Материалдар / 5-сыныпқа арналған "Мәнерлеп оқу" үйірмесінің жоспары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5-сыныпқа арналған "Мәнерлеп оқу" үйірмесінің жоспары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме жұмысынң жоспары. Орыс мектептері үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2018
12192
130 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Түсінік хат


Мәнерлеп оқу үйірмесі 5-сынып оқушыларына арналған. Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірме оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі, әдебиет сабақтарына қызығушылықтарын арттырады. 

        Үйірмеге тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп  аша білетін оқушылар тартылады.

        Үйірменің оқу материалына  халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал,  жұмбақ,  жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі т.б.) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді. 

       Сондықтан сыныптан тыс үйірме сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей,  жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке,  ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу  көзделеді.

 

 

Үйірменің мақсаты: 

      Оқушылардың  сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау,  жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.


Үйірменің міндеті:

- Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;

- Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру;

- Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;

- Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.


Күтілетін нәтиже:

      Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары артады.

 











«Мәнерлеп оқу» үйірмесінің жылдық жұмыс жоспары

2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы

Сағат саны

 мерзімі

1

Шығармашылыққа бейімі бар оқушыларды іріктеу, бейімдерін анықтау

1


2

Ауыз әдебиетті. Түрлері

1


3

Салт өлеңдері мен бата-тілек жырлары

1


4

Төрт түлік мал жайындағы өлең-жырлар.

1


5

Наурыз туралы өлеңдер.

1


6

Мақал-мәтелдерді тақырыптық жағынан іріктеу, жинау

1


7

Шешендік сөздер. Билер сөзі - нақылдың көзі.

1


8

М.Өтемісұлы «Соғыс», «Қызғыш құс»

1


9

Ы.Алтынсарин. «Өзен» өлеңін оқыту жаттау.

1


10

Шығармашылық жұмыс.

1


11

Абай Құнанбайұлы «Табиғат туралы әндер»

1


12

Абай Құнанбайұлы. «Қыс» өлеңі

1


13

Т. Айбергенов «Ана»,

1


14

 Көркем тәсіл – сөз бояуы. С. Сейфуллин « Сыр сандақ»

1


15

 Поэзия! Сен менімен егіз бе едің»

1


16

Табиғат ғажайыптары саяхат сабақ.

1


17

Жұмбақтар құрау, жинақтау

1


18

Өтірік өлең жазуды үйрету.

1


19

Өлең жазуды үйрену.

1


20

 Мәнерлеп оқу сайсытарына қатысуға дайындық

1


21

Жерлес ақын Н.Шолтырұлымен кездесу.

1


22

Н.Ә. Назарбаевтың ұлағатты сөздерінен кітапша жасау

2


23

Абайдың қара сөздерін оқу, талдау

2


24

Менің сүйікті шығармам (өлең)

1


25

М.Жұмабаевтың жастар туралы өлеңдері

1


26

Ж.Нәжімеденов өлеңдері

1


27

Ф.Оңғарсынованың өлеңдері

1


28

«Жас қалам» газетін шығаруға дайындалу.№2

2


29

«Өлең, мен сені аялап өтем!» көркемсөз оқу сайысы

1


30

«Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды!»эссе жазу.

1


31

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1


32

Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1


33

Жамбыл өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1


34

Аңыз адам.

1





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!