|
Бөлім: Ұрпақ тәрбиесі |
Мектеп: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қайсарлық пен өр рухтың символы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану. 7.2.4.1 шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегіүзінділерді тапсырмалар орындау барысында орынды қолдану, үзінділерді қайта өзгертіп, өз пікірін жазу; Көпшілігі:өз көзқарасын дәлелдеу үшін әңгіме үзінділерін орынды қолданып, үзінділерді қайта өзгеріске ендіріп жазу; Кейбір оқушылар: өз көзқарасын дәлелдеу дәлелдеу үшін әңгіме үзінділерін орынды қолданып, әңгіме үзінділерін сыни тұрғыдан қайта жазу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1-сағаты Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аудару. Тақтадан әңгіме желісі бойынша суреттер көрсетіледі. Жетелуші сұрақтар қойылады: - Бұл суретте әңгіменің қай бөлігі суреттелген? Яғни, бүгін біз сабағымызда қандай жұмыс жүргіземіз ?
Оқушылар сабақ мақсатын анықтайды. |
Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аудару.Тақтадан әңгіме желісі бойынша суреттер көрсетіледі. Жетелуші сұрақтар қойылады. Оқушылар сабақ мақсатын анықтайды |
ҚБ
|
7-сынып қазақ әдебиеті |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы
|
Мағынаны тану. - Балалар, «күш», «мүмкіндік», «әлсіздік» және «тәуекел» деген сөздерді қалай түсінесіңдер? - Осы сөздерді мына үзіндімен қалай байланыстырар едіңіз? - Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да. Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім, Бостандыққа шақырып ем, Сенің заңғар ақылың ем, Едім әрі өлшемін.. Жан ашырың, жақының ем, Және қайсар ақының ем мен сенің. Жұлдыздай боп жанар алдан Ақындықта елден ерек басқа заң. Батырлығы жоқ адамнан Үлкен ақын шыққан емес ешқашан. Туған елім — арман, мұңым, Енді сені жетелейді жол қалай? Менің бассыз қалғандығым Сенің бассыз қалғандығың болмағай! Иә, шындықтың ащы даңқы, Шындық үшін жалғыз түстім егеске. Ақындықтың басты шарты — Басты алса, да шындықты айту емес пе? Өлімге сан жақын бардым, Қорғансыз боп көрінсем де жай көзге. Шындықты айтқан ақындардың, Бірақ жолы болып еді қай кезде? Көрде де енді сен жайлы ойға батамын Бұл іңкәрлік созылады қаншаға? Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын, Оның тартар азабы да соншама. Мен сенемін, күні ертең Нұрлы үмітпен оянар деп ұлы өлкем. Күліп жайсаң күн ғажайып Ел наласы тарқар деп. Ақымақтар күрт азайып, Сұмдар қорқақ тартар деп. Мен сенемін, күні ертең Пенделіктен тазарар деп ұлы өлкем. Жә, қашанғы баққа зорлық мінгеспек? Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп. Тек тұлпарлар ғана алатын бас бәйгі Есектердің мойынында жүрмес деп. Мен сенемін, күні ертең Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем, Мына дәурен бұрқан-тарқан Ертең қайта өзгерер. Ақындарың сұлтандардан Артық сыйлар кез келер. Қадір тұтам қиялдауды Ертең талғам өзгерер. Шындап құлай сүйе алмауды Қылмыс санар кез келер. Туған елім, Құдіретімсің аңсаған. Алдан жарқын күн шыққанша, Кескініңді көрмейінші шаршаған. Пасық ойлар тұншыққанша, Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, Жер астынан қарап жатам мен саған. КӘМТ (Күш, Әлсіздік, Мүмкіндік, Тәуекел) Жұмыс алгоритмі 1. Мұғалімнің оқушылармен КӘМТ мағынасын талқылап, әрбір термин жеке алғанда нені білдіретінін, әсіресе «күш», «мүмкіндік», «әлсіздік» және «тәуекел» арасындағы айырмашылықтарды түсіндіргені жөн. «Мүмкіндіктер» және «тәуекелдер» болашақта туындауы мүмкін болжалды салдарларға шоғырлануы тиіс, ал «күш» пен «әлсіздік» бұған дейін болғанды зерттеу негізіндегі мәселенің оң және кері аспектілерінің тізімін құруды қамтиды. 2. Оқушыларға талқылап, баға беруге арналған ақпарат беріледі. Идеялар тиісті тақырыпшалармен беріледі (К-Ә-М-Т). 3. Мұғалім бір тақырыпшаға тоқталып, оны талқылап болған соң ғана келесі тақырыпшаға көшеді. Мысалы, оқушыларға «мүмкіндікке» көшпес бұрын, «күшті» зерттеуге уақыт беріледі. 4. Кері байланыс кезінде мұғалім мына сұрақтарды қоя алады: Не жақсы? Не жаман? Қазір не болуы мүмкін? Болашақта алға ілгерілеуге не кедергі жасауы мүмкін? 5. Командалық жұмыс бойынша жауап алу пайдалы болады.
