Материалдар / 5-сынып ҚМЖ, 1)Сыпайылық, әдептілік 2)Тілі байдың ойы да бай

5-сынып ҚМЖ, 1)Сыпайылық, әдептілік 2)Тілі байдың ойы да бай

Материал туралы қысқаша түсінік
Сіз мұнда 5-сынып бойынша екі сабақтың ҚМЖ жүктеп ала аласыз. (АРМАН-ПВ) 1)Сыпайылық, әдептілік 2)Тілі байдың ойы да бай БЖБ№1
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2024
60
0 рет жүктелген
630 ₸ 700 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

1-бөлім. Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

18.09.2024

Сынып: 5 «Б,В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

8. Сыпайылық, әдептілік. Орфографиялық норма

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;

5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты

-берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспарады;

- қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Құндылық

  • Тақырыпқа байланысты басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

  • еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен сәлемдесу


Үй тапсырмасын тексеру

«Жалғастыр» ойыны

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады. 
1. Үлкендердің алдын- 
2. Кішкене баланы- 
3. Құстарды- 
4. Қыз баланы- 
5. Сабақтан- 
6. Үйге жүгіріп- 
7. Үлкен кісіні- 
8. Оқу –құралдарын- 
9. Сыныпта айғайлауға- 
10.Ысқыруға- 
11.Құстың ұясын- 

Не істеу керек? 


Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру

Үй тапсырмасын тексертеді



Үлкендерді сыйлау керек 
— Ата- аналардың тілін алу керек 
— Тәртіпті болу керек 
— Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек 
— Сабақты жақсы оқу керек




Дескриптор

сөйлем құрайды-1

- Сыпайылық, әдептілік сөзінің мәнін түсіндіреді-1

ҚБ


ФБ-2


Сабақтың ортасы



1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрыңыз.

https://youtu.be/K9kOu2WBEoU?t=49


2-тапсырма. Жуан буынды сөзді бір бөлек, жіңішке буынды сөзді бір бөлек, аралас буынды сөзді бір бөлек жаз және мысал келтір.

Аймақ, жұмыс, Кішітау, бүйір, Жезқазған, геометриялық, қазіргі, географияда, оңтүстік, кездесулер.

Жуан буынды сөз

Жіңішке буынды сөз

Аралас буынды сөз





3-тапсырма.Төмендегі сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құраңыз..

Фильм, руль, альбом, киоск, повесть, грамм, конспект, табель, банк.

Мысалы: Мен банкке жұмысқа орналастым.

Мәтінді оқып, жоспар құрады.




Оқушылар жуан буынды сөзді бір бөлек, жіңішке буынды сөзді бір бөлек, аралас буынды сөзді бір бөлек жазады және мысал келтіреді.







Берілген сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрастырады



Дескриптор

-кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын жоспар құрады-3

ФБ-3


Дескриптор

-буын үндестігіне жататын сөздерді анықтайды-1

- буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді анықтайды-1

-мысал келтіреді-1

ФБ-3




Дескриптор

- қосымша жалғайды-1

-сөйлем құрайды-1


ФБ-2

https://youtu.be/K9kOu2WBEoU?t=49


Сабақтың соңы

Рефлексия «ҚҚҚ»


Үйге тапсырма: «Әдепті бала-мектепте, үйде», «Әдептілік-әдемілік» эссе

Сабаққа кері байланыс береді

ФБ-10





Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

1-бөлім. Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

20.09.2024

Сынып: 5 «Б,В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

9.Тілі байдың ойы да бай. Орфографиялық норма

БЖБ-1

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты

- кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады.

- қазақ тілінің үндестік заңының ерекшеліктерін анықтайды

Құндылық

  • Тақырыпқа байланысты басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

  • еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен сәлемдесу

Үй тапсырмасын сұрау

Тіл жайлы қызықты ақпарат

Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүние жүзінде екі мыңнан астам немесе үш мыңға жуық тіл бар деп келген еді.

