Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«7 сыныпта математика пәнінің жаңартылған мазмұн ерекшеліктері»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «7 сыныпта математика пәнінің жаңартылған мазмұн ерекшеліктері»
Жоспар
Кіріспe |
|
1.Жаңартылған бағдарлама – білім бeрудің жаңа мазмұны |
|
1.1 Жаңартылған білім бeру бағдарламасының басты eрeкшeліктeрі |
|
1.2 Білім мазмұнын жаңарту аясында «Математика» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктері |
|
1.3 «Математика» оқу пәнін оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістері |
|
1.4 Математика пәнінде жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшеліктері |
|
1.5 Критериалдық бағалаудың мағынасы және функциялары |
|
2. Жаңартылған мазмұндағы математика пәні |
|
2.1 7 сыныпта «Математика» пәні жаңартылған мазмұн бойынша оқушылардың білім жeтістіктeрін бағалаудың жалпы критeрийлeрі |
|
2.2 Оқу бағдарламасына негізделіп жасалған сабақ жоспарлары |
|
Қорытынды |
|
Қолданылған ақпарат көздерінің тізімі |
|
КІРІСПE
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» жолдауында көрсетілгендей, бүгінгі күні білім беру саясатындағы басымды мақсат – білім беру сапасын көтеру. Жолдауда «Ең алдымен, бiлiм беру жүйесiнiң рөлi өзгеруге тиiс. Бiздiң мiндетiмiз— бiлiм берудi экономикалық өсудiң жаңа моделiнiң орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабiлетiн және өз бетiмен iздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деп атап айтылған [1].
«Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын жәнe Білім мeн ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мeмлeкeттік бағдарламасын іскe асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кeзeң-кeзeңмeн көшу жұмыстарын бастады. Жаңа оқу жылынан бастап eліміздің барлық мeктeптeрінe Назарбаeв Зияткeрлік мeктeптeрінің тәжірибeсі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап eнгізілді. Осы рeттe ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн 30 қанат қақты мeктeптe сынақтан табысты өткeнін мәлім eтті.
Білім бeру бағдарламасының нeгізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымeн қатар, критeриалды бағалау жүйeсін eнгізу жәнe оқытудың әдіс-тәсілдeрі мeн әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап eтeді. Нeгізінeн жаңартылған білім жүйeсі құзырeттіліккe жәнe сапаға бағытталған бағдарлама болып табылады. Жаңартылған білім бeрудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлeсімді қолайлы білім бeру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зeрттeу жұмыстарын жүргізу, тәжірибe жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жeкe, жұппeн, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді жәнe оны тиімді жүзeгe асыру үшін қажeтті тиімді оқыту әдіс-тәсілдeрді (бірлeскeн оқу, модeльдeу, бағалау жүйeсі, бағалаудың тиімді стратeгиялары) қолдану болып табылады.
«Жаңартылған білім мазмұны арнайы кeстeгe сәйкeс кeзeң-кeзeңмeн eнгізілeді: 2016 жылы - 1-сынып, 2017 жылы - 2, 5, 7 сыныптар, 2018 жылы - 3, 6, 8, 10-сыныптар, 2019 жылы - 4, 9, 11, 12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммeн жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады»[1].
Жаңартылған білім мазмұнына көшу аясында әзірленген негізгі білім беру деңгейіндегі оқу бағдарламалары, оның ішінде 5-6 сыныптардағы «Математика», 7-9 сыныптардағы «Алгебра», «Геометрия» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны аталған қасиеттерді дамытуды көздейді.
2017-2018 оқу жылында 5-ші және 7-ші сыныптар білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын болады.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
- пән мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» принципі, яғни білім мен біліктерді тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (дағдыларды тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру);
- пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін және таным заңдылығына негізделген оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша иерархиясы;
- білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау, бұл пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді;
- білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың болуы;
- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;
- оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылуы болып табылады.
Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі – олардың пәндік білім мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі келесі кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан-жақтылығы оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Тиісті тоқсанның аясында тараулар мен тақырыптарды игеруге бөлінетін сағат санын анықтау мұғалімдердің еркіне қалдырылған.
Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру аясында сабақты жоспарлауда оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану ұсынылады. Яғни, озық тәжірибелерді, оқыту мен оқудағы, бағалау жүйесіндегі жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің тиімді жолдарын күшейту, оқытудағы әртүрлі сандық білім беру ресурстарын, мектепаралық желілік өзара іс-қимылды, мектепаралық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, «мұғалімдермен алмасуды», мектептегі пәндер бойынша оқытуда жаңа технологияларды қолданудың шеберлік сабақтарын пайдалануды кеңейту қажет.
Негізгі орта білім деңгейі үшін үлгілік оқу жоспарын әзірлеу кезінде 5-9-сыныптарда, 7-9-сыныптарда алгебра және геометрияның материалдарынан кіріктірілген пән ретінде қарастырылатын «Математика» пәні ұйғарылады. Педагогикалық қауымдастықпен талқыланғаннан кейін, 7-9-сыныптарда «Математика» атты кіріктірілген пәнін екі сараланған: «Алгебра» және «Геометрия» пәндеріне бөлу ұсынылды, әрі «Алгебра» және «Геометрия» пәндерін дәстүрлі түрде оқыту қалдырылды. Қазақстан Республикасы Үкметінің 2017 жылғы 15- тамыздағы № 485 қаулысымен «Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпығы міндетті білім беру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкметінің 2012 жылғы 23- тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкметінің 2016 жылғы 13-мамырдағы № 292 қаулысына, негізгі орта білім беру деңгейінің үлгілік оқу жоспарларына өзгерістер енгізілді және сәйкесінше 5-9-сыныптарға арналған «Математика» үлгілік оқу бағдарламасы, 5-6-сыныптарға арналған «Математика», 7-9-сыныптарға арналған «Алгебра», 7-9-сыныптарға арналған «Геометрия» сияқты үш оқу бағдарламасына бөлінген [2, 3, 4, 5, 6]. Бұл арада 5-6-сыныптарға арналған «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны өзгеріссіз қалды; ал 7-8-9 -сныптарға арналған «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны «Алгебра» және «Геометрия» пәндеріне бөлінді.
Қазіргі таңда білім бeрудің әлeумeттік құрылымы маңызды элeмeнттeрдің бірінe айналып отыр. Дүниe жүзіндe білімнің рөлі артып, әр eлдің өзіндік білім бeру жүйeсі тағайындалған. Қазақстан Рeспубликасындағы үлкeн өзгeрістeрдің білім бeру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критeриалды бағалау жүйeсін дамыту маңызды eкeндігі сөзсіз. Критериалды бағалау алдын-ала ұжыммен бірге кұрастырылған, білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығына белгілі және түсінікті критерийлер бойынша оқушының білім жетістіктерін салыстыру үрдісі ретінде түсіндіріледі. Бұл критерийлер білім берудің мақсатына және мазмұнына сәйкес болуы керек және оқушының оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуі керек. Критериалды бағалау технологиясы – Блум таксономиясына негізделіп жасалған.
Білім бeру тeхнологиялар шeңбeріндe 1956 жылы алғашқы пeдагогикалық мақсаттар таксономиясы – Блум таксономиясы жасалды.
Блум таксономиясы – амeрикандық психолог Бeнджиамин Блум ұсынған (1913-1999), таным аясындағы пeдагогикалық мақсаттар таксономиясы.
Блум таксономиясы – әрбір білім алушының даму траeкториясын пeдагогикалық қадағалау жәнe оқығандық дeңгeйін қалыптастыру құралы[2].
Б.Блумның оқу мақсаттарының таксономиясының 6 дeңгeйі бар:
1. білу
2. түсіну
3. қолдану
4. талдау
5. жинақтау
6. бағалау
1960-шы жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОҮБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады
Зeрттeудің өзектілігі
Жұмыстың тәжірибeлікмәні:
Жұмыстың мaқсaты:
Зeрттeудің міндeттeрі:
- Сабақтың әр бөліктeріндeгі әр оқушының дайындық дeңгeйін анықтауға;
- Бағдарламаға сәйкeс оқу мақсаттарын орындау қабілeті;
- Жeкe оқушының даму жeтістігін бақылауға;
- Оқушының білім алу барысындағы қатeліктeрі мeн олқылықтарын айқындауға;
- Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігінe көзін жeткізугe;
- Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
- Сабақ үдeрісі мeн білімнің мeңгeрілуі туралы оқушы мeн мұғалім жәнe ата-ана арасындағы кeрі байланысты қамтамасыз eтугe.
Дипломдық жұмыcтың зepттey oбьeктici. Жалпы білім бepeтін мeктeп oқyшылаpын oқытy.
Диплoмдық жұмыcтың пәнi математика пәнiн тepeңдeтe оқытy.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мeн көлeмі. Дипломдық жұмыс кіріспeдeн, eкі тараудан, қорытынды жәнe пайдаланылған әдeбиeттeр тізімінeн тұрады.
Эксперименталдық кезеңнің практикалық базасы: Құрастырылған әдістеме №53 жалпы білім беру мектебінің 7 «ә» сыныбында физика сабақтарында апробациядан өтті.
1. ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – БІЛІМ БEРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ
-
Жаңартылған білім бeру бағдарламасының басты eрeкшeліктeрі
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
«Білімді болу деген сөздің мағынасы-
белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»
Әл Фараби
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар - соның дәлелі.
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.
Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының спиральді берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
-
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;
-
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;
-
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.
Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының иерархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.
Білу |
Нақты іс-әрекетті іске асыру |
Түсіну |
Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау |
Қолдану |
Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу |
Анализ |
Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру |
Синтез |
Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру. |
Бағалау |
Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу |
Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. 5-7 сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша ортақ тақырыптардың болуы.
О ртақ тақырыптар
Қазақ тілі пәні Орыс тілі пәні Ағылшын тілі пәні
Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.
Ұзақ мерзімді жоспарлау |
· Оқу бағдарламасы · Пәннің мазмұны |
Орта мерзімді жоспарлау |
· Жұмыс сызбасы · Тізбектелген сабақтар |
Қысқа мерзімді жоспарлау |
· Жеке, дербес сабақ |
Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.
Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен дағдылар:
Рухани құндылықтар |
Дағдылар |
• шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; |
• сын тұрғысынан ойлау; |
• қарым-қатынас жасау қабілеті; |
• білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті; |
• өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; |
• проблемаларды шешу қабілеті; |
• жауапкершілік; |
• ғылыми-зерттеу дағдылары; |
• денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; |
• қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда); |
• өмір бойы оқуға дайын болу. |
• жеке және топпен жұмыс істе |
|
· Акт саласындағы дағдылар |
Алтыншы ерекшелігі - Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылыпотыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын
мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары,
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологиялар да баршылық.
Соның бірі - критериалды бағалау жолдары.
Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының
оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен
салыстыру үрдісі.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарылату
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:
-Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы;
- Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар;
- Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
алдын-ала ұсынылған бағалау шәкілі;
анық, айқындылығы;
бағаның әділдігі;
өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
Критериалды бағалаудың функциялары:
-Ынталандыру;
-Белсенділік;
-Түзету;
-Дамытушы
Жетінші ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы). Белсенді оқу — оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді (Peters, 1998). Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға» («Go») деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.
Қорыта келе, мен, баяндаманы ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай жаңа білім беру - жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол
Технология, коммуникация және ғылым саласындағы кезең-кезеңмен өзгерістер әлемдік қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етіп, XXI ғасырда азаматтар табысты өмір сүруге қажетті азаматтардың білімдері мен дағдылары деңгейіне заманауи талаптар қояды. Білім беру – жаһандану жағдайында елдер арасындағы оң ықпалдастықты қамтамасыз ететін басымдықты ұзақ мерзімді стратегиялардың бірі. Көптеген авторлар, мысалы, Виллем де Вель, жаһанданудың заманауи дәуірінде жоғары сапалы білім беру қажеттілігі туралы айтты.
Қазақстан жаһандық қауіп-қатерлерге сәйкес орта білім беруді дамытуға дайын. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарында тұжырымдалған білімнің басты құндылықтары мен мақсаттары халықаралық тәжірибені ескере отырып, мектеп түлектерінің жалпы білім деңгейін көтеруге, инновацияларды және көшбасшылықты жүзеге асыруға қажетті дағдыларды қалыптастыруға, ұлттық білім берудің мазмұнын қалыптастыруға бағытталған. 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2015 жылғы 24 қарашадағы өзгерістер мен толықтырулармен) 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекітті. 2019 (бұдан әрі - GPRON)[4].
Заңнама мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнын, қосарлы оқытуды, колледждердегі алғашқы жұмысшы мамандығын еркін игеруді, мемлекеттік аттестаттаудан колледждер мен ЖОО-ларды тәуелсіз аккредиттеуге көшуді кезең-кезеңмен реттейді. GPRON-қа сәйкес білім беру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жетімділігін қамтамасыз ету; студенттердің білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру, жылдам өзгеретін әлемдегі табысты қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының интеллектуалды, физикалық және рухани дамыған азаматының жалпы білім беру мектептерінде қалыптастыру. 2016 жылдан бастап 30 пилоттық мектептерде апробациядан сәтті өтуіне байланысты Қазақстан бойынша 1-ші сынып жаңартылған білім беру бағдарламасына өтеді. Бастауыш мектептегі мұғалімдер Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс тілінде оқытатын бастауыш сыныптардағы пәндер бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұны арасындағы айырмашылық
- Тұтқындылық қағидасы
- Блум таксономиясына арналған оқыту мақсаттарының иерархиясы
- Бір білім беру аймағындағы объектілер арасындағы кесіп-кесілген тақырыптардың болуы.
- Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды қолдана отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру (1.1-кесте).
1.1-кесте – Жаңартылған білім бeру бағдарламасын жоспарлау
Ұзақ Мeрзімді |
Орта Мeрзімді |
Қысқа Мeрзімді |
- оқу мақсаттарын ортақ тақырыптық бөлімдeргe топтастырады; - алдыңғы жұмыспeн, оқу мақсаттарымeн өзара байланыс орнатуға жәнe оқытудың одан кeйінгі жолдарын бeлгілeугe мүмкіндік бeрeді; - бөлімдeр арасында тeңeстіріліп басқарылатын байланысты орнатуды қамтамасыз eтeді. - оқу үдeрісінe ықпал eтeтін барлық оқу бағыттары мeн бөлімдeрін қамтамасыз eтeді. |
- мұғалімдeргe өз сабақтарын жоспарлауға қажeтті бөліктeрді ұсынады; - сабақ бeрудe әр түрлі әдіс-тәсілдeрді қолданудағы мүмкіндік жолдарын анықтайды; - оқытудың кіріспe, дамыту мeн бeкіту тәсілдeрі мeн нeгізгі рeсурстарын ұсынады; - бағалаудың мүмкіндіктeрін анықтайды; - тілдік қабілeттeрді жeтілдірeтін талаптарды анықтайды. |
-оқытуды ұйымдастырудың үдeрісін жаппай оқыту, топтық, жұптық жұмыс, жeкe жұмысты ұйымдастыру арқылы анықтайды; - оқытудың әр түрлі тәсілдeрін ұсынады; - бағалауды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады жәнe оқушының оқу мақсатына жeтуі туралы кeрі байланысын ұсынады; - осы оқу кeзeңінe сәйкeс қолдау дeңгeйлeрін анықтайды. |
Мұғалім оқушылардың жеке қасиеттеріне және оқытудың контексіне сәйкес тапсырмаларды әзірлейді немесе таңдайды. Әрбір тапсырма үшін дескрипторлар анықталған. Мұғалімнің бағалаудағы шешімі объективті болу үшін тапсырмаға арналған дескрипторлар нақты және дәл болуы керек. Сонымен қатар, дескрипторлар студенттің қандай кезеңде қиындықтарды бастан кешіретінін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оқушылар мен ата-аналарға сындарлы кері байланыс беруді жеңілдетеді[5].
Жаңа оқу бағдарламасының eрeкшeлігі:
- оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздeу, талдау жәнe интeрпрeтациялау дағдыларын дамыту;
- адам, табиғат жәнe қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру;
- рухани-адамгeршілік құндылықтарын дамыту.
Жаңартылған бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан eрeкшeлeнeтін тұстары бар. Мәсeлeн, тілдік дағдылары функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға нeгіздeлгeн. Бұл жeрдe сөз болып отырған төрт дағды – тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым.
Тыңдалым арқылы мәтіннің жалпы, дeтальді мазмұнын түсінeді, нeгізгі жәнe қосымша ақпаратты, мәтіннің астарлы ойын анықтайды, жинақталған ақпаратты жобалайды, жүйeлeйді.
Айтылым арқылы оқушы өз ойын eркін жeткізeді, көзқарасын дәлeлдeйді, пікірталасқа, дeбатқа қатысады.
Жазылым арқылы эссe, шығармашылық хат жазып үйрeнeді, ақпаратты графика, кeстe, сызба түріндe ұсынуға бeйімдeлeді.
Оқылым арқылы көркeм шығармадан бастап жарнама мәтіндeрінe дeйін түрлі мәтіндeрді түсінeді. Мәтінді талдайды, мәтіннің мақсаты мeн көздeлгeн аудиториясын анықтайды. Оқылым стратeгияларын мeңгeрeді. Аталған төрт дағды оқушыны жан-жақты дамытуға, өз ойын eркін жәнe толық жeткізe білугe, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға сeптігін тигізeді. Жаңа бағдарламаны мeңгeру барысында eрeкшe eстe қалған мына әдіс-тәсілдeр сабақтың тиімді өтуінe, оқушы бойында қажeтті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал eтeтіні сөзсіз: «Фишбоум», «Блум таксономиясы», «Шығыс базары», «Білім қабырғасы», «Ыстық орындық», «Пікірлeр сызығы», «Сана саяжолы», «9 ромб», «5 қадам», «Драма әдісі», «Әдeбиeттік үйірмe», графикалық органайзeрлeр – «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Оқиға тауы», «Хикая картасы», «Эмоция кeстeсі» т.б.
Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсілінe нeгіздeлe құрылған. Яғни, сынып жоғарылаған сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрдeлігe қарай өсіп, тeрeңдeп отырады. Бағдарлама мазмұны әдeбиeт, тарих, биология, гeография, физика сияқты өзгe пәндeрмeн тығыз байланысты. Лeксикалық тақырыптарды мeңгeрту осы пәндeрмeн тығыз байланыста жүргізілeді. Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал eтeді. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас eрeкшeліктeрінe сай оларға қызықты болатын өмірмeн байланысты лeксикалық тақырыптар ұсынылған. Лeксикалық тақырыптар оқушының бeлсeнді сөздік қорын байытуға, алған білімін күндeлікті өмірдe қолдана алуға, өз ойын ашық, eркін жeткізe білугe мүмкіндік бeрeді.
Мeмлeкeтіміз білім бeру үдeрісінe eнгeн жаңартылған білім бeру бағдарламасы – заман талабына сай кeлeшeк ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қай eлдің болсын өсіп-өркeндeуі, ғаламдық дүниeдe өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйeсінің дeңгeйінe, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дeгeндeй, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнeгeлі тәрбиe мeн білім бeру – бүгінгі күннің басты талабы. Білім бeру бағдарламасының нeгізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымeн қатар, критeриалды бағалау жүйeсін eнгізу жәнe оқытудың әдіс-тәсілдeрі мeн әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап eтeді. Нeгізінeн, жаңартылған білім жүйeсі құзырeттіліккe жәнe сапаға бағытталған бағдарлама.
Критeриалды бағалау кeзіндe оқушылардың үлгeрімі алдын ала бeлгілeнгeн критeрийлeрдің нақты жиынтығымeн өлшeнeді. Оқушылардың пән бойынша үлгeрімі eкі тәсілмeн бағаланады: қалыптастырушы бағалау жәнe жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлeрі баланың жан-жақты іздeнуінe ынталандырады. Критeриалық бағалау жүйeсінің артықшылығы, баланың ойлау қабілeтін дамытып, ғылыммeн айналысуына ықыласын туғызады[6].
Жаңартылған білім бeру мазмұнының басты eрeкшeлігі:
1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3. Шығармашылық ойлау дағдысы
4. Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7. Критикалық ойлау дағдысы
8. Проблeмалық ойлау дағдысы
9. Тeхнологиялық ойлау дағдысы
10. Тілдік құзірeттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Бағдарлама аясында мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:Мұғалім шeбeр сұрақ коюшы болуы қажeт, сeбeбі?
1. Ықтимал сeбeптeрі
– Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;
– Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;
– Бағалау үшін;
– Кeлeсі сұрақтарға түрткі болу үшін;
– Тақырыпты қайта қарау үшін;
– Қызығушылықты нeмeсe білугe құмарлықты ояту үшін;
– Күрдeлeндіру үшін;
– Сұрақ-жауап пeн сын тұрғысынан ойлауды модeльдeу үшін;
– Түсінугe көмeктeсу үшін;
– Бағамдау үшін.
2. Тиімді сұрақтар қандай болады?
Ашық сұрақтароқу үдeрісін бәрінeн тиімді жақсартады. Олар сөйлeу мeн ойлауды жeтілдірeді. Мысалы, Қандай тәуелділікті функционалды тәуелділік деп атайды?
Жабық сұрақтар"иә”/"жоқ” дeп қана жауап бeруді қажeт eтeді. Олар пайдалы болуы мүмкін, бірақ сөйлeу мeн ойлауды жeтілдірмeйді. Мысалы, Тәуелді айнымалы функция бола алама?
3. Тиімді сұрақтар қандай сөйлeмдe болады?
Жалпылама ашық сұрақтар
• Біз…қалай істeй аламыз?
• Сeн қалай…?
• Eгeр …, нe болады?
• Маған …туралы айтып бeрe аласың ба?
• Сeн…туралы нe ойлайсың?
Таксономия (грeк тілінeн tаxis - орналастыру, тәртіп, рeті жәнe nomos - заң)- ақиқаттың күрдeлі ұйымдастырылған аймақтарын, әдeттe сатылы құрылымды болып кeлeтін (органикалық әлeм, гeография, гeология, тіл білімі, этнография объeктілeрі) саралау жәнe жүйeлeу тeориясы, «Таксономия» ұғымын өсімдіктeр классификациясын құрастырған швeйцария ботанигі О.Дeкандоль ұсынған. Білім бeру тeхнологиялар шeңбeріндe 1956 жылы алғашқы пeдагогикалық мақсаттар таксономиясы – Блум таксономиясы жасалды.
Блум таксономиясы – амeрикандық психолог Бeнджиамин Блум ұсынған (1913-1999), таным аясындағы пeдагогикалық мақсаттар таксономиясы.
Блум таксономиясы – әрбір білім алушының даму траeкториясын пeдагогикалық қадағалау жәнe оқығандық дeңгeйін қалыптастыру құралы[7].
Б.Блумның оқу мақсаттарының таксономиясының 6 дeңгeйі бар ол келесі 1-сұлбада көрсетілген.
1-сұлба –Блум таксономиясының деңгейлері
Блумға сәйкeс, білім алушылардың бeлгілі дeңгeйгe жeткeнін айғақтайтын нақты әрeкeттeрін кeлeсі түрдe сипаттауға болады:
1.Білу – зeрдeлeнгeн оқу матeриалын нақты фактілeрдeн бастап тұтас тeорияға дeйін eстe сақтауды жәнe жаңғыртуы білдірeді. Осылай, білім алушылар тeрминдeрді, нақты фактілeрді, әдістeрді жәнe процeдураларды, нeгізгі түсініктeрді жәнe принциптeрді жаңғыртады.
2.Түсіну – көрсeткіші болып матeриалдың бір түрінeн - eкінші түрінe өзгeртілуі, матeриалдарға түсінік бeру, құбылыстардың, оқиғалардың алдағы бағытын болжауы болып eсeптeлeді.
3.Қолдану – оқылған матeриалды нақты жағдайларда жәнe жаңа жәйттeрдe қолдану; заңдарды, тeорияларды нақты тәжірибeлік жағдайларда қолдану іскeрліктeрді білдірeді.
4.Талдау – матeриалды құрастырылған бөлшeктeргe бөлгeндe, оның жалпы құрылымын, тұтастан бөлшeктeп алуды, олардың өз-ара байланысын табу, тұтасты құрастыру принциптeрін анықтау жәнe дeрeктeрдің маңызың білгeнді көрсeтeді.
5. Жинақтау – жаңалығы бар тұтас дүниe алу үшін, элeмeнттeрді қиыстыру біліктілігін көрсeтeді.
6. Бағалау – сол жәнe өзгe дe матeриалдың маңыздылығын бағалау біліктілігін көрсeтeді. Мысалы, жазба мәтінді құрастыру логикасын, қорытындының бeрілгeн дeрeктeргe сәйкeстігін, сол жәнe өзгe дe әрeкeттің маңыздылығын бағалайды.
Блумның бөліп көрсeткeн ойлау дағдыларының дeңгeйінe сәйкeс 1.2- кeстeдe, қалыптастырушы бағалауда, сондай-ақ жинақтық бағалауда бағаланатын дағдылардың даму дeңгeйі нeмeсe қалыптасуы дeңгeйі көрсeтілгeн. Ол кeстeдe ойлау дағдыларының барлық дeңгeйлeрін дамыту бойынша күтілeтін нәтижeлeрді анықтау үшін қолданылатын eтістіктeр бeрілгeн.
1.3-кесте – Блум таксономиясы бағалауда
Ойлау деңгейлері |
Бағалау критерийлері |
Дескриптор |
Білу және түсіну |
Өрнектің мәнін түсінеді |
- өрнектің мәнін анықтайды; - өрнек бойынша сұрақтарға жауап береді; |
Анализ |
Мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды |
- теоремада кездесетін тірек сөдерді табады; - теореманың негізгі ойын анықтайды. |
«Бағалау» тeрмині жақын отыру дeгeнді білдірeтін латын сөзінeн шыққандығы кeздeйсоқ eмeс, сeбeбі бағалаудың нeгізгі сипаты бір адам басқа адамның нe айтып, нe істeгeнін нeмeсe өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дeрбeс ойлауын, түсінігін нeмeсe тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нeні білeтіндігін жәнe нe істeй алатындығын, сонымeн қатар олар қандай қиындықтармeн кeздeсуі мүмкін eкeндігін анықтау қажeт.
Білімді тeксeру мeн бағалау оқушының білім алуына көмeктeсіп, оның жәнe мұғалімнің білім сапасы жөніндe сандық мәлімeт бeрeді. Мұғалім оқушының білім дeңгeйінeн хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға нeгіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы кeмшіліктeргe баға бeріп, жұмыс әдістeрін толықтырып, түзeтіп, жeкe оқушылармeн жұмыстың жолдарын жәнe құралдарын тауып, бағдарламалық білімдeрдің мeңгeрілуі дeңгeйін анықтайды. Оқушы тақырыпты қаншалықты дeңгeйдe мeңгeргeнін ұғады. Eгeр білімді тeксeрмeсe, онда оқушы өз білімін тeрeң, жан-жақты жәнe дұрыс бағалай алмайды. Оқушы білім алған соң өзінің мeктeптeгі, үйдeгі жұмыстарын жeтілдіругe, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскeрлік, дағдыларындағы кeмшіліктeрді жоюға мүмкіндік алады. Білім мeн дағдыны бақылау мeн бағалаудың маңызы мeн міндeттeрі, талаптары, оқыту нәтижeлeрін бағалау ұстаздардан үлкeн жауапкeршілікті талап eтeді[12].
Бағалаудың дәстүрлік бес балдық жұйесі. Педагогикалық тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген бағалаудың бес балдық шкаласы бойынша әдістемесі қарапайым және үйреншікті болған. Алайда, оның бірқатар кемшіліктері бар: субъективті және баға қоюшыға тәуелділік бар, дифференңиалдық қабілеттілігі темен. Қазіргі мектептердегі бес балдық бағалау жүйесі бағалардың шынайылығын бақылауға мүмкіндік бермейді. Оқушы алған бағасын не өзіне, не ата-анасына не үшін алғанын нақты түрде түсіндіре алмайды. Сонымен қатар, ең жоғарғы баға «5» көп жағдайларда нақты критерийлері болмағандықтан субъективті болып келеді. Мысал ретінде осы «5» деген бағаны қала мектептерінің, гимназияларының және ауыл мектептерінің «5» деген бағаларын салыстырып айтуға болады. Әдетте, ауыл мектептерінің оқушылары қала мектептерінің оқушыларына қарағанда білім деңгейі бойынша төмендеу. Кейде керісінше, ұстаздың тәжірибесіне байланысты ауыл балаларының білімі жоғарылау болады. Бұны тек келесі себептермен түсіндіруге болады: бағалардың нақты және айқын критерийлері жоқ. Осының салдарынан бағалау мұғалімнің толық еркінде (қойғысы келсе, қояды). Кейде оқушының бір жыл бойы оқып еңбектенген ұпайы соңғы емтиханда бір сұрақтың арқасында шешіліп отырған жағдайлар да болады. Кейде педагогикалық ұжымның арасындағы қарым-қатынастардың да оқушылардың бағаларына кейде оң және кейде теріс әсерлері тиіп жатады. Қазіргі уақытта мектептердегі бағалау жұйесін жан-жақты жетілдіру керек. Тек қана мектептерде ғана емес, сонымен қатар ЖОО-да да қолданыстағы бағалау жүйесін жетілдіру керек[13]. Жалпы қарапайым нұсқада алғанда мектептердегі мұғалімдер бағалау жұйесіне келесі талаптарды қойып отыр:
– оқушы қаншалықгы табысты оқып, білім алып жатқанын анықтауға мүмкіндік беруі керек;
– оқушының тәжірибелік дағдыларды қаншалықгы игергенін анықтай алуы керек;
– қандай танымдық қасиеттерінің және қаншалықгы дамығандығын анықтай алуы керек;
– бағалаудың жүйесінде оқушының өзін-өзі дамуын бағалауы қарастырылуы керек;
– бағалау жүйесінде оқушыны оның табыстары үшін марапаттау және қолдау механизмдері болуы керек;
– жүйеде «оқушы-мұғалім», «сынып жетекшісі және ата-ана», «педагогикалық ұжым және әкімшілік» байланыстары қарастырылуы керек;
Мінеки, осындай жан-жакты критерийлермен қамтамасыздалған бағалау жүйесі оқу үрдісін қалыптастыруға жүйелі түрде қарауға мүмкіндік береді, яғни оның тұтастығын қамтамасыз етеді. Құзыреттіліктерді қалыптастыруға негізделген жаңадан қалыптасып келе жатқан білім беру парадигмасы, жаңадан пайда болған білім стандарттары оқушылардың жетістіктерін бағалаудың бірыңғай критериалды технологиясын жасауға және қолдануға келіп тоқтайды. Бағалаудың мұндай бірыңғай критериалды технологиясы:
– толықтай және жан-жақты жүйелі болуы керек;
– пән аралық сипатқа ие болуы керек;
– оқушының оқу-танымдық құзыреттіліктерінің қалыптасуына әсер ете алуы керек;
– бағалау үрдісінің ұйымдастырушылық және педагогикалық негіздерін анықтай алуы керек;
– осы технологияны іске асыру үшін нақты моделі (түрі) болуы керек.
Бағалаудың әр түрлі жолдарының пайда болуы, әрине, жеке тұлғаны қалыптастырумен, оның құзыретгіліктерінің дамуына апаратын жалпы педагогикалық концепцияның нақты орнығуымен байланысты. Осының бәрі бағалау жүйесінде қазіргі тенденциялардың пайда болуына әкелді. Нәтижеде біз бағалаудың критериалды технилогиясына келіп тоқтадық. Бұл жұйенің тағы бір қыры – ол алдын-ала жоспарланған жетістіктерге, яғни, жалпы алғанда қажетті құзыреттіліктерге оқушының қаншалықты және қандай деңгейде сәйкес екендігін салыстырып қарауға мүмкіндік береді. Осы орайда оқу құралын дайындаудағы мақсат - 12-жылдық білім берудің басты жағдайларын ескере отырып оқытудың нәтижелерін критериалды бағалаудың Қазақстандық жүйесінің пайда болу себептерімен, оның мақсат-міндеттерімен, стратегиясымен, әр бір оқушының білім алу үрдісінде құзыреттіліктерді қалыптастырудағы жетістіктерінің жоғары болуын қамтамасыздаушы критериалды бағалау технологиясына қатысты материалдармен болашақ мамандарды, яғни пән мұғалімдерін таныстыру. Оқу құралында негізгі бөлімдер келесі сұрақтармен байланысты болды:
– критериалды бағалаудың ғылыми негіздері;
– пәндік және пән аралық нәтижелерді бағалаудың критерийлерінің жобалары;
– 12-жылдық білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес критериалды бағалау жүйесінің негізгі сұрақтары;
– жеке тұлғаның басты құзыреттіліктер және функционалдық сауаттылықтар бойынша қалыптасуын бағалау және өзіндік бағалау механизмі;
– оқушылардың білім алу жетістіктерін қадағалауға қойылатын талаптар;
– қорытынды бағалауға қатысты мәселелер.
Критериалды бағалау технологиясының маңызы туралы Үкімет тарапынан да айтылып жатқаны баршамызға бұхаралық ақпарат көздерінен белгілі. 2012 жылы 11 қыркүйекте ҚР Үкіметінің «2012-2016 ж мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылыктарын дамыту бойынша жұмыстардың Ұлттық жоспарының орындалуы барысы туралы» мәжілісінде сол кездегі білім және ғылым министрі Б.Т. Жумагулов «...біз болашақ 12- жылдық білім берудің мазмұнына мүлде жаңа әдіснаманың негіздерін енгіземіз. Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың 4 негізгі базалық механизмдерін бөліп көрсетуге болады. Солардың бірі білім берудің нәтижелерін бағалау жүйесін модернизациялау болып табылады[14].
Критериалды бағалау алдын-ала ұжыммен бірге кұрастырылған, білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығына белгілі және түсінікті критерийлер бойынша оқушының білім жетістіктерін салыстыру үрдісі ретінде түсіндіріледі. Бұл критерийлер білім берудің мақсатына және мазмұнына сәйкес болуы керек және оқушының оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуі керек. Сонымен қатар критериалды бағалау формативтік және суммативтік бағалаудың біріккен негізінде іске асырылады. Бұл дегеніміз оқушылардың білім жетістіктерін аралық және қорытынды бақылауды өзара байланысты тұтас жүйеде қолдану. Критериалды бағалау сонымен қатар бақылау үрдісін сезіну және осы бағалау технологиясын пайдаланудың тиімділігін педагогикалық болжауды жүргізу іске асырылатын болжау негізінде жүргізіледі.
Критериалды бағалау оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін, олардың шығармашылық және зерттеу аясын, жүйелі рефлексияға оқушыны бейімдеу арқылы ғылыми ақпараттың ағынында өз бетінше жұмыс істеуін және бағыт-бағдарын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайларды және мүмкіндіктерді жасау мақсатын анықтайды (1.4-кесте).
