6-сынып Ежелгі дүние тарихы І ІІ тоқсан бойынша тест тапсырмалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

6-сынып Ежелгі дүние тарихы І ІІ тоқсан бойынша тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныптың Ежелгі дүние тарихы пәні бойынша жасалған тақырыптық тест тапсырмалары жинағы мұғалімге көмекші құрал ретінде ұсынылады. Пән мұғалімі жинаққа енгізілген тақырыптық тест сұрақтарын күнделікті сабақта пайдалана алады, және тапсырмалары оқушы білімін тексеруге септігін тигізеді деп ойлаймын. Тест жинағы 2015 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан оқулықты басшылыққа ала отырып жасалды. Тест тапсырмалары тақырып бойынша жасалған , оқушы біліміне бекіту жасауға мүмкіндік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



6-сынып Ежелгі дүние тарихы І ІІ тоқсан бойынша тест тапсырмалары

І тарау. Ежелгі қосөзен мемлекеттері

1-тақырып Шумер және Аккад

1.Қандай өзендерді Қосөзен деп атайды?

а/ Ніл мен Евфрат

в/ Евфрат пен Тигр

с/ Ван мен Урмия

д/ Тигр мен Ніл

2. Қосөзендерді алғаш кімдер мекендеді?

а/ Шумерліктер

в/ аккадтықтар

с/ шумерліктер мен аккадтықтар

д/ гутеиліктер

3. Қосөзенде өркениет негізін кімдер қалады?

а/ Шумерліктер

в/ аккадтықтар

с/ шумерліктер мен аккадтықтар

д/ гутеиліктер

4. Қосөзенде қалалар қашан пайда болды?

а/ Б.з. б ІІІ мыңжылдықта

в/ Б.з.б. IV мыңжылдықта

с/ Б.з.б. ІІ мыңжылдықта

д/ Б.з.б. V мыңжылдықта

5. Қосөзеннің оңтүстік бөлігін бағындырған шумерлік патша:

а/ Эанату

в/ Урнанше

с/ Нарамсин

д/ Шаруккин

6. Б.з. б. ХХІV ғасырда Қосөзенде құрылған мемлекет:

а/ Ур

в/ Лагаш

с/ Аккад

д/ Шумер

7. Шумер-Аккад патшалығын құрған билеуші:

а/ Эанату

в/ Нарамсин

с/ Лугал-заггиси

д/ Шаруккин

8. Қай патшаның тұсында Аккад қуатты мемлекетке айналды?

а/ Лугал-заггиси

в/ Нарамсин

с/ Урнанше

д/ Шаруккин

9. Б. з. б. 2200 жылы Аккад мемлекетіне шабуыл жасады:

а/ гутеиліктер

в/ көшпелі тайпалар

с/ эламдықтар

д/ сириялықтар

10. Қосөзенде шумерлік Урдың ІІІ әулетінің құрған мықты мемлекеті ыдырады:

а/ Б.з.б. ХІХ ғ

в/ Б.з.б. ХХ ғ

с/ Б.з.б. ХХІІ ғ

д/ Б.з.б. ХХІ ғ

2-тақырып Ежелгі Вавилон

1.«Құдайға барар қақпа» деген ұғымды білдіретін қала:

а/ Ур

в/ Вавилон

с/ Лагаш

д/ Урук

2.Б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында билік құрған Вавилон патшасы:

а/ Хаммурапи

в/ Нарамсин

с/ Навуходоносор

д/ Мардук

3.Вавилондағы маңызды шаруашылық:

а/ Егіншілік

в/ Суармалы егіншілік

с/ Мал шаруашылығы

д/ Қолөнер

4.Хаммурапи заңдары жазылған тас бағана табылған жыл:

а/ 1900 ж

в/ 1901 ж

с/ 1902 ж

д/ 1903 ж

5.Б. з. б. 604-562 жылдарда Вавилонда билік құрған патша

а/ Хаммурапи

в/ Нарамсин

с/ Навуходоносор

д/ Мардук

6.Вавилондағы алып қақпа арналды:

а/ Мардук құдайға

в/ Иштар құдайға

с/ Хаммурапиге

д/ Навуходоносорға

7.Вавилондағы атағы әлемге жайылған жеті кереметтің бірі:

а/ «Аспалы бақ»

в/ «Вавилон мұнарасы»

с/ Алып қақпа

д/ Мардук құдайға арналған ғибадатхана

8.Хаммурапи қайтыс болғаннан кейін Вавилон жерін бағындырған мемлекет:

а/ Сирия

в/ Шумер

с/ Ассирия

д/ Египет

9.Вавилондағы алып құрылысты көрген шетелдіктердің ойлап шығарған аңызы:

а/ «Ғаламат құрылыс»

в/ «Аспалы бақ»

с/ «Вавилон кереметі»

д/ «Вавилон сапырылысы»

10.Кімнің тұсында Вавилон ең әсем қала ретінде әлемге әйгілі болды?

