Материалдар / 7-сынып, Биология, Зертханалық жұмыс жинағы 2024-2025 оқу жылы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7-сынып, Биология, Зертханалық жұмыс жинағы 2024-2025 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып, Биология, Зертханалық жұмыс жинағы 2024-2025 оқу жылы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2024
1667
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

7-сынып, Биология, Зертханалық жұмыс жинағы 2024-2025 оқу жылы



Зертханалық жұмыс: "Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында)".

1 зертханалық жұмыс. Жергілікті жердегі экожүйені зерттеу (мектеп үлескісі мысалында)

Мақсаты: экожүйе құрамбөліктерін сипаттауды үйрену.

Құрал-жабдықтар: сызғыш, лупа, ауа термометрі, үшкір таяқша.

Жұмыс барысы:

1. Мектеп жанындағы аумақтан едәуір бірдей табиғат үлескісін таңдап алыңдар.

2. Осы экожүйедегі жансыз (өлі) табиғат құрамбөліктеріне жоспар бойынша сипаттама беріңдер: топырақ түсі, құрылымы (сазды немесе құмды), ауа райы, климаттық жағдайлар (температура, ылғалдылық, жауын-шашынның, шықтың түсуі), ауа жағдайы (ластануы, тозаң-данғандығы).

2. Сынауыққа йодтың ашық қоңыр түсті ерітіндісін дайындаңдар. Йод ерітіндісі крахмал көмірсуымен әрекеттескенде көкшіл түс пайда болады. Йод ерітіндісін әртүрлі өнімдері бар сынауыққа құйыңдар. Кандай өнімде крахмал бар екені туралы қорытынды жасаңдар.

3. Сутек асқын тотығы белгілі бір нәруызбен әрекеттескенде 1-2 минут көпіршік түзіледі. Сутек асқын тотығын әртүрлі өнімдері бар сынауыққа құйындар. Қандай сынауықта сутек асқын тотығымен әрекеттесетін нәруыздар бар екені туралы қорытынды жасаңдар.

4. Нәруыз болса, сынауықты шайқағанда, су ерітіндісінде көбік түзіледі. Әртүрлі өнімдері бар сынауыққа су құйып, шайқаңдар. Қандай өнімде нәруыз бар екені туралы қорытынды жасаңдар.

5. Сүзгі қағазын ортасынан бүктеңдер. Оның ішіне зерттелетін өнімнен салып, келсаппен езіңдер. Өнімді алындар. Сүзгі қағазда май дақтары байқала ма? Қандай өнімде май бар екені туралы қорытынды жасаңдар.

6. Әртүрлі тамақ өнімдерінде органикалық заттар бар екені туралы жалпы қорытынды жасаңдар.


Модельдеу "Қоректік тізбек пен торды құру".

1 модельдеу. Қоректік тор мен тізбектің құрылысы

Шартты экожүйедегі қоректік тор мен тізбек үлгісін жасаңдар: шөптер, буталар, ағаштар, саңырауқұлақтар, шұбалшаң, шырмауық, Күн, көртышқан, шегіртке, көбелек, қырғи, торғай, түлкі, көкшымшық, қоян, жапалақ.


Зертханалық жұмыс "Судың тірі ағзалар үшін маңызы мен қасиеттерін зерттеу".

2 зертханалық жұмыс. Тірі ағзалар үшін судың қасиеті мен маңызын сипаттау

Мақсаты: тәжірибе негізінде судың кейбір қасиеттеріне көз жеткізу, оның тірі ағза үшін маңызы туралы қорытынды жасау.

Құрал-жабдықтар: су, мұз түйірі, су термометрі, сынауық, жандырғы, 5х5 см дәптер қағазы, әртүрлі монеталар, шыны капилляр түтікшесі, өлшеуіш стақан немесе колба, Петри табақшасы.

Орындауға арналған тапсырмалар

1. Ыдысқа су құйып, оған мұз салыңдар. Не байқалады? Мұз жеңіл ме, әлде су жеңіл ме? Оның ағза үшін қандай маңызы бар?

