Материалдар / 6-10 сыныптарға арналған географиядан бақылау жұмыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

6-10 сыныптарға арналған географиядан бақылау жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәнінің мұғалімдеріне арналған нұсқаулық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2019
1271
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«0»-дiк бақылау жұмысының  мазмұны.

 

7-класс.

 

Мақсаты: Оқушылылардың 6 класта  алған бiлiм, iскерлiк, дағдыларының   қаншалықты игерiлгендiгiн анықтау, бiлiм деңгейiн тексеру

I-НҰСҚА

I деңгей.

  1. География ғылымы ненi зерттейдi, ол қандай салаларға бөлiнедi

  2. Материктер мен мұхиттардың ашылуы жөнiнде жаз.

 

II деңгей.

  1. Географиялық ендiк, географиялық бойлық, географиялық координата ұғымдарына анықтама берiп, бiр қаланың географиялық координатасын анықта.

  2. Литосфера дегенiмiз не? Жер бедерiнiң негiзгi формаларын атап,олардың пайда болуын түсiндiрiп, мысал келтiр.

 

III деңгей

Топографиялық шартты белгiлердi қолданып, азимуттын анықтап, қашықтықты масштабқа салып топографиялық әңгiме құрастыр, оның сызба нұсқасын дәптерге түсiр.

 

II- НҰСҚА

I деңгей.

  1. Жердің планы, план масштабы және оның  түрлерi, азимут жөнiнде не бiлесiң?

  2. Жердiң пiшiнi мен көлемi қандай? Глобус, оның картадан айырмашылығы неде?

 

II деңгей.

  1. Атмосфера және оның құрылысы, ондағы болып жатқан негiзгi құбылыстардың себебi, олардың өзара байланыстылығы неде?

  2. Жер бетiндегi организмдердiң таралуы. Табиғат кешендерi компонеттерiнiң өзара әсерiнің ерекшелiктерi қандай?

 

III деңгей.

Топографиялық шартты белгiлердi қолданып, азимутын анықтап, қашықтықты масштабқа салып, топографиялық әңме құрастыр, оның сызба нұсқасын дәптерге түсiр.

 

 

 

 

 

«0»-дiк бақылау жұмысының  мазмұны.

 

8- класс.

 

Мақсаты: Оқушылылардың  7 класта  алған бiлiм, iскерлiк, дағдыларының  қаншалықты игерiлгендiгiн анықтау, бiлiм деңгейiн тексеру

I – НҰСҚА

I деңгей.

  1. Материктер мен мұхиттар картасының топтастырылуы. Карталардың бґл топтарының әрқайсысына мысал келтiр

  2. Африка материгiнiң физикалық-географиялық орны, табиғатының негiзгi ерекшелiктерiне сипаттама бер.

 

II деңгей.

  1. Жердiң климаттық белдеулерiне қысқаша, кесте түрiнде сипаттама берiп, өтпелi және негiзгi климаттық белдеулердiң  айырмашылығын түсiндiр.

  2. Австралия материгi табиғатында басқа материктер табиғатына қарағанда нелiктен ерекшелiктер көп? Оның  себебiн түсiндiрiп, ол ерекшелiктердi ата.

 

III деңгей.

Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесiнде құрлық пiшiнi қалай өзгеруi мүмкiн,  бұл мүмкiн өзгерiс қанша жылды, ғасырларды қамтуы мүмкiн екенiн болжап, оны нақты мәлiметтермен дәлелде.

 

 II- нұсқа

I деңгей.

  1. Жалпы жер көлемi, материктер мен мұхиттар көлемiн атап, мұхиттарды аралдар түрлерiне мысал келтiр.

  2. Евразия материгiнiң физикалық-географиялық орны, табиғатының негiзгi ерекшелiктерiне сипаттама бер.

 

II деңгей.

  1. Географиялық қабықтың қасиеттерi және оның дамуының заңдылықтарын атап, олардың себебiн айқында.

  2. Оңтүстiк Америка және Солтүстiк Америка материгiнiң табиғатына, халқына, шаруашылығына қысқаша , кесте түрiнде сипаттама берiп, қорытынды жаса.