а/ Хаммурапидің

в/ Нарамсиннің

с/ Навуходоносордың

д/ Мардуктың

3-тақырып Ежелгі Қосөзен мәдениеті

1.Қосөзен халықтарының әдеби шығармасы:

а/ «Гилгамеш туралы дастан»

в/ «Вавион сапырылысы»

с/ «Мардук туралы аңыз»

д/ «Хаммурапидың заңдар жинағы»

2.Ең ежелгі жазу жүйесін кімдер жасады?

а/ аккадтықтар

в/ Вавилондықтар

с/ гутеиліктер

д/ шумерліктер

3.Сына жазу деген не?

а/ Тасқа ойып жазу

в/ Тасқа ағаш көмірімен жазу

с/ Жұмсақ балшыққа үшкір таяқшамен жазу

д/ папирусқа жазу

4.Қосөзендіктер қандай санды киелі деп есептеді?

а/7 санын

в/ 10 санын

с/ 50 санын

д/ 60 санын

5.Ежелгі Қосөзенде сурет, мүсіндеу өнерінде негізінен кімдердің мүсіндерін бейнелеген?

а/ құдайлардың

в/ Абыздардың

с/ Жауынгерлердің

д/ жануарлардың

6.Қосөзендіктер Вавилон қаласының қамқоршысы деп есептеген құдай:

а/ Мардук

в/ Таммуз

с/ Шамаш

д/ Син

7.Қосөзендіктер су құдайы деп сиынды:

а/ Мардук құдайға

в/ Таммуз құдайға

с/ Шамаш құдайға

д/ Син құдайға

8.«Аспалы бақ» кімнің бұйрығымен салынды?

а/ Хаммурапидің

в/ Нарамсиннің

с/ Навуходоносордың

д/ Мардуктың

9.Дүниені жаратушы Мардук құдай кіммен шайқасты?

а/ Тиаматпен

в/ Синмен

с/ Таммузбен

д/ Шамашпен

10. Храмдарда кімдер қызмет етті?

а/ патшалар

в/ жауынгерлер

с/ абыздар

д/ қарапайым қала тұрғындары

ІІ тарау Ежелгі Египет

4-тақырып Египетте мемлекеттің қалыптасуы

1.Египет қай құрылықта орналасқан?

а/ Америкның оңтүстік-шығысында

в/ Африканың солтүстік-шығысында

с/ Еуропанң оңтүстік -шығысында

д/ Африканың орталық бөлігінде

2.Египеттеі ең үлкен өзен Нілдің ұзындығы:

а/ 5500 к

в/ 5589 км

с/ 5540 км

д/ 4500 км

3.Египетті негізгі табиғи байлығы:

а/ орман

в/ жеміс ағаштары

с/ тас

д/ өзен-көлдер

4.Египет неше бөліктен тұрады?

а/ 2 бөліктен

в/ 3 бөліктен

с/ 5 бөліктен

д/ 6 бөліктен

5.Ежелгі египеттіктер қандай түстерді жақсы көрген?

а/ Қара мен қызыл түстерді

в/ Қара мен сары түстерді

с/ Қара мен жасыл түстерді

д/ Қара мен көк түстерді

6.Қай уақытта шағын мемлекеттер пайда болды?

а/ Б. з. б. ІІІ мыңжылдықта

в/ Б. з. б. ІV мыңжылдықта

с/ Б. з. б. V мыңжылдықта

д/ Б. з. б. VІ мыңжылдықта

7.Ніл аңғарында шағын мемлекеттер арасында қырқысу соғыстарының нәтижесінде пайда болған ірі мемлекеттер саны:

а/ 2

в/ 3

с/ 4

д/ 5

8.Ежелгі Египет билеушісі қалай аталды?

а/ патша

в/ хан

с/ король

д/ перғауын

9.Оңтүстік және солтүстік Египетті біріктірген патша:

а/ Тутмос

в/ Рамзес

с/ Менес

д/ Тутанхамон

10.Египет мемлекетінің алғашқы астанасы:

а/ Фивы

в/ Мемфис

с/ Ахетатон

д/ Эль-Амарна

5-тақырып Ежелгі Египеттегі әлеуметтік құрылым

1.ІІІ Тутмос кезінде Сирияға неше рет жорық жасады?

