6-сынып БИЛ мен РФМШ,НЗМ-ге дайындалатын тесттің үлгісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

6-сынып БИЛ мен РФМШ,НЗМ-ге дайындалатын тесттің үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып БИЛ мен РФМШ,НЗМ-ге дайындалатын тесттің үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қабыршақты

Қабыршақты – Көшім өзенінің екінші атауы. Қабыршақты өзендегі су бақа-ларының қабыршақтарына байланысты қалыптасқан. Олар түлеген кезде ескі қабыр-шақтарынан арылады, өзен жағасы осындай қабыршақтарға толы болғандықтан Қабыршақты атанған.

Қабыршақты өзені Бірқазан көліне құяды. Көл маңайын жағалай қамыс пен қоға, судан қашықтаған сайын - ащышөп, иттабан, жыңғыл, бұзаубас, ақ жусан, итсигек, ақселеу мен бетеге өскен.Жазда май жайылымына жақсы-ақ жер.

Көшім каналы арқылы төрт су қоймасына құйылып, шабындық және жайылым-дық жерлерді суаруға пайдаланылады. Көшім каналы осы облыс еңбеккерлерінің қажымас қайратының белгісі.

Отызыншы жылдары елімізде техникалық құралдар жетпей жатқан кезде еңбекші бұқара бұл каналды қолмен қазған. «Көп түкірсе көл» дегендей, осылай бір іс біткен. Кәрісі бар, жасы бар ,барлығы жұмыла жұдырықтай кіріскен.

1.Көшім өзенінің екінші атауы қандай?

А)Бірқазан

В)Қабыршақты

С)Иттабан

Д)Ақселеу

E)Берілген жауаптың барлығы

2.Көшім каналын қалай қазған?

А)Техникамен

В)Трактормен

С)Құралдармен

Д)Қолмен

Е)Орақпен

3.Неліктен Қабыршақты атанған?

А)Бақаның қабыршағына байланысты

В)Жыланның қабыршағына байланысты

С)Каналға байланысты

Д)Көшім өзеніне байланысты

Е)Қабыршаққа байланысты

4.Көл маңын жағалай нелер өскен?

А)Шөптер

В)Бетеге мен беде

Сқселеу мен қоға

Д)Қамыс пен қоға

Е)Қамыстар

Бозторғай өзінің туысы қараторғаймен көрші тұрады. Ертелі-кеш ән салып, көңілін көтеретін-ді. Торғайдың да шықылдап бірсыдырғы ыңылдайтын «әндері» болатын. Бозторғайдың әнінен кейін, торғайдың шиқылы аяқ асты болып ескерусіз қалды.



Өзін әншілердің санатына қосып жүрген қараторғайды күншілдік жеңді. Бозторғай әндете бастаса, қабағын түйіп, ашуын шақырып:

Сен-ақ шиқылдауға жалықпайды екенсің? Не дауыс, не әуен жоқ, сенің әнінді кім тыңдасын,- деп жақтырмайтын.

Енді бозторғай жазық далаға кетіп, әндететінді шығарды. Оның әнін жалпақ дала мен ондағы тіршілік тыңдады.

Кең аспанда салған ән бұрынғыдан да әуенді естілетін.

Тым биік көтерілмесеңші. Мерт боларсың, — деп аяған болады торғай.

«Жақыннан тістескенше, алыстан кісінескен артық» деген емес пе, алыстан әуендірек естіледі, — деді бозторғай.

5)Торғайдың әрекетіне байланысты қандай нақыл сөз сәйкес келеді?

А) Таза өнердің иесі жомарт келеді.

В) Дұшпанның көзі жаманнан басқаны көрмейді.

С) Қайда нағыз өнер иесі болса, күншіл соны күндейді.

Д) Гүл тікенмен бірге өседі, қуаныш қайғымен бірге жүреді.

Е)Таза өнердің иесі ешкімге бағынбайды.

6)Күншілдік танытқан кім?

А)Бозторғай

В)Торғай

С)Тоқылдақ

Д)Қараторғай

Е)Ешқайсысы

7)Бозторғай кіммен көрші тұрды?

А)өзінің туысымен

В)досымен

С)жақындарымен

Д)ешкіммен

Е)достарымен

Үмені көргенім

Қалқай — қартайған адам. Ержеткен балалары жоқ. Пішен мезгілі еді. Жұртпен қатар Қалқай да пішенін шаба бастады. Қайраты кеміген адам. Өзі шауып өндіре алмады.Шамасы жетпесін біліп, «Үме салып өндіріп алмасам болмайды екен» — деді. Өзі ауылға, өзге маңа-йындағы ауылдарға барып, бір күнге қолдарын сұрады.

Ауыл адамдары, көрші қолаңдар бірден келісе кетті.Ауылдың салты емес пе? Өзге адам қиналғанда бүткіл адам жиналып көмекке келе қояды.

Ертеңіне Қалқай арбаға қойын салып, екі мес сусын алып, пішен басына барды. Мақашпен екеуміз де үмені көруге бардық. Шабатын жерін келген адамдарға Қалқай көрсетіп берді.

Көп адам қатар түзеп шыққанда шыдатпайды екен. Әрқайсысы қатардан қалмасқа тырысып, жарысқан сияқты болады екен.Алдарындағы шөпті жау көргендей шабыса жөнелді. Тоқтамастан іске кіріскен шабықшылар бесінге дейін бар шөбін шауып берді. Бір қойдың етін жеп, екі мес сусын ішіп, шабықшылар ауылдарына тарады. Қалқай бәріне алғыс айтып, ырза болып, шығарып салды. Тиісінше, орақшылар да үйлеріне мәз болып қайтысты.

8.Мәтін мазмұнын ашатын мақалды тап.

А)Бірлік түбі - тірлік

В) Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме.

С) Ынта болса адамда,

Қиын іс жоқ ғаламда.
Д)
«Айдай салдың» малы өспейді, «көре салдың» қой өспейді.

Е) Бейнет түбі-зейнет.

9.Қалқай қандай адам?

А)Жас адам

В)Қартайған адам

С)Кемел адам

Д)Жалқау

Е)Еңбекқор адам

10. «Үме» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

А)Жеке дара жұмыс істеу

В)Дәрінің атауы

С)Көршінің заты

Д)Көп адамның бірігіп,жұмыла жұмыс істеуі.

Еөптің атауы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2023
756
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі