Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 наурыз мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ әулие аналары.



Домалақ ана (өуелті есімі Нұрила) – шыдамдылық пен көнбістік, ақылдылық пен қанағат, ұрпақ тазалығын сыйлаушы рух иесі. Әулиенің сүйегі Шымкент қаласы мен Шаян селосының аралығындағы Бала Бөген өзені жағалауында.

Айша бибі әулие (жергілікті халық қыз әулие деп те атайды) – халық аңызы бойыннша Зеңгі бабаның қызы. Берін махаббаттың, қайсарлық пен өжеттіктің рәмізді бейнесі. Тараз қаласының кіре берісінде зәулім, сәулетті кесенесі бар.

Бибі Мария ана – әйелдерге ғажайып ақыл – парасат және билік сыйлаушы. Әулие ана қорымы Сайрамда.

Қарашаш ана – перзентке зар әйелдер мен ерлі – зайыптылар ынтымағын дәнекерлеуші, бәле – жаладан, өсектен арашалаушы, Қожа Ахмет әулиенің анасы. Басына әдемі сағана тұрғызылған.

Анар және Алма аналар – арлылық пен адалдық, инабаттылық пен нәзіктік, жұптық өмірі бақытты және жемісті болғысы келетіндердің тілегін орындаушы. Сүйектері Сайрамдағы Мәрия ана қорымының жанында.

Жезбике ана (Бегім ана деп те атайды) – қиналған жетім жесірдің жолын ашып, мол рахым жасайды. Қабірі Сырдарияның сол жағалауында, Ұзын ата әулиенің кесенесінің маңында.











Аңызға айналған батыр қыздары.

Томирис (Тұмар, б.з.д. 567-494 жж. Өмір сүрген) – соғыста қаза тапқан күйеуінің орнына патша болған әйел. Парсы патшасы Кирдің б.з.д. 529 жылғы соғысында бүкіл сақ әскерін Томирис басқарады. Үш тәулікке созылған жойқын шайқастың шешуші сәтінде жауынгерше киініп Кирдің өзі де кіреді. Бірақ парсылар ойсырай жеңіліп, жейхұн дарияға опыр-топыр бас қояды.Көпшілігі өте алмай суға кетеді. Жағадағы өліктердің ішінен Кирдің денесі де табылады Томирис: «Ақсағаның қан еді, сімір енді» деп, Кирдің басын қан толтырылған ыдысқа тоғытады.

Айбике – Бұланбай батырдың жары. Барлаушы топқа жетекші болған. Алтай, Ертіс, Тарбағатайдағы жоңғар әскерлері, олардың орналасуы туралы мол мағлұматтар жеткізіп тұрған ержүрек қыз.

Айтолкың – шайқастарда талай ерлік көрсеткен батыр қыз. Әкесі Абылай хан.

Ақ бикеш – қиырдағыны қалт жібермей көре қоятын қырағы қыз екен. Елдің ер азаматтарымен қатар бостандық соғысына қатысып, талай ерлік көрсеткен. Халық жау қолынан қаза тапқан батыр қызын ардақтап, Қоратау өңіріне «Ақ бикеш Мұнарасын» орнатқан.

Бопай Қазақстанда 1837 – 47 ж. Кенесары Қасымов бастаған реакцияшыл қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі, Кенесарының қарындасы. Ресей отаршылдарына қарсы 500 сарбазды басқарып, ерен ерлік көрсеткен. Сүйегі Ақтөбе облысындағы Ақкөл деген жерде жатыр.

Гауһар – Малайсары батырдың қарындасы. Қабанбай батырдың жары. Күйеуімен бірге көптеген жорықтарға қатысқан.

Жандәлі Найман елінің батыр қызы. Садақшы, біраз соғысқа қатысқан.

Зейнеп – 1730 жылы қазақ Сарыарқаға үдере көшкенде, қол құраған әйел. Сәти батырдың бәйбішесі.

Қызданбике, Нұрбике, Айбике - Шаншар руы осы қаһарман аналардың есімімен аталған.

Назым Қабанбай батырдың қызы, әкесімен бірге көп жорықтарға қатысқан.

Тәттібике – Есенгелді батырдың жары, ұрпағы Тәттібике атанған.

Мәншүк Мәметова – аға сержант, пулемет расчетінің командирі. Невель түбінде болған ұрыста пулеметтен оқ жаудырып, фашистердің шабуылына тойтарыс берді. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы (1941ж.) берілді.

Әлия Молдағулова – Кеңестін шығыста тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры (1943 ж.) атағын алған қаһарман қазақ қыздарының бірі. Псков облысы Новосокольники темір жол бекеті маңында фашистердің бекінісін алу үшін болған ұрыста ерлін көрсетіп, батальонның шабуылға шығуына мүмкіндік туғызды. Осы шайқаста ерлікпен қаза тапты.

Хиуаз Доспанова – ұшқыш, жау басып алған территорияға 300 реттен аса ұшып барып, өзіне жүктелген тапсырмаларды абырайлы орындап қайтқан.

Зоя Досбергенова – «Отан соғысы» орденімен үш рет марапатталған жаужүрек қыз.

Ғазиза Өмірбаева – медбике, нөсердей жауған оқ астынан 800 жауынгерді арқалап шығып, өзі де мерт болған.







8 – наурыз халықаралық аналар күні.

Осы мереке жақындаған кезде сендер жұрттың бәрінен жасырып, мамаларыңа, әпкелеріңе, апа-қарындастарыңа, сыныптас қыздарға сыйлық дайындайсыңдар. Барлық ер адамдар қауымы жасының үлкен – кішілігіне қарамастан бүкіл әйелдер қауымына ерекше құрмет көрсетеді. Өйткені – 8 наурыз әлемдегі барлық әйелдердің мерекесі.

Бұл мерекенің жылдың басқа мерзімінде болуы қисынға келмейтіндей, өйткені көктем секілді, әйелдерде адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

Мама. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз, нәзік, мейірімді жылы естіледі.

Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік, үлкен тағдыр.

Ана сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Жаным анам, жүзіңнен нұр шашылған,

Қысылғанда табыласың қасымнан.

Талай-талай шаршатқаным еркелеп,

Көрініп тұр қырау шалған шашыңнан.

Қуанышпен күлім қағып қарайсың,

Сәбиіңді щаттығыңа балайсың.

Тілегіңді жүрегіңнен сыйлайсың,

Сен мен үшін аппақ таңсың, арайсың.

Ал енді еліміздің, халқымыздың мыңдаған жылдық тарихын барлап шықсақ, ең алдымен аты аңызға айналған ірі тұлғалардың есімдері ойымызға оралары сөзсіз. Қағандар мен хандардың, қолбасшылар мен батырлардың бойына қасиет қонған әулие кісілердің іс-әрекеті арқылы тарихымыз толымды көрінеді.Осы жоғарыдағы тұлғалар негізінен ер адамдар болып келгенімен олардың қалың ортасынан шоқ гүлдердей әулие аналар мен ел, қол басқарған батыр әйелдерді, қыздарды да кездестіруге болады. Бұл жолы аты аңызға айналған аналар мен аруларды өз алдына тізіп, назарларыңызға ұсынамын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.01.2019
442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12