а/ 15 рет

в/ 16 рет

с/ 17 рет

д/ 18 рет

2.Египет әскерінің негізгі бөлігі?

а/ жаяу әскерлер

в/ атты әскерлер

с/ екі дөңгелекті арбамен жүретін әскерлер

3.Шадуф деген не?

а/ бөгет

в/ қамба

с/ құдық

д/ арық

4.Египет шаруаларының ең ауыр міндеткерліктерінің бірі:

а/ салық төлеу

в/ шонжарға тегін жұмыс жасау

с/ тегін қоғамдық жұмыс атқару

д/ әскерге бару

5.Ежелгі Египетте құрылыстың қандай түрі кең тарады?

а/ тас құрылысы

в/ ағаштан салынған ғимараттар

с/ қамыстан тұрғызылған үйлер

д/ саз балшықтан тұрғызылған үйлер

6. Египетте «тірі өліктер» деп кімдерді атады?

а/ шаруаларды

в/ қолөнершілерді

с/ тұтқындарды

д/ құлдарды

7. Ежелгі Египеттегі еңбекшілер-

а/ Сақшылар, шабармандар

в/ Абыздар, жылнамашылар

с/ Уәзірлер, жазғыштар

д/ Шаруалар, қолөнершілер, тау-кен жұмысшылары, құлдар

8. Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылысы-

а/ Монархиялық

в/ Әскери-демократиялық

с/ Феодалдық

д/ Құл иеленушілік

9. Ежелгі Египетте перғауыннан кейінгі беделді адамдар кімдер?

а/ жазғыштар

в/ сақшылар мен шабармандар

с/ қазылар

д/ әкімдер

10.Б. з. б. 14 ғ соңы-13 ғ. орта шеніне дейін Египетте билік жүргізген перғауын:

а/ ІІІТутмос

в/ ІІ Рамзес

с/ Тутанхамон

д/ Менес

6 тақырып. Египеттегі ғылым мен мәдениет

1. Египеттіктер таңба суреттерді қалай атады?

А) Сына

В) Иероглиф

С) Руна

Д) сурет

2. Иероглифтер саны-

А) 50

В) 450

С) 750

Д) 550

Е) 150

3. Жазу үшін нені пайдаланды

А) қағаз

в/тас

с/ ағаш

д/ папирус

4.Египетте ең жоғары дамыған ғылымдардың бірі:

А) арифметика

в/ әдебиет

с/ геометрия

д/ тарих

5. Египеттіктер күнделікті уақытты білу үшін нені пайдаланды?

а/ сағатты

в/ су сағатты

с/ құмсағатты

д/ күннің қозғалысын

6. Египеттіктер бір жылда қанша күн бар деп есептеді?

а/ 325 күн

В) 350 күн

с/ 365 күн

д/ 315 күн

7. Ежелгі Египеттегі мектептерде мұғалімдік қызметті кімдер атқарды?

А) Жазғыштар

В) Абыздар

С) әкімдер

Д) Қазылар

8. Египет мектептерінде кімдердің балаларының оқуға құқығы болды?

а/. Барлық Египеттіктердің балаларының

в/ Шаруалардың балаларының

с/ Ауқатты адамдардың қыздарының

д/Ауқатты адамдардың ұлдарының

9. Египет патшасының халқына жасаған қайырымдылығы мен қамқорлығы туралы әдеби шығарма

а/ «Астық тасушының әні»

в/ «Осирис пен Исида туралы миф»

с/ «Синухет әңгімесі»

д/ «Ежелгі Египет хикаясы»

10.Египеттіктердің саяхатты сапарлар мен шытырман оқиғаларға толы шығармасы қалай аталады?

а/ «Астық тасушының әні»

в/ «Осирис пен Исида туралы миф»

с/ «Синухет әңгімесі»

д/ «Ежелгі Египет хикаясы»

11. Ежелгі Египеттіктер құдай ретінде елестеткен бейне?

