Материалдар / 5 сынып оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар ДӘПТЕР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 сынып оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар ДӘПТЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2019
3342
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қазақстан тарихынан әңгімелер

5 сынып оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар

ДӘПТЕР





















Пікір


Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты М. Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Токенова Бибігүл Қазкенқызы ұсынып отырған 5-сыныпқа арналған жұмыс дәптері «Қазақстан тарихынан әңгімелер» курсының мазмұны мен құрылымының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, оқушылардың қызығушылығын тудыратына негіздер бар.

5-сыныпқа арналған Қазақстан тарихынан әңгімелер курсының мазмұны бес бөлімнен тұрады, қорытып-қайталауға және өлке тарихын оқып-үйренуге қосымша сағат берілген және осыған сәйкес бұл жұмыс дәптері өте қажет әдістемелік көмекші құрал болады деген сенім бар.

Бұл курстың басты ерекшелігі – ондағы материалдар көлемі жағынан шағын ірі әңгіме түрінде берілуі жетік меңгеруіне көмектеседі.

Дәптерде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы (суреттер, сызба-нұсқаулары, кесте, диаграммалар, карта және т.б.) сабақта оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай туғызады. Оқушылар өздігінен жауап іздеп, талдайды, қорытындылайды, өз пікірін еркін білдіруге, оны күнделікті өмірінде қолдануға ұмтылады.

Мұғалім іріктеп алған материалдардың мазмұны оқушылардың танымын кеңейтіп, тарихтағы адамның рөлін түсінуге көмектеседі. Берілген суреттер анық және көп түрлі.

Ұсынылған жұмыс дәптері тарихи деректер, тарихи уақыт, тарихи карта туралы алғашқы түсініктерді одан әрі тереңдете түсуге мүмкіндік берілген. Бірінші бөлімде сонымен қатар білімдік, тәрбиелік және дамытушылық жағынан маңызды фактілер мен идеяларды сұрыптап алуға ерекше назар аударылған. Мұнда әсіресе «Отан», «туған өлке», «Қазақстан – менің Отаным», «Қазақстан халқы арасындағы татулық пен түсіністік, адамгершілік», т.б. ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыруға баса мән берілген, оқушылардың жасына сай, жеткілікті ғылыми дәрежеде толық әрі терең түсіндірілуі қарастырылған. Дәптерде әрбір параграф бір сабақ ішінде өтілуге арналған.

Автор жұмыс дәптерін шығармашылықпен орындалған. Тарих пәнінің ұстаздарына көмекші құралға айналатына сенім зор және осы еңбектің авторы - Бибігүл Қазкенқызының болашақта мол табыстарға қол жеткізуіне тілектеспін.


Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетаумемлекеттік университетінің аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі

Идрисов Рашид Ашкенұлы


Алғы сөз


Ұсынып отырған «Жұмыс дәптерінің»негізгі мақсаты оқушылардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай тудыру. Соңдықтан да мұнда алуан түрлі сұрақтар, тапсырмалар беріліп отыр. Оларды барынша түрлендіріп, оқушылардың қызығушылығын тудыру көзделеді. Кесте, сызба, тест, кескін картамен жұмыс, суретке қарап әңгіме құрау, анаграмма, (жас ерекшелігіне қарай - Өз орнын тауып қой, Құпия сөз, т.б бар). Бұл тапсырмаларды бүкіл сынып болып және әр оқушының жеке орындауына болады, тапсырманы орындап болған соң оқушы өз-өзін бағалайды. «Жұмыс дәптеріне» енгізілген тапсырмалар оқулықтың мазмұнын түгел дерлік қамтиды.

Демек, негізгі міндет-оқулықта берілген бағдарламалық-ғылыми мәселелерді оқушыларға толық меңгерту. Мәселен, дәптермен жұмыс істеу барысында әр түрлі сызбамен, картамен жұмыс, кестелердегі тапсырмаларды толтыру арқылы оқушы-лардың оқулықтан алған білімдері тиянақталады.

Сонымен қатар әр түрлі сұрақ-тапсырмаларға жауап дайындау оқушылардың білімін, ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады.

