Материалдар / 8 сынып 4 тоқсан Физика пәндік тест жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 сынып 4 тоқсан Физика пәндік тест жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоқсандық тесттер А жауабы дұрыс нұсқасы. 8 сынып 4 тоқсанға арналған Тест жұмысы. 1,2,3 нұсқадан 20 сұрақ жауаптан тұрады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2024
38
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Физика 8 сынып IV тоқсан 1-нұсқа


1. Темір білеушенің температурасы 41ºС, ал ағаш білеушенің температурасы 285К.

Қай білеушенің температурасы жоғары?

а) темір;

в) ағаш;

с) білеушелердің температуралары бірдей;

д) білеушелердің температураларын салыстыруға болмайды, себебі олар әртүрлі бірлікте өрнектелген;

е) дұрыс жауап жоқ.

2.Жылу берілудің қандай түрі зат тасымалы арқылы жүреді?

а) конвекция;

в) жылу өткізгіштік;

с) сәуле шығару;

д) жылу өткізгіштік және конвекция;

е) сәуле шығару және конвекция.

3. Темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 460 .Бұл сан нені білдіреді?

а) 1кг темірді 1ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;

б) кез-келген массадағы темірді 1ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;

с) 1кг темірді 100 ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;

д) кез-келген массадағы темірді 100 ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;

е) 0ºC-тағы 1кг темір 460 Дж жылу бөліп шығарады.

4. Массасы 1кг отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қандай физикалық шама сипаттайды?

а) меншікті жану жылуы;

в) меншікті булану жылуы;

с) меншікті балқу жылуы;

д) меншікті жылу сыйымдылық;

е) жылу өткізгіштік.

5.Сұйықтың булануы неге тәуелді?

а) а-г жауаптарда көрсетілген барлық жағдайларға.

в) тек сұйықтың тегіне;

с) тек сұйық бетіндегі желге;

д) тек сұйық бетінің ауданына;

е) тек сұйықтың температурасына;


6. Кедергінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі.

А) Ом

В) Генри

С) Джоуль

Д) Вольт

Е) Ампер

7. Ток күші дегеніміз –

А) өткізгіштің көлдеңен қимасы арқылы ∆t уақыт аралығында өтетін ∆q зарядтың сол уақытқа қатынасы.

В) уақыт бірлігінде тасымалданатын оң зарядтың шамасы.

С) әрбір бөлшек тасымалдайтын зарядқа тәуелді шама.

D) заряд сияқты оң және теріс мәнге ие бола алатын скаляр шама.

Е) өткізгіштің көлдеңен қимасының ауданына тәуелді шама.

8. Өткізгіштің меншікті кедергісі:

а) ρ=

в) ρ=

с) ρ=m/v

д) ρ=

е) I=


9. Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін не деп атайды?

а) түйін

в) кілт

с) кедергі

д) тізбек

е) нүкте

10. Токтың жұмысын анықтайтын формула:

а) A = I ∙ U ∙ ∆t.

в) А = q ∙ E ∙ ∆d.

с) A = I2 ∙ R ∙ ∆t.

д) A =

е) A = P ∙ ∆t.

11. Токтың қуатына есептеуге сәйкес келмейтін формула

а)

в)

с)

д)

е)

12. Кедергілері 4 Ом және 6 Ом болатын өткізгіштер параллель жалғанған. Өткізгіштің жалпы кедергісі

А) 2,4 Ом

В) 3,7 Ом

С) 4,2 Ом

Д) 6,2 Ом

Е) 5,8 Ом

13. Электрлік шам арқылы 10 минутта 300 Кл заряд ағатын болса, шамдағы ток күші:

А) 0,2 А.

В) 0,8 А.

С) 0,7 А.

Д) 0,5 А.

Е) 0,1А

14. Дұрыс емес тұжырымды табыңыз.

А) Кедергі өткізгіштің ұзындығына тәуелді.

В) Кедергі өткізгіштің геометриялық өлшемдеріне тәуелді.

С) Кедергі өткізгіштің материалына тәуелді.

D) Кедергі өткізгіштің негізгі электрлік сипаттамасы.

Е) Өткізгіштің кедергісін тізбектегі кернеуді өлшеп қана анықтауға болады.