2. Сынауыққа су құйып, оны қайнағанша қыздырыңдар. Қайнаған су температурасын өлшеңдер. Судың бөлме температурасына дейін суу уақытын анықтаңдар. Судың жылусыйымдылығы туралы не айтуға болады? Оның тірі ағза үшін қандай маңызы бар?

3. Суы бар стақанға немесе колбаға капилляр түтікшені сал. Не байқалады? Егер түтіктің бос ұшын саусағыңмен жауып, стақаннан алса, не болады? Судың қандай қасиетін байқадыңдар? Оның тірі ағза үшін қандай маңызы бар?

4. Петри табақшасына су құйыңдар Судың бетіне абайлап, 5х5 см дәптер парағын қойыңдар. Қағаздың ортасына ең кішкентай монетаны қойыңдар. Не байқадыңдар? Ол монетаны алып, оның орнына үлкендеуін қойыңдар. Судың беттік керілу күші туралы не айтуға болады? Эксперименттердің қайсысынан су молекуласының когезия және адгезия құбылыстарын байқадыңдар? Осы қасиеттердің тірі ағзалар үшін қандай маңызы бар?



Зертханалық жұмыс: "Азық-түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар болуын зерттеу".

3 зертханалық жұмыс. Тамақ өнімдерінде көмірсулардың, нәруыздар мен майлардың болатынын зерттеу

Мақсаты: тәжірибе негізінде тамақ өнімдерінің құрамында органикалық заттардың болатынына көз жеткізу.

Құрал-жабдықтар: су, йод ерітіндісі, сутек асқын тотығы, сүзгі қағаз, өлшегіш стақан немесе колба, сынауықтар, тамақ өнімдері (ет, картоп, күнбағыс дәні, бидай, арпа т.б.).

Орындауға арналған тапсырмалар

1. Өсімдік дәндерін келіде ұнтақтаңдар. Картоп, ет, қолда бар басқа да өнімдерді майдалаңдар. Оларды және сұйық өнімдерді жеке-жеке сынауықтарға салыңдар.

2. Сынауыққа йодтың ашық қоңыр түсті ерітіндісін дайындаңдар. Йод ерітіндісі крахмал көмірсуымен әрекеттескенде көкшіл түс пайда болады. Йод ерітіндісін әртүрлі өнімдері бар сынауыққа құйындар. Кандай өнімде крахмал бар екені туралы қорытынды жасаңдар.

3. Сутек асқын тотығы белгілі бір нәруызбен әрекеттескенде 1-2 минут көпіршік түзіледі. Сутек асқын тотығын әртүрлі өнімдері бар сынауыққа құйыңдар. Қандай сынауықта сутек асқын тотығымен әрекеттесетін нәруыздар бар екені туралы қорытынды жасаңдар.

4. Нәруыз болса, сынауықты шайқағанда, су ерітіндісінде көбік түзіледі. Әртүрлі өнімдері бар сынауыққа су құйып, шайқандар. Қандай өнімде нәруыз бар екені туралы қорытынды жасаңдар.

5. Сүзгі қағазын ортасынан бүктеңдер. Оның ішіне зерттелетін өнімнен салып, келсаппен езіңдер. Өнімді алындар. Сүзгі қағазда май дақтары байқала ма? Қандай өнімде май бар екені туралы қорытынды жасаңдар.

6. Әртүрлі тамақ өнімдерінде органикалық заттар бар екені туралы жалпы қорытынды жасаңдар.



Зертханалық жұмыс: "Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу".

4 зертханалық жұмыс. Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу

Зертханалық жұмыс: "Жылдық сақинаны санау".

11 зертханалық жұмыс. Жылдық сақинаны санау

Мақсаты: ағаш сабағының ішкі құрылысын қарау, жылдық сақинаны санау.

Құрал-жабдықтар: әртүрлі ағаштардың көлденең қимасы (жуандығы 10 см), лупа.

Орындауға арналған тапсырмалар

1. Ұлғайтқыш шыны арқылы жуандығы әртүрлі ағаш діңінің қимасын қарап, жылдық сақиналарын табындар. Олардың сабақтың қандай қабатында түзілгенін анықтаңдар. Жылдық сақинаны санап,

әрбір ағаштың жасын айтыңдар.

2. Жылдық сақинаның қалыңдығын (жұқа, қалың) қарап, ағаштың өсуіне әсер еткен ауа райы жағдайын түсіндіріңдер.

3. Қарастырылған ағаш қимасын оқулықтағы суретпен салыстырындар.



Зертханалық жұмыс: "Тамыр аймақтарын зерттеу".

5 зертханалық жұмыс. «Тамыр аймақтарын зерттеу»

Мақсаты: тамырдың өсу аймағындағы түзуші ұлпа мысалында тамыр аймақтарын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: бидай мен бұршақ өскіндері, микроскоп, ұлғайтқыш шыны және т.б.

Орындауға арналған тапсырмалар

1. Бұршақ пен бидай өскіндерінің тамырларын салыстыру арқылы олардың қандай тамыр жүйесіне жататынын анықтаңдар.

2. Бидайдың жас өскіндерінің тамырларын ұлғайтқыш шыны арқылы қарап, тамыр аймақтарын анықтаңдар.

3. Тамыр түктері бар тамыр аймақтарын тауып, олар орналасқан бөлік мөлшерін анықтаңдар.

4. Тамыр ұшынан препарат дайындаңдар (бойлық қимасы). Оны микроскоп арқылы зерттеңдер.

5. Бөліну және өсу аймақтарындағы жасушалардың құрылысын қараңдар. Олардың қандай айырмашылығы бар? Суреттерін салыңдар.

6. Тамыр оймақшасының суретін салып, оны оқулықтағы суретпен салыстырыңдар.

Ескерту: микропрепарат дайындау үшін тамыр ұшынан кесіп алып (5 мм), су тамызып, жабын шынысымен жауып қойыңдар.


Зертханалық жұмыс: "Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу".

6 зертханалық жұмыс. Фотосинтез үдерісіне әсер ететін факторларды зерттеу

Мақсаты: фотосинтез үдерісіне әсер ететін факторлардың болуына көз жеткізу.

Құрал-жабдықтар: мүмкіндігінше бір жылғы, вегетативті жолмен көбейген және мөлшері бірдей (жапырақ мөлшері), 2-6 дана бөлме өсімдігі (қазтамақ, жебежапырақ және т.б.), спирт, су моншасы, йод, жарық өткізбейтін қағаз немесе қараңғы бөлме (болса температуралық камера), ун.

Жұмыс барысы.

Бул жумысты өткізу үшін өсімдікті алдын ала әртүрлі жағдайдағы жерге қояды.

1. Жарықтың әсерін көрсету үшін бір өсімдікті жарық жақсы түсетін, жеткілікті суарылатын жерге қояды. Екінші бір өсімдіктің жапырағын жарық өткізбейтін қағазбен жабады немесе қараңғы бөлмеде 1-2 аптаға қалдырады. Сонымен қатар жарық жақсы түсетін, жеткілікті суарылатын жердегі бір өсімдіктің немесе бірінші өсімдіктің бірнеше жапырағына қалың етіп ұн себуге болады. Жарық жақсы түсетін жердегі үшінші өсімдікті солып қалмайтындай етіп және

қайтымсыз үдеріс жүрмеу үшін 5-10 күн бойы барынша аз суару керек. Төртінші және (немесе) бесінші өсімдікті жарық жақсы түсетін, жақсы суарылатын, температурасы төмен (+3-4°С) және (немесе) жоғары (+60-65°С) температуралық камераға 3-4 күнге орналастырады.

