Материалдар / 8-наурыз "Ана гүл,ана-өмірдің шуағы".
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8-наурыз "Ана гүл,ана-өмірдің шуағы".

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс түрінде концерт түрінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
598
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ана -өмір шуағы

Сабақтың мақсаты: 8-наурыз халықаралық аналар мерекесін атап өту.Анаға деген шексіз мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру. Оларды сыйлауға,қамқорлық жасауға,инабаттылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында көктемнің шуақты күндерімен сәйкес келетін 8-наурыз әжелер,аналар,қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз.Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер.

Әкелетін отбасына береке-ең

Әз аналар, арамызда көп екен.

Жыл құсындай,көктем сайын оралар

Құтты болсын,нұрға толы мерекең!

Ару қыздар,ай,көрік,қылығы-күн

Сезбейсіздер өздеріңіз мұны бүгін

Сезбейсіздер керемет қыз тағдырдың

Кереметтей табиғи сұлулығын



О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осыңдайсың жасын дағы кәрің де,

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге, -дей отырып бүгінгі өткелі отырған тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы 8наурыз - аналар мерекесі .

Міне, аналар мейрамы да күлімдеп көктемде келіп жетті. Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан-ол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әнші де, күй арнамаған күйші де жоқ шығар.

Ана! Осы бір жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр.Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейрімі, ақ тілегі сәби үшін қаншама қиындықты төтеп беретін төзімділігі тек бір сөзге сыйып тұрғандай!

Жыл мезгілдеріндегі ең тамаша мереке 8 наурыз халықаралық аналар күнің тойлап, атап өтуге жиналып отырмыз.

Нәзiктiк пен сұлулық, қажыр мен қайсарлықты бiр бойына жинаған арулардың мерекесi күлiмдеген көктеммен қатар келедi. Сұлулық пен махаббаттың мерекесiне айналған 8-наурыз неге дәл осы күнi тойланады? Себебi, ана – өмiрдiң алтын дiңгегi, бар адамзатқа өмiр сыйлаушы. Ал көктемде табиғат ана қайта құлпырады. Айнала жаңарып жайнайды. Ағаш бүршiк атып, гүл бүр жарады. Яғни, қысқы ұйқыдан жан-жануарлар оянып, өмiр қайта жанданып жатқан кезде аналар мейрамының тойлануы жарасып-ақ тұр емес пе?!

Осы мерекенiң негiзгi тарихына көз жүгiртсек, бұл мейрам әйелдер құқығы үшiн күрес күнi ретiнде пайда болған. 1857 жылы АҚШ-та тiгiн және киiм фабрикасының жұмысшы әйелдерi манифестацияға жиналды. Олар он сағаттық жұмыс, жарық, құрғақ жұмыс орындары мен ең бастысы жалақыларының ерлермен бiрдей болуын талап еттi. Ол кезде әйелдер 16 сағат жұмыс iстеп, мардымсыз жалақы алатын, ал ерлер осыған дейiн-ақ он сағаттық жұмыс күнiне қол жеткiзген болатын. АҚШ-тың көптеген кәсiпорындарында кәсiподақ ұйымдары пайда бола бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейiн тағы бiр кәсiподақ ұйымы құрылып, алғаш рет бұған әйел адамдар да мүшелiкке қабылданды.

Дәл осы күнi Нью-Йорктың көптеген қалаларының көшесiне нәзiк жандылар шығып, оларға сайлау құқығы берiлуiн талап еттi. 1910 жылы Копенгагенде өткен социалистердiң халықаралық коференциясында Клара Цеткин 8-наурызды халықаралық әйелдер күнi ретiнде тойлауды ұсынды. Ол тек әйелдерден тұратын революциялық отряд құрғандықтан, қай күндi әйелдер күнi қылып белгiлеу керектiгiн таңдайтын Клара едi. Клара болса жаңа отрядтың туған күнiн еврей тарихымен байланыстыра бiлдi. Клара өзiнiң еврей халқының қызы екендiгiн жасырып жүрген. Көп ғасыр бұрын өз елiн тираннан құтқарған Эсфирьге еврей халқының ең маңызды мерекесi – Пурим арналатын. Сол мейрам болатын күн сол жылы 8-наурызға сәйкес келгендiктен осы күндi таңдап алуы мүмкiн. Оның бұл сөздерi әлем әйелдерiне өз құқы үшiн күресуге шақырған ұрандай әсер еттi.

Көптеген елдердiң аналары кедейлiкке қарсы, өз құндылықтары мен құқылары үшiн күресуге шықты. Австрия, Германия, Швейцарияда 1911 жылы осы мейрамды 19-наурызда атап өттi. Келесi жылы 12-мамырда тойланды. Ал Ресейде ең алғаш рет 1913 жылы Петербург қаласында аталып өткен. Кейiн келе Европаның көптеген елдерiнде әйелдер осы күнi соғысқа қарсы марш ұйымдастырып отырған. 1917 жылы ақпанның соңғы жексенбiсiнде Ресейдiң әйелдерi «Нан мен бейбiтшiлiк» ұранымен көшеге шыққан. Содан 4 күннен кейiн император тақтан түсiрiлiп, Уақытша үкiмет әйелдердiң сайлау құқына кепiл болды.



Тәрбие сағатының 2-турында слайдтан еліміздегі атаулы еңбек сіңірген Қазақстан әйелдері бейнесі көрсетілді.Оқушыларға сол кісілер туралы материалдар әкелуге тапсырма берілген болатын.Барлығы жақсы дайындалған.

3-турда сынып қыздарының арасында шағын ойын ұйымдастырылды.Нәтижесінде белсене қатысқан топ жеңіске жетті.Жеңімпаздар марапатталды.

Тәрбие сағатының соңында сынып ер балалары мұғалімдер мен сынып қыздарына сыйлықтарын табыстады.















А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы









Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ана-өмір шуағы»







Дайындаған:Искалиева С.Ғ







Орал-2012ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!