Материалдар / 7 сынып сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7 сынып сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
География пән мұғалімдерге сабақ жоспары
Авторы:
17 Сәуір 2023
300
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Табиғи ресурстардың жіктелуі


Бөлім:

5. Экономикалық география

5.1 Табиғи ресурстар

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғи ресурстардың жіктелуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.5.1.2 - жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды

7.5.1.3- табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдай алады

Көпшілік оқушылар үшін:

Табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсете біледі

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

8 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Сарқылатын табиғи ресурстың қандай түрлері бар?



2. Табиғи класификациясының басты белгісі не болып табылады?



Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

1-тапсырма:

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Тірек сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

1. Атластың «Дүниежүзінің табиғи ресурстары» картасын қарайды. Оны жасау үшін қандай картографиялық әдістер қолданылған? Отын және пайдалы кен қазбалрын өндіретін ірі аймақтарды атайды. Жер шарының қай өңірлері орман және су ресурстарымен толық қамтамасыз етілген? Оның себебі неде?



2. Сендердің тұратын жерлерің қандай пайдалы қазбаларға бай? Сенің ойынша, қандай жергілікті табиғи ресурс аса тиімді және нәтижелі пайдаланылады? Неге?



3. Өздерің тұратын аймақтың жер қойнауы байлығын тиімді игеру жобасын ұсынады.


Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- Жауаптарын негіздейді.

- Жоба ұсынады.


7-сынып оқулығы, жұмыс дәптері


2-тапсырма:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. «Табиғи ресурстардың класификациясы» тақыыбы бойынша сызба құрастырады. Олардың Қазақстан аумағында кездесетіндерінің астын сызып көрсетеді.




Дескриптор: Жалпы 4 балл.

- Сызба құрастырады.


7-сынып оқулығы, жұмыс дәптері


3-тапсырма:

Оқулықта берілген түсіну және қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Дүниежүзінде табиғи жанармай ресурсы таусылған кездегі жағдайды елестетіп көреді. Бұл неге әкеп соғады? Мұндай мәселелерді қалай шешуге болады?



2. Ойланып көреді: «Қазақстанда су мәселесі бар ма?». Егер бар болса, мемлекеттік дәрежеде қандай іс- шаралар жасалып жатыр? Мәселені шешу жолдарын ұсынады.


Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- Сұрақтарға жауап береді.

- Мәселені шешу жолдарын ұсынады.


7-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!