1980 жылы Германда жарияланған мағлұматтарға қарағанда 5661 тіл бар екен.

Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады.

Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Олар: қытай тілі,  һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Дүние жүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. Соның бірі-қазақ тілі. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданған.

- Қымбат қазыналарға нелер жатады?

- Тілі байдың ойы да бай дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру



Үй тапсрмасын айтады.


Тіл жайлы қызықты ақпараттармен танысып, сұрақтарға жауап береді.






Дескриптор

- сұрақтарға жауап береді.


ФБ-1


Сабақтың ортасы



1-тапсырма. Шындық па, жалған ба?

мысал

Шынд.

Жалған

1

Буын үндестігі дегеніміз өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауы.


+

2

Үндестік заңының екі түрі бар:

1) буын үндестігі;

2) дыбыс үндестігі

+


3

Дауыссыз дыбыстар буын құрайды


+

4

«Өсімтал» сөзі буын үндестігіне бағынбайды

+


5

«Серікбаев» буын үндестігіне бағынбайды

+


6

«Бейтаныс» аралас буынды сөз

+


7

«Жолдаспен» сөзі буын үнде

тігіне жатады


+



2-тапсырма. Берілген тірек сөздерді қолданып, мәтін құраңыз. Мәтінге тақырып қойыңыз.

Бізге көрші үйде Амангелді, әкесінен аумаған,ол бес тіл, көптеген елдерге, бір күні қала сыртындағы көлге, ол өзі көрген ел, тарих, өнер, қызықты оқиға.


БЖБ №1 20-25 минут

Оқушылар берілген ақпараттың шындық па, әлде жалған ба екенін ажыратады.
















Берілген тірек сөздерді қолданып мәтін құрайды.


Дескриптор

- Буын үндестігінің ережесін анықтайды-1

- Үндестік заңының түрін анықтайды-1

- буын құрайтын дыбысты анықтайды-1

- буын үндестігіне бағынбайтын сөзді анықтайды-1

-аралас буынды анықтайды-1

- буын үндестігіне жатады сөзді анықтайды-1

ҚБ

ФБ-6


Дескриптор

-мәтін құрайды-1

-сипаттау кездеседі-1

-тақырып қояды-1

ФБ-3


Сабақтың соңы

«Ана тілім - ардағым» тақырыбында ойтолғау жазу.


Үйге тапсырма:







БЖБ тапсырмасы

Сыныбы: 5 « __ » Оқушының аты-жөні: ________________________________________

20.09.2024 жыл Қазақ тілі 1-тоқсан БЖБ №1

Орындау уақыты 20-25 минут


1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.

1-сұрақ.Ұлыбританияда тұратын Соня Янгтың жасы нешеде?

А)12 жас

Ә)11 жас

Б)10 жас

В)13 жас

1 балл

2-сұрақ. Мәтін мазмұны бойынша Соня неше тілде еркін сөйлейді?

А)13 тілде

Ә)11 тілде

Б)10 тілде

В)12 тілде

1 балл

3-сұрақ. Полиглот қыз көп тіл үйрену үшін қандай кеңес береді? Тұжырымдардың ақиқат не жалған екенін анықта.

Мысал

Жалған

Ақиқат

1. Байқауларға көбірек қатысу керек. 



2. Көп елдерді аралау керек. 



3. Ынта-ықыласың болу керек. 



3 балл

2-тапсырма. «Тіл ғұмыры» асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

Ғұмыры

... әріп, ... дыбыс, ... буынды

Ғ-___________________________________________________________________________

Ұ-___________________________________________________________________________

М-___________________________________________________________________________

Ы-___________________________________________________________________________

Р-___________________________________________________________________________

Ы-___________________________________________________________________________

6 балл


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді

1

-Сұраққа жауап береді

(әр дұрыс жауапқа 1 балл) Ақиқат пен жалғанды ажыратады

1

1

3

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін анықтайды

2

- сөзге дыбыстық талдау жасайды;

- орфографиялық норманы сақтап жазады.

6

Барлығы

11


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!