400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 сыныпқа арналған биология сұрақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Емтихан сұрақтары
Материалдың қысқаша нұсқасы

№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің биология пәні бойынша

7 сыныптар арасында өткізілетін аралық емтихан сұрақтары


Билет № 1

1.Экология ғылымы нені зерттейді?

2. Фотосинтезге қажетті жағдайлар

3. Өсімдіктерге жағымды және жағымсыз тропизмнің қажет екенін көрсететін мысалдар келтір.


Билет №2

1.Заманауи экологияда экологиялық факторлардың неше тобы бар?

2.Пластидтер дегеніміз не және оның неше типі бар?

3.Митоз және мейоз үдерістерінің ұқсастықтары мен айырмашылығын айтыңыз.


Билет №3

1.Абиотикалық факторларға нелер жатады?

2. Калий өсімдікке не үшін қажет?

3.Гүлдің сыртқы пішініне қарап қандай жолмен тозаңданатынын анықтауға болама?


Билет №4

1.Экожүйе дегеніміз не?

2.Эпиблема дегеніміз не?

3.Мына ұғымдарды қандай ретпен жазуға болады: ген, хромосома, ядро, ДНҚ, нәруыз, белгі.


Билет № 5

1.Экожүйе неше компонентке бөлінеді және оларды ата.

2.Заманауи жүйелеудің негізін қалаған кім?

3.Антисептиктер мен антибиотиктер болмағанда адамзат тағдыры қалай болар еді.


Билет №6

1.Тірі ағзалар қоректік тәуелділікке байланысты неше топқа бөлінеді және оларды ата.

2.Шартсыз рефлекс дегеніміз не және оған тән ерекшеліктерді сипатта.

3.Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын өзгергіштікке мысал келтіріңіз.


Билет №7

1.Сукцессия дегеніміз не?

2.Омыртқасыздардың негізгі типтерін атаңыз.

3.Эмбриогенез сатыларын ретімен жазыңыз.



Билет №8

1.Екінші реттік сукцессия қалай қалыптасады?

2.Барлық қан тамырлар жүйесі неше топқа бөлінеді және оларды ата.

3.Жүйке жүесі атқаратын қызметтері бойынша неше топқа бөлінеді және оларды ата.


Билет №9

1.Тамақтануы бойынша талғаусыз қоректенетіндерге не жатады?

2.Жапырақтың басты үш қызметін атаңыз.

3.Даму кезеңдерін «дернәсіл, қуыршақ, имаго, жұмыртқа , түлеу» дұрыс ретпен орналастырыңыз.


Билет №10

1.Қазіргі кезде Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтың қанша түрі бар және оларды ата.

2. Дихотомиялық кілттерді ең алғаш кім ұсынды?

3. Жәндіктердің көбею және даму ерекшеліктерін сипаттаңыз.


Билет №11

1. Агроценоздар дегеніміз не?

2.Ұлулардың қан айналым жүйесі қандай және оларда ең алғаш не пайда болды?

3.Пішіні бойынша бактериялардың алуантүрлілігін сипаттаңыз.


Билет №12

1.Тіршіліктің негізгі бес патшалығын атаңыз.

2.Омыртқалылардың негізгі кластарын атаңыз.

3.Рефлекстік доға неше бөлімнен тұрады және оны атаңыз.


Билет №13

1.Прокариоттарға не жатады және олардың ерекшеліктерін ата.

2.Тамыр қандай аймақтардан тұрады?

3.Вегетативті көбеюдің тәсілдерін атаңыз.


Билет №14

1.Фотосинтез дегеніміз қандай үдеріс?

2. Тропизм дегеніміз не?

3.Өсімдіктер мен жануарлардың жүйелік категорияларын ретімен жазып беріңіз.


Билет №15

1. Жасуша деген түсінікті ең алғаш қолданған ғалым кім?

2. Адамдағы хромослма саны қанша?

3. Үлкен ми сыңарларының терең жүлгелері неше бөлімге бөлінеді және оларды ата?


Билет №16

1. Мүше дегеніміз не?

2. Тыныс алу типтері нешеге бөлінеді және оларлы ата.

3. Фотопериодизм дегеніміз не?


Билет №17

1.Таксис дегеніміз не?

2. Жүйке жүйесінің міндетін айтыңыз.

3.Толық түрленіп дамуды сипаттаңыз.


Билет №18

1.Ағаш сабағында қандай қабаттар бар?

2. Органикалық заттарға қандай заттар жатады?

3.Жүйке жүйесінің типтерін атаңыз.


Билет №19

1.Фототропизм дегеніміз не?

2. Адамның тыныс алу мүшелерін атаңыз.

3. Өрмекшітәрізділер мен жәндіктердің зәр шығару жүйесін сипаттаңыз.



Билет №20

1.Шаянтәрізділер класы өкілдерінде негізгі зәр шығару мүшесі.

2.Жасушаның бөлінуге дайындық кезеңі не деп аталады?

3.Баяу ұйқы мен тез ұйқыны салыстырмалы сипаттаңыз.


Билет №21

1.Нутация дегеніміз не?

2. Омыртқалылардың қозғалу мүшелерін сипаттаңыз.

3. Нейронның құрылысын сипаттаңыз.


Билет №22

1.Жүйке жүйесі орналасуы бойынша нешеге бөлінеді және оларды ата.

2. Зигота дегеніміз не?

3. Телуді неше әдіспен жүзеге асырады түсіндіріңіз.


Билет №23

1.Тозаңдану дегеніміз не және ол нешеге бөлінеді?

2. Эмбриогенез дегеніміз не?

3. Бактериялардың маңызын түсіндіріңіз.


Билет №24

1.Қосарланып ұрықтануды ашқан ғалым кім?

2.Органогенез дегенеміз не?

3.Қосарлы ұрықтанудың маңызын түсіндіріңіз.


Билет №25

1. Онтогенез дегеніміз не?

2. Бактериофаг дегеніміз не?

3. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік дегеніміз не?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
4061
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі