 5 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған еді. Кейінен 1955 жылы Векслер ересектерге арналған «Manual for the Wechsler Adult Intelligence Scale» (WAIS) жаңа нұсқасын дайындады, ал 1967 жылы мектепке дейінгі балалардың және кіші мектеп жасындағы балалардың интеллект шкаласын «Wechsler Preschool and Primary Scale jf Intelligence” (WPPSI) дайындап ұсынды.
Тест вербальды және вербальды емес 11 субтестен құралған. Тесті бейімдеген және стандарттаған А.Ю. Панасюк, толықтырған және өзгерістер енгізген Ю.И. Филимоненко және В.И.Тимофеев.
Вербальды шкала 1 субтест . жалпы білімділігін бағалау.
Нұсқау: субтестінің 5 сұрағынан бастаған дұрыс (қалған 4 сұраққа 4 ұпай беріледі) 5,6,7 сұрақтарға жауап бере алмаса, онда біріншісіне ұайта оралады.
Бағалау: әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Осы субтест бойынша ең жоғары ұпай саны – 29
-
Қазақстанның туының түсі қандай? - Көк түс
-
Доптың формасы қандай? - Шар тәрізді
-
Бір жылда неше ай бар? - 12
-
Термометр не үшін қолданылады? - температураны (қызуды) өлшеу үшін.
-
Бір жылда неше күн бар? – 365-366
-
Су қандай температурада қайнайды? – 100 градус
-
Кез келген 4 ғарышкердің аты-жөнін атаңыз?- Т.Әубәкіров, Талғат Мусабаев, Айдын Айымбетов, Ю.Гагарин,
-
Италия мемлекетінің астанасы - Рим
-
Резинаны неден жасайды? – ағаштан, ағаш шайырынан, каучуктен, алкгольден, мұнайдан
-
Неліктен күннің астында қара киім ашық түсті киімнен ыстық болады? – қара күн сәулесін тартып алады, ақшыл киім күн сәулесін шағылыстырады
-
Египет қайда орналасқан? – Солт.Африкада, Африкада
-
Қазақстан қай мемлекеттермен шекаралас? Ресей, Қытай, Өзбек, Қырғыз,
-
Егер Киевтен Болгарияға өту керек болса қай бағытта жүресіз? Оңт.Батысқа
-
Қай күні Қазақстан наурызды тойлайды? 22 наурыз
-
«Гамлеттің» авторы кім? Шекспир
-
Қазақстан халқының саны шамамен қанша? 17 млн
-
Адам ағзасында бар қан тамырларының үш түрі. –артерия, вена, қылтамырлар/капилляр/
-
Бердібек соқпақбаев деген кім? - жазушы
-
Неге ашытқы (дрож) қамырды көтереді? – Көміртегі газын шығарады, газ пайда болады, ашиды, көтеріледі, ауа көпіршіктері пайда болады
-
Бразилия қайда орналасқан? Оңтүстік Америкада
-
Мекке дегеніміз не? – Мұсылмандардың қасиетті қаласы
-
«Коммунистік партия манифестінің» авторлары? К.Маркс, Ф.Энгельс
-
Қазақстан Республикасының мәслихатына депутаттар неше жылға сайланады? -5 жыл
-
Иллиаданың авторы? Гомер
-
Астанадан Алматыға дейін неше шақырым? 1200-1300 шақырым
-
Фольклор дегеніміз не? Халық ауыз әдебиеті
-
«Көксерек» кітабының авторы? М.Әуезов
-
Этнография дегеніміз не? Халық туралы ғылым
-
Гнесология дегеніміз не? Таным туралы ғылым
2 субтест Жалпы түсінігіштігін бағалау
І сұрақтан бастаған дұрыс (алғашқы екеуіне 4 ұпай беріледі) кейде сыналушы барлық сұрақты есте сақтауда қиналуы мүмкін. Мұндай жағдайда зерттеуші сұрақты тек қайталайды, оны өзгертуге не қысқартуға болмайды.егер қажет болса «Иә, әрі қара»...» қолдау жасауға болады. Егер зерттеушіге түсініксіз болса, «нақтылап жауап берші...» деп қосуға болады?
Егер сыналушы 10-15 секундта мүлде жауап бермесе, зерттеуші сұрақты қайта қоюы тиіс.