15.Пластмасса сызғышты жүнге үйкегенде сызғыш теріс зарядталады.Бұның себебі:

а) электрондар жүннен сызғышқа ауысады;

в) электрондар сызғыштан жүнге ауысады;

с) протондар сызғыштан жүнге ауысады;

д) протондар жүннен сызғышқа ауысады;

е) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

16. Екі нүктелік 1*10 -6 Кл және 200*10 -9 Кл зарядтар бір-бірінен 0,01 м қашықтықта орналасқан. Зарядтардың өзара әсерлесу күші қандай?

а) 18 Н;

в) 10 Н;

с) 1 Н;

д) 0,1 Н;

е) 10 Н.

17. Суретте жолақ магниттің магниттік сызықтары және 1,2,3 магнит тілшелер көрсетілген.Қай тілшеге магнит күшті, қайсысына әлсіз әсер етеді?

Shape1

а) 2-ші тілшеге күшті, 1-тілшеге әлсіз;

в) 1-ші тілшеге күшті, 2-тілшеге әлсіз;

с) 3-ші тілшеге күшті, 2-тілшеге әлсіз;

д) ешбір тілшеге әсер етпейді;

е) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.


18.Магнит өрісінің күш сызықтары дегеніміз-

а) магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелердің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар;

в) электр зарядынан басталып, электр зарядынан аяқталатын сызықтар;

с) өткізгішті қармап жатқан сызықтар;

д) ток жүріп жатқан өткізгішпен бағыттас сызықтар;

е) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.

19.Электр өрісіне қарағанда магнит өрісінің ерекшелігі:

а) ток жүріп жатқан өткізгішке әсер етеді;

в) өріске енгізілген электр шамына әсер етеді;

с) жеңіл мыс сымға әсер етеді;

д) зарядталған шыны таяқшаға әсер етеді;

е) ерекшелігі жоқ.

20.Магнит өрісін ... туғызады.

а) қозғалыстағы электр зарядтары;

в) тыныштықтағы электр зарядтары;

с) магниттік зарядтар;

д) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтары;

е) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

21.Жарықтың түзу сызықты таралу заңының дұрыс тұжырымдамасын көрсет:

а) мөлдір біртекті ортада жарық сәулелері түзу сызықты таралады;

в) вакуумде жарық сәулелері түзу сызықты таралады;

с) ауада жарық сәулелері түзу сызықты таралады;

д) мөлдір ортада жарық сәулелері түзу сызықты таралады;

е) біртекті ортада жарық сәулелері түзу сызықты таралады;

22.Көлеңкенің пайда болуы, Күннің және Айдың тұтылуы жарықтың қандай қасиетін сипаттайды?

а) жарықтың түзу сызықты таралуы;

в) жарықтың шағылуы;

с) жарықтың сынуы;

д) жарықтың толық шағылуы;

е) жарықтың жұтылуы.

23.Төмендегі тұжырымдардың қайсысы жарықтың шағылу заңын сипаттайды?

1) Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;

2) Түсу бұрышының синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады;

3) Түскен сәуле мен сынған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;

4) Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең;

а) 1,4;

в) 3,4;

с) 2,4;

д) 1,2;

е) 1,3.

24. Егер күнмен жарықталған, биіктігі 110см тік тұрған сырық жер бетіне 130см көлеңке, ал телеграф бағанасының көлеңкесі одан 520см артық болса, бағананың биіктігі:

а) 5,5м;

в) 5,3м;

с) 5,2м;

д) 5,8м;

е) 6,2м.

25.Күннің горизонттан биіктігі 46º. Жазық айнадан шағылған күн сәулелері тік төмен кету үшін жарық сәулелерінің айна бетіне түсу бұрышы:

а) 68º;

б) 46º;

в) 48º;

г) 44º;

д) 23º;

26. Жазық айнаны бұрышқа бұрса, одан шағылған жарық сәулесі қандай бұрышқа ауытқиды?

а) 2 ;

в) 0;

с) ;

д) 4 ;

е) 90º.

27. Егер нәрсені шашыратқыш линзаның фокусында орналастырса, онда оның кескіні ...

а) кескін пайда болмайды.