2. Өртүрлі жағдайдағы жерге қойылған өсімдік жапырақтары хлорофилін жою үшін су моншасында, спирт ерітіндісінде қыздырылады. Содан кейін өсімдіктерді йодтың ерітіндісіне (10 мл суға 4-5 тамшы) салады. Фотосинтез барысында түзілген крахмал йодтың ерітіндісі-

мен әрекеттескен кезде көкшіл (көк) түске боялады. Әртүрлі жағдайдағы өсімдіктердің жапырақтарының боялу қарқындылығын бақыландар.

3. Мәліметтерді кесте түрінде дәптерге жазыңдар.

Өсімдік тіршілігінің жағдайы

Қалыпты жарық және ылғал

Қалыпты жарық және шамалы ылғал

Жарық жоқ, қалыпты ылғал

Жапырақтарына ұн себілген

Температура

Төмен

Жоғары

Бояу қарқындылығы (крахмалдың болуы)








Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Неліктен крахмал мөлшері бойынша фотосинтез үдерісінің

қарқындылығы туралы айтуға болады?

2. Қандай өсімдік жапырағында мүлде крахмал жок?

3. Жапыраққа себілген ұн қандай табиғат құбылысының әсерін

көрсетеді?

4. Фотосинтез үдерісіне әртүрлі факторлардың әсері туралы қоры-

тынды жасаңдар.


Зертханалық жұмыс: "Өсімдіктердің тыныс алуын зерттеу".

7 зертханалық жұмыс. Өсімдіктердің тыныс алуын зерттеу

Мақсаты: өсімдіктердің тыныс алатынын анықтау.

Құрал-жабдықтар: мүмкіндігінше бір жылғы, вегетативті жолмен көбейген және мөлшері бірдей (жапырақ мөлшері) 2-6 дана бөлме өсімдігі (қазтамақ, жебежапырақ және т.б.), 2 табақ, шыны

конырау. Қараңғы шкаф, әк суы бар 2 ыдыс, кішкентай 2 балауыз шам, түймелер, сіріңке.

Жұмыс барысы.

Бул жумысты жасау үшін жақсы суарылған өсімдіктерді әк суы бар ыдыстармен бірге жайпақ табаққа қояды. Содан кейін әрбір өсімдікті мөлдір шыны қоңыраумен жауып қояды. Енді оларды

әртүрлі жағдайда: біреуін жарық жақсы түсетін жерге, екіншісін шкафқа немесе жарық түспейтін жерге 5-7 күнге қалдырады. Осы уақытта қоңырау көтерілмейді және өсімдіктер суарылмайды.

1. Әк суының түсі қалай өзгергенін бақыландар.

2. Кішкентай балауыз шамды түйменің үстіне қойып, оны жағындар. Содан кейін оны абайлап шыны қоңыраудың астына ауа барынша бармайтындай етіп жайпақ табаққа орналастырыңдар.

Қоңыраудың бір шетінен жайлап көтеріп, түймедегі балауыз шамды қойып, қоңырауды түсіріңдер.

3. Қандай балауыз шамның жарық болып ұзақ жанатынын бақыландар.


Мәліметтерді кесте түрінде дәптерге жазыңдар.

Зерттелетін белгі

Өсімдік тіршілігінің жағдайы


Жарықтағы

қараңғыдағы

Әк суының түсі және мөлдірлігі



Балауыз шамының жану қарқындылығы және уақыты




4. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

а) Неліктен тәжірибе нәтижелерінде айырмашылық бар? Ол фотосинтез үдерісіне қалай байланысты?

3) Бөлінген қандай газдан әк суы лайланады?

б) Жану үшін қандай газ керек? Оның мөлшері әртүрлі жағдайдағы өсімдіктерде қалай және неліктен айырмашылық жасады?

5. Зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша жалпы қорытынды жасаңдар.



Модельдеу: "Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу жүйесі мүшелерін салыстыру".

Тапсырма:

Ағза топтары және олардың тыныс алу мүшелерін сәйкестендір. Кестені толтыр.

Класс немесе типтің атауы

Өкілдері

Тыныс алу жүйесінің нөмірі

Қарапайымдар



Өрмекшітәрізділер



Жәндіктер



Балықтар



Қосмекенділер



Жорғалаушылар



Құстар



Сүтқоректілер







Зертханалық жұмыс: "Өсімдіктердің тыныс алу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу".

