Материалдар / 5 сынып "Түбір сөз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 сынып "Түбір сөз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Түбір сөз тақырыбындағы ашық сабақ мұғалімдерге іс-тәжірибе тарқату
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2021
1013
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз бен туынды сөз

Сабақ барысы.

І. Қызығушылықты ояту.

Психологиялық дайындық

Баяу әуенмен «Балалық шақ» әуені ойналып тұрады.

Мұғалім:

Қатар - қатар тізіліп,

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп

Түп - түзу боп тұрайық.

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз

Отыруға нақпа - нақ

Дайындалдық бәріміз

1 – қатар жай отыр,

2 – қатар тез отыр,

3 – 4 – қатар сен де отыр.

Сабақ бастар кез боп тұр.

ІІ. Көркем жазу минуты.

Оқушылар дәптерді ашып, бүгінгі күннің ретін жазады

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық.

Дәптерімізді ашайық.

Көркем етіп жазайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. Жан - жақты білімдерін тексеру.

«Бал жинау» ойыны. Ойынның шарты: араларда жазылған жұрнақтарды сәйкес келетін гүлге

қондыру. Жұрнақтарды жалғағанда қандай сөздер шықты? Бұл сөздерді туынды сөздер деп

атаймыз. Себебі, жұрнақ арқылы бұл сөздерден жаңа сөздер шықты.

Жаңа сабақ. Түбір сөз және туынды сөз.

І. Қызығушылығын ояту кезеңі.

Семантикалық карта

Сөз

Сөздер

құрамы

Кітап

Басшы

келді

қобызшы

құлақшын

Түбір

+

Жұрнақ

+

+

+

Жалғау

+

«Оқымай білім жұқпас, Білімсізден өнер шықпас». Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтарыңдағы 120 – беттегі 19 - жаттығуды таба қойыңдар.

Түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жаз.

Жұмыс, дос, сый, - лық

Талап, қызмет, - шы, - ші

Дойбы, ас - кер, - тық



ІІ. Мағынаны тану кезеңі

Ереже:

Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. Мысалы: ерлік, татулық,

жұмысшы.

20 – жаттығу. Сөздерді оқы. Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екенін айт.

Оқушыларды ПАЗЛ ойыны арқылы топтастырады. Оқушылар құрастырғыштың бір - бір данасын

алады да, әркім өз суреті бойынша топтасады.

Топтық жұмыс

I топ. Түбір сөздерді тап.

Өнер, ек, жарыс, іс, егін, жаз.

II топ. Туынды сөздерді тап.

Жазушы, ертең, сарғыш, ертеңгі, көңілді, балапан.

21 - жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.

Білімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан нақыл шығар.

Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда.

Мақалдың мағынасын қалай түсінгеніңді айт.

Ойын: «Кім тез табар?»

а ы ы і

у л О б ғ

м з қ і

Оқу – білім азығы.

22 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.

Алматыдағыт ең үлкен кітапхана – Ұлттық кітапхана. Кітапхананың залдары кең, жарық.

Кітапханаға оқушылар, студенттер, ғалымдар, жұмысшылар келеді. Мұнда керек кітаптың бәрі

бар. Кітапханада мейірімді жандар жұмыс істейді.

Туынды сөздердің астын сыз.

Кітапханаға барғаның жайлы әңгімеле.

23 – жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

Шын іскер – жұмыскер,

Жұмыскер – шын іскер.

Жұмысты кім істер

Жоқ болса жұмыскер.

Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Олардың ішінен туынды сөзді тап.

Жұмыскер – туынды сөз.

Сергіту сәті. (Видео арқылы. Экраннан ФЛЭШ - МОБ көрсетіледі. Оқушылар соны қайталап, сергіту

сәтін жүргізеді.)

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі.

Жазылым дағдысы жүзеге асады.

Экраннан «Қыс көріністері» тақырыбында видео көрсетіледі. Оқушылар сол ой - түрткі арқылы

шығармашылықпен айнаысады.

Эссе. «Менің қысқы демалысым»

25 – жаттығу. Қай гүлге қай көбелек қонғанда жаңа сөз жасалатынын анықта.

Бес жолды өлең. Көбелек

1) Көбелек







2) Ақ, жасыл

3) Ұшады, қонады, қоректенеді

4) Қызыл көбелек гүлге қонды

5) Жәндік

Тәрбие + ші, көңіл + ді, құрылыс + шы, тау + лы, жыр + шы, еңбек + ші, сын + ды, сән + ді.

Туынды сөздерді құрастырып сөйлем құрап айт.

V. Сабақты бекіту. Жаңа білімді меңгергендігін тексеру мақсатында тест тапсырмалары беріледі.

1 Түбір сөзді тап.

а) жұмыскер

ә) балапан

б) іс +

2 Туынды сөз дегеніміз не?

а) Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз

ә) Түбір сөз арқылы жасалады

б) Түбір сөздің өзгеруі

3 «Бала» түбір сөзіне тиісті жұрнақты тап.

а) - кер

ә) - пан

б) – ған

4 «Жұмыскер» сөзінің түбірін тап.

а) жұм

ә) жұмыс

б) жұмыскер

5 «Жазушы, жұмысшы» сөздерін сөз құрамына талда.

VІ. Сабақты қорытындылау:

Айтылым дағдысы жүзеге асады.

Әр топтағы балалар екі - екіден диалог арқылы бүгінгі сабақтан не түсінгендіктері туралы пікір

алмасып, кері байланыс жасайды. Мұғалім тыңдай отырып, қай баланың қаншылықты деңгейде

меңгергендігін байқайды.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

Күнделікті енді ашайық

Үй тапсырмасын жазайық.

Түбір сөз туралы алған білімді,

Ұмытпай есте сақтап алайық.

24 – жаттығу. Берілген сөздердің кейбірінен заттың атын білдіретін, кейбірінен заттың сынын

білдіретін сөздер жаса.

Ұш, жақсы, сән, мейірім, біл, оқу, өнер.

Оларды өздері байланысатын сөздермен тіркестіріп оқы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!