Материалдар / 8 наурыз сценари
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 наурыз сценари

Материал туралы қысқаша түсінік
бірінші кіші топқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2018
689
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КМҚК «Шапағат» ясли бақшасы










«Аналар - асыл қазынам»!





Өткізген: №4 «Ақбота» 1-ші кіші сәбилер тобы

Топ тәрбиешісі: Тукпанова.М.















2018 оқу жылы



«Бекітемін» 07.03.2018ж


«Шапағат» ясли  бақшасының әдіскері______Жанабилова.А.М


Тақырыбы: «Аналар – асыл қазынам!»

Мақсаты: Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық аналар мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Әдеби музикалық ашық шара

Көрнекілігі: Аналар туралы ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Ұйымдастыру:


Жүргізуші:

Қымбатты балалар, сүйікті аналар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.


(Басшыларға сөз кезегін ұсыну)

Жүргізуші;
Құрметті аналар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.


Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойына жиған,

Дүниенің ардақтысы анам екен.

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар намысты сақтаған,

Мен анамның сонысымен мақтанам.


Ән; «Анажаным» хормен



Жүргізуші;

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ерлік, еңбек атқарған,

Еңбегімен мақтанған.

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын ақ мамам.


Балалардың өздерінің әжелеріне және аналарына арналған тақпақтарна кезек береміз.

Тақпақтар:
Ясина; Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнімде,

Арнадым саған бәрінде.
Ержігіт:

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Жас балаша күледі.

Шұғыла;

Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.
Серік Айзере :

«Боташым» дер саған
Ол - менің анам.
Нұртас:

Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!


Жүргізуші;

Келесі кезекте ару қыздарымыздың аналарына арнаған әсем билеріне кезек береміз.


«Гүлдер» Биі ортаға ару қыздарымызды шақырамыз, қабыл алыңыздар.

Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.

Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші;Рахмет сізге Ару көктем қош келдіңіз, төрлетіңіз.

Көктем;Мен өзіммен бірге құлпырған гүлдерімді ала келдім.Қане балалар өнерлеріңді көрейін.Менімен ойын ойнағыларың келеме.ендеше екі топқа бөлініп «кім жылдам»ойынын ойнайық.Ұлдар мен қыздар болып жарысып көрелік.

Ойын; «Кім жылдам» гүл тереміз.

Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өздерінің аналарына арналған әндері,билері, тақпақтары бар қабыл алайық.

Тақпақтар;

Гүлімай;

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Сәрсенбай Айзере;

Ана деген көп шығар,
Анамдай адам жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.

Ақсұңқар;

Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.

Ақнұр;

Сұлулықтың негізі,

Бүгін наурыздық сегізі.

Әлібек;

Анам менің сүйікті,

Тек өзіңе табынам.

Жүргізуші;
Баға жетпес асылдың сынығысың,

Мөлдiр таза бұлақтың тұнығысың.

Күндей ашық, айдай биiк көңiлiңдi,

Жүрегiмдi нұрға бөлер жыр ұғынсын.

Менi мүлде құлатпайтын шынарымсың,

Дүниеде таусылмайтын жыр-әнiмсiң.

Саған айтқан шын сөзiмдi өлеңiмнен...

Жан анашым жүрегiңмен ұғамысың?!

Ән; «Ақ мамам» балалар хормен.

Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Айтуған:

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.

Мунира;

Анашым қамқоршым,

Бір өзің дарасың.

Мирас;

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Абылайхан;

Қуанышы баланың,

Бізді өсірген анашым.

Ақниет;

Менің анам күнім дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Жүргізуші;

Ортаға тобымыздың жігіттерн шақырамыз қарсыалыңыздар.
Би; «Жігіттер» ұлдарымызды қарсы аламыз.


Тақпатар;

Раяна;

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп жүреді.

Көп ертегі біледі.

Маған айтып береді.

Аяулым;

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Илияс;

Құтты болсын анашым,

Шуақ шашқан мерекең.

Ернұр;

Ақ бақытым анашым,

Әлпештеген баласын.

Мадияр;

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым.

Арман;

Анашым,анашым,

Мейірімді данасың.


Жүргізуші;

Келесі кезекті биге береміз ортада «Ақбота» тобының ару қыздары

«Қазақ» биімен

Жүргізуші;

Ана Сен бақыттысың! Жыламағын.

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой, Тірімін ғой, Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!


Құрметті аналар бүгінгі «Аналар асыл қазынам» атты ертенгілігімізді қортындылай келе сіздерге мол бақыт, көктемдей көтеріңкі көңіл күй сыйлай отырып «Ақбота» тобының тәрбиеленушілері дайындаған естелік кұттықтау ашық хаттарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.Қабыл алыңыздар.

(Ән «Анашым құдіретіңе табынамын»жіберу,балалар ашық хаттарын табыстау).

Басшыларға, Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін беру.



Жүргізуші;

Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті «Шапағат» бақшасы.
Құрметті кеш көрермендері! Сіздерді «Ақбота» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!Келіп тамашалағандарыңызға үлкен рахмет.Қош сау болыңыздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!