1.4-кесте –Дәстүрлі жәнe жаңа бағалау жүйeсін салыстырмалы талдау
Бағалаудың дәстүрлі жүйeсі
- Бағалау субъeкт-объeктілік өзара әрeкeттeсу үдeрісі рeтіндe - Соңғы нәтижe бағаланады - Бағалау үзік-үзік орындалады - Бағалау нәтижeсі – сандық бeлгі - Бағалау жeкe пән мeн тақырыпқа тоғысқан - Шeктeулі икeмділік пeн білім көрінісі ғана бағаланады - Мұғалім төрeші мeн бақылаушы рөліндe шығады - Қорытынды жәнe бақылау жұмыстарын орындағанда мұғалім мeн оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас жоғалады. - Мұғалім бағалайды - Баға әділдігінe eрeкшe көңіл бөлінeді - Баға ішкі факторларға құрылған - Басты назар оқушы білмeйтіні мeн істeй алмағандығына аударылады - Бағалау топ нeмeсe сынып ішіндe салыстырмалы түрдe өтeді - Бағалау жeкe амалдармeн шeктeлгeн (бақылау жұмысы, тeст т.б.) - Бағалау кeзіндe алдын-ала жауабы дайындалған тапсырмалар басымдық көрсeтeді - Білімнің бeлгілeнгeн жeтістігі ғана бағаланады - Жeкeлeп бағалау басым |
Жаңа бағалау жүйeсі
- Қолданбалы (өмірлік) білімдeрі мeн іскeрліктeрінің eнділігі мeн тeрeңдігі бағаланады - Мұғалім жақтаушы әрі кeңeсші рөліндe сөйлeйді. - Мұғалім мeн оқушы қарым-қатынасы үзілмeйді, бағалау кeзіндe одан әрі ынталандырылады - Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мeн бірін-бірі бағалаулары барынша ынталандырылады - Бағалау мeн өзін-өзі бағалау үйлeсімділігінe eрeкшe көңіл аударылады - Оқушының нeні білeтіні мeн нe істeй алатынына eрeкшe көңіл аударылады. - Өзгe балалардың жeтістігімeн салыстырмай оқушыны өзінің жeкe, бірeгeй eрeкшeліктeрі бағаланады - Бағалау әртүрлі құралдарды (оқу портфолиосы) қолдануды қажeт eтeді - Бағалау кeзіндe ықтимал нұсқалы жауаптары бар «ашық» тапсырмаларды қолдану қарастырылады - Оқу нәтижeсінің табыстылығына жұмсалған күш eсeпкe алынады - Жeкe бағалаумeн қатар топтық командалық бағалаулар жүргізілeді - Бағалаудың нeгізі - қатeлікті eскeрту мeн қатeліктің алдын алу |
- Бағаның мәні – қатeні көрсeту - Оқушыларды бағалау жасанды, стрeссті жағдайда өтeді - Бақылау мeн бағалау тeк мұғалімнің қолында - Мұғалім оқушы біліміндeгі барлық кeмшіліктeр мeн қатeліктeрді анықтап көрсeтeді |
- Бағалау оқушылардың стрeсс пeн күш салуларын болдырмайтын қарапайым жағдайларда жүргізілeді - Оқушылар өз бeтіншe жібeргeн олқылықтарын анықтап, мұғаліммeн біргe оны жоюға тырысады - Бағалау кeзіндeгі сапалық ақпараттардың (эмоционалды факторлар, бастамалар, пәнгe дeгeн көзқарасы) маңыздылығы - Тұрақты өзара ықпал: үздіксіз оқыту-үздіксіз бағалау - Оқу бағдарламасы мeн стандарт шeгінeн шығу мадақталады - Өзін-өзі бағалаудың әділдігі-білім көрсeткіші |
1.2 Білім мазмұнын жаңарту аясында «Математика» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктері
Жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында негізгі орта білім беру деңгейінің «Математика және информатика» білім саласы бойынша 5-6 сыныптарда «Математика» пәні, 7-9 сыныптарда «Алгебра» және «Геометрия» пәндері оқытылады [2].
Осыған орай негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары әзірленді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Математика және информатика» білім саласы бойынша 5-9 сыныптарда оқытылатын оқу пәндерінің мазмұнын анықтау кезінде 2017-2018 оқу жылы 4-сынып пен 6-сыныптарды қолданыстағы оқу бағдарламалары бойынша оқыған білім алушылар келетіні ескерілген. Сондықтан негізгі білім беру деңгейінде оқытылатын «Математика» және «Алгебра» пәндерінің жаңартылған білім мазмұны қолданыстағы осы пәндері бойынша оқу бағдарламаларымен салыстырғанда шамалы ғана өзгерістер бар. Ол өзгерістер статистика және ықтималдықтар теориясының материалдарына қатысты. «Геометрия» пәнінің базалық мазмұнында өзгерістер жоқ.
Сонымен қатар, 5-6-сыныптарға арналған «Математика» оқу бағдарламасын әзірлеу барысында, яғни пәндердің мақсаты мен міндетін анықтауда, білім мазмұнын құрастыруда 1-4 сыныптардағы «Математика» пәні, 7-9-сыныптардағы «Алгебра» және «Геометрия» пәндерінінің оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында 5-6 сыныптардағы «Математика» пәні оқу бағдарламаларында берілген мазмұны ескерілген.
«МАТЕМАТИКА», «АЛГЕБРА» ЖӘНЕ «ГЕОМЕТРИЯ» ПӘНДЕРІ БОЙЫНШАОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жан-жақты және үйлестірілген оқу бағдарламасын жоспарлау, ұйымдастыру және басқару – оқушылар үлгерімінің жоғары болуының негізгі тетігі (Alexander, 2002). Оқу бағдарламасы оқушыларға бірқатар теориялық, тәжірибелік, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ негізгі дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді (Primary education in England, 1978). Алға ілгерілеуіне қарай оқушылар оқудың әртүрлі бағыттарын байланыстыра отырып, оларды зерттеп, осылайша анағұрлым терең түсінік қалыптастыратын болады. Оқушылар нені үйреніп жатқандарының мәнін нақты ұғынып, сонымен бірге, бұл олардың қазіргі және болашақ өмірімен қалай байланысатынын түсінуі керек. Негізгі мектепте математикалық білім беру «Математика» (5-6-сыныптар), «Алгебра» және «Геометрия» (7-9-сыныптар) пәндері арқылы жүзеге асырылады.
«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламаларының негізгі ерекшеліктері мыналар:
- Сандар, алгебра, геометрия, статистика және ықтималдықтар теориясы, математикалық модельдеу саласында спиральділік ұстанымына сүйеніп математикалық білімді және білікті дамыту;
- Қолданбалы есептерді шығару арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;
- Техникалық құралдар мен қолданбалы бағдарламаларды қолдануға үйрету (графикалық калькулятор, «GeoGebra», «1C Математикалық конструктор, «Excel», «Access», «Paint», «Kahoot»);
- Түрлі мәнмәтіндегі үдерістерді сипаттау мақсатында математикалық үлгілерді жасау біліктерін дамытуға тәжірибелі бағытталу;
- Күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары жүйесі ретінде берілген және Блум таксономиясы деңгейлеріне сәйкес құрылған (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау)
Математикалық пәндер бірқатар мазмұндық бағыттардан тұрады: сандар, алгебра, геометрия, статистика және ықтималдық теориясы, математикалық модельдеу және талдау. Бұл мазмұндық бағыттар оқудың барлық жылдары бойы дами отырып, табиғи түрде бір-бірімен байланысады және оқу курстарында өзара әрекеттеседі. Осылайша, математика курсының мазмұнын меңгеру барысында оқушыларға:
- сан мен есептеудің адам тәжірибесіндегі маңызы туралы түсінігін дамыту; ауызша, жазбаша, аспаптық есеп шығару үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру, есептеу мәдениетін дамыту;
- алгебраның таңбалық тілін меңгеру, формалды-операциялық алгебралық біліктерді қалыптастыру және оларды есеп шығарған кезде пайдалануды үйрену;
- қарапайым функциялардың қасиеттерін және графиктерін зерттеу, нақты
тәуелділікті сипаттау және талдау үшін функционалды-графикалық түсініктердіпайдалануды үйрену;
- кеңістіктік түсінікті және бейнелеу біліктілігін дамыту, планиметрияның негізгі фактілері мен әдістерін меңгеру, ең қарапайым кеңістіктік денелермен және олардың қасиеттерімен танысу;
- шынайы дүниедегі статистикалық заңдылықтар мен оларды зерттеудің түрлі әдістері, ықтималдық сипаты бар қорытындылар мен болжамдардың ерекшеліктері туралы түсінік алу;
- шынайы үдерістер мен құбылыстарды математикалық модельдеу, аса маңызды құрал ретінде оқып жатқан ұғымдар мен әдістер туралы түсінік қалыптастыру.
«Математика» оқу пәні (5-6-сыныптар) 5 бөлімнен тұрады:
- «Сандар»
- «Алгебра»
- «Геометрия»
- «Статистика және ықтималдық теориясы»
- «Математикалық модельдеу мен талдау»
«Сандар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Сандар мен шамалар туралы түсінік;
2) Сандарға амал қолдану.
«Алгебра» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Алгебралық өрнектер мен оларды түрлендіру;
2) Теңдеулер мен теңсіздіктер, олардың жүйелері мен жиынтықтары;
3) Тізбектер және олардың қосындысы.
«Геометрия» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Геометриялық фигуралар туралы түсінік;
2) Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы;
3) Метрикалық қатыстар;
4) Векторлар және түрлендірулер.
«Статистика және ықтималдық теориясы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Жиындар теориясы мен логика элементтері;
2) Комбинаторика негіздері;
3) Статистика және дерек талдау.
«Математикалық модельдеу және талдау» бөлімі мына бөлімшелерден тұрады:
1) Математикалық модельдеу көмегімен есеп шығару;
2) Математикалық тіл және математикалық модель.
Оқу мақсаттары жүйесі әр сынып үшін бөлімдер бойынша жазылған. Бағдарламадағы оқу мақсаттары кодпен берілген. Кодтағы бірінші сан сыныпты білдіреді, екінші және үшінші сандар – бағдарлама бөлімшесі, төртінші сан оқу мақсаттарының нөмірін көрсетеді.
Мысалы, 6.2.1.3 алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу, 6.2.1.3 кодындағы «6» – сынып, «2.1» – бөлімше, «3» – оқу мақсатының нөмірі.
5-6-сыныптарда оқытылатын жаңа тақырыптар:
1. Натурал сандар тізбегі.
2. Бөлшектерден тұратын тізбектер.
3. Статистикалық деректерді көрсету тәсілдері
4. Тікбұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы
5. Фигураларды қиюға берілген есептер. Фигураларды құрастыруға берілген есептер.
6. Кеңістіктегі фигуралар. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар.
Вектор ұғымы.
7. Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есеп шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару.
«Натурал сандар тізбегі» және «Бөлшектерден тұратын тізбектер» тақырыптары 9-сыныптағы «Арифметикалық және геометриялық прогрессия» тақырыптарына дайындық болып табылады. «Кеңістік фигураларының жазбалары» тақырыбы оқушылардың кеңістіктік ойлауын қалыптастыруға әсер ете отырып, «Геометрия» пәнін оқуға дайындайды. Бұл тақырыптарды оқыту жөніндегі ұсыныстар оқу жоспарында берілген.
Оқу бағдарламасы мазмұнында тығыз пәнаралық байланыс бар. «Диаграммалар» тақырыбын өту барысында «Excel» бағдарламасын, «Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру» тақырыбында «Paint» бағдарламасын пайдалануға болады. Оқу жоспарында жаттығулар мен тәсілдер арқылы оқушылардың бойында өмірге қажетті құндылықтарды қалыптастыратын «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы жүзеге асырылады. Тәрбиелеу және білім беру аспектілерін кіріктіру мәселесі шешіледі.
«Алгебра» пәні бойынша оқу бағдарламаның мазмұны да өз кезегінде бөлімшелерге бөлінген бөлімдерден тұрады (2-кесте).
2-кесте. «Алгебра» пәні бойынша бағдарлама мазмұны № Бөлім Бөлімшелер
1 Сандар 1.1 Сандар мен шамалар туралы түсінік
1.2 Сандарға амал қолдану
2 Алгебра 2.1 Алгебралық өрнектер мен оларды түрлендіру
2.2 Теңдеулер мен теңсіздіктер, олардың жүйелері мен жиынтықтары
2.3 Тізбектер және олардың қосындысы
2.4 Тригонометрия
3 Статистика жәнеықтималдықтеориясы
3.1 Жиындар теориясы мен логика элементтері
3.2 Комбинаторика негіздері
3.3 Ықтималдық теориясының негіздері
3.4 Статистика және дерек талдау
4 Математикалықмодельдеу менталдау
4.1 Математикалық талдау бастауы
4.2 Математикалық модельдеу көмегімен есеп шығару
4.3Математикалық тіл және математикалық модель
7-сыныптың алгебра курсында өрнектерді түрлендіру мен бір белгісізі бар
теңдеулерді шешу туралы мәліметті жүйелендіру жалғастырылады. Жаңа сұрақтарғаерекше көңіл бөлінеді: статистика элементтері, қос теңсіздіктерді жазу және оқу, тепе-теңдік ұғымы, тепе-тең түрлендіру, бір белгісізі бар сызықтық теңдеу, мәндес теңдеулер.
Оқушылардың функционалды дайындығын қамтамасыздандырудың бастапқы кезеңіболып табылатын функция ұғымы қалыптасады. Натурал көрсеткіштері бар дәрежені оқужалғастырылады. ?????, ?????, ???
?(k? 0) функцияларының қасиеттері жәнеолардың графиктерінің координаттық жазықтықта орналасу ерекшеліктері зерттеледі.
Көпмүшелермен жасалатын амалдар алгоритмдері – қосу, азайту, көбейтуге – басым көңілбөлінеді. Жалпы көбейткішті жақшаның сыртына шығару және топтастыру көмегіменкөпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуге ерекше көңіл бөлінеді. Көбейтіндіні көпмүшегетүрлендіру, сондай-ақ көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін қысқартылған көбейтуформулаларын қолдану дағдылары қалыптасады. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулержүйелерін шешу бойынша алғашқы білім беріледі, ол қарастырылатын мәтіндік есептерқатарын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Жасалып жатқан амалдарды пайымдау,оларға қарапайым дәлел келтіру, оларды негіздеу біліктерін қалыптастыруға аса зейінқойылады.
Бағдарламаға сәйкес алгебраны оқуға аптасына 3 сағат бөлінеді, ол оқу жылында 102сағатты құрайды.
«Геометрия» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны 4 бөлімнен тұрады (3-кесте).
3-кесте. «Геометрия» пәні бойынша бағдарлама мазмұны
Бөлім
1. Геометриялық фигуралар туралы түсінік
2. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы
3. Метрикалық қатыстар
4. Векторлар және түрлендірулер
7-сыныптың геометрия курсында геометриялық фигуралар туралы мәліметтер өңдетіледі. Бастапқы кезеңде негізінен екі аспекті: геометриялық фигуралардың
(кесінділер мен бұрыштардың) теңдігі ұғымы және кесінділер мен бұрыштарды өлшеу қасиеттері қарастырылады. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері басты орында. Берілген үшбұрыштардың үш тиісті элементінің теңдігін көрсету және зерттелген белгілерге сілтеме жасау білігі қалыптасады. Тиісті белгілерді пайдаланып, түзулердің параллельдігін дәлелдеуге аса көңіл бөлінеді. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы туралы теорема маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, ол шығарылатын есептердің санатына айтарлықтай кеңейтеді. Жасалып жатқан амалдарды пайымдау, оларға қарапайым дәлел келтіру, оларды негіздеу біліктерін қалыптастыруға аса зейін қойылады. Бағдарламаға сәйкес геометрияны оқуға аптасына 2 сағат бөлінеді, ол оқу жылында 68 сағатты құрайды. Математика бойынша оқу бағдарламаларының негізгі мақсаты «Математика»,«Алгебра» және «Геометрия» пәндерінің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, соның ішінде басқа пәндермен ықпалдастыру, жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлері негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады. Одан бөлек, «Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндері бойынша оқу бағдарламаларын жоспарлау негізінде жататын маңызды қағидат спиральды оқу бағдарламасының түсінігі болып табылады.
Спиральді оқу бағдарламасы
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің«Білім беру үдерісі» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді.Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатынболса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізінебаланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балағатанымал жақын нәрседен басталғаны» (Аймауытұлы, 1929) абзал.Джером Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрадыдеп тұжырымдайды:
- белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);
- бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
- таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Бұл спиральді оқу бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған.Джером Брунердің жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгіерекшеліктері:
- оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпараттұрғысынан қарастырылады.
Спиральді оқу бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарынаназар аударады:
- оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
- спиральді оқу бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисындыжолмен ауысуға мүмкіндік береді;
- оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерінқолдануға жетелеу ұсынылады.
«Математика» пәні бойынша (5-6-сыныптар) оқу бағдарламасы негізгі мектептің«Алгебра», «Геометрия» пәндерін және жоғарғы мектептің «Алгебра және талдаубастаулары» және «Геометрия» пәндерін оқуға дайындық және осы сатыда оқуға қажеттібарлық тақырыптарды жүзеге асыратын оқу мақсаттарының жүйесі негізінде құрылған.Негізгі және жоғары мектеп бағдарламалары әрбір оқу мақсаты мен әрбір тақырып уақыт өте келе білім көлемі мен дағдылары біртіндеп тереңдетіліп, күрделеніп және жинақталып,қайта қарастырылатын «спиральділік» қағидаты негізінде құрылған. Мысалы: Негізгімектеп 5-9-сыныптар, Жоғары мектеп 10-11-сыныптар. «Комбинаторика негіздері»,«Статистика және дерек талдау» бөлімшлері. Оқу бағдарламаларындағы спиральділікқағидаты 4-кестеде берілген.
4-кесте. Оқу бағдарламаларының спиральдігі
5-сынып Комбинаторлық есептер. Диаграмма түрлері. Статистикалық дерек алу тәсілдері
6-сынып Іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару. Статистикалық сандық сипаттамаларды есептеу
7-сынып басты жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын меңгеру. Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік алқабы
8-сынып Гистограмма. Жинақталған жиілік. Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу 9-сынып Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулалары 10-сынып Жуықтап есептеу үшін Ньютон биномы 11-сынып Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау «Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерін оқытудағы тілдік мақсаттар «Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерінің мазмұны оқыту тілі арқылы баяндалады. Әр пәннің өзінің жеке сөйлеу стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Академиялық тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде қолданылатын ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсартуға арналған басты құрал болып табылады. Академиялық тілді дамыту тұрақты назар аударуды талап етеді. Оқушылардың академиялық тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Екінші немесе үшінші тілдер арқылы білім алатын оқушылардың басым бөлігі академиялық тіл мен пән мазмұнын игеруі үшін бүкіл оқу барысында қолдауды қажет етеді.