5 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқулығы негізі бес бөлімнен тұрады. бірінші, екінші бөлімнен кейін және қалған бөлімнен кейін нәтиже сабақ тест тапсырмалары ұсынылған. Ұсынылып отырған «Жұмыс дәптерін», ондағы тапсырмаларды күнделікті оқу үрдісінде пайдалануға ұстаздар барынша шығармашылықпен қарағаны дұрыс. Әсіресе, өзі сабақ беретін сынып оқушыларының дайындық дәрежесін үнемі ескеріп отыру керек. Дәптердегі барлық тапсырмаларды орындаумен ғана шектелу шарт емес. Бұлардан басқа да тапсырмалар беруге болады.





§1. «Қазақстан тарихы» пәні


Геродот


Бос орындарға тиісті сөздерді жазындар.


«Тарих» сөзін алғаш рет ежелгі грек тарихшысы .......... қолданған. Геродот көптеген елдерге ......... саяхат жасап, қалаларды аралап, тайпалардың тарихымен танысқан. Олардың өміріндегі елеулі оқиғалар туралы естіген-білгендерін жинақтап, «Тарих» атты ......... жазған.Сондықтан оны «...........» деп атаған. Геродот өз еңбегінде бұрынғы Қазақстан жерінде өмір сүрген ......... туралы баяндайды.

Кестені толтырындар.


Сыма Цянь



Рашид ад – Дин



Мұхамед Хайдар Дулати







Тест


1. Тарих сөзі қандай мағынаны білдіреді?

А) Өткен оқиғалар жайлы әңгімелер;

В) Жыл санау;

С) Өткенді есте сақтау;

Д) Қағазға түсіру;


2. « Тарихтың атасы» деп кімді атайды?

А) Страбонды;

В) Геродотты;

С) Эротосфенды;

Д) Птоломейді;


3.Қазақстан тарихы неше бөлімнен тұрады ?

А) Үш;

В) Бір;

С) Екі;

Д) Төрт;



Қорытынды-рефлексия

Тапсырманы орындау-----------------------------------------------------------------------болды. Себебі------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Өзіме қоятын бағам


Мұғалім бағасы




§2. Тарихи деректер


1. Кестені толтырындар.


Тарихи дерек

Ауызша

Жазбаша

Археологиялық

Этнографиялық

Антропологиялық






















Тест

1.Төменде аталғандардың қайсысы жазба деректерге жатады?

А) заңдар Б) эпос С)жұмбақтар Д) киім –кешек

3.Халықтардың тұрмыс-тіршілігін, рухани мәдениетін, шежіресін зерттейтін ғылым саласы?

А) археология Б) этнография С) анторпология Д) топономика

4. Тарихи деректер нешеге бөлінеді?

А) 5 Б) 4 С) 3

5. Тиындардың, ақша айналымы тарихын зерттейтін тарихи пән?

А) геральдика Б) нумизматика С) анторпология

6. Адамзаттардың өткен өміріне қатысты әр түрлі мәліметтерді не деп атаймыз-?

А) Шежіре Б) Жылнама С) Тарихи дерек


Қорытынды-рефлексия

Тапсырманы орындау--------------------------------------------

- --------------------------болды. Себебі--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Өзіме қоятын бағам

Мұғалім бағасы

§3. Археология

























Сұрақтарға жауап бер

  1. Археология қандай ғылым?

  2. Археолог нені зерттеумен айналасады?

  3. Қазақстан жерінен табылған қандай археологиялық ескерткіштерді білесің?


§4 Этнография


Тапсырма. Дәптеріңе әрбір сөздің өзіне сай келетін анықтамасын тауып жаз. Мысалы, «Сына жазу – сазбалшыққа сына тәрізді жазылған жазу».


Түсініктер

Анықтамалар

1. Сына жазу


2. Пергамент


3. Иероглиф


4. Папирус


5. Шежіре


6. Археолог


7. Әдет - ғұрып



§ 5. Өлкетану


Тапсырма «Біздің өлке» деп аталатын кестені толтырындар.


Өлкедегі белгілі адамдар


Өлкенің шаруашылығы

Өлкедегі тарихи ескерткіштер











Тапсырма

  1. Картадан өзін туып - өскен өлке, қала, аудан, облысты тап.

  2. Өлкедегі табиғат байлықтары жайлы әңгімелеп бер.

  3. Өлкедегі өзен – сулардың, таулардың аттарын атап, картадан көрсет.


Қорытынды-рефлексия

Тапсырманы орындау-----------------------------------------------------------------------болды. Себебі------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Өзіме қоятын бағам

Мұғалім бағасы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!