Материалдар / 7- сынып Біздің өміріміздегі музыка
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

7- сынып Біздің өміріміздегі музыка

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2023
245
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары


Сабақ :

Мектеп:


Күні :

Мұғалім:

КДМ:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Бөлім:

Біздің өміріміздегі музыка


Сабақтың тақырыбы:

Музыка және мінез

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру.

7.Ж5. Жазба жұмыстарында сөзге жалғанатын қосымшаларды орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаты

Сөздерді орынды қолдана алу;

Мәтіндегі ақпаратты өмірмен байланыстыру;

қосымшаларды орфографиялық нормаға сай жазу.

Бағалау критерийі

Мәселені өмірмен байланыстырады;

Пікірлерін қатесіз жазады

Құндылықтарды игерту

  • Өнерге құрмет;

  • Ынтымақтастық;

  • Жауапты азаматтық позиция;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Өнер

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Видео, слайд

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Ұялшақ, құмар, сенімді, жоғары талғамды, өнерсүйгіш, шығармашыл, құмар жандар, дәреже, мұңайып жүру, байсалды, тұйық

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Белгілі әншілер туралы ақпарат алды

Жоспар


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Дереккөздер


Сабақтың басы


3 мин.


Қызығушылықты ояту

  «Сөйлем құра» ойыны 3 минут

Талғам, шығармашыл, сенімді, көңіл- күй, емдейді,

Әсер ету, сезімді жеткізу, жүрек тілі, тыңдау, пайдалы, жағымды, қуаныш



Презентация


Сабақтың ортасы


2 мин





3 минут





5 минут






10 минут








































5 минут

















3 минут

























































5 минут














Мағынаны тану сатысы

Оқушыларға бөлім тақырыбы, сабақ тақырыбы таныстырылады. Бүгінгі сабақта игеретін сабақ мақсаты, бағалау критерийлері талқыланады.

 

Музыканың қандай жанрлары болады?

Сен қандай музыканы жақсы көресің? Неліктен?

Сүйіп тыңдайтын әншілерің, музыкалық топтарың кім? Неліктен?



Оқылымалды тапсырмасы.

  1. Сөзді оқы, есіңе сақтап дәптерге жаз.

  2. Сөздермен сөйлем құра.

құмар жандар, дәреже, мұңайып жүру, байсалды, тұйық

СЖ. Оқылым. «Музыка мен мінез» мәтіні.                     

        Ғалымдар бізді таң қалдырудан шаршамайды. Ендігі жаңалықтары: сүйіп тыңдайтын музыка түрі интеллектің дәрежесі мен адам мінезіне әсер етеді екен.

        Нәтижелер бойынша хип-хоп  пен r, n, b стилін сүйіп тыңдайтын адамдардың ой-өріс дәрежесі ең төмен болып шықты.  Жоғары көрсеткішке классикалық музыкаға құмар жандар ие болды.

     36 мың адаммен болған сұхбат нәтижесінде алынған көрсеткіштер мынадай жаңалықтарды көрсетті. Классикалық музыкаға құмар жандар ұялшақ, ал ауыр рок ұнататындар мейірімді болады екен. Бір қарағанда ылғи мұңайып жүретін рок сүйгіш жандар зерттеу нәтижесінде ең мейірімді және ақылды адамдар қатарында болды.

       Блюзді өзіне сенімді, өнер сүйгіш, жұмсақ, сабырлы, көңілді адамдар тыңдайды.

       Джаз музыкасын сенімді, шығармашылыққа құмар, батыл, достары көп, байсалды адамдар    тыңдайды.

       Классикалық музыканы жоғары талғамды, өзіне сенімді, өнер сүйгіш, тыныш, кейде тұйық адамдар  тыңдайды.

       Рэп - қарым-қатынасқа оңай түсе алатын, көңілді адамның сүйікті музыка түрі.

      Опера жоғары талғамды, жұмсақ, шығармашыл адамдардың көңілінен шығады.

      Би музыкасын сүйіп тыңдайтын    жандар шығармашыл, басқалармен тез тіл табысады.

       Рок музыкасын өзіне онша сенімді емес, шығармашыл, көпшіліктен гөрі жалғыздықты таңдайтын, жұмсақ, сабырлы адамдар тыңдайды.

       Поп музыкасын еңбекқор, көңілді, жұмсақ, сенімді адам таңдайды.

Ал сіз қандай музыка түрін ұнатасыз?



ТЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма. (сұраққа жауап беру, ақпаратты қолдану)

    Мәтіннің мазмұнын Блум сұрақтары арқылы тексеру.

 Б ілім. Мәтін аты қалай аталады?

 Түсіну. Мәтін не туралы? ( Бұл мәтінде қандай музыка түрлері аталып  өтті?)

 Қолдану -  Тест нәтижесінде ғалымдар қандай қорытындыға келді?

Сіздің ойыңызша  ғалымдар шешімі дұрыс келеді ме? Келісесіз бе...? Келіспейсіз бе?...

 Анализ – Талдау. Музыка  туралы сіз не ойлайсыз...?

 Синтез – Жинақтау. Ең маңыздысы не...? Ғалымдардың  айтылған шешімдерін дәлелдей аласыз ба?

 Бағалау. Музыка бізге не береді?


Дескриптор:

  • Жауап барысында нақты дәлелдер келтіреді;


Жұптық жұмыс.

 1.       Төмендегі сұрақтардың «дұрыс» немесе «бұрыс » екенін анықта (Нақты ақпараттарды табу үшін оқу)

 

 

иә

жоқ

1

Музыка түрі интеллектің дәрежесі мен адам мінезіне тікелей әсер етеді

+

 

2

Мұңайып жүретін рок сүйгіш адамдар -  мейірімді және ақылды жандар болып шықты

+

 

3

Өзіне сенімді, көңілді жандар рок музыкасын тыңдайды.

 

+

4

Классика жанрындағы музыканы  жоғары талғамды адамдар  тыңдайды.

+

 

5

Поп музыкасын көңілсіз адам таңдайды

 

+

 

    2.  Сәйкесін табыңыз

1

сенімді, өнер сүйгіш, жұмсақ, сабырлы, көңілді адамдар  


A

Классикалық

2

онша сенімді емес, шығармашыл   адамдар, жалғыздықты ұнатады  


B

Би музыкасы

3

жоғары талғамды, өзіне сенімді, өнер сүйгіш  адамдар


C

Рок музыкасы

4

қарым-қатынасқа оңай түсе алатын, көңілді адамдар


D

Поп музыка

5

еңбекқор, көңілді, жұмсақ, сенімді  адамдар   


E

Опера

6

шығармашыл, басқалармен тез тіл табысатын адамдар 


F

Джаз

7

сенімді, шығармашылыққа құмар, батыл   


G

Блюз

8

жоғары талғамды, жұмсақ, шығармашыл адамдар 


Н

Рэп


Жауаптары:

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!