Тест
тапсырмалары
География
8-класс
1. Географиялық қабықтың жалпы
заңдылықтары мен оның жекелеген бөліктерін зерттейтін ғылым
салалары енеді:
А) физикалық география В)
қоғамдық география С) экономикалық
география
2. Адамзаттың ғаламдық
проблемалары мен олардың шешу жолдарын қарастыратын география
ғылымының саласы:
А) геоэкология В) картография
С) геоглобалистика
3. Ұйымдастырылуы бойынша
экспедициялық және стационарлық деп бөлінетін географиялық
әдіс:
А) далалық В) картографиялық
С) теориялық
4. Зерттелетін нысанды танып
білу мақсатында ой әрекетіне негізделетін әдістер
жиынтығы:
А) далалық В) картографиялық
С) теориялық
5. Нақты нысанның, құбылыс
немесе үдерістің жеңілдетілген үлгісі:
А) макет В) модель
С)ақпарат
6. Ғылыми немесе бұқаралық
баспасөз үшін жасалатын мәтіндік форма
түрі:
А) ғылыми есеп В) мақала С)
реферат
7. Математикалық тәсілмен
анықталып, кішірейтілген және жинақталған Жер бетінің немесе басқа
аспан денелері мен ғаламшарлардың беткі пішінінің жазықтық бетіне
көшірілген нақты көрінісі:
А) глобус В) план С)
карта
8. Қамтитын аумағына карталар
бөлінеді:
А) дүниежүзілік, материктік,
мұхиттық
В) жалпы географиялық,
физикалық, тақырыптық
С) ірі масштабты, орта
масштабты, ұсақ масштабты
9. Масштабына
қарай:
А) дүниежүзілік, материктік,
мұхиттық
В) жалпы географиялық,
физикалық, тақырыптық
С) ірі масштабты, орта
масштабты, ұсақ масштабты
10. Мазмұнына
қарай:
А) дүниежүзілік, материктік,
мұхиттық
В) жалпы географиялық,
физикалық, тақырыптық
С) ірі масштабты, орта
масштабты, ұсақ масштабты
11. Ақпратты көрнекі және
қабылдауға қолайлы түрде ұсыну:
А) баяндама В) мақала С)
таныстырылым
12. Нысан, құбылыс, үдеріс
туралы жазбаша немесе ауызша түрде сипаттама
беру:
А) заттық модель В) вербальды
модель С) графикалық модель
13. Нысанның, құбылыстың,
үдерістің зат түріндегі нақты пішінін
беру:
А) заттық модель В) вербальды
модель С) графикалық модель
14. Қандай жұмыстар зерттеу
ауданында тұрақты жұмыс істейтін бақылау стансалары, ғылыми
лабораториялар, орталықтар негізінде
жүргізіледі?
А) стационарлық В)
экспедициялық С) картографиялық
15. Жер бедерінің құрылысы,
шығу тегі, даму тарихы, қазіргі өзгерістері мен таралу
заңдылықтарын зерттейді:
А) геоморфология В) гидрология
С) биогеография