Материалдар / 6 сыныпқа арналған бөлімдік жиынтық бағалау тапсырмасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

6 сыныпқа арналған бөлімдік жиынтық бағалау тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
664
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

6 СЫНЫП ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Ұзақтығы: 40 минут

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

6 сынып қазақ тілінен II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

6.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны бойынша

Толық жауапты

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға

Тыңдалым мен

10


жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру,

қажет ететін

тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы

айтылым



мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен

Сұрақтар

жеке жүжұппен отырып оқиды.

сабақтан тыс,



байланыстыру



қосымша уақытта



6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми


Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің

өткізіледі (әр



сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен


мазмұнын түсініп, коммуникативтік

білім алушыға 3-5



терминдерді орынды қолданып, диалогке


жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер,

минут беріледі)



қатысу, ойын анық жеткізу


дайын тіркестер мен терминдерді




6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери


орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын




тақырыптарға байланысты диалог,


анық жеткізеді. Мәтін мазмұны бойынша




монологтердегі (хабарландыру, жаңалық)


сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды.




көтерілген мәселені талдау


Бағалау екі оқушыға жеке- жеке қойылады.















2

6. 2.3.1 - ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем

Көп таңдауы

Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген

15

10


сөйлеудің құрылымдық және жанрлық

бар, қысқа

сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты




ерекшеліктерін ажырату

және толық

өз пікірін, көзқарасын білдіріп жазады. Ауызекі




6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі

жауапты қажет

және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған




мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік

ететін сұрақтар

тілдік құралдар арқылы таниды.




ерекшелігін салыстыру





3

6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу

6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу

(«келісу, келіспеу» эссесі)


6.4.3.1 -көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм,

табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Бірінші жұмыста жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, берілген жазба жұмысын жазады. Екінші жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазуы бағаланады.

25

10

Барлығы

40 минут

30


6 сынып қазақ тілі пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым мен айтылым тапсырмалары


  1. Мәтінді тыңдаңыз, өз жұбыңызда талқылап, жалпы және нақты сұрақтар құрастырып, жауап беріңіз. Жауабыңызды шынайы өмірмен байланыстырыңыз.

2.Сөз тіркестер мен термин сөздерді орынды қолданып, жұбыңызбен ой бөлісіп, көтерілген мәселені талдап, диалог құрастырыңыз.

[10]


Астана-болашақтың қаласы


Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. 1830 жылы Астана Есіл өзенінің жағасында казак-орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 жылы  Ақмола қала мәртебесін алды. 1961 жылы наурыздың 20-сында  қалаға Целиноград атауы берілді. 1992 жылы бұрынғы Ақмола атауы қайтарылды.

1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы Жарлыққа қол қойды.   1998 жылы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 1998 жылы Президенттің Жарлығымен  Ақмола қаласы – Астана қаласы болып өзгертілді.

Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр.  Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерекше. «Бәйтерек» ғимараты астана тұрғындарын, алыс, жақын шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

Астана – болашағы үлкен қала.   1998 жылы  ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.http://sabaq.kz/7590/астана-болашақтың-қаласы

Оқылым

Тапсырма

Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

[10]


Францияда өткен Халықаралық көрмелер бюросының кезекті, 152-ші сессиясында «ЭКСПО-2017» көрме­сін Қазақстанда ұйымдастыру жөнінде шешім қабыл­данғаны белгілі. Дауыс б­еруші 161 елдің 103-і Қазақстанды таңда­ған. Бұл жаңалыққа Астанадағы біраз жұрттың бөркін аспанға ата қуанып жат­қанын теледидардан көрдік. Дегенмен аты әдемі бұл көрменің сипаты қандай болатынын екінің бірі біле бермесе керек. Осыған орай оқырман назарына ол жөнінде танымдық мақала ұсынып отырмыз.
ЭКСПО атауы – өзінің аты айтып тұр­ғандай, «экспонат»,- деген сөзден шыққан. Қазақ­ша­ла­сақ, жәдігер болады, яғни ол – жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көр­сететін алаң. Онда ЭКСПО-ның ке­зекті таңдаған та­қырыбына орай жұрттың бұ­рынғы-соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылады.