 

III деңгей.

Егер де Антарктида материгiнiң мұз жамылғысы ерiсе, жер табиғаты қалай өзгеруi мүмкiн, өз болжамыңды ұсынып, бұл ғаламдық  проблеманың алдын алудың қандай мүмкiн шешулерi бар екенiн ата.

 

 

 

 

 

«0»-дiк бақылау жұмысының мазмұны.

 

9-класс

 

Мақсаты: Оқушылылардың 8 класта  алған бiлiм, iскерлiк, дағдыларының  қаншалықты игерiлгендiгiн анықтау, бiлiм деңгейiн тексеру

I-НҰСҚА

I деңгей.

  1. Қазақстанның физикалық-географиялық орны, шекарасы.

  2. Қазақстанның пайдалы қазбалары, олардың орналасуы.

 

II деңгей.

  1. Қазақстанның геохронологиялық кестесiне сипаттама берiп, қазiргi кезде Қазақстан жерiндегi тау жасалу процесi әлi де болып жатқан жерлердi атап, оның себебiн түсiндiр.

  2. Павлодар облысының климатының, жер бедерiнiң, iшкi суларының, топырақ жамылғысының негiзгi ерекшелiктерiн атап, облыс территориясын агроклиматтық аудандарға бөл.

 

III деңгей.

Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, өзiң таңдаған екi нүкте арасының гипсометриялық профилiн тұрғыз.

 

II- НҰСҚА

I деңгей.

  1. Қазақстанның физикалық-географиялық  орны, шекарасы.

  2. Қазақстанның климатын қалыптастырушы негiзгi факторлар, климаттың негiзгi ерекшелiктерiн ата.

 

II деңгей.

  1. Шығыс Европа жазығы мен Батыс Сiбiр жазығына салыстырмалы түрде сипаттама берiп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындап көрсет.

  2. Қазақстан климатының, жер бедерiнiң, iшкi суларының, топырақ жамылғысының негiзгi ерекшелiктерiн атап, республика территариясын агроклиматтық аудандарға бөл.

 

III деңгей.

Павлодар облысының физикалық картасын пайдаланып, өзiң таңдаған екi нүкте арасының  гипсометриялық  профилiн тұрғыз.

 

 

 

 

 

 

 

«0»-дiк бақылау жұмысының  мазмұны.

 

10- класс.

 

Мақсаты: Оқушылылардың  9 класта  алған бiлiм, iскерлiк, дағдыларының  қаншалықты игерiлгендiгiн анықтау, бiлiм деңгейiн тексеру

I-НҰСҚА

I деңгей.

  1. Павлодар облысының экономикалық-географиялық орны және геосаяси жағдайына сипаттама бер

  2. Өнеркәсiп салаларының схемасын сыз.

 

II деңгей.  

  1. Қазақстанның отын-энергетикалық кешенiнiң территориялық құрылымы және салалары. Бұл салалардың болашағы туралы өз ойың.

  2. Солтүстiк Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан экономикалық аудандарына салыстырмалы түрде сипаттама берiп, бұл аудандардың республика экономикасындағы алатын орнын айқында.

 

III деңгей.

Қазiргi таңда қалалар мен ауылдарда қандай әлеуметтiк – географиялық мәселелер өршуде, олардың себебiн анықтап, бұл мәселелердiң қандай мүмкiн шешулерi бар екенiн айқындап, дәлелде.

 

II- НҰСҚА

I деңгей.

  1. Қазақстанның табиғат жағдайлары мен байлықтарына баға  бер.

  2. Қазiргi таңдағы Қазақстанда қанша халық тұрады, халық географиясындағы негiзгi ерекшелiктердi ата.

 

II деңгей.  

  1. Қазақстанның металлургия өнеркәсiбiнiң территориялық құрылымы, салалары. Бұл салалардың дамуына болжам жасап, саланың экологиялық проблемаларын шешудiң жолдарын ата.