в) шын, үлкейтілген;

с) жалған, кішірейтілген ;

д)жалған,үлкейтілген ;

е) жалған,өлшемі өзіне тең ;

28.Жинағыш линзаның фокус аралығы 0,2м . Кескіннің өлшемі өзіне тең болу үшін нәрсені линзаға дейін қандай қашықтыққа қою керек?

а) 40см ;

в) 20см ;

с) 10см;

д) 80см;

е) ондай жағдай мүмкін емес.

29. Фокус ара қашықтығы 2м. Линзаның оптикалық күші

а) 0,5 дптр;

в) 2 дптр;

с) 3 дптр;

д) 4 дптр;

е) 0,2 дптр.

30. Линзаның оптикалық күшінің БХЖ-де өлшем бірлігі ...

а) ;

в) Н;

с) ;

д) м ;

е) жауаптар ішінде дұрысы жоқ.






Физика 8 сынып IV тоқсан 2- нұсқа


1. Цельский шкаласы бойынша (00 С) нөл градусқа тең деп қабылданған температураны көрсетіңдер

а). Мұздың еру температурасы

в). Броундық қозғалысты тоқтату температурасы

с). 2730С температура

д). Судың қайнау температурасы

е). – 2730 С температурасы

2. Температуралары әртүрлі екі сұйықты араластыру нәтижесінде алынған қоспаның температурасын есептеуге болатын өрнек

а) (с1m1t1+ с2m2t2) /(с1m1+ с2m2)

в) (m1t1+ с2m2t2) /(m1+ с2m2)

с) (с1m1+ с2m2) /(с1m1+ с2m2)

д) (с1m1t1+ с2m2t2)*(с1m1+ с2m2)

е) (m1t1+ с2m2t2) / с2m2

3. 5,4 · 107 Дж жылу мөлшері бөліну үшін жағатын спирттің массасы

(qспирт=26 МДж/кг)

а). 2 кг

в). 20 кг

с). 140 · 105 кг

д). 25 кг

е). 0,5 кг

4. Дененің температурасын өлшейтін құрал

а). Темометрмен

в). Динамометрмен

с). Барометрмен

д). Спидометрмен

е). Манометр

5. Массасы 15 кг таскөмір толық жанғанда қанша жылу мөлшері таскөмір толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? (q = 2,7 · 107 Дж/кг)

а). 40,5 · 107 Дж

в). 12 · 106 Дж

с). 0,4 · 107 Дж

д). 0,04 · 107 Дж

е). 4 · 108 Дж

6. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:

а) Q= + U;

в) Q=A;

с) Q= U+A;

д) U= −A;

е) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

7. Суретте идеал газдың күйінің өзгеру процестері көрсетілген. Жауаптар ішінен дұрысын тап.

а)1-2 изобаралық,2-3изохоралық,3-1изотермиялық;

в)1-2 изохоралық,2-3изобаралық,3-1изотермиялық;

с)1-2 изотермиялық,2-3изобаралық,3-1изохоралық;

д)1-2 изохоралық,2-3изотермиялық,3-1изобаралық;

е) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

P

V

Shape2


8. Жылу машинасы қыздырғыштан 100 кДж энергия алады, ал салқындатқышқа 70 кДж энергия береді. Осы машинаның ПӘК-і қандай?

а) 30 %;

в) 59 %;

с) 70 %;

д) 17 %.

е) 27 %.

9.Пластмасса сызғышты жүнге үйкегенде сызғыш теріс зарядталады.Бұның себебі:

а) электрондар жүннен сызғышқа ауысады;

в) электрондар сызғыштан жүнге ауысады;

с) протондар сызғыштан жүнге ауысады;

д) протондар жүннен сызғышқа ауысады;

е) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

10.Егер өзара әсерлесу күші 1,8 Н болса, 0,1 мкКл және 200 нКл екі нүктелік екі заряд бір-бірінен қандай қашықтықта орналасқан?

а) 1см;

в) 10см;

с) 1м;

д) 0,1 см;

е) 10 см.

11. Ток күшін өлшейтін құрал

а). Амперметр

в). Вольтметр

с). Омметр

д). Динамометр

е). Барометр

12.Егер тізбектегі ток күші 8А болса, 20с ішінде өткізгіш арқылы қанша заряд өтеді?