8 зертханалық жұмыс. Өскін мысалында өсімдіктердің бөліп шығару ерекшелігін зерттеу

Мақсаты: өскіндердің заттар бөліп шығаратынын анықтау.

Құрал-жабдықтар: мәдени өсімдіктердің 50 тұқымы (астық тұқымдас өсімдіктер; сұлы, бидай, арпа немесе бұршақ тұқымдас өсімдіктер - бұршақ, үрмебұршақ және т.б.), Петри табақшасы, 2 пластикалық стақан, мақта немес сүзгі қағазы, 2 жарты литрлік банка, әк суы бар 2 сынауық.

Жұмыс барысы

Бул жумысты жасау үшін 50 тұқымды 25-тен екі бөлікке бөледі. Тұқымның бір бөлігін ылғал мақта немесе сүзгі қағазы салынған Петри табақшасына салып қояды. Сөйтіп, өскін көктей бастағанша 1-3 кун куту керек. Содан кейін кесілген пластикалық стақанның біреуіне өнген тұқымдарды салып, бетін жауып қалмайтындай етіп су құяды. Екінші стақанға құрғақ тұқымдарды салады. Стақандарды әк суы бар тұрғыдагы (штатив) сынауықтармен (пробирка) бірге

жарты литрлік банканың астына қояды. 5-7 күннен кейін бақылау жүргізуге болады.

1. Ок суының түрі қалай өзгергенін бақыландар.

Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

2. Неліктен тәжірибе нәтижелерінде айырмашылық бар?

а) Ол өскіннің өсу үдерісіне қалай байланысты?

ә) Бөлінген қандай заттан әк суы лайланады?

б) Бұл өсіп жатқан өскінде қарқынды жүріп жатқан қандай үдерісті дәлелдейді?

3. Зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша жалпы қорытынды жасаңдар.


Зертханалық жұмыс: «Тізе рефлексі»

9 зертханалық жұмыс. Тізе рефлексін зерттеу. Рефлекс доғасын анықтау

Мақсаты: мектеп дәрігері көмегімен тізе рефлексінің механизмін көрсетіңдер.

Құрал-жабдықтар: орындық, медициналық балға.

Орындауға арналған тапсырмалар

1. Бір оқушы орындыққа отырады. Бір аяғын екінші аяғының үстіне қояды.

2. Резеңке балғамен тізе қақпағынан сәл төмен жерге жайлап тигізу (соғу) керек. Согу әсерінен козу бұлшық етке беріледі де тізе бүгіледі.

3. Өздерің байқаған тізе рефлексінің рефлекс доғасын сызба түрінде бейнелендер. Оның әрбір бөлімі қайда орналасқанын сипаттаңдар.



Модельдеу "Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу".

3 модельдеу. «Адам ағзасының тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын белгілерін зерттеу»

Тапсырма:

Адамға тән белгілерді тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтынға бөліңдер:


Тұқымқуалайтын белгілері

Тұқымқуаламайтын белгілері



1. Көздің түсі

2. Шаштың түсі

3. Жейденің түсі

4. Терінің түсі

5. Шалбардың түсі

6. Мұрын пішіні

7. Бойы

8. Аяқ ұзындығы

9. Тырнақ ұзындығы

10. Шаштың бұйралығы

11. Сепкілдің болуы

12. Сурет сала білу

13. Ән сала білу (музыкалық қабілет)

14. Сөйлей білу

15. Кесте тіге білу

16. Меңнің болуы

17. Тыртықтың болуы



Зертханалық жұмыс: "Өсімдіктердегі вегетативті көбею тәсілдері".

10 зертханалық жұмыс. «Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдері»

Мақсаты: бөлме өсімдіктерін қалемшеден өсіру мысалында вегетативті көбею тәсілдерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: бөлме өсімдіктері, топырақ, құм немесе ұсақ тастар, гүл өсіретін құмыралар, бақша қайшысы, банкалар.