Бағалау: 2 ұпай – әлеуметтік жағдайдың толық сипаты беріледі, кем дегенде жағдайды дерексіздендірудіңекі себебі болуы тиіс.
1 ұпай – жауап бір ғана себеппен немесе атқарылатын әрекет деңгейінде түсіндіріледі;
2 ұпай – нақты және қарадүрсін жауаптар.
Стимулдық материал және жауаптың сипаттамасы:
-
Адам неге киінеді?
-
Автомобильге не үшін мотор қойылады?
-
Егер сіз көшеде адресі жазылған және марка жапсырылған хатты тауып алсаңыз не істеу керек?
2 ұпай: хаттың дереу жөнелтуі қажеттілігін білдіретін кез келген жауап;
1 ұпай: хаттың біреудің меншігі екенін көрсететінін білдіретін;
0 ұпай: хаттың не үшін қажеттігі және хаттың бөтен адамның меншігі екені туралы түсініктің мүлде болмауы.
-
Сізге жаман ортадан не үшін кету қажет?
2 ұпай: жаман ортадан жаман ықпал келетінін түсіну туралы кез келген жауап
1 ұпай: жаман ортаның салдарын түсіну
0 ұпай: жаман ортаның жағымсыз жақтарын түсінбей жауап беру.
-
Егер сіз театрда немесе кинотеатрда отырғанда түтін немесе оттың алауын көрдіңіз, не істейсіз?
2 ұпай:әкімшілікке немесе өрт сөндірушілерге хабар беру, өрт сөндіруге дүрбелең мен тәртіпсіздікті жоюға белсенді қатысу тур.жауап
1 ұпай: тиісті әрекеттер жасалатынын, бірақ ол тиімсіз және жедел түрде емес екенін көрсететін жауаптар
0 ұпай: дүрбелең тұрғызатын әрекетті сипаттау және қатерді тойтару туралы сөз болмайды.
-
Жоспарлау не үшін қажет?
2 ұпай: кез-келген еңбек түрінде жұмысты тиімді дұрыс ұйымдастыру үшін қажеттігін т.сінгін жағдайда.
1 ұпай:жоспарлардың болмауы жұмыста қажет емес құбылыстарды туғызатынын түсіну немесе жоспарлаудың қандай да бір жағын атау.
0 ұпай: жоспарлаудың қажеттігін және оның мәнін түсінбеу.
-
Құрышты ыстықтай шында деген нені білдіреді?
2 ұпай: мақалды дерексіздене отырып түсіну
1 ұпай: мысал айту немесе дұрыс сәйкестендіру, бірақ жалпылау деңгейінің жеткіліксіздігі
0 ұпай: сөзбе-сөз түсіну
-
Заң неге жеткіншектердің жұмыс күнін шектейді?
2 ұпай: қоғамның жлапы қағидасын, адамға деген қамқорлықты түсіну, екі негізгі себепті түсіну, денсаулықты сақтау және білім алудың қажеттілігі
1 ұпай: бір себепті еске түсіру
0 ұпай: жеткіншектердің жұмыс күнін шектеудің себебін түсінбеу
-
Егер сіз орманда күндіз адасып кеттіңіз, орманнан шығу үшін не істейсіз?
2 ұпай: табиғи құбылысты пайдалана отырып, екі себепті айту не көп болса
1 ұпай: құралдардың біреуін еске түсіру
0 ұпай: шындыққа сәйкес емес құбылыстарды қолдану, адамдардан қолдау іздеу немесе мұндай жағдайда өзін қалай ұстайтынын білмеу.
-
Туғаннан керең адам неге сөйлей алмайды?
2 ұпай:сөйлеу үшін, сөзді қайталай білуге мүмкіндік беретіндей естудің қажеттігін түсіну; адам дыбысқа еліктеу үшін есту керек.
1 ұпай: есту мен сөйлеудің өзара байланысты екендігі туралы ой.
0 ұпай: есту мен сөйлеудің өзара байланысын түсінбеу.
-
18 жасқа дейін некеге отыруға мемлекет неге рұқсат етпейді?
2 ұпай:некелесуші жастардың дене, әлеуметтік-моральдық тұрғыдан жетілуі туралы түсніктің болуы
1 ұпай:дене немесе әлеуметтік жақтардың біреуін ғана көрсету
0 ұпай: т.сінбеу, құбылыстың себебін түсіндіре алмау.