а) 160 Кл;

в) 0,4 Кл;

с) 16 Кл;

д) 2,5 Кл;

е) 4 Кл.

13.Кедергісі 20 Ом өткізгіш арқылы 1мин ішінде 300 Кл заряд ағып өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу қандай болғаны?

а) 100 В.

в) 50 В;

с) 18 В;

д) 200 В;

е) 36 В;

14. Ток күші қандай формуламен анықталады?

а) I=q/t

в) I=U/q

с) I=E/t

д) I=R/U

е) I=q/u

15. Кедергінің өлшем бірлігі қалай анықталады?

а) Ом

в) Дж/кг

с) Ом*м

д) А

е) В

16. Қазіргі қыздыру шамының негізгі бөлігі

А) Жіңішке вольфрам сымнан жасалған спираль.

Б) Жуан вольфрам сымнан жасалған спираль.

В) Жіңішке алюминий сымнан жасалған спираль.

Г) Жіңішке мыс сымнан жасалған спираль.

Д) Дұрыс жауап жоқ.

17. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы негізінде А-тың келесі формуласы алынады?

а) A=IUt

в) A=I2Rt

с) A=IRt

д) IUR

е) IR2t

18. Электрлік шам арқылы 600 минутта 300 Кл заряд ағатын болса, шамдағы ток күші:

а) 0,5 А.

в) 0,8 А.

с) 0,7 А.

д) 0,9 А.

е) 0,2 А

19.Жарықтың түзу сызықты таралу заңының дұрыс тұжырымдамасын көрсет:

а) мөлдір біртекті ортада жарық сәулелері түзу сызықты таралады;

в) вакуумде жарық сәулелері түзу сызықты таралады;

с) ауада жарық сәулелері түзу сызықты таралады;

д) мөлдір ортада жарық сәулелері түзу сызықты таралады;

е) біртекті ортада жарық сәулелері түзу сызықты таралады;

20.Көлеңкенің пайда болуы, Күннің және Айдың тұтылуы жарықтың қандай қасиетін сипаттайды?

а) жарықтың түзу сызықты таралуы;

в) жарықтың шағылуы;

с) жарықтың сынуы;

д) жарықтың толық шағылуы;

е) жарықтың жұтылуы.

21.Төмендегі тұжырымдардың қайсысы жарықтың шағылу заңын сипаттайды?

1) Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;

2) Түсу бұрышының синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады;

3) Түскен сәуле мен сынған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;

4) Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең;

а) 1,4;

в) 3,4;

с) 2,4;

д) 1,2;

е) 1,3.


22.Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады.

Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады.Осы магнит өрісін бір жерден екінші жерге көшіруге болады?

а) тогы бар өткізгішті көшіру арқылы;

в) темір ұнтақтарын көшіру арқылы;

с) магнитті көшіру арқылы;

д) оны күшті электромагниттің көмегімен тарту арқылы;

е) магнит өрісін көшіру мүмкін емес.

23.Жолақ магнитті екіге бөледі.Осы бөліктер нені білдіреді?

а) А-N, Д-S, В-S, С-N;

в) А-N, Д-S,Вжәне С-бейтарап;

с) барлық сол жағы-″N″,, оң жағы-″S″;

д) магнит өрісі жойылып кетеді;

е) нақты жауап беру мүмкін емес, бәрі магнит жа

салған материалға байланысты.


N

S




А В

С Д





24. Төменде келтірілген құралдардың қайсысында электромагнит қолданылады?

а) электр қоңырауы;

в) микроскоп;

с) динамик;

д) телескоп;

е) электроскоп.

25. Электрқозғалтқыш дегеніміз не?

а) электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын құрылғы;

в) электрөлшеуіш аспаптар;

с) электромагниттік аспап,

д) генератор;

е) трансформатор.

26.Тогы бар шарғының магнит өрісін күшейту үшін:

1) ток күшін арттыру; 2) орам сандарын арттыру; 3) шарғы ішіне темір өзекше енгізу;

а) 1,2,3;

б) тек 2;

в) тек 3;

г) тек 1;

д) ондай жағдай мүмкін емес.


27.Тік орналасқан жазық айнаның алдында адам тұр.Егер адам айна жазықтығынан 2м алыстаса, онда адам мен оның кескіні арақашықтығы қалай өзгереді?

а) 4м-ге артады;

в) өзгермейді;

с) 2м-ге артады;

д) 2м-ге кемиді;

е) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ


28.Шашыратқыш линзаның көмегімен нәрсенің үлкейтілген кескінін алуға бола ма? Егер мүмкін болса, онда нәрсені қалай орналастыру қажет?

а) жоқ;

в) иә, линза мен фокус аралығына;

с) иә, Ғ пен 2Ғ арасында;

д) иә, 2Ғ-тан тысқары;

е) иә, 2Ғ-та.

29.Бірліктердің халықаралық жүйесінде линзаның фокус аралығының өлшем бірлігі қалай өрнектеледі?

а) м;

в) ;

с) дптр;

д) ;

е) жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

30 Төмендегі формулалардың қайсысы жұқа линза формуласына сәйкес келеді?

а) ;

в) ;

с) ;

д


) ;

е) .


Физика 8 сынып IV тоқсан 3-нұсқа


1. Массасы 300 кг сутекті қыздырғанда, 60 кДж жылу мөлшері беріледі. Бұл процестегі температураның өзгерісі (с = 14,2 · 103 Дж/кг · 0С)

а). 0,014 К

в). 0,04 К

с). 0,1 К

д). 0,2 К

е). 4 К

2. Абсолют нөл температураға Цельсий шкаласы бойынша қай температура сәйкес келеді?

а). – 2730 С

в). 00 С

с). 2730 С

д). – 1000 С

е). 1000 С

3. Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептейтін формула

а). Q = q · m

в). Q = h · m

с). Q = r · m

д). Q = сm (t2 – t1)

е). Q = Q1 + Q2

4. Заттың қандай күйінде конвенция процесі жүреді?

а). Сұйықтар мен газдарда

в). Сұйықтарда

с). Газдарда

д). Қатты денелерде

е). Қатты денелер мен сұйықтарда

5. Кристалл қатты денелерге жатпайды

а). Шыны

в). Қант кесегі

с). Графит

д). Кварц

е). Ас тұзы түйіршіктері

6. Жылу машинасының ПӘК – і ƞ – ны табу үшін пайдалануға болатын өрнек. (Мұндағы Q1 – қыздырғыштан алынған жылу мөлшері Q2 – салқындатқышқа берілген жылу мөлшері)

а). ƞ = Q1 - Q2/ Q1

в). Q1 = ƞQ1 – Q2

с). ƞQ1 = ƞQ2 – Q1

д). ƞQ2 = ƞQ1 – Q2

е). ƞQ2 = Q1 – Q2

7. Электрсыйымдылығы 0,5 Ф конденсатор 5 В кернеуге дейін зарядталған. Конденсатордың бір астарындағы заряд неге тең?

а). 2,5 Кл

в). 1,25 Кл

с). 10 Кл

д). 5 Кл

е). 0,1 Кл

8. Электр өрісінің кернеулігін анықтайтын формула

а). Е = F/q

в). φ = Е · а

с). Wр = qEб

д). А = q · (φ1 – φ2)

е). φ = Wр/q

9. Біраттас зарядтар

а). Тебіледі

в). Әуелі тартылады, сосын тебіледі

с). Әуелі тебіледі, сосын тартылады

д). Дұрыс жауап жоқ

е). Тартылады


10. Токтың қуатын өлшейтін аспап қалай аталады?

а) ваттметр

в) вольтметр

с) амперметр

д) генератор

е) ток көзі

11. Меншікті кедергінің өлшм бірлігі қандай?

а) Ом*м

в) Дж/кг

с) кг/Дж

д) Кл/с

е) В/Ом

12 . Электр қозғаушы күшінің формуласы:

а) = Аб /q

в) = q / Аб

с) = Аб/t

д) = E/q

е) = q/E

13. Тұрақты токтың істеген жұмысы қандай формуламен анықталады?