Орындауға арналған тапсырмалар

1. Колеус, пеларгония, қынагүл (бальзамин) және т.б. бөлме өсімдіктерінен 3-4 жапырағы бар қалемшеден кесіп алындар.

2. Түбіне құм (2-3 см), бетіне құнарлы топырақ салынған гүл өсіретін құмыраны дайындаңдар.

3. Топырақты ылғалдап, оған қалемшені отырғызыңдар. Топырақтың ылғалы буланып кетпеу үшін қалемшені банкамен жауып қойындар. Осындай жағдайда 2-3 күннен кейін банканы алыңдар.

Жақсы күтім болса, шыны банкасыз-ақ қалемше тамырланады.



Модельдеу "Жануарлардағы онтогенез типтерін салыстыру".

4 модельдеу. «Жануарлардағы онтогенез типін салыстыру»

Тапсырма.

Суреттерде кай жануарлардың онтогенезі берілгенін анықта. Бұлар онтогенездің қайсы типіне жататынын кестеде белгілеңдер.

Жануар

Толық түрлену

Толық емес түрлену








Зертханалық жұмыс: "Пішен таяқшасының сыртқы пішінін қарастыру".

12 зертханалық жұмыс. Пішен таяқшасы бактериясының сыртқы түрін зерттеу

Мақсаты: Пішен таяқшасы бактериясының құрылысы ерекше екеніне көз жеткізу.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: 1) пішен таяқшасы; 2) колба, пішен, мақта тығын; 3)микроскоп, көк сия, лупа, шыны таяқша, заттық шыны, жабын шыны, тамшуыр.

Орындауға арналған тапсырмалар

1. Пішен таяқшасы себіндісін дайындап қою керек. Суы бар колбаға пішен таяқшасын алу үшін азғантай пішен салындар. Басқа бактерияларды жою үшін колбаны мақта тығынмен жауып, 30 минут қайнатындар. Қайнатқан кезде пішен таяқшасы тіршілігін жоймайды.

2. Алынған тұнбаны сүзіп, ерітіндіні бөлме температурасында (20-25°С) бірнеше күнге қалдырыңдар. Біраз уақыттан кейін пішен таяқшасының бактериялары көбейе бастады. Сөйтіп, судың бетін тұтас бактерия қабаты жауып қалады.

3. Пішен таяқшасын көру үшін сынауыққа аздаған су құйыңдар. Оған пішен таяқшасы бар ерітіндіден шыны таяқшамен алған сынамамен араластырыңдар. Пішен таяқшасы бар сынауыққа 2-3 тамшы көк сия тамызыңдар. Сосын бактериясы бар боялған ерітіндіні заттық шыныға тамызыңдар. Оны жабын шынымен жабыңдар. Микроскоппен қарағанда түссіз пішен таяқшалары айналасында көк ерітінді көрінеді.

4. Пішен таяқшасының суретін салып, сипаттаңдар.



Зертханалық жұмыс: "Өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу".

13 зертханалық жұмыс. «Йогурт пен сыр өндірісін зерттеу»

*Мұғалім тәжірибені көрнекі түрде көрсете отырып жасайды немесе окушы үйде өзі орындайды.

Мақсаты: йогурт (және сыр) жасау кезіндегі сүт қышқыл бактерияларының рөлін анықтау.

Құрал-жабдықтар: қаймағы алынбаған пастерленген немесе қайнатылған сүт, йогурт немесе йогурт ұйытқысы, бифидобактериялар ампуласы, 5-10 мл айран, термостат, химиялық ыдыс құты (колба) немесе сынауық, мақта, стерилді су не инъекция ампуласы, су моншасы.

Орындауға арналған тапсырмалар

Бұл жұмысты орындау үшін бір тәулік бұрын белгісі бар сынауықтарға немесе кішкентай (50-100 мл) құтыларға (колба) сут құйып қойыңдар. Бір сынауықтағы сүтке ұйытқы салыңдар. Қалған

үш сынауықтағы сүтке әртүрлі: йогурт, айран, бифидобактериялар себіндісін (культура) қосады. Ұйытқы мөлшері сүт мөлшерінің 10% шегінде болуы керек. Содан кейін сынауықты немесе құтыны мақтамен тығындап, температурасы 50°С термостатқа қояды. Бір тәуліктен кейін материалды зерттеуге болады.

