Материалдар / 6- сынып қазақ әдебиеті "Жусан иісі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

6- сынып қазақ әдебиеті "Жусан иісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
6- сынып қазақ әдебиеті Сайын Мұратбеков "Жусан иісі" тақырыбына арналған ашық сабақ жоспары.Жаңартылған білім мазмұнына сай жасақталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2024
454
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алғабас ЖОББМ»КММ


Т а қ ы р ы б ы:







Сайын Мұратбеков

«Жусан иісі» повесі-рухани қазына

(сыныбы:6 «а»)













Өткізген:қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А.М.Сагындыкова



2023 жыл,02 ақпан

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:

С.Мұратбеков «Жусан иісі» повесі-рухани қазына


Бөлім:

3 – бөлім. Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Педагогтің аты-жөні:

А.Сагындыкова

Күні:

02.02.2023ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: 14 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

С.Мұратбеков «Жусан иісі» повесі-рухани қазына

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу;

6.3.3.1 шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттай алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» «Шеңбер»әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын қою.

«Жалпақ және жіңішке сұрақтар» стратегиясы

1. Жазушы шығармашылығы? Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
2. Әңгіме қандай оқиға кезінде болған? Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл толады?
3. Аян тобығын қалай шығарып алды?

4. Аян әжесінен айырылғанда неге жыламады?

5. Аян әжесі қайтыс болғаннан кейін кімнің үйін паналады? Олар Аянға қалай қарады?

6. Аянның ертегілері қалай басталатын еді?

7. Шығарма қалай аяқталды?

8. «Жусан иісі» арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастады?

9. Аянның балалар үйіне кетуіне сенің көзқарасың қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

«Шеңбер» әдісі арқылы екі топқа бөлінеді.





1-топ:«Тапқырлар»

2-топ:«Алғырлар»

Тыңдалым.

Өз ойы мен пікірін қалай білдіреді?

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың тыңдалым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



https://wheelofnames.com/ru/2cy-kax




Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

81 бетте берілген мәтін үзіндісін оқу.





1-тапсырма.

Мәтін соңындағы берілген талқылау сұрақтарына жауап жазу және Аянның көңіл-күйі,кейіпкерлер мен сол кездегі табиғат көрінісін сипаттап жазу,талқылау.


Айтылым және Жазылым.

Автордың Аянға деген көзқарасын білдіретін сөздерді тауып, дәптерге жазады.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым және айтылым дағдысы қалыптасады

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

Автордың Аянға деген көзқарасын білдіретін сөздерді тауып, дәптерге жазады.



Оқулық, жұмыс дәптерлері.




2-тапсырманы орындатады.

РАФТ стратегиясы

Тапқырлар тобы

Роль — Аян

Аудитория — оқырманға

Форма — хат

Тақырып — «Мықты болсаң, нағыз еркектерше қиыншылыққа жыламай бақ»

Алғырлар тобына:

Роль — қазақ азаматы

Аудитория — елбасына

Форма — эссе

Тақырып — «Балалар үйі азайса»

3- тапсырма

«Пікірлесу алаңы»

  1. Автор повесті неге «Жусан иісі» деп атады?

2. Аян ертегісінің «Бір жетім бала болыпты »

деп басталуының себебі неде?

Үйге тапсырма:повесті оқу,

ертегі жазу. «Баяғыда бір жетім бала болыпты.....

Жазылым.

Мәтін мазмұны бойынша кейіпкерлерге тән ақпараттарды анықтай отырып,шығармашылық жұмыс

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады











Оқушылар өз түсініп,талдаған ақпараттарынан қорытынды шығарып,сабақты түйіндейді.

Дескриптор: Жалпы –4 балл.

- Мәтін мазмұны бойынша кейіпкерледі талдап,оқиғаны талдап,шығармашылық жұмыс хат,эссе жазады.





























Дескриптор: Жалпы –3 балл Оқушылар өз түсініп,талдаған ақпараттарынан қорытынды шығарып,сабақты түйіндеп қорғайды.

Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Стикер» әдісі арқылы.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын стикерге түсіріп тапсырады.

Мақсаты: білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!