а) A=I*U*t

в) A=q/t

с) I*U*q

д)A=I*U*R

е) B/Oм

14. Электр зарядын жинақтайтын арналған құрал:

а) Конденсатор

в) Вольтметр

с) Амперметр

д) Электрометр

е) Электроскоп

15.Егер тізбектегі ток күші 8А болса, 20с ішінде өткізгіш арқылы қанша заряд өтеді?

а) 160 Кл;

в) 0,4 Кл;

с) 16 Кл;

д) 2,5 Кл;

е) 4 Кл.

16.Кедергісі 20 Ом өткізгіш арқылы 1мин ішінде 300 Кл заряд ағып өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу қандай болғаны?

а) 100 В.

в) 50 В;

с) 18 В;

д) 200 В;

е) 36 В;

17. 110 В-қа есептелген электр шамының қуаты 40Вт. Шамның кедергісі:

а) 303 Ом.

в) 55 Ом;

с) 1210 Ом;

д) 606 Ом;

е) 730 Ом;

18.Сыртқы магнит өрісін күшейтетін заттар:

а) ферромагнетиктер;

в) парамагнетиктер;

с) диамагнетиктер;

д) магнетиктер;

е) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

19.Магнит өрісі ... әсер етеді.

а) қозғалыстағы электр зарядтарына;

в) тыныштықтағы электр зарядтарына;

с) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтарына;

е) магниттік зарядтарға;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

20.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағыты ... анықталады.

а) сол қол ережесімен;

б) бұрғы ережесімен;

в) оң қол ережесімен;

г) Ленц ережесімен;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

21.Суретте магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгіш көрсетілген.Өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсетіңдер.

а) өткізгішке әсер ететін күш тік жоғары бағытталған;

в) өткізгішке әсер ететін күш оңға қарай бағытталған;

с) өткізгішке әсер ететін күш солға қарай бағытталған;

д) өткізгішке әсер ететін күш тік төмен бағытталған;

е) дұрысы жоқ

д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ,




S


N


Shape3




22.Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы ...

а) генератор;

б) электрқозғалтқыш;

в) электромагниттік аспап;

г) магнитоэлектрлік өлшеуіш аспап;

д) трансформатор.

23.Төмендегі приборлардың қайсысы нәрсенің нақты және кішірейтілген кескінін береді?

а) фотоаппарат;

в) микроскоп;

с) телескоп;

д) көру трубасы;

е) фильмоскоп.

д) нақты жауап беру мүмкін емес.

24.Егер < < 2 болса, онда линзадан кескінге дейінгі қашықтық:

а) >2 ;

в) > ;

с) = ;

д) шексіз үлкен қашықтықта;

е) < <2 .

25. Шағылған сәуле түскен сәулемен 500 құру үшін жарық сәулесінің түсу бұрышы қандай болу керек?

а). 250

в). 200

с). 400

д). 500

е). 1000

26. Жинағыш линзаның көмегімен жарқырап тұрған нүктенің кескіні алынды.

Егер d = 0,5 м, f = 1 м болса, онда линзаның фокустық арақашықтығы неге тең?

а). 0,33 м

в). 0,5 м

с). 1,5 м

д). 3 м

е). 0,05 м

27. Фокустық арақашықтығы – 20 см, жинағыш линзаның оптикалық күшінің абсолюттік мәні неге тең?

а). 0,05 дптр

в). 20 дптр

с). 5 дптр

д). 0,04 дптр

е). 0,02 дптр

28. Егер түсу бұрышы 100 – қа азаятын болса, онда түскен және шағылған жарық сәулелерінің арасындағы бұрыш қалай өзгереді?

а). 200 – қа азаяды

в). 100 – қа азаяды

с). 150 – қа азаяды

д). Өзгермейді

е). 400 – қа азаяды

29. Тік орнатылған жазық айнадан 1 м қашықтықта адам тұр. Кескінінен айнаға дейінгі арақашықтық неге тең?

а). 1 м

в). 0,1 м

с). 2 м

д). 4 м

е). 5 м

30. Жинағыш линзаның көмегімен жарқырап тұрған нүктенің кескіні алынды.

Егер d = 0,5 м, f = 2 м болса, онда линзаның фокус аралығы неге тең?

а). 0,4 м

в). 1,5 м

с). 0,5 м

д). 0,7 м

е). 0,2 м






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!