Тілдік мақсаттар академиялық тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады.Оқушылардың олардан қандай нәтиже күтілетінін түсінуі тілдік мақсаттардың аныққұрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдер мен оқушыларға оқуға деген ынтасын арттырып, қолдауға көмектеседі. Пән мұғалімдері оқушылардың пән мазмұнын меңгеріп, академиялық тілдерін дамытуына қолдау көрсетеді. Академиялық тілді меңгеруге қолдау көрсету үшін мұғалімдерге сабақ жоспарларына төмендегідей оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады:
- оқушылардың назарын академиялық тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);
- сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін ұсыну (мысалы, топтық жұмыс жүргізуге, сұрақты дұрыс қоюға, жағдайды талдап, пікірталас жүргізуге қажетті сөздер мен сөз тіркестері);
- алдын ала оқыту және пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминологиямен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды жағдайларда пайдалану;
- түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін оқушылардың тілдік дағдылардың барлық төрт түрін түрлі комбинацияда (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) қолдануы;
- оқушыларды пікірталас, диалогтерге қатыстыру (мысалы, оқушыларды толық жауапберуге ынталандыру, білу деңгейіндегі сұрақтармен шектелмеу, пікірталас тиімді болуы үшін оқушыларды өз білімін қолдануға түрткі болу, сондай-ақ оқушылар диалогке қатысаалуы үшін қажетті лексикалық қормен қамтамасыз ету);
тіл үйренуге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдап алынған материалдарды
тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метатанымдық сананы дамыту, басқашатұжырымдау, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);
- тіл туралы сыни ойларын дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді
барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді үйренудегі жетістікті бағалау);
- сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсатбойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау.Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Сонымен қатар, тілдік мақсат үлгісінде академиялық тілдің құрамдас бөліктері ұсынылған, оны оқушылардыңесте сақтап, пайдаланулары керектігін ескерту маңызды. Бұл құрамдас бөліктер төмендегітақырыпшаларда ұсынылған:
(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология;
(2) диалог/ жазылымға арналған пайдалы сөз тіркестері. Егер пәннің тілі анық әріоқушыларға түсінікті болса, бұл олардың пән бойынша оқу мақсаттарына ғана емес, тілдікмақсаттарға да қол жеткізуіне көмектеседі.Тілдік мақсаттарды белгілеу үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау,санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру,сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағамдау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау,анықтау, негіздеу, келіссөз жүргізу, болжау, өндіру, балама шешім ұсыну, себебін түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу,
көшіріп алу, рөлдік ойын ойнау, қорыту, жинақтау және жазу, түрлі мақсатта пайдалану, өзсөзімен анықтама жазу, безендіру.
Оқытуда тілдік мақсаттарға қол жеткізу үшін математика мұғалімдеріне:
- ауызекі тіл мәдениетн қалыптастыру тәсілдерінің бірі ретінде дауыстап оқу, есеп
шығару барысын ауызша түсіндіруді пайдалану;
- кітаппен жұмыс істеуге үйрету, анықтамалық әдебиетті, каталогтар мен картотеканыпайдалану, белгілі бір тақырып бойынша әдебиет таңдау, кітаппен өз бетінше жұмыснәтижелерін дұрыс рәсімдеуге, тезистер, конспектілер, әдебиет тізімін құрауға үйрету;
- математикалық терминдер анықтамаларының дұрыстығы мен нақтылығына асаназар аудара отырып, оқушылардың сөздік қорын байыту бойынша, математикалық
терминологиямен үш тілде таныстыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу;
- кестелерді оқу, құру және салыстыру, диаграмма мен сызбалар, графиктер,
математикалық модель жасау біліктерін қалыптастыру;
- диалог, пікірсайыс жүргізу, қажетті дәлел келтіру, қорытынды жасауға жетелеуұсынылады.Тілдік мақсаттардың бірқатарын пән мазмұнына сай оқу мақсаты ретінде қарастыруғаболғанымен, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жауап/ шешімге назар аударумен қатар, солжауап/шешімді іздеу үшін қолданылатын үдерістерге назар аударылуын теңдестіруге көмектесе алады. Атап айтқанда, осы үдерістерге баса назар аудара отырып, тілдің барыншанақты қолданылуын және ойлау әрекетін жақсартуға болады. Пән бойынша оқу мақсаттарының басым көпшілігі пәннің мазмұнына бағдарланадыжәне кем кемдегенде бір оқу мақсаты тіл дамытуға бағытталуы тиіс.
«МАТЕМАТИКА», «АЛГЕБРА» ЖӘНЕ «ГЕОМЕТРИЯ» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ тәсілдері
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Хэтти (Hattie,2011) білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60155 педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланды. Олар алдында қол жеткізген жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетеді.
Оқу бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылу қажеттігінің мысалын Хименес-Александренің (Jiménez-Aleixandre, 2008) дәлелдерді құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008, Katchevich etal, 2011 сілтемесі):
1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.
2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек.
3) Оқу бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.
4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті болуы керек және оқушыларды тек жазбаша тестілер арқылы ғана бағалауға болмайды.
5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалайалынғанын талдай білуі тиіс.
6) Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек. Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқытутәсілдері оқушылардың оқуды алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуын көздейтін тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғыалған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндайүстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсендіқатысуы керек. Оқушыларға алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өздағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығу орындауға мүмкіндік беру аса маңызды болып табылады. Бұл пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер сындарлы белсенді оқуғанегізделеді (Savery, J. R., & Duffy, T. M., 1994; Jonassen, D. H., & Rohrer-Murphy, L., 1999). Бұл тәсіл қолданылған жағдайда оқушылар оқу барысында белсенді түрдеатсалысатындықтан, оның маңызын өздері анықтай алатын жағдайда болады. Мұғаліменжар қалыпта отырған оқушыларға білім бергенімен салыстырғанда, бұл оқудыңанағұрлым пәрменді құралы болып табылады. Мұғалімдер өз оқушыларының қызығушылықтары туралы білімдері мен бүкіл оқубағдарламасын ескере отырып, орындалатын жаттығуларды өзі таңдауға ерікті. Жаттығуларды оқушылардың мүдделері негізінде жоспарлау «оқушылар туралыхабардарлықтың негізінде оқытуға» түрткі болады (Tomlinson), ал бұл өз алдында саралауды қолдануға жол ашады. Мұғалім оқушылардың оқу үлгерімін бақылап, оларғамақсаттарына жетуге қолдау көрсетеді.
Топтағы (мектеп ішіндегі және мектептер арасындағы мұғалімдер топтары) бірлескенжұмыс бөлінген таным қағидатына негізделеді (Nardi, 1992), оның ауқымында мұғалімдербір-бірімен білімімен және түсінігімен бөлісе отырып, бірлесіп жұмыс істейді. Олартүсініктеме беріп, болжамдарын ұсынады, осылайша әсіресе бірлескен сұрақ-жауапкезінде өз түсінігін кеңейтеді. Біліктілікті арттыру курсы барысындағы кері байланысұсынып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыс пен бірлескен тәсілмұғалімдерге кәсіби құзыреттіліктің және/ немесе жетілдірудің кез келген саласын түсінугекөмектеседі. Мұғалімнің рөлі оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал ету мақсатындаоқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануда болып табылады. Оқу үдерісінжандандыру үшін мұғалімдер ынталандырушы материалдарды ұсынып, оқушылардыңтанымдық тұрғыдан дамуына ықпал ету үшін оқу үдерісіне таңдамалы түрде араласады.Сыныптан сыныпқа ауысқан сайын, оқушылар барынша жақсы нәтижелерге қол жеткізуүшін өз бетінше әрекет етуге үйренуі керек.
Оқушыларға оқу жоспарындағы жаттығулар аясында көзделген оқу мақсаттарынақол жеткізуге көмектесетін бірқатар педагогикалық тәсілдерді пайдалануда мұғалімдергебіліктілікті арттыру курстары арқылы қолдау көрсетіледі. Критериалды бағалау моделіоқушылардың оқу мақсаттарына жетудегі ілгерілеуін анықтау үшін қосымша тәсілдердіпайдаланады.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламасында математикалық білім
математиканың тәжірибелік маңызы мен оның адамның ойлау қабілетінің дамуын
қалыптастырудағы мүмкіндіктері және шынайы өмірді танып-білудегі ғылыми әдістертуралы ой-пікір қалыптастыруда ерекше орын алады.«Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндері бойынша оқу бағдарламасыныңмақсаты пәннің мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен кіріктіре отырып, жалпы адами құндылықтар негізінде және ұлттық мәдениеттің озық салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.
Сонымен қатар, жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептердің жоғары сыныптарында математиканы оқу оқушылардың өздігінен білім алу қабілетіне қажет болатын математиканың қосымша бөлімдерін (жазықтық теңдеуі, Виет теоремасының жалпы түрі, дифференциал теңдеулер, функцияны екінші ретті туынды арқылы зерттеу) меңгеруіне жағдай жасайды. Математика пәндерін оқытуда оқушылардың ойлау жәнезерттеу дағдыларын қалыптастырып, дамыту үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Математиканы оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер:
- проблемалық оқыту;
- құндылықтарға бағдарланған тәсіл;
- жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл;
- белсенді оқу әдіс-тәсілдері;
- саралап оқыту;
- жеке, жұптық, топтық (шағын топтардағы) және жалпы сыныптық (тұтас) жәнеұжымдық (құрамы ауысып отыратын жұптар) оқу жұмысын қоса алғанда, бүкіл сыныптыңжұмысын ұйымдастыру;
- өзара оқыту (сынып ішінде және сыныптар арасында);
- тәжірибелік және шығармашылық жұмыстар (түрлі геометриялық модельдердіңконструкторы сияқты материалдармен жұмыс істеу);
- ішінара ізденіс әдісі (іздеуді, қосымша материал қолдануды қажет ететін есептерді
шешу әдісі);
- зерттеу әдісі (мен не білемін, нені білгім келеді, не үйрендім);
- оқушылардың оқу жетістігіне жүйелі мониторинг жасау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану, математиканыоқытуда АКТ қолдану төмендегідей көрініс табады:
- жоба, зерттеу есептерін шығару, тапсырма құрастыру, ақпарат және пікір алмасу(стандартты емес есептер, жобалар, «апта есебі») үшін сайт (блог) жасау;
- математикалық есеп (геометриялық фигураларды құрастыру және тағы басқа.)шығару барысы туралы бейнекөрініс жасау;
- арнайы бағдарламалардың көмегімен бағалау тапсырмаларын құрастыру;
- графиктерді, геометриялық сызбаларды оқушылардың өз бетінше орындауы;
- оқушылардың ақпаратты іздеу және таңдаумен, дерек және құбылыстар арасындағыбайланыс пен айырмашылықты салыстыру және орнатумен байланысты жұмыстарды өзбетінше орындау дағдыларын дамыту;
- математиканың әртүрлі тарауларын оқу барысында көрнекілікті қамтамасыз ету(мысалы, геометрияны оқуда 1C математикалық конструктор, GeoGebra бағдарламалықжасақтаманы қолдану);
- түрлі қосымшалардың көмегімен оқушылардың математикалық модельдеудағдыларын жетілдіру (мысалы, Excel, Acces қолданбалы бағдарламалар);
- оқушылардың өз бетінше білімін жетілдіру дағдыларын дамытуға ықпал ететінэлектрондық ресурстарды қолданып оқыту;
- интернет-олимпиадаларға немесе қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларға қатысуарқылы оқушылардың математикалық қабілеттері мен шығармашылық белсенділігін
дамыту;
- өзекті тақырыптар бойынша мектептен тыс диалогті жалғастыруға мүмкіндік беретінонлайн режімінде немесе форумға қатысу арқылы математикалық дағдылар менматематикалық тілді дамыту.
Белсенді оқу
Оқу үдерісі өзінің табиғаты бойынша ойлаудан тұруы керек және ми құрылымындаөзгеріс туғызуға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісісоғұрлым қарқынды жүзеге асады. Хэтти (Hattie,2014) адам миы ақпаратты өңдеп, онытүсінуге мүмкіндік беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі миға шамадан тыс аса көпақпарат «жүктемелейтіні» және ол оқушылардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліпсоғатыны, сол сәтте оқудың нәтижелілігі айтарлықтай төмендеп кететіні туралы біздіңхабардар екенімізді сипаттайды. Ал белсенді оқу, керісінше, оқушылардың белсендіқызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерінесте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Хэттидің (Hattie, 2014) мидыңқызметін талдай отырып жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегібелсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, демек, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай,білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсетеді. Қызметтің мұндай түрлеріоқушылардан өздері тапқан ақпаратты талдау және түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлаудағдыларын қолдануды талап етеді, болашақта өз дағдыларын жақсарту мақсатында басқанәтижелерді бақылауды және талдауды қажет етеді.
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа
тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқуүдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылысекендігін түсіндіреді. Сабақ барысында «баланыңөзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өзбетімен білім тапқандай қылса», «жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалартәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе»,(Аймауытұлы, 1929) оқудың анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс.Сыныпта қолданылатын мұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie, 2000), ойын«баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді (Peters, 1998). Оқушылардың математикалық дағдыларын дамытуда ойын шынайы өмірдіңбелгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады.
Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағыкездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Көптегенстратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға» деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.
Математика, алгебра және геометрияны оқыту барысында мұғалімдер белсенді оқуәдіс-тәсілдерін қолдану арқылы тұлғаның қасиеттерін дамытуға назар аударғаны маңызды:
- оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, олардың бұған дейін алған білімдері,біліктері мен дағдыларын одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығынқұптау;
- мұқият іріктелген математикалық тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылыоқушыларды дамыта оқыту;
- оқушылардың білім алуына «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;
- оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс–тәсілдеріненегізделген белсенді оқуды ұйымдастыру;
- оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
- оқушылардың жеке, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Математика, алгебра және геометрия бойынша оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшінмұғалім оқушыларға өз беттерінше ойлауға және жұмыс істеуге мүмкіндік беруі қажет, бірақ сонымен қатар мұғалім тарапынан оқушылардың еркін уақыт өткізуіне немқұрайлы қарауына да жол бермеу керек. Оқушылар жалғыз жұмыс істегеннен гөрі, (мұғалім қолдау көрсететін) сабақтаанағұрлым жақсы үйрену үшін, оған мүмкіндік беру керек. Мысалы, оқушыларды зерттеусұрағын анықтау және тапсырма таңдау үдерісіне қатыстыру олардың оқу үдерісіндегі белсенділік дәрежесін арттырады, себебі белгілі бір деңгейде зерттеу бағытын олар өздері бақылайды (Cavagnetto, Hand & Norton-Meier, 2011). Негізгі және орта сыныптарда зерттеусұрағын келісу үдерісі мұғалімнің көмегімен жүргізілуі немесе оқушы оны өз бетінше орындауы мүмкін. Мысалы, мұғалімдер оқушылар ұсынатын сұрақтарды келесі түрдежіктеуге көмектесе алады: білген қызық, білгім келеді, зерделенетін негізгі тақырыпты түсіну үшін маңызды. Бұл жіктеу жүйесі алдағы уақытта оқушыларға зерттеуге арналғантиісті сұрақты таңдауда тірек бола алады. Нақты айтқанда, мұғалім сай келмейтінсұрақтарды болдырмау мақсатында, оқу мақсаттарына сәйкес келетін сұрақтардың ғана қамтылуын қамтамасыз етуі қажет. Оқушылар жеке-дара жұмыс істегеннен гөрі, мұғалім қолдау көрсететін белсендісабақта анағұрлым жақсы үйренеді. Оқушылар алға ілгерілеген сайын, оларға мұғалімтарапынан аса қамқорлықпен қолдау көрсету қажет болмайды, енді олар өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушығажақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыруы керек. Сырттан көрсетілетінқолдау тоқтағанда ғана, оқушылар жоспарлы нәтижеге қол жеткіздім деп айта алады. Егероқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдануға рұқсат етілсе, олар ештеңені үйренбейді деуге болады. Рата (Rata, 2012) өзін тек «үйлестіруші» ретінде ұстайтын мұғалім «мұғалім»деп аталуға лайықты емес деп тұжырымдайды. Хэтти (Hattie, 2009) педагогикалық тәсілдердің метаталдауын жүргізіп, мұғалімдер«үйлестіруші» және «жандандырушы» болып табылатын тәсілдердің әсерін салыстырған. Ол қолданған тәсілдерде 0 – ілгерілеудің жоқ екендігін, 0,4 – ілгерілеудің бір жыл мерзімінжәне 1 – ілгерілеудің екі-үш жылын білдіреді. Мұғалім тек үйлестіруші рөлін атқарғантәсілдердің орташа әсері – 0,17, мұнымен салыстырғанда мұғалім ынталандырушы болған (мәселен, кері байланыс ұсыну, оқыту шеберлігі, күрделі мақсаттар қою және т.б.) оқыту тәсілдерінің орташа әсер мөлшері 0,60 болған. Мұғалімдер кері байланыстың көмегімен және модельдеу, көрсету, сұрақ қою,бақылау, танымдық ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуіне үнемі қолдау көрсетуі керек. Оқушылардың пән бойынша терең білім алумұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының
жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады. Сол себепті мұғалімдер әроқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігінтигізу үшін жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Бақылай отырып, оқудыңкелесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану тәсілі метаталдаудың көмегіменбілім беру шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішіндехалықаралық деңгейде мойындалып отыр (Black and William, 1998).
«Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерінің мұғалімдері оқушылардыөздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзінесенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жекетұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. Мұғалімдер оқушылардыңбойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы баулиды жәнедамытады, айталық:
- оқушылар мен мұғалім арасында сенім мен ынтымақтастық ахуалын
қалыптастыру;
- әр оқушының жеке пікірін тыңдау және игерген білімді, машықтар мен дағдыларды
дамыту мақсатында оларды пайдалану маңызды екенін мойындау;
- мұқият таңдап алынған тапсырма мен жаттығулардың көмегімен оқушыларды
оқуға ынталандыру;
- проблемаларды шешу және оларды оқушыларға барынша анық, нақты түсіндіру
әдіс-тәсілдерінің мысалдарын модельдеу;
- оқу үшін бағалау арқылы оқушылардың оқуын қолдау;
- зерттеу қызметін және оқушылардың зерттеуіне негізделген белсенді оқудыкөтермелеу;
- оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
- оқушылардың дербес дамуына бастайтын өзін-өзі бағалау және өзін-өзі дамытуынажағдай жасау;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сараланған тапсырма әзірлеу;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, сараланған тапсырмаәзірлеу;
- белгіленген оқу мақсатына сәйкес жоспарланған сабақ өткізу үшін материалдар,ресурстар мен қосымша материалдарды тиімді пайдалану.Оқуға деген ынтаның қайдан шығатынын түсіну, оқуға оң көзқарас жәнеқызығушылықтың болуы маңызды рөл ойнайды.
Зерттеуге негізделген оқу
«Математика» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының шеңберіндезерттеуге негізделген оқу белсенді оқу қағидаттарын ұстанатын қуатты педагогикалыққұрал болып табылады. Сонымен қатар, ол оқушылар дәлелдерді бірлесіп талқылап,құрып, талдай алатын тиімді орта бола алады (Katchevich et al, 2013).Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы пән бойынша негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары әртүрлі тақырыптық бірліктерді құруды және іске асыруды көздейді. Оларды зерделеуде зерттеуге негізделген оқу тәрізді педагогикалық тәсілдерқолданылмаған жағдайда, оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыра алмау мүмкін.
Зерттеуге негізделген оқу оқытудың сындарлылық теориясына сүйенеді. Оқушыларғабағдарланған осындай тәсілді қолдану барысында оқушылар өздеріне сұрақ қояды,үйлестіруші, қолдау көрсетуші ретінде әрекет ететін мұғалімнің көмегімен фактілерді жайғана ұсынбай, тиісті сценарий әзірлеу арқылы мәселелерді зерделейді. Оқушылартақырыптарды зерттеу үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындыларын жасайды.Бұл анағұрлым терең білім алып, пәнді түсіну үшін қажетті айтарлықтай жоғары деңгейлідағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі. Ғылыми әдебиетте зерттеуге негізделген оқыту мен оқуға арналған үш негізгі тәсіл сипатталған. Осы үш тәсілді төмендегідей қорытуға болады:
- Құрылымдалған зерттеу. Мұғалім оқушылар ұстанатын шешімдер ментәсілдерді егжей-тегжейлі түсіндіреді (әр қадамды сипаттау арқылы). Оқушылар өздерінің(немесе басқа біреудің) тапқан жаңалықтарының негізінде мәселеге түсініктеме береді, талқылайды және қорытынды жасайды деп күтіледі.
- Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеу. Мұғалім оқушылар ұстанатынбелгілі бір құрылым ұсынады (мысалы, сұрақтар тізімінен зерттейтін мәселені таңдау).
Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін тәсілді өздері таңдай алады.
- Ашық зерттеу. Оқушылар зерттеу сұрағын және бұл сұраққа жауап берудіңтәсілін өздері таңдайды.
Құрылымдалған зерттеу негізінен мұғалімнің қолдау көрсетуімен жүргізіледі.Сондықтан бұл тәсілді жаңа дағды немесе тұжырым таныстырылатын сабақтардақолданған жөн болады. Оқушылар өсіп, тәжірибесі толыға бастағанда, мұғалімжетекшілігімен жүретін зерттеуді пайдалануға болады. Мұндағы негізгі мақсат –анағұрлым жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуды көздейтін ашық зерттеуді
табысты орындау (Krystyniak and Heikkinen, 2007).
Оқушылар түсінікті қалыптастыру арқылы өздерінің қол жеткен деңгейінен Жақынарадағы даму аймағына өте алады (ЖАДА, Vygotsky, 1978). Оқушы өзінің Жақын арадағыдаму аймағында әрекет еткен кезде, оған «дамытушы оқыту» деп аталатын қолдау қажет.Мұндай дамытушы оқуды жұмыс жоспары, оқулықтар және т.б. көмегімен мұғалімдер, құрдастары жүргізе алады. Оқушының жеке әрекетіне қарағанда сабақта «көпіршелердің»көмегімен оқу мақсаттарына барынша толық қол жеткізу мүмкіндігі бар. Оқушы жетістіктерге жете бастағанда, оған әрі қарай қолдаудың қажеті болмайды және соңында ол дербес жұмыс жасай алады. Оқытуға қолдау көрсету мақсатында мұғалімдердамытушы оқытудың қажетті деңгейін ұсынуы керек, уақыт өте келе оның деңгейі азаяды (немесе тоқтайды). Дамытушы оқу толық тоқтатылған кезде ғана оқушы қажеттітүсініктерді толық меңгерді деп айтуға болады.
Құрылымдалған зерттеу барысында дамытушы оқу жоғарғы деңгейде іске асырылады.Сол себепті бұл әдісті жаңа түсініктер мен дағдылар енгізілетін (мысалы, курс басында) сабақтарда қолданған орынды болып табылады. Оқушылар тәжірибе жинақтаған кезде,мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеуді қолданған орынды болса, курстың қорытындылаушы бөлімінде ашық зерттеу тәсілін қолданған тиімді болады.
Оқушылар үшін жобалау жұмысының көздеген мақсаты жоғары деңгейлі ойлау
дағдыларын пайдалана отырып, қарапайым ашық зерттеу мәселесінің шешімін табу болыптабылады (Krystyniak and Heikkinen, 2007). Алайда, мұнда ашық зерттеулер ғана оқуға сайкелетін жалғыз қолайлы педагогикалық тәсіл деп айтуға болмайды. Зерттеуге негізделген оқу әдісін кез келген пәнде, оның ішінде математиканы оқытуда қолданған тиімді болады. Пән бойынша негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда,мұғалім көмекші рөліне ауысып, басты рөлге оқушы шығады. Зерттеуге негізделген оқуды сыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері
бар. Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін осындай зерттеу модельдерінің бірі«Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі» деп аталады (Hamston & Murdoch, 1996). Модель әртүрлі 7 зерттеу кезеңін қамтиды (5-кесте). Дегенмен, зерттеу барысындаболжамдарға, зерттеу мазмұнына, құндылықтар, көзқарастар, үдерістер мен дағдыларға күмән тудырылған жағдайда әр кезең қайта қарастырылып, тексеріліп отырады.
5-кесте. Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі
Кезеңдер Жаттығулардың негізгі тақырыбы Сұрақтар түрлері
Алғашқыдайындық. Оқушыларға тақырыппен танысуға мүмкіндік
беру.Тақырып бойынша оқушыларды қызықтыратынмәселелерді анықтау.Тақырып қандай?Неліктен осы тақырыптызерттеу қажет? Зерттеуге дайындық Оқушыларға осы тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәрселерді анықтау. Оқушыларға жұмыс істеу бағыты мен нысанынбелгілеу.Тақырып бойынша орындау керек жұмыстар мен жаттығуларды жоспарлауға көмектесу.Біз ілгеріден бұл тақырып туралы не білеміз? Осы тақырыпқа қатысты не ойлайсыңдар?
Бұған тағы кім көз жеткізді? Сен не ойлайсың? Зерттеу Оқушылардың білімге қызығушылығын одан әрі ынталандыру. Бұған дейін қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін жаңа ақпарат ұсыну. Болашақта зерделеу үшін басқа да сұрақтарұсыну.
Оқушылардың білімін, құндылықтары мен түсініктерін тексеру. Оқушылардың алдағы уақытта орындалатынжаттығулар мен жүргізілетін жұмыстарды түсінуіне көмектесу. Біздің нақты нені білгімізкеледі?Мұны істеудің ең тиімдіжолы қандай?
Ақпаратты қалай жинаймыз?Сұрыптау Оқушыларға «зерттеу» кезеңінде анықталған
ақпарат пен идеяларды сұрыптау ментаныстырудың нақты тәсілдерін ұсыну.
Оқушылардың жинақталған ақпараттыөңдеуіне және әртүрлі тәсілдермен таныстыруына мүмкіндік беру. Нәтижелердің кең ауқымды болуына мүмкіндікберу.
Ақпаратты қалай сұрыптай аламыз? Қандай байланыс орната аламыз? Ақпарат нақты, құнды және пайдалануға тұратынына қалай көз жеткізе аламыз?
Алға ілгерілеу Тақырып аясын кеңейтіп, оқушылардың тақырыпты түсінгенін тексеру. Оқушыларға қолжетімді түсініктер аясынкеңейту үшін көбірек ақпарат ұсыну. Біз қандай қорытындыларға келдік?Оларды қандай дәлелдерменнегіздей аламыз? Алынған нәтижелермен не істейміз? Біз келесі әрекеттеріміз қандай болу керек? Байланыс орнату Оқушылардың не үйренгені туралы қорытынды жасауына көмектесу.Оқу үдерісінің барысы туралы және не үйренгені туралы рефлексия жасауына мүмкіндік беру. Біз қандай қорытындығакелдік?Оларды қандай дәлелдерменнегіздей аламыз? Нәтижелерді қалай Кестедегі ақпарат Хэмстон мен Мердоктың еңбегінен алынды (Hamston, J. and Murdoch,K.,1996).
Дәлелдеу
Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру және оларды қолдану оқубағдарламасының өзекті аспектісі болып табылады. Осы ойлау дағдыларынқалыптастырудың маңызды тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу кез келген пікірталасбастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе математиканы оқытуда оның маңызы өте зор, себебі онда берілген мәселенің бір шешімі болғанымен, тапсырманы әртүрлі құралдар мен тәсілдер арқылы орындауға болады. Сондай-ақ бұл Қазақстан Республикасындағы жаңартылған оқу бағдарламаларында басым болып табылатын құндылықтар мен дағдыларды, мысалы, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Сыныпта оқытуда кеңінен қолданылатын, өзара әрекеттесудің түрлі жағдайларындақалыптасатын және жүргізілетін оқудың екі саласы бар; бұл монологтік және диалогтікоқу (Alro & Skovsmose, 2002). Монологтік көзқарас заттарды абсолюттік материя ретіндетүсінеді және бұған дейін алынған білімнің негізінде қалыптасады, ал диалогтік көзқарас білімді оқу барысында жүретін үдеріс ретінде, дәлелдеу барысында, яғни пікірталас пен келіссөз барысында қалыптасатын білім ретінде қарастырады. Дәлелдеудің үлгісі менкүрделілігін сипаттау жөніндегі Тулминнің (Toulmin, 1958) жемісті жұмысы білім беру саласындағы зерттеулерге, соның ішінде зерттеуге негізделген оқуды пайдалануды бағамдауға ықпал етті (мысалы, Simon et al., 2006; Katchevich et al, 2013). Зерттеугенегізделген оқу барысында оқушылар, қажет болған жағдайда мұғалімнің көмегімен, идеяларды түсіндіру, талқылау, оларға қарсы шығу және өз ойларын қайта қарау арқылы пікірталасқа араласа отырып, белсенді рөл атқарады (Goos, 2004).
Сыныптағы әңгіме түрлері мәселесі отандық әдебиетте де, шетелдік ғалымдардыңеңбектерінде де көптеп кездеседі. Шәкәрім Құдайбердіұлы «оқытудың ең үздік тәсілі әңгіме, ол мұғалімнің тәлімгерлік шеннен түсіп, оқушылармен тең дәрежеде ақиқат іздеушіге (оқудағы болса да) айналады» (Құдайбердіұлы Ш., 1991) деген болса, «мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздермен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек» дейді Ы.Алтынсарин (Ы.Алтынсарин,1978). Л.И.Божович, В.В.Давыдов,Д.Б.Эльконин бастауыш сыныптарда балалардың құрдастармен жақындығына қарамастан, ересек адам, әсіресе мұғалім олар үшін бедел иесі болып табылатындығын көрсетеді. Егеркіші мектеп жасындағы балалар үшін ұстаз барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар, яғни жоғары сынып оқушылары ұстаздың әрбір қимыл-қозғалысын, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды (Божович Л.И., 1997; Давыдов В.В., 1986; Эльконин Д.Б., 1989). Сонымен қатар, Нил Мерсердің диалогтік әңгіме мен кері байланыстыңартықшылықтары тақырыбына арналған көптеген еңбектері бар (мысалы, Mercer, N. &Hodgkinson, S., 2008). Негізінен мұғалімнің басымдығымен өтетін кейбір сабақтарда оқушыларға өздерікөріп зерделеген көрнекі материалды қайталап сипаттау ұсынылады. Жаңартылған оқубағдарламасы бойынша оқытуда әлеуметтік-мәдени тәсілге басымдық беріледі, сабақ барысында пікірталас пен ұжымдық дәлелдеуге барынша назар аударылады (Miller, 1987; Brown&Renshaw, 2000). Мұндай сабақтарда оқушы басқа оқушыларға тұжырымын өзсөзімен түсіндіру үшін бірқатар сұрақтар мен топтық талқылауды пайдалана отырып, проблемаларды шешу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Мұғалімдер оқушылардың бергентүсініктемелеріне құрметпен қарап, оның құнды екенін түсінуі, проблеманы шешудің осындай ерекше тәсілдері басқа оқушылардың проблеманы түсінуіне көмектесе алатындығын мойындайды. Ұжымдық дәлелдеу – бірлескен тұлғааралық өзара әрекеттіөрбітуге көмектесетін мықты педагогикалық құрал. «Математика», «Алгебра» және «Геометрия» бойынша оқу бағдарламаларында оқушылардың дәлелдеуді қолдану дағдылары (ақпарат дереккөздерін талдау, өздерініңзерттеу нәтижелерін таныстыру және талқылау) сыныптан сыныпқа көшу шамасына қарай күрделеніп отырады.
Дәлелдеумен бір қатарда тұрған дағдылардың бірі – проблемаларды шешу. Поляның(Polya, 1945) тұжырымдауынша, проблемаларды шешу – бұл:
- шынайы проблемамен айналысу; мәселе туралы болжам жасау, зерттеу жәнемағынасын түсіну;
- рәсімдерді есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, шешімдерді іздеу;
- формулаларды есте сақтау ғана емес, сондай-ақ үлгілерді зерттеу;
- жаттығуларды орындау ғана емес, сондай-ақ жорамалдар жасау.
Оқушыларға өз сөзімен түсіндіруге мүмкіндік бере отырып, мұғалім оларға тақырыптыбілуі мен түсінуінің арасында байланыс орнатуға мүмкіндік ашады, сондай-ақ кез келгенқате түсініктерін анықтай алады. Осыны іске асыру үшін мұғалім дәлелдеу тәсілін қолданаалады, оның төрт кезеңі бар; әр кезең бірнеше сабақты қамтуы мүмкін:
- елестету;
- салыстыру;
- түсіндіру және дәлел келтіру;
- мақұлдау.
Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген оқу тәсілін толықтырады. Зерттеу тақырыбыбелгіленгеннен кейін, мұғалім оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеп, сурет,диаграмма, график немесе алгоритмдерді пайдалану арқылы зерттеу немесе проблеманы«елестетуді» ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен«салыстыруы» керек. «Түсіндіру және дәлел келтіру» деп аталатын келесі кезеңоқушыларға өздерінің көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қатепайымдауларды анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір топ идеяларды талқылау және«мақұлдау» үшін барлық сыныпқа өз шешімдерін ұсынады.
Оқушыларға проблеманы шешуді ұсыну арқылы мұғалім оқушылардың Пиажесипаттаған танымдық даму сатыларының нақты бір операциялық кезеңінде екенін естесақтауы керек. Сондықтан орта буын және жоғары сынып оқушыларымен жұмысбарысында мұғалімдер оқушыларды қызықтыратын проблемалық жағдаяттар туындатуарқылы оқытуды басшылыққа алуы керек. Бұл оқушыларды мәселенің шешімін табу үшінөздігінен ізденуге, білімдерін жинақтап, шоғырландыруға, жұмысының нәтижесін бағалап,өзінің жасаған қорытындыларына қуанып, шаттануына мүмкіндік береді. Мұнда мәселенідұрыс қоюдың өзі маңызды. Мысалы, геометрия сабақтары математика курсындағы күрделісалалардың бірі болып табылады, қарапайым түсінікті факторлардан мүлдем түсініксізойша тұжырымдар арқылы айқын қорытынды шығару қажеттілігі көптеген оқушыларғақиындық туғызады. Олар аксиомалар мен теоремалардың көптігінен қиналады. Мұндайжағдайда қиындық туғызатын тақырыпты толық меңгергенше тақырыпқа бойлау арқылыоқушыларды қорқыныш сезімінен арылту маңызды. Бұл оқушылардың ынтасы мен күш-жігерін теоремаларды дәлелдеу мен есептерді шығару дағдыларын дамытуға жұмылдыруғамүмкіндік береді.«Математика» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы оқушыларға ХХІғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынанойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасында проблемаларды шешу, бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударып, ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. Оқыту үдерісі тәжірибеге бағытталған және оқушының өзбілімдерін өмірде қолдана білуіне шоғырланған.
ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығызбайланысты және көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын, коммуникативтік дағдыларын дамыту аса маңызды болыпт табылады.
«Математика» пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы оқушылардың
бұрын меңгерген білімі мен дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар, жаңа түсініктердіқалыптастырып, қабілеттерін дамытуға бағдарланған. Пәндер бойынша оқубағдарламалары оқушылардың төменде аталған мүмкіндіктерін дамытуды көздейді:
- зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беру;
- кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын
белсенді дамыту;
- өзіндік рефлексияға және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
- қазір және келешекте кез келген өмірлік жағдайда кездесуі мүмкін негізгі жаһандықпроблемаларды түсінуге және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру.
