5-сынып оқушыларының қазақ тілі
мен әдебиеті пәніне бейімделуі
Баланың мектепке келген
күнінен бастап кіші мектеп жасы басталады. Оқушылардың бастауыш
буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз.Өйткені
олардың пән мұғалімдері өзгереді,жаңа пәндер қосылады,5-сынып
бағдарламасы күрделене түседі. Орта мектепте оқыту жағдайлары
түбегейлі өзгеріске ұшырайды.Балалар негізгі мұғалімнен сынып
жетекші-пән мұғалімдері жүйесіне ауысады.Бір мұғалімнен әр түрлі
талаптары,мінез-құлқы әрқилы қарым-қатынас стилі бар бірнеше
мұғалімдерге ауысуы көп балалар үшін үлкеюдің сыртқы көрсеткіші
болады. Балалар бастауыш сыныптан орта буынға өткенде оқушылардың
үлгірімі төмен түсіп кетеді. Бастауышта тек бір мұғалімге ғана бір
талапқа үйренген бала бірден бірнеше мұғалімнің талабына бірден
жауап бере алмай қиналады. Әр пән мұғалімі әр түрлі психологиялық
атмосфера туғызады, ал оқушы бірден осыған бейімделе
алмайды.
Бастауыш сынып бітірген оқушы
орта буынға өткенде психологиялық қиындық сезінеді. Бастауыш сынып
оқушылары бір мұғалімнің жұмыс істеу әдісіне оның талаптарына
үйренген.5-сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда
болады. Бұлар: -балалардың мінезі өзгереді; -тез шаршайды;
-көңіл-күйлері бұзылады; -оқу үлгірімі төмендейді;
-мазасыздық,қобалжу сезімдері
жиілейді.
Бастауыш сыныпта мұғалім
балаларға көптеген талап қояды.Егерде бұл жұмыс жоғарғы сыныптарда
орындалмаса,онда оқу үлгірімі түсіп кетеді.Тағы тоқтала кететін
жағдай жаңадан қосылған сабақтар.Бесінші сыныптың тапсырмалары өте
күрделенген. Бір жаттығуды көптген тапсырмалар беріледі оқушылар
кейде тапсырманы аяғына дейін оқымайды сол үшін олар екі алып
жатады.
Бұл қиындықтар қазақ тілі мен
әдебиеті пәні бойынша да кездесіп отыр. Алғашқы күндері оқушылар
үйренісе алмай, берілген тапсырманы уақтылы орындауға мүмкіндіктері
жетпей, ойын толық жеткізуде қиналып, үрейленген сәттері де болды.
Оқушы бойында орын алған мазасыздық күйді жеңу барысында ойын
түріндегі тапсырма, жаттығулардың орны
ерекше. Себебі ойын- баланың шын
тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне
қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті
сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп,
таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен
өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын
үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал
еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген
талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі
ойын үстінде қалыптасады. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай
да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер
сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген
құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп- есейгенде
де жалғаса береді. Тек қана ойын емес, сонымен қатар өзіндік
пікірлерін , ойын еркін жеткізу үшін де проблемалық сұрақтарды қоя
отырып та бір-бірімізге үйренісе
бастадық.
Баланың тек тілін ғана
жаттықтырып қоймай, шапшаңдығына да көп көңіл бөлу керек деп
ойлаймын. 5-сынып оқушысы минутына норма бойынша 110-120 сөз оқуы
тиіс.Оқу жылдамдығын бақылау барысында 5а сыныбында 4 оқушы
нормадан жоғары (атап айтсақ, Таубай Ислам,Асанқұл Нұрай, Тохан
Жібек, Жексен Аяжан) нормаға сай 12 оқушы, нормадан төмен 5
оқушыоқыды. Ал 5 ә сыныбы бойынша нормадан жоғары 4 оқушы (Аштай
Жанель, Бақыт Мария, Кетпенбай Ернұр, Елюбай Анель), нормаға сай 7
оқушы , нормадан төмен 8 оқушы оқыды, 5б сыныбы бойынша нормадан
жоғары 3 оқушы, нормаға сай 5 оқушы, нормадан төмен 11 оқушы оқыды.
Бұл әрине алдағы уақытта оқу жылдамдығына көп көңіл бөліп, жақсы
нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай еңбек етуді талап
етеді.
Тоқсандық қорытындыға келетін
болсақ, қазақ тілі пәні бойынша 5 а
сыныбы-71%
, 5ә
сыныбы-75%, 5б
сыныбы-61% , қазақ әдебиеті пәні бойынша 5а сыныбы-
71%, 5ә сыныбы 70%, 5б сыныбы-61%-ды
көрсетті
5-ші сынып оқушыларымен
жүргізілген жұмыстарды жинақтай келе, мынадай қорытындыға
келдім:
1.
Психолог ата-ана, мұғалім мен бала арасын жалғастырушы дәнекер
болуға тиіс. Адаптациядан 5-сынып оқушыларының сәтті өтуіне барынша
жұмыстар жан-жақты болуы қажет.
2.
5-сыныпқа жетекшілік етуге шешім қабылдаған мұғалімдер оқушылары
4-сыныпта оқып жүргенде-ақ сыныбына барып, сынып туралы мәлімет
жинап, байланыс жасағаны дұрыс. Сабақтарына, тәрбиелік шараларына,
ата-аналар жиналысына уақыт тауып кіріп, әр баланың жеке құжатын
қарап, баланы жақын тану үшін сауалнама, тест, психологиялық
тесттер, социограммалар, мінездемелер жинауы керек. Жылдың басында
бала мұғалімді танып, қасына жүгіріп келу керек. Кім күтіп тұрғанын
оқушы, кімді күтіп тұрғанын мұғалім білсе, қандай
жақсы. Сонда ғана
жыл
басынан-ақ сыныпта тосырқау болмайды
3.
Ата-анамен жұмыс болу керек. Күнделікті кейбір балалар толтырмайды.
Себебі, ата-ана бақылау жасамайды. Сондықтан күнделікте баға мен
ескертулер болуы керек деп есептеймін. Баладан әр мұғалім
күнделікті талап ету керек.
4.
Бір ауыз сөздің құдіретін бәріңіз де білесіздер. Педагогтар әр
сабақ сайын баладан жылы сөздерін аямауы қажет. Қателеспейтін бала
тәрбиелеймін деудің өзі қате немесе мен ешқашан қателеспеймін
деп өзі туралы жоғары ойлаудың өзі мұғалімнің
қателігі.
5.
Оқу мен тәрбие – егіз. Айтайын дегенім бала тәрбиені мұғалімнің
өзінен және сөзінен, жүріс-тұрысынан алады. Қарапайым мысал: өзі
кешігіп келіп тұрып, балаға кешікпе деп ұрсудың әділетсіз екенін
бала біліп тұрады да, мұғалімге деген құрметін жояды. Дөрекі
сөйлеу, әдепсіз түсініктемелерден аулақ болайық. Тәрбиелік сөздер
тек сынып сағаттарында ғана жүргізілмей, әр сабақ сайын
айтылуы керек. Тәрбиесіз берілген білім – ең қауіпті
нәрсе.