а/ алып мүсіндер

в/ жануар денелі адам

с/ жануар басты адам

д/ басы адам, денесі арыстан

12. Ежелгі Египеттегі ең басты құдай-

А) Тот

В) Хапи

С) Осирис

Д) Амон-Ра

13. Ежелгі Египеттіктер үшін күн құдайы-

а/ Тот

в/ Хапи

с/Амон-Ра

д/ Бен-бен

14. Ніл өзенінің құдайы-

а/ Тот

в/ Хапи

с/ Бен-бен

д/Амон-Ра

15. Ақыл құдайы-

а/ Тот

в/ Хапи

с/ Осирис

д/ Бен-бен

16. Тас құдайы-

А) Тот

В) Хапи

с/ Осирис

Д) Бен-бен

17.Құдайлардың патшасы:

а/су құдайы

в/күн құдайы

с/тас құдайы

д/ақыл құдайы

18. Египеттіктер «құдайдың ұлы» деп кімдерді атаған?

а/хатшылар

в/әкімдер

с/перғауындар

д/бекзадалар

19. Пирамидалар бұл-

а/ перғауындар мазарлары

в/ храмдар

с/ғибадатхана

д/ сәулетті үйлер

20. Пирамидалар қай қалада тұрғызылған?

а/ Мемфис

в/ Гиза

с/ Фивы

д/ Гелиополь

21. Ең бірінші пирамида қай перғауынға арнап салынды?

а/ Хеопс

в/ Рамзес

с/ Жосер

д/ III Тутмос

22. Ең биік пирамида қай перғауынға арнап салынды?

а/ Хеопс

в/ Рамзес

с/ Жосер

д/ Хефран

23. Хеопс пирамидасының салынған уақыты?

а/ Б.з.б. 2000 ж

в/ Б.з.б. 1660 ж

с/ Б.з.б. 1500 ж

д/ Б.з.б. 2600 ж

24. Хеопс пирамидасының биіктігі шамамен қаншаға жуық?

а/ 140 м

в/120 м

с/ 130 м

д/ 150 м

25. Хеопс пирамидасы туралы жазған тарихшы?

а/ Геродот

в/Страбон

с/Аристотель

д/ Сыма Цянь

26. Бір пирамиданы салуға қанша жыл уақыт кеткен?

а/ 25 жыл

в/ 20 жыл

с/30 жыл

д/ 15 жыл

27. Пирамиданы тұрғызуда қанша адам еңбек еткен?

а/ 50 мың

в/ 120 мың

с/ 100 мың

д/ 150 мың

28. Басы-адам, тұлғасы-арыстан бейнесіндегі алып мүсін қалай аталады?

а/ Зевс мүсіні

в/ Алып мүсін

с/ Сфинкс

д/ Синухет мүсіні

29. Сфинксті египеттіктер басқаша қалай атады?

а/ «Пирамида атасы»

в/ «Үрейлі адам»

с/ «Құдіретті адам»

д/«Үрей атасы»

30.Мүсіннің биіктігі:

а/ 10 метр

в/15 метр

с/20 метр

д/25 метр


ІІІ тарау Азияның оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер

7 тақырып Ежелгі Ассирия. Урарту мемлекеті

1.Вавилонның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:

а/ Сирия

в/ Вавилон

с/ Ассирия

д/ Нубия

2. Ассириядағы алғашқы қала-мемлекеттердің бірі:

а/ Урук

в/ Нимруд

с/ Ашшур

д/ Ниппур

3.Ассирия билеушілері қай саланы дамытуға күш салды?

а/ мал шаруашылығын дамытуға

в/ Әскери іс пен соғыс өнерін дамытуға

с/ Қалалар салуға

д/ Егін шаруашылығын дамытуға

4.Ашшур қала-мемлекетінде құрылған патшалық-

а/ Вавилон

в/ Египет

с/Сирия

д/ Ассирия

5. Ассирияның б.з.б. YII ғасырда күшейіп, бағындырған мемлекеттері:

а/ Сирия, Урарту, Нубия

в/ Финикия, Парсы, Египет

с/ Урарту, Вавилон, Египет, Мидия

д/ Нубия, Парсы, Сирия

6. Ассириялықтардың отаршылдық саясатындағы ерекшелік-

а/ Бағындырылған елдердің мәдениетін құрту

в/ Бағындырылған елдердің әскери ісін жою

с/ Бағындырылған халықтарды дінінен айыру

д/ Бағындырылған халықтарды атақонысынан басқа жаққа көшіру

7. Мидия мен Вавилон әскерлерінің біріккен күші Ассирияны талқандаған уақыты?

а/ Б.з.б. 605 ж

в/ Б.з.б. 450 ж

с/ Б.з.б. 610 ж

д/ Б.з.б. 600 ж

8.Ассирияда үлкен кітапхана жасатқан патша:

а/ Ашшурназирпал

в/ Хаммурапи

с/ Аменхотеп

д/ Ашшурбанипал

9. Ассирияның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет-

а/Урарту

в/ Сирия

с/ Египет

д/ Финикия

10. Ежелгі Урарту мемлекетінің орнында қазір қандай мемлекет орналасқан?

а/ Түркия

в/ Ирак

с/ Иран

д/ Армения

11. Урарту мемлекеті қай уақытта мықты мемлекетке айналды?

а/Б.з.б. IX ғ

в/ Б.з.б. X ғ

с/ Б.з.б. XI ғ

д/ Б.з.б. YIII ғ

12. Урарту мемлекетінің астанасы қай қала?

а/ Ниневия

в/Тушпа

с/ Нимруд

д/ Хаттус

13.Урартулықтардың негізгі шаруашылығы:

а/ егін шаруашылығы

в/ Қалалар салу

с/ отырықшы мал шаруашылығы

д/ көшпелі мал шаруашылығы

14.Қандай түлікке ерекше мән берді?

а/жылқы

в/қой

с/түйе

д/барлық түлікке

15.Урарту мемлекетінің оңтүстігіндегі мемлекет:

а/ Египет

в/ Грекия

с/Ассирия

д/Вавилон

8 тақырып Хетт патшалығы

1.Хетт мемлекеті орналасқан аймақ?

в/ Оңтүстік-батыс Азия

а/ Кіші Азия

с/ қосөзен аралығы

д/ оңтүстік-шығыс Азия

2. Хетт мемлекеті орнында қазір қандай мемлекет?

а/ Египет

в/Армения

с/Түркия

д/ Ирак

3.Хетт патшалығындағы ең үлкен өзен:

а/ Галис

в/ Ніл

с/ Евфрат

д/ Замбези

4. Қай билеуші тұсында Хетт мемлекеті күшейе түсті?

а/ Телепин

в/ Табарна

с/ Хаммурапи

д) Нарамсин

5. Хетт мемлекетінің астанасы-

а/Хаттуса

в/ Ниса

с/ Ганиш

д/ Ашшур

6.Қай жер үшін хеттер мен египеттіктер күресті?

а/ Урарту

в/ Сирия

с/ Вавилон

7. Патша билігін мұрагерлік жолмен реттеуді ұсынған патша-

а/ Телепин

в/ Нарамсин

с/ Табарна

д/ Хаммурапи

8. Сирия жері үшін қандай екі мемлекет ұзақ жауласты?

а/ Вавилон және Ассирия

в/ Хетт және Египет

с/ Македония және Ассирия

д/ Нубия және Мидия

9. Адамзат тарихында екі ел арасындағы тұңғыш бейбіт келісім қай жылы жасалды?

а/ Б.з.б. 1290 ж

в/ Б.з.б. 1260 ж

с/ Б.з.б. 1280 ж

д/ Б.з.б. 1200 ж

10.Бейбіт келісім шарт жасаған елдер?

а/ Вавилон мен Хетт

в/ Мидия мен Вавилон

с/ Хетт пен Ассирия

д/ Египет және Хетт

11. Келісім шарт нәтижесінде :

а/ Сирия мемлекеті талқандалды

в/ Сирияны екіге бөлді

с/ Сирия жеңіске жетті.

д/ Сирияға тәуелсіздігін берді.

12. Хетт патшалығын талқандаған мемлекет:

а/ Македония

в/ Египет

с/ Ассирия

д/ Вавилон

13. Хеттердің басты байлығы:

а/егін

в/ металл

с/мал

д/ бау-бақша өнімдері

14. Хетт жерінде жиі кездесетін металл:

а/темір

в/ мыс

с/қола

д/күміс

15.Хеттердің түсінігінше мемлекет пен патшаның қамқоршысы кім?

а/ Таммуз

в/ Телепин

с/ Тешуб

д/Шамаш

9 тақырып. Ежелгі Финикия мен Палестина

1. Финикия мен Палестина жерлері орналасқан аймақ-

А) Жерорта теңізінің шығыс жағалауы

В) Африканың солтүстік-шығысы

С Кіші Азия

д/ Қосөзен аралығы

2. «фенеху» деген сөзінен шыққан, мағынасы-


а/ «Балықшы»

в/ «металл балқытушы»

с/ «Кеме жасаушы»

д/ «теңізші»

3. «Филистимдіктер», «пелестим» деген халықтың атынан пайда болған жер атауы:

а/ Ассирия

в/ Палестина

с/ Финикия

д/ Сирия

4. Финикиялықтар жетік меңгерген кәсіп?

а/ балық аулау

в/ мал өсіру

с/кеме жасау, теңізде жүзу

д/сауда жасау

5.Б.з.б.ІІ мыңжылдықтың соңында күшейген қала-мемлекет:

а/Угарит

в/ Библ

с/Тир

д/Иерусалим

6.Палестинаның ежелгі тұрғындары қалай аталды?

а/ иудей

в/ хананей

с/ еврей

д/израйл

7. Қай патшаның тұсында Израил – иудейлік мемлекеті құрылды?

а/ Дәуіт

в/ ІІІ Хаттусили

с/ Сүлеймен

д/Телепин

8. Израил – иудей мемлекеті құрылған аймақ:

а/ Палестина жері

С) Кіші Азия

Д) Қосөзен жері

д/ Армения жері

9. Қай патшаның тұсында Израил – иудейлік мемлекеті гүлденді?

а/Телепин

в/Дәуіт

С) Табарна

Д) Сүлеймен

10. Сүлеймен патша мемлекетті неше әкімшілік аймаққа бөліп басқарды?

а/ 10

в/ 11

с/ 12

д/ 14

11.Финикия мәдениетінің ең ірі жетістігі:

а/ әдеби шығармалары

в/ 22 әріптік әліпби /алфавит/ жасау

с/ қолөнер бұйымдары

д/ кеме жасау

12. Еврейлердің ең басты құдайы-

а/ Ваал

в/Алийян

с/ Мот

д/ Яхве

13. Финикиялықтардың мифтік шығармасы?

а/ «Гильгамеш туралы дастан»

в/ «Ваал және Алийян» дастаны

С) «Осирис пен Исида туралы миф»

Д) «Синухеттің әңгімесі»

14. Көктем құдайы:

а/ Ваал

в/Алийян

с/ Яхве

д/ Мот

15. Мемлекет пен патшаның қамқоршысы:

а/ Мот

в/Алийян

с/ Ваал

д/ Яхве


10 тақырып Ежелгі Парсы патшалығы

1. Иран үстіртінің оңтүстігінде, Вавилонның оңтүстік-шығысында өмір сүрген тайпалар:

а/ Хеттер

в/Еврейлер

д/ Соғдылар

д/ Парсылар

2. Парсы тайпаларын басқарған көсемдер қай рудан?

а/ Иудей

в/ Ахемен

с/ Хананей

д/еврей

3.Өзін парсылардың патшасымын деп жариялаған көсем:

а/ Камбиз

в/ Кир

с/ I Дарий

д/ III Дарий

4.Б.з.б. 6 ғасырда парсы патшасы қай елге жорық жасады?

а/ ғұндарға

в/ сақтарға

с/ Ассирияға

д/ Финикияға

5. Б.з.б. 525 жылы Египетті жаулап алып «Египет патшасы» атанған Кирдің баласы?

а/Камбиз

в/ I Дарий

с/ III Дарий

д/Кураш

6. I Дарийдың билікке келген уақыты?

а/ Б.з.б 511 ж

в/ Б.з.б 525 ж

с/ Б.з.б 519 ж

д/ Б.з.б. 522 ж

7. І Дарий патшаның тұсында ел неше аймаққа бөлінді?

а/10

в/ 12

с/ 15

д/20

8 .I Дарий патша тұсында шығарылған таза алтын теңге қалай аталды?

а/ солид

в/ Дарик

с/ Дирхем

д/ динар

9. Сарды қаласынан басталып Сузы қаласына дейін келген жол қалай аталды?

а/ «керуен жолы»

С) «Парсы жолы»

Д) «Патша жолы»

Е) «Жібек жолы»

10. I Дарий патшаның сақтарға қарсы жорығы басталды?

а/Б.з.б 518-517 ж.ж

в/ Б.з.б 522-521 ж.ж

с/ Б.з.б 520-519 ж.ж

д/ Б.з.б 519-518 ж.ж

11.Парсыларда жазу жүйесі жасалды:

а/ 22 әріптік

в/ 32 әріптік

с/ 42 әріптік

д/ 52 әріптік

12.«Бехистун» жазбасының негізгі мазмұны?

а/патша істері туралы

в/ парсы жауынгерлері туралы

с/Ахемен руы туралы

д/ парсы әскерлерінің жеңісі туралы

13. Парсы тілді халықтардыңең көрнекті әдеби шығармасы?

а/«Авеста»

в/«Синухет әңгімесі»

с/«Ваал және Алийян дастаны»

д/ «Астық тасушының әні»

14. «Авестада» уағыздалатын діни ілім-

а/ Христиан

в/ Будда

с/ Манихей

д/ Заратуштра

15.І Дарий мұрагерлері тұсында парсылардың аспандағы иесі:

а/ Анхра Манью

в/ Ахурамазда

с/ Алийян

д/ Ваал

ІV тарау Орталық Азиядағы ежелгі мемлекеттер

11 тақырып Ежелгі Бактрия

1.Бактрия мемлекеті өмір сүрген аймақ:

а/ Тәжікстан мен Ауғанстан

в/ Тәжікстан мен Иран

с/ Вавилонның оңтүстік –шығысы

д/ Жерорта теңізінің шығыс жағалауы

2.Бактрия туралы алғашқы дерек кімдердің деректерінде кездеседі?

а/ қытай деректерінде

в/ парсы деректерінде

с/ грек ғалымдарының жазбаларында

д/ сақ дастандарында

3. Бактрия туралы «тулары биік көтерілген ел» деген сипаттама қандай шығармада айтылған?

а/ «Авеста» шығармасында

в/ қытай деректерінде

с/ парсы деректерінде

д/ грек тарихшыларының еңбектерінде

4.Бактриялықтардың негізгі кәсібі:

а/ мал шаруашылығы

в/ бау-бақша өсіру

с/ қолөнер

д/ егіншілік

5.Бактриядағы қымбат көктас /лазурит/ қай жерде өндірілді?

а/ Бактрда

в/ Ай Ханумда

с/ Бадахшанда

д/ Тахти Сангинде

6.Бактрияның астанасы:

а/ Ай Ханум

в/ Бадахшан

с/ Тахти Сангин

д/ Бактр

7.Бактриялықтар өз патшаларын кімдер деп атады?

а/ «Ақылды билеушілер»

в/ «Құдіретті билеушілер»

с/ «мың қаланың билеушілері»

д/ «қала қамқоршысы»

8.Бактрия мәдениетінің тамаша үлгісі:

а/ Тахти Сангин қаласы

в/ Ай Ханум

с/ Бактр

д/ Бадазшан

9.Ай Ханум қаласындағы театрға қанша адам сияды?

а/ 2000 адам

в/ 1500 а адам

с / 1000 адам

д/ 6000 адам

10.Монета сарайы, кітапхана орындары табылған бактриялық қала:

а/ Бадахшан

в/ Тахти Сангин қаласы

с/ Бактр

д/ Ай Ханум

11. Ортағасырлық кәріз құбырлары қай қаладан табылды?

а/Тахти Сангин қаласы

в/ Ай Ханум

с/ Бактр

д/ Бадахшан

12.Окс храмы қай қалада салынған?

а/ Бадахшан

в/ Ай Ханум

с/ Бактр

д/ Тахти Сангин қаласы

13. Ай Ханум мен Тахти Сангин қалаларында көп кездесетін ескерткіштер:

а/ сәулет ескерткіштері

в/ мүсін өнері

с/ суреттер

д/қолөнер бұйымдары

14.Окс храмын қазу барысында портреттер галереясы қай жылы табылды?

а/1969 ж

в/1975 ж

с/ 1977 ж

д/1979 ж

15.Қай уақытта Бактрия жеке мемлекетке айналды?

а/ Бз.б.І ғасырда

в/ Бз.б.ІІ ғасырда

с/ Бз.б.ІІІ ғасырда

д/ Бз.б.ІІІ ғасырдың ортасында

16. Бактрияда ақша шығарған мемлекет билеушісі:

а/ Евтидем

в/Диодот

с/ ІІІАнтиох

д/ І Дарий

17. Қай билеуші тұсында мемлекет күшейді?

а/ І Дарий

в/Диодот

с/ Евтидем

д/ ІІІАнтиох

18.Бактрияға қарсы жорық жасаған мемлекет:

а/ Сирия

в/ Хетт мемлекеті

с/ парсылар

д/финикия мен Палесина

19. Б.з.б.ІІ ғасырда Евтидем ұрпақтары қай елге жорық жасады?