Ж. ЖЖ. ТЖ. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі
Жұмыс кезінде оқушыларды әсерге бөлеу мақсатында «Нар идірген» күйі қойылады. 1-топ. «Жақсарту керек...» үзiндiге байланысты қандай өзгерістер енгізер едіңіз? Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат, Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап, Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ. Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап, Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап, Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап. Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да. 2-топ. «Аяқталмаған сөйлем» Бұл топқа шығарма мазмұнының аяқталмаған үлгісі беріледі. Үзіндіні оқушылар өзіндік көзқарас тұрғысынан аяқтайды. Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат... 3-топ.«Егер де...» Егер де мен бала орнында болғанда не істер едім?
Баласы айтты: Барлық топ өз жұмыстарын топта талқылап, үздік деп танылған жұмыстарды «Қабырға газетіне» жабыстырып, сынып қабырғаларына іледі.
Галереяға саяхат аяқталған соң, топ мүшелері өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды. |
Оқушылар сұрақтарға жауап іздейді. Балалар, «күш», «мүмкіндік», «әлсіздік» және «тәуекел» деген сөздерді қалай түсінесіңдер? - Осы сөздерді мына үзіндімен қалай байланыстырар едіңіз? 1. Мұғалімнің оқушылармен КӘМТ мағынасын талқылап, әрбір термин жеке алғанда нені білдіретінін, әсіресе «күш», «мүмкіндік», «әлсіздік» және «тәуекел» арасындағы айырмашылықтарды түсіндіреді.
Кері байланыс кезінде мұғалім мына сұрақтарды қоя алады: Не жақсы? Не жаман? Қазір не болуы мүмкін? Болашақта алға ілгерілеуге не кедергі жасауы мүмкін? 5. Командалық жұмыс бойынша жауап алу пайдалы болады.
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі 1. Жеке жазады 2. Жұппен талдайды 3. Топпен талқылап, үздiк жұмысты «Қабырга газетiне» iледi.
Бұл топқа шығарма мазмұнының аяқталмаған үлгісі беріледі. Үзіндіні оқушылар өзіндік көзқарас тұрғысынан аяқтайды.
Барлық топ өз жұмыстарын топта талқылап, үздік деп танылған жұмыстарды «Қабырғагазетіне» жабыстырып, сынып қабырғаларына іледі.
|
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: УразоваШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз 7-сынып "Нарынқұм зауалы. Қайсарлық пен өр рухтың символы" тақырыбы
Тақырып бойынша 11 материал табылды
7-сынып "Нарынқұм зауалы. Қайсарлық пен өр рухтың символы" тақырыбыМатериал туралы қысқаша түсінік
7-сынып "Қайсарлық пен өр рухтың символы" тақырыбы "Нарынқұм зауалы" шығармасы бойынша ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
