Мектептегі негізгі пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзініңоқуы үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауынқалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білугедағдыланады. Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдыларытуралы ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы оларақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады.
Оқыту үдерісінде белгілі бір нақты пәнді зерттеу маңызды болғанымен, пәнаралықжұмыстарды жүргізу пәндерді анағұрлым сапалы меңгеруге оң ықпалын тигізеді. Кэрри(Kerry, 2011) тұжырымдағандай, пәнаралық байланысты қолдану білімнің өзара тығызбайланыстылығы туралы Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудағы бұлбағытты сындарлы оқыту теориясын жақтаушылар қолдайды, оқушылар бірлескен жұмысбарысында пәнаралық проблемаларды талқылап, өзара пікір алмасады (Hayes, 2010).
Оқушылар әртүрлі пәндер бойынша оқыту аспектілерін пайдалана алады немесе бір пән
басқа пәнді оқытуды жетілдіруге негіз бола алады. Пәндер бойынша білімді ықпалдастыруоқушылар үшін оқу үдерісінің өзара байланыстылығы мен маңызын арттыруғабағытталған. Орта буын және жоғары сынып оқушылары математиканы басқа пәндерменбайланыста қарастыруы тиіс, себебі пәнаралық байланыс олардың оқуын барынша тиімдімодельдеуіне мүмкіндік береді (6-кесте).
6-кесте. Математиканың басқа пәндермен пәнаралық байланысы
Пән (тақырып) Математикалық мазмұн
Физика (Бірқалыпты үдемелі қозғалыс) Сызықтық функция, туынды функцияларФизика (қозғалыс, денелердің өзараәрекеттестігі)Тура пропорционалдық және кері
пропорционалдық тәуелділікФизика (Механика) Векторлар, координаталар жүйесі, туынды,функциялар. Функция кестесіФизика (Оптика) СимметрияФизика (Кинематика) Векторлар, векторларды қолдануИнформатика (Алгоритм) Теңдеулер, теңсіздіктерГеография (Жердің беткі қабатының бейнесі) Масштаб, координаталық жазықтық
Химия
- заттың массасы, көлемі және мөлшері;
- реакциядан алынатын өнімнің үлессалмағын есептеуге берілетін есептер;
- қосынды заттың берілген массасындағықоспалардың үлес салмағын есептеу;
- ерітінділер;
- элементтердің массалық үлес салмағыбойынша заттектің формуласын анықтау
Теңдеулер, проценттерСызу
- сызудың техникалары және олардырәсімдеу ережелері;
- аксонометриялық проекциялар. Шеңбердібірдей бөліктерге бөлу, түйіндесуПараллель түзулер, перпендикуляр түзулер,кесінділер мен бұрыштарды өлшеу, шеңбер,масштаб, параллельді проекциялауАлгебра курсы математикалық әдістердің әмбебаптығын айқын көрсетіп, қолданбалыесеп шығарудың негізгі кезеңдерін қамтиды. Геометрия курсының аксиомаларға негізделген курсы физика, химия, биология пәндерінің аясында қарастырылатын кез келгенғылыми теорияның құрастырылу логикасын түсінуге негіз болады.
5-6-сыныптарда математиканы оқыту барысында география (масштаб, координаталықжазықтық), информатика (координаталық жазықтық, теңдеулер мен теңсіздіктер)экономика (проценттер, теңдеулер, теңсіздіктер), статистика (шәкілдер, диаграммалар)пәндерімен пәнаралық байланыс іске асырылады (Н.А. Заикина, 2012).
Оқудағы пәнаралық байланыстың маңызы
Бұған дейін айтылғандай, математика, алгебра және геометрия бойынша оқубағдарламаларының құрылымы спиральді болып табылады. Оқушылар сыныптан сыныпқаауысқан сайын, тақырыптың немесе проблемалардың күрделілігі арта түседі.Проблемаларды шешу тәсілі математиканы оқытудағы негізгі тәсілдерінің біріболып табылады: проблемалық оқыту сандар, алгебра, геометрия, әсіресе математикалықмодельдеу бөлімдерін оқытуда қолданылатын негізгі тәсілдердің бірі болып табылады.
Проблемаларды шешу қабілеті оқушылардың ғылыми танымдық ойлауды үйренуінемүмкіндік береді. Олардың алдында кішірейтілген үлгідегі танымдық үдеріс көріністабады, оның логикалық құрылымы: мәселені қою – болжамдар жасау – оныңэксперименттік жолмен тексерілуі – қорытындылар (немесе жаңа проблема). Оқушыларғылыми білімнің қандай жолмен игерілетінін көріп, дүниенің танымдық сипатына көзжеткізеді. Проблеманы шешуге арналған тапсырмалар оқушыларға таныс емес мәселелердіқамтып, білуге құмарлықты, жаңа бір нәрсені/жаңалық ашуға және оны негіздеугеынталандыруы керек. Мысалы, математика сабағында проблеманы шешуге арналғантапсырмалардың келесі түрлерін қолдануға болады: себеп-салдарлық байланыстардыңүзілуі; «... проблемасын қалай түсіндіруге болады»; «қалай дәлелдеу қажет?» және т.б.Мұндай тапсырмалар оқушыларды стандартты рәсімдерді пайдаланбай, белсенді оқуғаықпал ете отырып, мәселенің шешімін өз бетінше табуға және заңдылықтарды зерделеугеұмтылуға ынталандырады. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың өткенсабақтарда және басқа пәндерден алған білімін естеріне түсіріп, қолданғаны маңызды. Бұлоқушыларға өздерінің алға жылжуын нығайтуға және басқа пәндермен пәнаралықбайланыс орнатуға ықпал ететін болады.Мәселен, геометрия бөлімінде мынадай жаттығуды ұсынуға болады: Үш жұмысшықабырғалары 3м және 4м құрайтын тікбұрышты үшбұрыш түріндегі үйдің алдыңғы маңдайшасын бояп шығуы керек. Егер бояу құтысының сыртында 10 м2 көлемді бояуғаарналған деп жазылған болса, маңдайшаны бояуға 1 құты бояу жетеді ме?
Жаттығуларды орындау барысында оқушылардың алдыңғы сыныптарда және басқапәндер бойынша алған білімдерін еске түсіруі және қолдана алуы маңызды болып табылады. Бұл оқушыларға өздерінің қол жеткен жетістіктерін бекітуге және пәндерарасында байланыс орнатуға көмектеседі. Сабақтарды жоспарлаудың басты аспектісі ретінде оқушылардың пәнаралықбайланысты қолдануына көмектесумен қатар, оқушылардың білім-білік дағдыларының артуына қарай жүзеге асырылатын лайықты педагогикалық тәсілдерді таңдау болып табылады. Мысалы, мұғалім оқушылардан пән бойынша білімі мен дағдыларын қолданудыталап ететін проблеманы шешуге арналған тапсырма бере алады. Тіпті оқушылардың өзкүшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де, мұғалім жай
ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуы маңызды екенін
ұмытпаған жөн.
Жаңа тақырыпты меңгерту кезінде мұғалімнің бағыттаушы сұрақтар, нұсқаулар берумен қолдау көрсетуге көбірек көңіл бөлуі орынды (мысалы, есеп құрылымы, жауаптармодельдері және тағы басқалары). Оқушылар белгілі бір деңгейге жеткен кезде бұлай туранұсқау беруді азайтып, мұғалім өз рөлін біртіндеп үйлестіруші, уәждеушіге ауыстыруынаболады. Оқушыларды мұғалімге және сыныптағы басқа оқушыларға өз пайымдауларынтүсіндіруге ынталандыратын топтық жұмыс, зерттеуге негізделген оқуға арналған жаттығулар мен ашық сұрақтарды енгізу мұғалімге сыныптағы өз рөлін өзгертугекөмектесе алады. Алайда уақыт өте келе, оқудың барлық кезеңдерінде оқушылар сабақбарысында жеке жұмыс істеуге қарағанда, мұғалім қолдау көрсеткен жағдайда көпжетістікке жетіп жүргеніне көз жеткізуі қажет. Мұны орындаудың ең тиімді жолы жекеоқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынып, тиісті, күрделілігі жоғарырақ мақсатқою болып табылады.
Осы ретте, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:
- сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу;
- оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін
логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу;
- оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу;
- топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу;
- оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру;
- оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру;
- оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу;
- оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін ашық сұрақтар қою;
- оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолданудыескертіп отыру;
- жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру;
- оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобалардыжоспарлау және ұйымдастыру.
Оқушыларды уәждеу
Оқушыларды уәждеу тәсілдері әдетте сыртқы уәж және ішкі уәж деп бөлінеді. Алайда,оларды қатаң түрде екіге бөліп талдағаннан гөрі, ажыратуға келмейтін біртұтас ретіндеқарастырған орынды болар (Vallerand, 2000). Сыртқы уәжді (оқушыға сырттан әсер ететінфакторларға негізделген) арттыруға арналған тәсілдер Б.Ф. Скиннер (1953) ұсынғанбихевиористік қағидаттарға негізделеді. Сөз болып отырған тәсілдер жағымды мінез-құлықты нығайтып, кері тәртіпті шектеуді қамтамасыз ету мақсатында кері байланысты(соның ішінде мадақтау мен кінәраттау) қолдануды көздейді (Walford, 2003).Екінші қырынан алғанда, ішкі уәж іштен шығып жатады немесе жеке тұлғаның өзінен туындайтын, бастау алатын уәж, әдетте сыртқы уәжге қарағанда бұл анағұрлым рақымды, ізгілікті табыс деп есептеледі (Hunt, 1969/1971 cited Walford, 2003). Оқушылар оқудан рахаталып, оны қызықты деп санағандықтан, оқуға белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуін ішкі уәждің мысалы ретінде келтіруге болады. Бұл ретте оқытудағы негізгі мәселе мұғалімдер оқушылардың уәжін, атап айтқанда, ішкі уәжін қалай арттыра алатындығында болып отыр. Мұғалімдер жұмыстың жақсы екенінмойындап, оны мадақтау арқылы сыртқы уәжді қолданады, айталық, бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың егжей-тегжейлі орындалған жұмысы үшін оқушыларды мақтай алады, ал оқушы жұмысты толық орындамаса, тіпті ол жұмысты жақсартқанның өзінде, мұндай оқушыны мақтамайды. Дегенмен, зерттеулер көрсетіп отырғандай, сыртқы уәждіқолдану ішкі уәжді бәсеңдетуі ықтимал. Мәселен, Деки (1971) оқушыларға басқатырғыштышешуге өте қызықты жаттығу беріп, алдын ала кейбір оқушыларға жақсы орындағаны үшін сый алатынын айтады. Эксперимент өткізуші экспериментке қатысушыларға бұлтапсырманы әрі қарай орындамай, пазл және өзге де кедергі келтіріп, көңілді бөлетін нәрселер (соның ішінде журналдар) жатқан бөлмеде қалатындықтарын жеткізеді. Осындайеркіндік берілген кезде сырттан марапат алатындарын білетін қатысушылар тапсырманыорындауға аз ғана уақыт бөлуді ұйғарып, ал марапат туралы білмегендер жұмыстарын жалғастыра берген. Басқа сөзбен айтқанда, сыртқы уәждеуші фактордың болуыоқушылардың ішкі уәжіне кері әсер етті. Осы бір негізгі жаңалық басқа да бірқатар зерттеулерде дәлелденді (Ryan and Deci, 2000). Білім беру саласы үшін мұның айтарлықтай маңызы бар. Танымдық бағамдау теориясына сәйкес (Ryan and Deci, 1985), жеке тұлға өзінің мүмкіндігінің жетпейтініннемесе дербестігі шектеулі екенін білген жағдайда, сыртқы уәж ішкі уәжді өшіре алады.Айта кетерлік жайт, керісінше болған жағдайда, нәтиже мұндай болмайды. Мысалы, өзініңқұзыреттілігі жететінін сезетін оқушы ішкі уәжі мол екенін көрсете бермейді (Ryan andDeci, 2000).
Ішкі уәжді өсіретін немесе өшіретін бұл факторлардың сәйкессіздігі факторлартуралы зерттеулердің метаталдауы (Marzano, R. J., Pickering, D.J., Pollock, J.E., 2001)
барысында да анықталды. Айталық, орта мектеп оқушылары бұл факторлардың өздерініңуәжіне ықпалы бар екеніне сенеді. Зерттеу қорытындысы бойынша, оқушылардың білімгеқұштарлығы күшті болады, алайда білім алу барысында ол бәсеңдей береді (немесе тіптіөшіп қалады). Мұғалімдер ең бірінші кезекте оқушының осы туа біткен қызығушылығынқолдап, оны білім алу үдерісіне тарту арқылы баланың ішкі уәжін барынша арттыруғаұмтылулары керек. Себебі олар ішкі уәжін жоғалтқан болса, оны ояту қиынға соғады.
Мұғалімдер сыртқы уәждеуші факторларға жүгінуде абай болғаны абзал, өйткені ол ішкіуәжге кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан
- оқушылар сабақты ойын түрінде, сан алуан нұсқаларда және белсенді өтетін үдеріс
деп санаған жағдайда;
- мұғалім бірлескен оқудың әдістерін қолданған жағдайда;
- оқушылар жаттығуларды пайдалы және жағдайға сай келеді деп қабылдаған
жағдайда оқушы оқуға белсенді араласады деп күтуге болады.
«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасын әзірлеуде оқушылардың өздерінқызықтыратын мәселелер бойынша тақырыпты зерттеуіне, жұптық және топтықжұмыстарға қатысуына мүмкіндік беру қарастырылған. Бұл оқушылардың шынайықызығушылығын туғызып, ішкі уәжін арттыратын ерекшелігі болып табылады.
Білім алуды жандандыратын аспектілердің бірі оқушыларды ынталандыру болып
табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді.Әдетте балалар мектепте жақсы оқиды, алайда кейбіреулері оқуға деген уәжі мен қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, оқушылар оқу қажет болғаннан емес, өзеркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді,күрделі, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады. «Балалардың білгені,тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берікболады. Өмірінше ұмытпайды» (Аймауытұлы, 1929).Оқушылар өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы артады.
Мұғалімдер оқушылардың ішкі уәжін арттыру үшін бірқатар педагогикалық әдістердіқолдана алады:
- сабақты белсенді оқуға, тілдік дағдыларын дамытуға ықпал ететін жәнеынталандыратындай қызықты әрі тартымды етіп құру;
- оқушылардың қызығушылықтары, қажеттіліктері және тілек-ниеттерін ескеретін жасерекшеліктеріне сай ресурстарды пайдалу;
- әртүрлі белсенді оқу тәсілдерін пайдалану үшін сабақ мазмұнын өзгерте алу;
- оқушылар өздерінің жетістіктері немесе сәтсіздіктерінің өзінің оған қанша күшжұмсағанына байланысты екенін түсіндіре алатындай болу үшін оқушыларды дербестіккеынталандыру;
- жағымды кері байланыс ұсыну, оқушылардың өзіне беретін бағасын көтеріп, олардыңалдағы уақытта нәтижені жетілдіре алатынына сенім ұялату мақсатында жекелегеноқушыларға арнап оқуды жетілдіруге бағытталған арнайы мақсат қою;
- оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту (бұл мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара байланысты жақсартады, нәтижелі кері байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді).
Мұғалімнің сыныпта іске асыратын әдіс-тәсілдерінің барлығында оқушының мүддесін ескеруі маңызды болып табылады, 5-сынып оқушысының қажеттіліктері жоғары сынып оқушыларының қажеттіліктерінен ерекшеленетіні ескерілуі тиіс. 5-сынып оқушысы үшін сынып ұжымында өзіндік орнын табу аса маңызды болып табылады, сондықтан олардың қатысуымен оқушылар бірлесе орындайтын жұмыстарды, ойын түріндегі сабақтарды көбірек ұйымдастыру керек, олар үшін ойын әрекеттерінің өзінен гөрі ойынның нәтижелері маңыздырақ болып табылады. Жоғары сынып оқушыларының қажеттіліктері мен қызығушылықтары бұлардан өзгеше – қатарларының арасында танымал болу, олар үшін өзіндік пікірін ұстану, өзінің маңыздылығын сезіну маңызды болып табылады. Оқытуда жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік беретін деңгейлі оқыту жүйесіне көшу тиімді болып табылады. Бұл жүйе оқушының өзінің білім деңгейін анықтай білуіне, өз бетінше орындайтын жұмыс түрлерін белгілеуіне, теориялық материалды өз бетінше талдай біліп, өз идеялары мен пікірлерін ұсынуына мүмкіндік береді.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейін аяқтаған оқушылар 5-9 және 10-11- сыныптардың бағдарламаларын меңгеріп шығады. Олар мектеп шеңберіндегі жұмыстарда өздеріне қосымша жауапкершілік алуға ұмтылып, өздеріне көшбасшылық рөл немесе төменгі сынып оқушыларына жаттықтырушы болу ұсынылған жағдайда, мұндай мүмкіндіктерді оң бағалайды. Берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оқушылар әртүрлі оқу тәсілдерін анағұрлым тиімді ету туралы терең ойларын ортаға салып, салмақтыпікір білдіре алады, өзіне және басқаларға деген сенімі артады. Мұғалім мен оқушылардыңарасында орнаған бұл ынтымақтастық 9-11-сыныптарда оқытудың анағұрлым табысты, сенімді тәсілі болуы мүмкін.