а/ Сирияға

в/ Индияға

с/ Египетке

д/ Ассирияға

20. Солтүстіктен қауіп төндірген тайпалар:

а/ көшпелілер

в/ сириялықтар

с/парсылар

д/египеттіктер

12 тақырып Кушан патшалығы

1.Кушан патшалығының орналасқан аймағы:

а/ Тәжікстан мен Ауғанстан

в/ Тәжікстан мен Иран

с/ Вавилонның оңтүстік –шығысы

д/ Орталық Азия /қазіргі Өзбекстан, Қырғызстан, Қашғария жері/

2.Бактрия жерін б.з.басында басып алған көшпелілер қайдан келді?

а/ солтүстік-батыстан

в/ солтүстік-шығыстан

с/оңтүстік-шығыстан

д/ шығыстан

3.Көшпелілер басып алған жерлерді неше аймаққа бөлді?

а/2

в/3

с/4

19

д/5


4.Кушан мемлекетінде өз ақшасын шығарған билеуші:

а/Қанышке

в/ІІ Қатпыз

с/І Дарий

д/ІІІ Антиох

5.Әйгілі Қанышке патша Кушан мемлекетінде неше жыл билік жүргізді?

а/20 жылдан астам

в/21 жылдан астам

с/22 жылдан астам

д/23 жылдан астам

6.Иран жеріндегі Сасанилер мемлекетінің қалыптасқан уақыты:

а/ І ғасыр

в/ ІІ ғасыр

с/ІІІ ғасыр

д/ІV ғасыр

7.Кушан мемлекетінің әлсіреуіне, кейін мемлекеттің құлауына әсер еткен оқиға:

а/ парсылармен күрес

в/сасаниліктермен күрес

с/бактриялықтармен күрес

д/сақтармен күрес

8. Кушан мемлекеті тұсында жанданған ірі сауда жолы

а/ Ұлы Жібек жолы

в/ сауда жолы

с/ дала жолы

д керуен жолы

9.Кушандық дәуірде дүниеге келіп, кең тараған дін-

а/ ислам

в/ христиан

с/ манихей

д/ заратуштра

10. Манихей дінінің негізін салған-

а/Иисус

в/Мани

с/Гаутама

д/ Ману

13 тақырып Парфия патшалығы

1.Қазіргі Иранның солтүстігінде өмір сүрген ежелгі мемлекет-

а/ Македония

в/Парфия

с/ Бактрия

д/ Сирия

2.Парфия патшалығын құрған билеуші-

а/Арсак

в/ Қанышке

с/Тиридат

д Сурен

3. Парфияны қуатты мемлекетке айналдырған патша-

а/ Тиридат

в/Арсак

с/ Қатпыз

д/ Митридат

4. Парфияның басқару жүйесі ұқсас болған мемлекет-

а/ Хетт

в/ Бактрия

с/ Парсы

д/ Египет

5. Мемлекетте әкімшілік аймақтар қалай аталды?

а/ сатраптықтар

в/ уалаяттар

с/ қалалар

д/ диздер

6. Сатраптықтарды басқарған адамдар-

а/ дизпаттар

в/ уәзірлер

с/көсемдер

д/сатраптар

7. Сатраптықтар шағын аудандарға бөлінді және оны қалай атады?

а/ ауыл

в/ аудан

с/диз

д/аймақ

8.Дизді басқарған адамды қалай атады?

а/ Сатрап

в/ Дизпат

с/уәзір

д/көсем

9.Парфия билеушілерінің тірегі:

а/туыстары

в/әскер

с/ақсақалдар

д/дінбасылар

10. Сирия патшасы- III Антиохтың Парфияға жорығы қашан басталды?

а/ б.з.б. 115 ж

в/ б.з.б. 120 ж

с/ б.з.б. 130 ж

д/ б.з.б. 134 ж

11.Парфия патшалығы кімдерге салық төлеп тұруға мәжбүр болды?

а/сирияға

в/ кушандықтарға

с/сасаниліктерге

д/ сақтарға

12. Римдіктер Парфияға қарсы жорықты қашан бастады?

а/ б.з.б. 40 ж

в/ б.з.б. 53 ж

с/ б.з.б. 55 ж

д/ б.з.б. 50 ж

13. Парфияға қарсы жорық жасаған Римдік әскербасы-

а/Кир

в/ Спартак

с/Красс

д/Цезарь

14. Римдік басқыншыларына қарсы шыққан Парфияның әскер қолбасшысы-

а/ Цезарь

в/ Сурен

21

с/ Арсак

д/ Тиридат

15. Римдіктердің басқыншылық жорығы немен аяқталды?

а/ Парфиялықтар жеңілді

в/ келісімге келді.

с/ Парфия көршілерден көмек сұрады

д/ Римдіктер ойсырай жеңілді

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі