Материалдар / 8 Наурыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 Наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады. 

1-жүргізуші: 
Мереке құтты болсын, аналарым, 
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың 
Лебізіңе алғысты айта келе 
Әнжырымдықабыл ал аналарым! 

2-жүргізуші: 
Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар, 
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар. 
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған. 
Балғын шақты біз бақытгы балалар! 

1-жүргізуші: 
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, 
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар. 
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, 
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар! 

2-жүргізуші:Біз жыл көлемінде түрлі мерекелерді атап өтуді әдетке айналдырдық. Сондықтан, бүгін де біз осы жерге ерекше күнді, Көктем мерекесі, Аналар, арулар, қыздар мерекесін атап өту үшін жиналдық. Бір сөзбен айтқанда, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін тойлайық деп жатырмыз. 

 Мұғалім: Ал, қазір біз аналарымыздың қыздарымен қаншалықты бірігіп жұмыс істей алатынын байқап көреміз! Бір-бір ана мен бір-бір қызын шақырамыз. Қазір сіздердің қолдарыңызды байлап, қалған қолдарыңызбен бір шағын, бірақ өте жауапты жұмыс істейсіздер. Яғни, баланы орайсыздар. Іске сәт! 
«Баланы орау» ойыны 
1-жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! 
Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен. 
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен. 
Өрлесін елдің берген бақыт бағы. 
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен – депМөлдір, Аяулым, Дана және Бегімайдың орындауындағы «Тук тук»биін қабыл алыңыздар. 
Күнтуар: Анам менің аялап, әлдилеген 
Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген 
Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы 
Қалайша ұмытамын бал татыған 

Мөлдір: Анашым алдыңызда қарыздармын 
Өтеуден оны ешқашан қашпағанмын 
Ананың баласына махаббаты 
Мәңгілік алаулаған шам-шырағы. 

2-жүргізуші: Әр ана мен баласының арасында, көзге көрінбейтін жіппен байлап қойған сияқты, байланыс болады дейді. Келесі кезекте аналарымызға арналған жұмбақ сайыс ұсынғымыз келеді. Нағыз ана өз баласын көзін жұма тауып алады деп сенеміз. Сондықтан, құрметті анлар, тақтаға назарларыңызды аударуларыңызды сұраймыз! (Интерактивті тақтада балалардың мүшелері ғана көрсетілген презентация көрсетіледі. Әр ана өз баласын тауып алуы тиіс). 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!