Мысалы, 1862 жылы Лондонда бол­ған ЭКСПО-да жұрт алғашқы тігін маши­на­сымен танысқан. 1876 және 1893 жыл­дар­дағы Филадельфия мен Чикаго (АҚШ) ЭКСПО-сында жұрт назарына тұңғыш телефон аппараты және алғашқы әлектр қуатымен жарықтандыру жүйесі ұсы­ныл­ған. Ал енді бүгінде әлем жұртшылығы қолданып жүрген «телевидение» деген сөзді қолданысқа 1900 жылы Париждегі көрме кезінде орыс инженері Константин Перский­ ендірген екен.

Бекітілген тақырыбына қарай көрмелерге қолөнер, бейнелеу өнері, өнеркәсіп, жаңа технология туындылары, түрлі пайда­лы қазбалар мен олардан алынған өнім­­дер де қойылады. Адамзатты алаңдатып отырған экология, урбанизация сияқ­ты жаһандық проблемаларға қа­тысты жаңалықтар да осында талқыға түседі. Қысқасы, он­да жұртшылық назарына ұсынылатын дүниелердің ауқымы кең. Атал­ған іс-шара­ға бүкіл әлемнен түрлі ма­мандар, өнертап­қыштар, кәсіпорындар қатысады. http://bilim-all.kz/article/1893-Ekspo-kormesi


1. Францияда Халықаралық көрмелер бюросының сессиясында ЭКСПО көрмесінің Қазақстанда өткізілуін қанша ел жақтады? [1]


А) 152 В)103 С)161 Д) 131


2. ЭКСПО сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз

[1]

А) экспонат В) құндылық С) жәдігер Д) естелік


3. Мәтіннің стиль түрін ажыратып жазыңыз

[2]


______________________________________________________________________________________________________________________________________________


4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндап, тілдік ерекшелігін салыстыру.

[3]

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


5. Мәтіннің көркемдік сөйлеудің құрлымдық және жанрлық ерекшелігін анықтап, ажыратыңыз. [3]

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жазылым

Төменде көрсетілген екі тақырыптың біреуін таңдап, «келісу, келіспеу» эссесін немесе өмірбаян жазыңыз. Жазылым жұмысында тақырыпты ашып, абзацтарды жүйелі құрастырып, пунктуациялық нормаға сай және көнерген сөздер мен эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолдану аясын түсініп жазыңыз.

[10]


1. «Астана- болашақтың қаласы» тақырыбында өз ойларыңызды келісу не келіспеу себептерін айқын көрсете отырып жазыңыз.


2. Төмендегі тізімінен қазақ елінің тарихи тұлғаларының біреуін таңдап, жанрлық ерекшелігіне сай өмірбаян жазыңыз.

Ә. Бөкейханов., А. Құнанбаев., Б. Момышұлы

































Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым

Балл

Грамматика мен лексиканы

дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап

беру қабілеті

1

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.

Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

2

7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді.

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді.

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылауға өте аз қатысады.

Оқылым

Жауап

Балл

1

В

1

2

С

1

3

/Оқушы жауабы ескеріледі./

2

4

/Оқушы жауабы ескеріледі./

3

5

/Оқушы жауабы ескеріледі./

3

Барлығы

10



Жазылым

Балл

Сипаттамасы

1

9-10

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.

2

7-8

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.

Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама-қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

1-2

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.

Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.






Оқулық: Қазақ тілі 6 сынып авторлары Б.А. Әрінова, Г.М. Раева, Г.С. Кәрімова, Л.К. Жұмекенова

Алматы «Атамұра» 2018 ISBN 978-601-331-134-0



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!