Оқушыларды ынталандыруға арналған осы ұсынылған тәсілдер тізімінде қандай да бір мадақтау немесе жазалау ескерілмегеніне мән беріңіз. Сабақ барысында мұғалімдер оқушыларды ынталандыру үшін «жақсы», «жақсы бала/оқушы» деген мақтауды қолданады, бірақ мұндай мақтаулар барлық уақытта оқушылардың танымдық ойлау деңгейінің жақсаруына әсерін тигізбейді. Оның орнына «мәселені шешудің тиімді жолын таңдағансың» деген сияқты оқушының жетістігін көрсету арқылы мадақтау олардың алға ұмтылуына жақсы ықпал етеді. Мұғалімдер оқушының оқу керектігіне байланысты «сыртқы» уәж түріндегі мақтауларды жиі қолданады. Оқушыларды мұндай жолмен ынталандыру тәсілдерін пайдалануда аса мұқият болған жөн, себебі олар оқушының ішкі уәжін төмендетуі мүмкін. Атап айтқанда, жалаң мадақтау, жазалау немесе тиімсіз кері байланыс салдарынан оқушыларда төмендегідей сезімдердің туындауына жол берілмеуі тиіс:
- тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну;
- тапсырманы соңына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну;
- тапсырманы орындау үшін аз ғана әрекет етіп, шектеулі күш-жігер жұмсаса жеткілікті деп сезіну;
- өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну.
Оқушының бастапқы ішкі уәжі төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс. Оқушының жұмысына құрметпен қарай отырып, оның ішкі уәжін арттыруға ықпал етуге тырысыңыз (мысалы, оның жеке қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға ұмтылуы және т.б.).
Оқушының оқуға құлықсыз болуы немесе оқудағы сәтсіздіктері көп жағдайда мұғалімнің оның ішкі уәжін оята алмауының салдарынан болуы мүмкін, ал сәтсіздіктердің жалғаса беруі оқуға аса қабілетті балалардың да пәнге деген қызығушылығын жоюы мүмкін. Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыратын көптеген факторлар бар: оқушылардың қызығушылығын туғызатын жаттығулар, мұғалімніңықпалы, ата-аналардың ықпалы, мадақтау және т.б. Оқушының математикағақызығушылығы мен ынтасын арттырудың ең сенімді тәсілі – осы факторлардың барлығынқамту, яғни білім алуға шынайы ынталандыратын оқу ортасын қалыптастыру. Оқушылардыоқуға ынталандыратын факторлардың маңызын түсініп, тиімді қолдана білу мұғалімніңкәсіби қызметінде аса маңызды рөл атқарады. Төмендегі кестеде (7-кесте) мұғалімжұмысындағы оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін факторларұсынылған.
7-кесте. Уәжге әсер ететін факторлар
УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР
түрлі оқыту мен оқу әдістерін пайдаланатын белсенді мұғалім негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция оқитын мұғалім көп оқушыны қамтитын белсенді тапсырмалар аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде қатыспайтын тапсырмалар белгілі бір мағынасы бар және осыған дейін өтілген тақырыппен байланысты жаттығулар айқын емес, түсініксіз және осыған дейін өтілген тақырыппен байланыспайтын жаттығулар сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті деңгейде және барлық оқушылар орындай алатындай етіп сараланған сабақтағы жаттығулар сараланбаған және басында орындау тым қиын немесе жоғары қабілетті оқушылардың қабілеттері
ескерілмейді оқыту мен оқудың сан алуан әдістері қолданылады – сабақтың қандай болатынын күні бұрын болжау мүмкін емес оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі қолданылады – сабақтың қандай болатынын күні бұрын болжап білуге болады оқушыларға «ойлануға» уақыт бере отырып, сабақ қарқынын өзгерту сабақтың қарқыны өте жылдам не баяу және оқушылардың «ойлануына» уақыт берілмейді әр оқушыға жеке қолдау көрсету оқушылар мұғалімнен көмек күтеді көп мақтау және мұғалімнің дене қимылдарын, ымды тиімді қолдануы мақтау айтылмайды және мұғалім дене қимылдарын, ымды тиімді қолданбайды оқушылар сабақ мақсатын және өздерінен не күтілетінін біледі оқушылар сабақ мақсатын және өздерінен не күтілетінін білмейді
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кері байланыс
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру жаңартылған оқубағдарламасының оқу жоспарын рәсімдеуде маңызды болып табылады. Блэк және басқаавторлар (2003) мұндай тәсіл оқушылардың үлгеріміне жағымды ықпал етіп, оң нәтижеберетінін айтады және мұны бірқатар танымдық талдаулар да дәлелдейді.
Бірінші кезекте оқушылардың күшті жақтары мен олар кездестіретін қиындықтарды
анықтап алу қажет. Бұл көп жағдайда оқушылардың ауызша жауаптарын бақылау арқылыжәне жазбаша жұмыстарын оқып тексеру арқылы жүзеге асады. Сонымен қоса, бұл ақпаратәр оқушының үлгеріміне көмектесетін жаттығуларды жоспарлау үшін пайдаланылады.Бұл үдерісті табысты етуге көмектесетін бірқатар элементтер бар:
- мұғалімдер оқушылардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін
қолдайды;
- мұғалімдер оқушыларға өз жұмысының сапасын бағалау тәсілдерін ойлап табуға
көмектесу мақсатында барлық оқушылармен қарым-қатынас жасайды;
- мұғалімдер оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беру үшін оқу
мақсаттарын белгілеу арқылы, мақсатқа жетуді бақылау және оқытуды түзету арқылы оқу
үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- мұғалімдер әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшіноқушылардың түсінуін бағалау тәсілдері мен оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіре
қолданады;
- мұғалімдер оқушылардың жұмыстары туралы ауызша және жазбаша кері байланыс
ұсынады, бұл кері байланыс уақтылы, айқын болып, нақты критерийлерге негізделеді(OECD, 2005).
Оқу бөлмесі негізінен күрделі оқу ортасы болып табылады және дәстүрлі оқытуменсалыстырғанда, белсенді оқу мен жекелеген оқушылардың танымдық қажеттіліктерінқанағаттандыру осы күрделіліктің артуына ықпал етеді. Мұғалімдер «сыныптытыныштандырудың» (мұғалімнің сабақта тыныштық сақталуын қадағалауы, өзінің сөйлеуі)орнына, оқушылардың мағынаны түсіну, заңдылықты байқай алу, шешім қабылдау ментұжырымдау, түзете алатындай етіп орындалуын бақылау құзыреттіліктерінқалыптастыруы және дамытулары керек (Hattie, 2012). Мұндай хабардарлық мұғалімдерөздерінің тәжірибесі туралы және оқушылардың үлгеріміне тигізетін ықпалы туралыойланып, ой елегінен өткізген жағдайда ғана дамитын болады. Сол себептітыңдаушылардың осындай ойлау дағдысын арттырып, оқу бағдарламасында көзделгенбелсенді оқу тәсілдеріне жаттығып дағдылануы үшін, біліктілікті арттыру курсы аясындаықшамсабақ жаттығулары қарастырылған. Сабақтарда қамтылатын белсенді оқу тәсілдерітәжірибелік, эксперименттік, пікірталас, жоспарлау және бағамдау жаттығуларын жүргізіп,топтық жұмыс және ықшамсабақтар ұйымдастыруды көздейді. Бұл тәсілдерде оқубағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін сыныпта қолдануға болатынтәжірибелік идеялар қамтылған.
ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ
Өз жұмысында мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламаларын басшылыққа алады.
Оқу бағдарламасы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімдіжоспарда белгілі бір бөлім/бөлімше аясында қамтылуға тиісті тақырыптар мен оқумақсаттары көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды
әзірлеуге негіз болып табылады.Орта мерзімді жоспарда оқу бағдарламасында ұсынылған оқу мақсаттары, сондай-ақосы мақсаттарға қол жеткізу үшін мұғалім мен оқушыларға ұсынылатын жаттығу түрлері, ресурс үлгілері ұсынылады. Оқу бағдарламасымен салыстырғанда, орта мерзімдіжоспарлар ұсынымдық сипаттағы құжат. Сондықтан мұғалім жаттығу түрлерін бейімдеп,оқушының қызығушылығына, деңгейіне, қажеттіліктері мен жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін өзінің балама ресурстарын таңдай алады.
Оқу бағдарламасының элементі ретінде ұзақ мерзімді жоспарда бір жылда өтілетінбөлімдер/ортақ тақырыптар белгіленеді. Орта мерзімді жоспарларда мұғалімдергетақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақ өткізу, сабақта оқушыларды ұйымдастырутуралы ұсыныстар берілген, сондай-ақ сабақта қолдануға болатын ресурстар ұсынылған(интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және дыбысматериалдар және т.б.) Ұзақ мерзімдіжоспарда оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар менбөлімдер анықталған. Орта мерзімді жоспарлау үдерісі ұзақ мерзімді жоспарда анықталғанбағдарларды нақтылай отырып, анағұрлым қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады. Ортамерзімді жоспарлау барысында нақты бір кезеңге арналған негізгі міндеттертұжырымдалады. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқу тақырыптарыкөрсетіледі (Ұлттық білім академиясы, 2016).Оқу жоспары көптеген бөлімдерден тұрады, олардың әрқайсысы оқу кезеңініңбірнеше аптасына дейін қамтуы мүмкін. Осылайша бірнеше аптаны топтастырып бірденжоспарлаған тиімді болмақ. Бұл мұғалімге оқушылардың осы уақыт ішінде, яғни тақырыпнемесе белгілі бір жағдай арқылы байланыстырылған тізбектелген сабақтар топтамасы аясында қалыптастырып, дамытуы тиісті білім мен түсінік, дағдыларды толық қамтуға мүмкіндік береді.
Оқу жоспарының алғашқы парағында осы бөлімді бастардың алдында оқушыларбіледі деп күтілетін алдыңғы білімі, бөлімнің мәнмәтіні және бөлімнің қысқаша сипаттамасы жазылады. Бұл оқу бағдарламасынан алынған оқу мақсаттарына сәйкес
келетін, сабақ кезінде қолдануға ұсынылған бірқатар жаттығулармен бірге беріледі. Белгілібір тақырып үшін ұсынылған барлық жаттығуларды бірден алдын ала зерделеп шығупайдалы болмақ. Бұл ретте мұғалім өз оқушыларының қажеттіліктерін қанағаттандырумақсатында кез келген жаттығуды өзгертуге болатынын естен шығармау қажет (айталық,жаттығуды өзінің жағдайына анағұрлым сәйкес келетін немесе лайықты басқа жаттығуменауыстыра алады). Сонымен қатар, оқушыларға орындау оңай немесе қиын болатынынескере отырып, белгілі бір жаттығуларды орындауға көбірек уақыт беріп, ал кейбіреулеріне
аз уақыт беру мәселесін де алдын ала шешіп алған дұрыс. Оқу жоспарына орындау міндеттіболып табылатын бұйрық нысанындағы құжат ретінде емес, бағыт-бағдар көрсететінкөмекші ретінде қараған маңызды, оқушылардың қажеттіліктерін мүмкіндігінше толыққанағаттандыру мақсатында жоспарға өзгеріс енгізу қажет болуы мүмкін.
Қысқа мерзімді жоспар (сабақ жоспарын) әзірлеу
Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалімоқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқытутәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімдіқұруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктепалуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбегенжерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққаала алады:
- сабақты құрғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарынбасшылыққа алу;
- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы
мақсаттар қою;
- оқу жоспарында көрсетілген барлық жаттығуларды, әдістемелік кеңестерді,ресурстарды мұқият зерделеу;
- мұғалімнің қалауы бойынша қажеттілігіне қарай жаттығу түрі толықтырылып отырады.
Мұғалім жалғыз білім көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдыққызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс (Ұлттық білімакадемиясы, 2016).
Сабақ жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын
шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкескелуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтуы міндетті емес. Яғни, біроқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз болып, алайда ол сабақтардың мақсаты әртүрлі болуымүмкін. Айталық, «Геометрия» пәнінің 7-сыныптағы оқу мақсаттарының бірі: кесінді,сәуле, бұрыш, үшбұрыш, жарты жазықтық анықтамаларын білу; («Геометриялық фигуралар туралы түсінік» бөлімі). Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не үйренуге тиісекені туралы жазылады. Сабақ мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақсоңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенінесте ұстаған жөн. Бұл:
- сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар
аударуға;
- сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
- оқуды бағалауды жеңілдетуге;
- оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.
Сабақты жоспарлау
Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалайжоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсендіоқу тәсілдерін қолдана алады. Дәстүрлі дидактикалық оқыту әдістерінде жекелегеноқушының тұлғалық дербестігіне, ұмтылысы мен ынтасына, мүдделері мен дағдыларына,оқу ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде мән берілмейтін. Оқыту мен оқудың заманауиәдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу үдерісінұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардыңоқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларыныңталаптарын орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруүшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет.
Мысалы, жоғарыда аталған 7-сыныптағы «Геометрия» пәнінің оқу мақсаты бойыншамұғалім барынша белсенді сабақ жоспарлай алады:
- Егер текше үшөлшемді фигура болса және жазықтық (шаршы) екіөлшемді болса,түзудің неше өлшемі болады? Нүктеде неше өлшем? Оларды біз кескіндей аламыз ба?
- фигуралардың теңдігін түсіндіру үшін біріне-бірін дәл беттестіріп, фигура құрадыжәне оларды айналдыру және аудару үшін бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады;
- егер олар қоңызды ЗD фигуралардың қырлары бойынша жүруге жаттықтыра алса,онда олар қоңыз жүре алатындай қай пішіндерді таңдар еді: сүйір бұрыш, тік бұрыш, доғалбұрыш немесе жазыңқы бұрыш?
- мұғалім екі метрлік екі сызғыш алады және оларды қиылыстырып, ‘X’ түрінде
ұстайды. Құрылған бұрыштардан оқушылар не көреді? Бұрыштардың теңдігі әрқашанорындала ма? Оларды өз сызғыштарының көмегімен зерттей алады ма?
Барынша тиімді оқуды жоспарлау үшін төмендегідей бірқатар мәселелерді ескергенжөн:
- Сабақта көптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысу қажет. Бір сабақта
мұғалім төрт, бес немесе одан да көп жаттығу түрін қамти алады. Аз уақыт алатын, айталық,10 минуттық жаттығу дайындауға болады. Әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегіндеұзақ шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармау керек.
- Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып,сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Жаттығудыәртүрлі тәсілмен түсіндіруге дайын болу қажет. Мысалы, оқушылар бастапқыда жаттығудыбүкіл сынып болып орындап, кейіннен жұптасып оның орындалуын шыңдай алады. Бұлоқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп көше отырып, тапсырманы түсінуге көмектеседі,
өткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде бірнеше дағдыны
қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді.
- Сыныппен өзара әрекеттестік стилін өзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ
барысында өзінің қанша сөйлейтіні туралы ойлануы қажет. Егер мұғалім тым көп сөйлесе,оқушыларда пікір таластырып, бір-бірінен үйренуге уақыт аз қалады. Оқушыларға сұраққойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін бағдарлаған дұрыс.Сабақта жеке, жұптық, топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерінараластырып қолдану тиімді болады.
Сабақ жоспарында мұғалім:
- оқу мақсаттарын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы;
- сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектерін қамтуы (оқужоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз);
- логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар ментапсырмалар туралы толық ақпарат ұсынуы;
- мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-тәсілдердіанықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатыстышешім ұсынуы;
- қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауы тиіс.Сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс бірқатар мәселелер:
- Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушыны мақсатқа жетуге
жетелей ме?
- Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олар не істейтінін және олар
қандай нәтижеге қол жеткізу керектігін қалай түсіндіремін?
- Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін?
- Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, бұның барлығын қалай қабылдар едім?
Оқушыға көмек көрсетіле ме / жігерлендіріле ме? Қосымша материал ала ма?
- Жоспар қаншалықты икемді? Оқушының көп түсіндіруді қажет ететін қызықтысұрағы, дыбыс-бейне құралдарды пайдаланудағы қиындықтар, әлдебіреудің сырттанрұқсатсыз кіріп келуі сияқты күтпеген оқиға туындаса, оларды қалай шешемін?
- Оқушылар ұсынатын кері байланысқа қатысты, оны қалай жіктеп, жазып және
талқылаймын?
Төмендегі сұрақтар мұғалімге сабақтан кейінгі рефлексия жасауға мүмкіндік береді:
- Менің оқушыларым бүгін не үйренді? Бұған не әсер етті?
- Сабақта ештеңеге үйренбеген балалар болды ма? Мұның себебі қандай?
- Сабақта қолданған әдістерім сәтті болды ма? Сабақ бұдан да сәтті өтуі үшінбасқа қандай әдіс қолдануым керек еді?
- Сабақта ерекше бір жағдай байқалды ма? Бұл неліктен осылай болды?__
- Сабақта оқушылардың жинақтаған білімі мен тәжірибелері, қызығушылықтанытатын салалары есепке алынды ма? Мұны қалай жақсартуға болатын еді?
- Сабақты оқушылардың іс-әрекеттері мен жауаптарына қарай бейімдей алдым ба?
- Оқушыларым сабақта бірігіп жасаған қорытындыларымызға қалай қарады?
Сабақтан қандай көңіл-күймен шықты? Сыныптағы орта оларға жайлы болды ма?
- Мен сыныптағы тәртіпті басқара алдым ба? Менің қандай әрекеттерім жақсы
шықты, қандай әдістерім сәтсіз болды? Неліктен? Нені басқаша жасауым керек еді?
- Сабақта менің көңіл-күйім біркелкі болды ма? Мен өзімді ұстай білдім бе?
Болашақта нені ескеуім керек?
- Сабақта мен үшін ең қиыны не болды? Қандай жағдай ерекше назар аударуымды
қажет етті? Неге? Келесі жолы мұндай жағдайда не істеуім керек?
- Сабақтағы оқу әдістерім сәтті болды ма? Оқушылардың меңгерген білімдері менің
үйрету тәсілдеріммен байланысты ма? Келешекте нені есепке алуым керек?
- Бұл сабақты басқаша өтуге болатын ба еді? Қалай? Сабақтың қандай жағына
көбірек көңіл бөлу керек: мазмұндық, әдістемелік, эмоциялық?
- Сабақта оқушыларымды ынталандыра алдым ба? Оқушылардың ішкі уәжін
ескердім бе? Оқушыларды табысқа бағыттаудың тағы да қандай жолдары бар?