  2. Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан экономикалық аудандарына салыстырмалы түрде сипаттама берiп, бұл аудандардың республика экономикасында алатын орнын айқында.

 

III деңгей.

Павлодар облысының сыртқы экономикалық байланыстарының қазiргi жағдайына сипаттама берiп, келешекте дамыған және дамушы елдермен ынтымақтастықтың болашағы бар ма , болжам жаса.

 

 

 

 

 

I-шi тоқсандық бақылау жұмыстарының мазмұны.

 

6-класс.

 

Мақсаты: Оқушылылардың I тоқсан бойы алған бiлiм, iскерлiк, дағдыларының қаншалықты игерiлгендiгiн анықтау, бiлiм деңгейiн тексеру

I-НҰСҚА

I деңгей.

  1. География ғылымы ненi зерттейдi, оның қандай салалары бар? География ғылымының қазiргi таңдағы алдына қойған мақсаты қандай?

  2. Экватор, меридиан, параллель, географиялық полюстер ұғымдарына анықтама бер. Меридиан, экватордың ұзындықтарын атап, параллельдердiң ұзындығының полюстерге қарай нелiктен кемитiндiгiнiң себебiн ата.

 

II деңгей.

  1. Жердiң өз бiлiгiнен айналуының қандай географиялық мәнi бар. Қалай ойлайсың егер де Жер өз бiлiгiнен айналмаса Жерде қандай табиғат жағдайы болар едi. Өз ойыңды айтып, оны дәлелде.

  2. Берлин қаласының географиялық координатасын анықтап, Алматы қаласына дейiн қанша қашықтықта жатқанын анықта.

 

III деңгей.

Туристер лагерьден қылқан жапырақты орманға дейiн 45 азимут бойынша 500 шақырым жүрдi, ары қарай 90 азимут бойынша 350 шақырым жүрiп өзен үстiнде салынған ағаш көпiрге келдi, өзенде түрлi бақылаулар жасап 320 азимут  бойынша қара жолмен баяндап 450 шақырым жерде орналасқан ауылға жеттi”. Туристердiң осы жүрген жолын масштабқа салып, сызба түрiнде дәптерге түсiр.

 

II-нұсқа

I-деңгей.

  1. Жер туралы географиялық бiлiм қалай дамыды. Птоломей, Эратосфен, Бехайм, Магеллан, Колумб, Уалиханов деген ғалымдардың география ғылымын дамытудағы маңызы қандай?

  2. Азимут, масштаб, план ,карта, глобус ұғымдарына анықтама бер. Сандық, атаулық, сызықтық масштабқа мысалдар келтiр.

 

II деңгей.

  1. Жердiң Күндi айналуының қандай географиялық мәнi бар. Қалай ойлайсың егер де Жер Күндi айналмаса Жерде қандай табиғат орнаған болар едi, өз ойыңды айтып, оны дәлелдеп көр.

  2. Алматы қаласы Москва қаласынан қандай азимутта орналасқанын анықтап, осы екi қаланың арақашықтығын анықта.

 

III деңгей.

Оқушылар 320 азимут бойынша 310 шақырым жүрiп қала маңындағы карьердi айналып өтiп, 45 азимут бойынша 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл маңындағы бақшаға жеттi, ары қарай 25 заимут бойынша 50 шақырым жүрiп мектепке келдi. Осы оқушылардың жүрген жолын масштабқа салып, сызбасын сал.

 

 

 

 

 

 

 

I-шi тоқсандық бақылау жұмыстарының мазмұны.

 

7-класс.

 

Мақсаты: Оқушылылардың I тоқсан бойы алған бiлiм, iскерлiк, дағдыларының             қаншалықты игерiлгендiгiн анықтау, бiлiм деңгейiн тексеру

 

I-нұсқа

I-деңгей.

  1. Географиялық карталарды мазмұнына қарай қандай түрлерге бөледi, оларға мысал келтiр.

  2. Табиғат кешенi дегенiмiз не? Жер бетiнде табиғат кешендерiнiң көп болуы нелiктен?

 

II-деңгей.

  1. Экваторлық және тропиктiк климат белдеулерiне салыстырмалы түрде сипаттама берiп, бұл климаттық белдеулердегi ерекшелiктердiң жердегi қысым белдеулерiне тәуелдiлiгiн түсiндiр.

  2. Мұхиттық ағыстардың пайда болу себебi неде, олардың материктiң табиғатына, климатының қалыптасуына тигiзетiн әсерiн айқында.

 

III-деңгей.

Табиғат кешендерiнiң адамның iс – әрекетiнiң нәтижесiнде өзгеруiнiң алдын алу үшiн қандай шаралар қолданар едiң, өз болжамыңды ұсын, оның тиiмдiлiгiн дәлелде.

 

II-нұсқа.

 I деңгей.

  1. Географиялық карталарды масштабына қарай қандай түрлерге бөлемiз, оларға мысалдар келтiр.

  2. Жер бедерi дегенiмiз не? Олардың алуан түрлi болуының негiзгi себебi неде?

 

II деңгей.

  1. Тұрақты желдер және олардың пайда болу себептерiн анықтап, желдердiң қысым белдеулерге тәуелдiлiгiн түсiндiр.

  2. Дүниежүзiлiк су айналымы. Дүниежүзiлiк мұхиттың атмосфера және материктермен өзара әрекеттесуi .

 

III деңгей.

Мұхиттың болашағы, мұхит суларын қорғау, қазiргi заманға сай зерттеу тәсiлдерi қаншалықты тиiмдi, қаншалықты нәтижелi жүргiзiлуде. Өз қорытынынды жасап, оны дәлелдеп көр.

 

Бағалау параметрлерi:

  • I деңгейдiң сұрақтарына толық және II деңгейдiң бiр ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейдi орындаған, оны толық  орындай алмаған, тек қана II деңгейдi орындаған  оқушы «3» бағасымен бағаланады.

  • I және II деңгейдiң сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдiң сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейдi  және I деңгейдi орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.

  • I, II, III деңгейлердi толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады

 

 

 

 

I-шi тоқсандық бақылау жұмыстарының мазмұны.

 

8- класс.

 

Мақсаты: Оқушылылардың I тоқсан бойы алған бiлiм, iскерлiк, дағдыларының қаншалықты игерiлгендiгiн анықтау, бiлiм деңгейiн тексеру.

 

I-нұсқа

I деңгей.

  1. Қазақстанның физикалық-географиялық орны, шекарасы.

  2. Кеңес дәуiрiндегi Қазақстан жерiнiЎ зерттелуi.

 

II деңгей.

  1. Қазақстанның жер бедерiн, оның геологиялық, тектоникалық құрылысымен салыстыра отырып сипаттама бер. (картаны қолдан)

  2. Павлодар облысының жер бедерiнiң негiзгi ерекшелiктерiн анықтап, жер бедерiн iрi табиғи аудандарға бөл.

 

III деңгей.

Қазақстан жерiндегi пайдалы қазбалардың iрi кен орындарын атап, олардың тау жыныстарымен байланысын түсiндiрiп, оны дәлелдеп көр.

 

II-нұсқа.

I-деңгей.

  1. Павлодар облысының физикалық-географиялық орны, шекарасы.

  2. Қазақстан жерi туралы ертедегi зерттеулер. (XIX ғасырға дейiнгi.)

 

II деңгей.

  1. Павлодар облысының жер бедерiн, оның геологиялық, тектоникалық құрылысымен салыстыра отырып сипаттама бер. (картаны қолдан)

  2. Қазақстан жер бедерiнiң негiзгi ерекшелiктерiн анықтап, жер бедерiн iрi табиғи аудандарға бөл.

 

III деңгей.

Қазақстан жерiнде қай жерде тау жасалу процесi әлi де жүруде, оның себебi неде? Осы тау жасалу жүрiп жатқан жерлерде сейсмикалық белдеудiң болуын немен түсiндiресiң? Өз болжамыңды дәлелде.

 

 

Бағалау параметрлерi:

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!