-
Қалаға қарағанда ауылдың ауасы неге таза?
2 ұпай: қала мен ауылдың ауасының ерекшілігін түсіну;
1 ұпай: қала мен ауылдың ауасының ерекшелігін көрсету;
0 ұпай: ауылдың ауасының таза болуының және қала ауаның ластануының түсінбеу
-
Жеті рет өлшеп, бір рет кес деген мақалды қалай түсінесің?
2 ұпай: мақалды дерексіздене отырып, түсіну
1 ұпай:мысал айту немесе дұрыс сәйкестендіру, бірақ жалпылау деңгейінің жеткілксіздігі.
0 ұпай: сөзбе-сөз түсіну, мақал екенін түсінбеу, мақалды дұрыс түсінбеу.
-
«Жел шықпаса, шөптің басы қозғалмайды» деген сөз нені білдіреді?
2 ұпай: мақалды дерексіздене отырып, түсіну
1 ұпай: мысал айту немесе дұрыс сәйкестендіру, бірақ жалпылау деңгейінің жеткілксіздігі.
0 ұпай: сөзбе-сөз түсіну, мақал екенін түсінбеу, мақалды дұрыс түсінбеу.
Әлеуметтік жағдайларда мінез-құлқын сәйкестендіре алу қабілеті зерттеледі. Практикалық ойлауы, тұрмыстық және әлеуметтік тәжірибеге қатысты сыналушының пікірі атап өтіледі.
-
субтест Жалпы түсінігіштігін бағалау
-
Адам неге киінеді?
-
Автомобильге не үшін мотор қойылады?
-
Егер сіз көшеде адресі жазылған және марка жапсырылған хатты тауып алсаңыз не істеу керек?
-
Сізге жаман ортадан не үшін кету қажет?
-
Егер сіз театрда немесе кинотеатрда отырғанда түтін немесе оттың алауын көрдіңіз, не істейсіз?
-
Жоспарлау не үшін қажет?
-
Құрышты ыстықтай шында деген нені білдіреді?
-
Заң неге жеткіншектердің жұмыс күнін шектейді?
-
Егер сіз орманда күндіз адасып кеттіңіз, орманнан шығу үшін не істейсіз?
-
Туғаннан керең адам неге сөйлей алмайды?
-
18 жасқа дейін некеге отыруға мемлекет неге рұқсат етпейді?
-
Қалаға қарағанда ауылдың ауасы неге таза?
-
Жеті рет өлшеп, бір рет кес деген мақалды қалай түсінесің?
-
«Жел шықпаса, шөптің басы қозғалмайды» деген сөз нені білдіреді?
2 ұпай: мақалды дерексіздене отырып, түсіну
Вербальды шкала 1 субтест . жалпы білімділігін бағалау.
-
Қазақстанның туының түсі қандай? - Көк түс
-
Доптың формасы қандай? - Шар тәрізді
-
Бір жылда неше ай бар? - 12
-
Термометр не үшін қолданылады? - температураны (қызуды) өлшеу үшін.
-
Бір жылда неше күн бар?
-
Су қандай температурада қайнайды?
-
Кез келген 4 ғарышкердің аты-жөнін атаңыз?
-
Италия мемлекетінің астанасы
-
Резинаны неден жасайды?
-
Неліктен күннің астында қара киім ашық түсті киімнен ыстық болады?
-
Египет қайда орналасқан?
-
Қазақстан қай мемлекеттермен шекаралас?
-
Егер Киевтен Болгарияға өту керек болса қай бағытта жүресіз?
-
Қай күні Қазақстан наурызды тойлайды?
-
«Гамлеттің» авторы кім?
-
Қазақстан халқының саны шамамен қанша?
-
Адам ағзасында бар қан тамырларының үш түрі
-
Бердібек Соқпақбаев деген кім?
-
Неге ашытқы (дрож) қамырды көтереді?
-
Бразилия қайда орналасқан?
-
Мекке дегеніміз не?
-
«Коммунистік партия манифестінің» авторлары?
-
Қазақстан Республикасының мәслихатына депутаттар неше жылға сайланады?
-
Иллиаданың авторы?
-
Астанадан Алматыға дейін неше шақырым?
-
Фольклор дегеніміз не?
-
«Көксерек» кітабының авторы?
-
Этнография дегеніміз не?
-
Гнесология дегеніміз не?