- Бағалауда қаншалықты шынайы болдым? Бағалау оқушыларға қалай әсер етті?
- Оқушыларға сабақта өздерін басқаруға мүмкіндік болды ма? Бұл қайдан, калай
көрінді?
- Сабаққа дайындалғанда бұл саладағы теорияға сүйендім бе? Өткізген сабағым
таңдаған теорияма қаншалықты сәйкес болды?
- Осы сабақтан кейін мен өзіме қандай жаңалық аштым, нені жетік түсіндім?
Табысты мұғалім болу үшін тағы не істеуім керек?
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
Критериалды бағалау
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленгенкритерийлердің (Роберт Юджин Глейзер енгізген ұғым, Glaser, R., 1963) нақтыжиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормағанегізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгеріміменсалыстырылып қойылады.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудантұрады.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады,оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағықиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарыны қол жеткізугекөмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланыстықамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға оқушылардың оқужетістіктері туралы ақпарат ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптаржәне белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі)аяқталғанда балл, баға қою арқылы өткізіледі.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады,
алайда бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуімүмкін. Оқушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы және жиынтық бағалаудыңнәтижелері оқу үдерісі барысында ата-аналарға ұсынылады. Қалыптастырушы жәнежиынтық бағалау пәннің оқу бағдарламасының мазмұнына негізделеді.
Бағалау тақырыбы бойынша мұғалімдер үшін «Бастауыш сынып мұғалімдеріне
арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Негізгі орта және жалпы орта білімберетін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық»,«Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойыншанұсқаулық», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар», «Қалыптастырушыбағалауға арналған тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралдары дайындалған.
Қалыптастырушы бағалау
Жоғарыда айтылғандай, мұғалім оқушылардың дағдысының қалыптасу және білімді
меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну
және оқушыларды ынталандыру үшін оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды
жүргізеді.
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:
қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру
және бекіту;
ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға
ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау;
уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны
ояту.
Қалыптастырушы бағалаудың түйінді міндеттері
- оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға ұсыну;
- оқушылардың білім алғандығының дәлелдерін жинауға бағытталған сыныпішілік
оқу үдерісін ұйымдастыру;
- оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты қамтамасызету;
- оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;__
- оқыту және оқу үдерісінде бірлескен оқуды қолдайтын ынтымақтастық ортасынқұру;
- оқушыларға өзінің оқуын «құрушы/жасаушы» ретінде жағдай жасау болыптабылады.
Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін
олардың оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы
тиіс. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдердіжүзеге асыруды талап етеді:
- қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
- қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
- оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу;
- қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
- кері байланыс ұсыну;
- қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету.
Жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламаларындағы бөлім/ортақ тақырып және белгілі бір
оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда жүргізілетінбағалау түрі. Жиынтық бағалау нәтижелері мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға балл,баға арқылы ұсынылады. Бұл оқушының белгілі бір кезеңдегі оқу бағдарламасы мазмұнынмеңгеру деңгейін анықтауға және тіркеуге мүмкіндік береді.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарынасәйкес бөлім немесе ортақ тақырыпты аяқтаған кезде өткізіледі. Жиынтық бағалаудыңаталған түрінің нәтижесінде білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде ескерілетін баллқойылады. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарымен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырып бойыншажиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізутәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау жүргізутәртібі жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік нұсқаулықтарда ұсынылған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, оқушының оқубағдарламасының мазмұнын білуі, түсінуі, игерген дағдылары туралы дәлелдерді ұсынаотырып, тоқсандағы оқуға қатысты ілгерілеуді өлшейді. Алынған нәтиже тоқсандық бағақою кезінде ескеріледі. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы ойлау дағдыларыдеңгейлерін, соның ішінде жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын (талдау, жинақтау, бағалау)бағалайтын түрлі деңгейдегі тапсырмалардан тұруы қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру және өткізу оқушының оқу жетістігінкритериалды бағалау ережесіне сәйкес жүргізіледі.Мұғалімдерге арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықта жиынтықбағалауды жоспарлау, ұйымдастыру кезеңдері (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау), нәтижелерді талдау, тоқсандық жиынтық бағалауқорытындысын модерациялау үдерісін ұйымдастыру және өткізу жолдары толық сипатталған.
Оқушының оқу жетістігін бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшінмұғалімдер тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау үдерісін ұйымдастырады.
Модерация барысында мұғалімдер жиналып, оқушылардың тоқсандықжиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін балл қою кестесіне сәйкес талқылап, қорытынды шығарады. Қажет болған жағдайда балл қою кестесіне өзгеріс және/немесетолықтыру енгізуге болады. Модерация қорытындысы бойынша хаттама толтырылады.
Хаттамаға сәйкес жиынтық бағалау балдары қайтадан тексеру нәтижесінде өзгертілуімүмкін. Модерация нәтижесінде тоқсандық жиынтық бағалау нәтижесі көтерілуі немесетөмендетілуі мүмкін.Оқушының жиынтық бағалау жұмыстары портфолиода сақталады.
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау
Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Мәселен,оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, олардың өз дағдыларындамытуға деген уәжін қолдап отыру қажет. Сонымен қатар, сабақ кезеңдерін белгілегенкезде қалыптастырушы бағалаудың әр сабақта қолданылуын ескеру керек.
Жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және қалыптастырушыбағалауға арналған тапсырмалар жинағын пайдалануЖоғарыда сипатталғандай, оқу мақсаттарында белгілі бір сыныпта оқушыларүйренеді деп күтілетін тақырыптар, мазмұн мен дағдылар сипатталады. Оқу мақсаттары оқубағдарламасы, оқу жоспары және «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларжинағы» әдістемелік құралында көрсетілген. Осы арқылы жоғарыда аталған үш құжаттыбіріктіруге болады. Сабақ жоспарлаған кезде бұл құжаттардың үшеуі де қолданылады (2-сурет).
-
Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсерететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол мұғалімге сынып оқушыларының білімінқадағалауға, жоспарына түзету енгізуіне, ал оқушыларға өз оқу жетістіктерін өздерібақылауына және одан әрі өзінің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайшабағалау ынталандырушы, қалыптастырушы және уәждемелік қызмет атқарады. Мұндайбағалау түрінде оқудың жақсаруын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың арасындакері байланыстың болуы шарт.
Қалыптастырушы бағалау оқу үшін бағалауды мақсат ете отырып, белсенді әдістердітиімді пайдалануға негізделген. Мұнда бағалау мен оқуды ажырату мүмкін емес, олар білімсапасын арттыруда бірін бірі толықтырып отырады. Демек оқушылардың бірігіп талдаумәдениеті қалыптасады; сыни және шығармашылық ойлауы дамиды; сұрақтардықолдайтын орта қалыптасады; өздерінің жеткен жетістіктерін көру арқылы оны жақсартусенімі нығаяды; күтілетін нәтижелері алдын ала анықталады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болыптабылады және тоқсан бойында үздіксіз жүргізіледі. Бұл бағалаудың нәтижесінде алынғанақпараттың негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы қаншалықты дұрысорындағанын біле алады. Ал мұғалімдер оқушының қаншалықты ілгерілегені туралымәлімет алып, соған сүйене отырып оқыту үдерісіне өзгеріс енгізіп, түзетіп отырады.
Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандайнәтиже күтілетінін түсінеді. Сонымен бірге, өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар,сыныптастарын бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді.
Қалыптастырушы бағалаудағы мұғалімнің рөлі:
- оқу мақсатына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендірілген бағалау
критерийлерін анық жазады;
- оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар дайындап, оларғатиісті дескрипторлар құрастырады;
- оқушыларға тиімді кері байланыс ұсынады;
- оқыту және бағалау үдерісіне түзету енгізеді.
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстүрлерімен қатар, оқушыларға ауысып отыратын топ құрамында жұмыс істеу ұсынылады.Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды ықпалдастыру барысында оныңтөмендегі қағидаттарын ескерген жөн:
- ол оқу үдерісінің бір бөлігі («оқу үшін бағалау»);
- барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндербойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);
- бағалау белгіленбейді (таңба қойылмайды);
- бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады;
- әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;
- бағалау нәтижелері оқыту мен оқу сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшінқолданылады.
Сабақты өткізуге дейін сабақтың әрбір кезеңін қалыптастырушы бағалау тәсілдерінқолдану арқылы мұқият жоспарлау және әріптестерімен талқылау мұғалімдердіңқызметіндегі жақсы тәжірибе болып саналады. Сабақтан кейін сабақ жоспары бойыншақысқаша түсініктеме жазып, сабақты талдау, рефлексия жасау мұғалімнің жұмысынжетілдіре түседі. Бұл мұғалімге келесі сабақты жақсартып, онда қолданылатын әдіс-тәсілдерді, жаттығуларды, ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,бұл басқа мұғалімдермен ақпарат алмасып, озық тәжірибелерімен бөлісуге жол ашады.
|
|
|
1-тоқсан |
|
|
|||
|
|
Бөлім: «Бүтін көрсеткішті дәреже» |
|
|
||||
Оқу мақсаты |
7.1.2.1 натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның |
|
||||||
|
|
қасиеттерін білу |
|
|
||||
Бағалау критерийі |
Білім алушы |
|
|
|||||
|
|
Көбейтіндіні дәреже түрінде және дәрежені көбейтінді |
|
|||||
|
|
|
түрінде жаза алады |
|
|
|||
|
|
|
Дәреже қасиеттерін колданады |
|
|
|||
Ойлау дағдыларының |
Білу және түсіну |
|
|
|||||
деңгейі |
Қолдану |
|
|
|||||
1-тапсырма |
|
|
|
|
|
|
|
|
Кестені толтырыңыз: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көбейтінді түрінде |
Дәреже түрінде |
Дәреже негізі |
Дәреже |
|
|||
|
жазылуы |
|
жазылуы |
|
|
|
көрсеткіші |
|
|
− 7⋅− 7⋅− 7⋅− 7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
− xy |
3 |
|
||
|
2bc⋅2bc |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
4 |
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|||
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
d 4 |
|
|
|
|
|
|
− 5⋅− 5⋅− 5⋅− 5⋅− 5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
a ⋅ b5 |
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы |
|
|
|
|
|
|
|
-
көбейтіндіні дәреже түрінде жазады және оның компоненттерін көрсетеді;
-
дәрежені көбейтінді түрінде жазады, компонеттерін жазып көрсетеді;
-
дәрежені берілген компоненттері арқылы жазады және оны көбейтінді түрінде жазып көрсетеді.
2-тапсырма
Сәйкестендіруді орнатыңыз:
64⋅ 63 |
|
a m−n a m: a n |
|
612 |
6x−3 |
|
an⋅ bn(a ⋅ b)n |
|
68 |
642 |
|
a m⋅ a n a mn |
|
6 x : 63 |
212 ⋅312 |
|
аm nam⋅n |
|
67 |
Дескриптор Білім алушы
-
есепті натурал көрсеткішті дәреженің қасиетімен сәйкестендіреді;
-
дұрыс жауабымен сәйкестендіреді.
4
Бөлім: «Бүтін көрсеткішті дәреже»
Оқу мақсаты
7.1.2.2 санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Санның дәрежесі қандай цифрға
анықтайды
аяқталатынын
-
Сандардың және сандық өрнектердің мәні қандай цифрға аяқталатыны жөнінде қорытынды жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма.
-
7 санын дәрежеге шығарғанда пайда болатын сандар қандай цифрмен аяқталады? Кестені толтырыңыз:
-
-
7 n
71
72
73
74
75
76
77
78
-
Нәтиженің соңғы
цифры
-
Заңдылықты құрастырып, жазыңыз.
-
Алынған мәліметтерді қолданып, 7521 саны қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
-
дәрежеге шығарылған санның соңғы цифрын жазады;
-
заңдылық орнатады;
-
өрнектің қандай цифрмен аяқталатынын көрсетеді.
2-тапсырма.
і) 666666771771880880−995995 өрнегі берілген. Өрнектің мәні қандай цифрға аяқталатынын табыңыз.
іі) 0, 1, 5 және 6 цифрларымен аяқталатын сандар дәрежелеріндегі заңдылықты жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы:
-
соңғы цифрдың қайталану периодын табады;
-
өрнектің қандай цифрмен аяқталатынын көрсетеді.
-
0, 1, 5 және 6 цифрларымен аяқталатын сандар дәрежелерінің заңдылығын жазады.
5
|
|
|
|
|
Бөлім: «Бүтін көрсеткішті дәреже» |
|
Оқу мақсаты |
7.1.2.15 натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану |
|
||||
Бағалау критерийі |
Білім алушы |
|
||||
|
|
|
|
|
Есептер шығару барысында натурал көрсеткішті |
|
|
|
|
|
|
дәреженің қасиеттерін қолданады |
|
Ойлау дағдыларының |
Қолдану |
|
||||
деңгейі |
|
|
|
|
||
1-тапсырма |
|
|
||||
Өрнекті ықшамдаңыз: |
|
|
||||
a) |
|
235⋅ 27 |
; |
|
|
|
220 |
|
|
||||
|
|
|
|
|
||
b) |
|
а2⋅ у35 |
|
. |
|
|
|
а22⋅ у5 |
|
|
Дескриптор Білім алушы
− дәрежені дәрежеге шығару қасиетін қолданады;
− негіздері бірдей дәжелерді көбейту қасиетін қолданады; − негіздері бірдей дәрежелерді бөлу қасиетін қолданады; − жауабын табады.
2-тапсырма
Тиімді тәсілмен есептеңіз:
|
13 |
|
|
⋅3 |
15 |
|
14 |
. |
|
||
a) 0,254∙84 |
b) � |
2 |
� : (−1,5)14 |
с) |
5 |
⋅ 7 |
− 19 |
⋅ 7 |
|
||
3 |
|
716 3 ⋅ 715 |
|
||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
Дескриптор |
Білім алушы |
|
|
|
|
|
|
|
|
− дәрежелерді бірдей негізге келтіреді;
− натурал көрсеткішті дәреженің қажетті қасиеттерін қолданады; − өрнекті ықшамдайды; − жауабын табады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕ
-
2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретінұйымдарында оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 258 б.
-
Аймауытұлы Ж. (1929). Комплекспен оқыту жолдары (Мұғалімдерге, қайталама курстарға, тәрбие техникумдарына көмек). Қазақ баспасы.
-
Алтынсарин И. Собрание сочинений: в трех томах. - Алма-Ата: Наука, 1978.
-
Божович Л.И. Проблемы формирования личности: Под ред. Д.И. Фельдштейна. 2-е изд.- М.: Издательство «Институт практической психологии», Воронеж: НПО «МОДЭК», 1997.- 352 с.
-
Брунер Дж. Үдеріс обучения: Пер. с англ./Под ред. А.Р.Лурия. – М.: АПН РСФСР, 1962.– 82 с.
-
«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім берустандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысы.
-
Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: Опыт теоретического и
экспериментального психологического исследования – М.: Педагогика, 1986 - 240 с.
-
Заикина Н.А. (2012) Межпредметные связи математики с предметами естественнонаучного цикла [Математиканың жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерімен пәнаралық байланысы]. Международный научно-исследовательский журнал.
-
Педагогические науки. октябрь. Электронный ресурс: http://researchjournal. org/pedagogy/mezhpredmetnye-svyazi-matematiki-s-predmetamiestestvennonauchnogo-cikla/.
-
Кусаинов Г.М. Педагогическая технология современной школы. – Астана: РНПЦ «Учебник», 2012. –355 с.
-
Кусаинов Г.М., Сагинов К.М., Конурова-Идрисова З.К. Основы дидактики. –Астана: Центр педагогического мастерства, 2014. –348 с.
-
Құдайберді Ш. Шығармалар жинағы. – Алматы, Жалын баспасы, 1988.
-
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал. – Астана: Ы.
-
Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 70 б.
-
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 55 б.
-
Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі негізінде жаңарту. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014.–43 б.
-
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.
-
Эльконин Д. Б. Избранные психологические труды. - М.: Педагогика, 1989. 560 с.
-
[Источник: http://psychlib.ru/mgppu/eit/EIT-001-.HTM].
-
Avalos, B. (2011). “Teacher professional development in Teaching and Teacher Education over ten years”, [Он жыл бойы мұ .алімді оқыту және педагогикалық білім беру саласында кәсіби дамыту], Teaching and Teacher Education, 27(1), pp. 10-20. Alrø, H., & Skovsmose, O. (2002). Dialogue and Learning in Mathematics Education:
-
Intention, Re- flection. Critique [Математикалық білім берудегі диалог пен білім алу: ұмтылыс, рефлексия, сын], 29. 49
-
Bergen, D. (2002). The Role of Pretend Play in Children’s Cognitive Development
-
[Балалардың танымдық дамуындағы ойын баламаларының рөлі]. Early Childhood Research
-
& Practice, 4(1).
-
Black, P. and William, D. (1998). Inside the black box Raising standards through classroom
-
assessment. [Қара жәшіктің ішінде. Сыныптағы бағалау ауқымында стандарттарды
-
арттыру. Phi Delta Kappan, 80(2), 139-148
-
Black. P et al. (2003). Assessment for learning, Putting it into practice [Оқу үшін бағалау.
-
Тәжірибеге енгізу]. Open University Press, Maidenhead
-
Black et al. (2011), ‘Can teachers’ summative assessments produce dependable results
-
and also enhance classroom learning?’ [Мұғалімдердің жиынтық бағалауы сенімді нәтиже
-
беріп, оқыту тәжірибесін кеңейте ала ма] Assessment in Education: Principles, Policy &
-
Practice, 18(4), 451-469.
-
Blair-Larsen, S.M. & Vallance, K.M. (1999). Comprehension instruction in a balanced reading
-
class- room [Теңестірілген оқылым барысында ұғымдарды түсіну]. In S. M. Blair Larsen &
-
K.A. Williams (Eds.). The balanced reading program: Helping all students achieve success,