1. 4 сынауықтың әрқайсысындағы сүт қалай өзгерді? Консистенциясын, иісін, түсін анықтаңдар. Оларға сипаттама беріңдер.

2. Стерилді сумен сұйылтылған 4 сынауықтың әрқайсысындағы затты микроскоп арқылы қараңдар. Не бақылағандарынды сипаттаңдар.

3. Сынауықты (құтыны) су моншасына қойып, 10 минуттай қыздырыңдар. Қандай сынауықтағы масса іріп кетті? Суыған сон іріген массаның дәмін анықтаңдар.

4. Ірімшік төрізді массаның (заттың) сыр жасаудың негізі болып табылатыны белгілі. Осыны ескеріп, әртүрлі ірімшік тәрізді массадан алынған өнім ретінде сырдың айырмашылығы бола ма? Қандай айырмашылығы болуы мүмкін?

5. Әртүрлі сынауықтағы массалардың айырмашылығы туралы қорытынды жасаңдар. Олардың әрқайсысында бірдей мөлшерде сүт, бірдей жағдайда болғанын ескеріңдер.



Зертханалық жұмыс: "Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін қолдануды зерттеу".

14 зертханалық жұмыс. Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін пайдалану

Мақсаты: бактерияларға антибиотиктердің, антисептиктер мен залалсыздандыратын заттардың әсерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: 1) алдын ала дайындалған пішен таяқшасы;

2) колба, пішен, мақта тығын, 6 сынауық; 3) микроскоп, көк сия, бензилпенициллин ерітіндісі (10 мл-ге 1000000 бір.), йод, зеленка, хлорка, сұйық сабын, лупа, шыны таяқша, заттық шыны, жабын шыны, тамшуыр.

Орындауға арналған тапсырмалар

1. Пішен таяқшасы себіндісін алдын ала дайындап қою керек. Суы бар колбаға пішен таяқшасын алу үшін азғантай пішен салындар. Басқа бактерияларды жою үшін колбаны мақта тығынмен жауып, 30 минут қайнатындар. Қайнатқан кезде пішен таяқшасы тіршілігін жоймайды.

2. Алынған тұнбаны сүзіп, ерітіндіні бөлме температурасында (20-25°С) бірнеше күнге қалдырыңдар. Біраз уақыттан кейін пішен таяқшасының бактериялары көбейе бастады. Сөйтіп, судың бетін тұтас бактерия қабаты жауып қалады.

3. Пішен таяқшасын көру үшін сынауыққа аздаған су құйындар. Оған пішен таяқшасы бар ерітіндіден шыны таяқшамен алған сынамамен араластырындар. Алынған ерітіндіні 6 сынауыққа бөліп құйыңдар.

Бірінші сынауыққа 2-3 тамшы йод, екіншісіне зеленка, үшіншісі-хлорка, төртіншісіне - пенициллин, бесіншісіне сұйық сабын тамызындар. Алтыншы сынауыққа еш нәрсе қоспайды. Зеленка және йоды бар сынауықтан басқа пішен таяқшасы бар барлық сынауыққа 2-3 тамшы көк сия тамызындар. Сосын бактериясы бар боялған ерітіндіні заттық шыныға тамызыңдар. Оны жабын шынысымен жабындар. Микроскоппен барлық 6 сынауықты кезек-кезек карандар.

4. Сынауықтардан не көргендеріңді сипаттаңдар. Алған білімге, оқулық материалына және бақылауға сүйеніп, қандай қорытынды жасауға болады?

5. Интернетті пайдаланып, өз нәтижелеріңді осыған ұқсас виртуалды зертханалық жұмыс нәтижесімен салыстыруға бола ма?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!