Материалдар / 7.1.1.20 үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану; 7.1.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

7.1.1.20 үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану; 7.1.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;

Материал туралы қысқаша түсінік
үШБҰРЫШ ТЕҢСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖАҢА САБАҚ, ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2024
122
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бөлім:

Түзулердің өзара орналасуы

Педагогтің аты-жөні

Родинова А

Күні:

13.02.2024

Сынып:

7

Сабақтыңтақырыбы

Үшбұрыш теңсіздігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.20 үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану;

7.1.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты

Үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты, үшбұрыш теңсіздігін біледі және есептер шығаруда қолданады

  Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы:

10 мин

I кезең. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесу. түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Жылы лебіз» әдісі. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.

Топқа бөлу.

Оқушыларды әр түрлі түстегі асықтар арқылы 4 топқа бөлемін.

I топ: «Қызыл асық»,

II топ: «Сары асық»,

III топ: «Жасыл асық»,

IV топ: «Көк асық»,

Өткен тақырыпты қайталау. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы арқылы оқушыларға сұрақтар қою.

1. Үшбұрыш деп ? Ж: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда шығатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз.

2. Қабырғалары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, қабырғалары әр түрлі болатын үшбұрыш.

3. Бұрыштары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш..

4. Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш теңбүйірлі деп аталады.

5. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы дегеніміз ? Ж: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышпен сыбайлас бұрышты айтады

6. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттен (кіші, тең, үлкен) болады.

Сұрақтарға жауап берген оқушыларды мадақтау сөздер арқылы сабаққа белсенділігін арттырып отыру.


«Көршіңді тексер» әдісі арқылы












сұрақтарға жауап береді



мадақтау

интерактивті тақта






сабақтың ортасы

35 мин

ІІ. Жаңа сабақ.


Оқушыларға бүгінгі сабақтың оқу мақсаты айтылады.

Тақырыпқа сай оқушылардан бүгінгі сабақтың оқу мақсатын ашу үшін практикалық тапсырмалар беру.


1-практикалық тапсырма

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын, ой қозғау мақсатында оқушыларға «Ойлан, топтас, бірлес» әдісі бойынша 4 топқа әртүрлі бұрыштардың кесіндері бар үлестірмелерді таратамын, қабырғалары мен бұрыштарын өлшеуді, үлкен қабырғасын, үлкен бұрышын табуды ұсынамын және қабырғалары мен бұрыштардың қатынастары туралы болжам жасауын сұраймын.

Мақсаты:Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қарама-қарсы жатқан бұрыштардың өлшеміне тәуелділігін айқындау.


Теориялық бөлім.


1 теорема. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады және керісінше, үлкен бұрышына үлкенқабырғасықарсы жатады.

1-сурет

АВС үшбұрышында АС қабырғасы АВ қабырғасынан үлкен болсын.

В > С теңсіздігі орындалатынын дәлелдейік.

Ол үшін АС-ның бойына АВ-ға тең ADкесіндісін өлшеп саламыз.

2- сурет

орындалады. AD=AB<AC болғандықтан, D нүктесі А және С нүктелерінің арасында жатады, яғни BD сәулесі В бұрышы қабырғалары арасы арқылы өтеді.

Сондықтан 1 В бұрышының бөлігі болып табылады және 1<В.

Ал 2 BDC үшбұрышының сыртқы бұрышы болғандықтан,  2=С+DBC теңдігі орындалады. ∆ABD теңбүйірлі үшбұрыш болғандықтан, 1=2. Олай болса, В>1=2>C теңсіздігі орындалады.

Керісінше, АВС үшбұрышында В >С теңсіздігі орындалсын.

Онда АС>АВ теңсіздігі орындалатынын көрсетейік.Қарсы жорып, бұл теңсіздік орындалмайды делік.Онда не АС=АВ, не АС<АВ болуы керек.Егер АС=АВ болса, онда ∆АВС теңбүйірлі үшбұрыш болып, В=С теңдігі орындалар еді, бұл В<Стеңсіздігіне қарсы келеді.Егер АС<АВ болса, онда дәлелдегеніміз бойынша В<С теңсіздігі орындалуы қажет, бұл да В>С теңсіздігіне қарсы келеді.

Онда біздің қарсы жоруымыз қате, яғни АС>АВ теңсіздігі

Теорема дәлелденді.


2-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі. Жеке жұмыс.

Суреттер бойынша анықтаңыз:





Үлкен бұрыш_________ Үлкен бұрыш_________

Кіші бұрыш_________ Кіші бұрыш_________




Үлкен қабырға_________ Үлкен қабырға_________

Кіші қабырға _________ Кіші қабырға _________



Жұптық тапсырма.

1.Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы: а    болса, үшінші қабырғасын тап.

2.Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы  25см- ге, ал басқасы  10см- ге тең. Осылардың табаны қайсысы болады?

3.Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы: а   болса, үшінші қабырғасын тап.

4.Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 7см- ге, ал басқасы 13см- ге тең. Осылардың табаны қайсысы болады?

338тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!