Материалдар / 8 сынып, Ковалентті байланыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 сынып, Ковалентті байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ковалентті байланыс "тақырыбында қысқа мерзімдік жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2023
285
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

Химиялық байланыс түрлері

Педагогтің аты-жөні:

Темиртаева Айдана Жақыпқызы

Күні:


Сыныбы:

8

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Ковалентті байланыс

(40-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.4.1 -электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Электртерістілік ұғымының анықтамасын айқындай алады;

Электртерістілік заңдылықтарының өзгерісін сипаттай алады;

Электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасында түзілген ковалентті байланыстың полюсті және полюссіз екендігін ажырата алады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Ұйымдастыру.

І. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы мен бірлескен оқу ортасын құру

Проблемалық сұрақ:

Берілген Сl2 және НСl молекулаларының электрон бұлттарын салыстырыңыз. Неліктен олар ерекшеленеді?


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Тақта, Молекула суреттері

Жаңа сабаққа кіріспе


Мұғалім: Ковалентті байланыстың полюсті немесе полюссіз екендігін қалай ажыратамыз? Оқушылар жауаптарына сүйене отырып мұғалім жаңа ұғымды «электртеірістілік» енгізеді.Оқушылармен бірлесе отырып электртерістілік ұғымының анықтамасын құрастырады.


Оқушылар Н2 молекуласында электрон тығыздығы теңдей таралған, ал НCl молекуласында электрон тығыздығы хлор атомына қарай ығысқан деген қорытындыға келуі қажет.


Мұғалім осыған байланысты ковалентті байланыс полюсті және полюссіз болып екіге бөлінетіндігін айтады.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.

Элементтердің салыстырмалы электртерістілігі туралы мәліметтер келтіріңіз

Электртерістілік – химиялық байланыс кезінде атомдардың өзіне электрон тарту қабілеті.


Элементтердің салыстырмалы электртерістілігі


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Периодтық кесте

Топтық жұмыс

6 мин


Элетртерістілік период және топ бойынша қалай өзгеретіндігін сиптаттаңыз?


Оқушылар жұпта өзара ақылдасып, электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай артады және топ бойынша жоғарыдан төменге қарай кемиді деген қорытындыға келеді.


Оқушылар түсінігін толықтыру мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылады.


Электртерістілігі ең жоғары элемент _______


Электртерістілігі ең төмен элемент_______


Электртерістілік мәні нөлге элементтер тобы ____


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Периодтық кесте

Жеке жұмыс

5 мин

Оқушыларға қызыл және жасыл түсті карточкаады ұсыныңыз. Оқушылар егер молекула құрамында

ковалентті полюсті байланыс болса қызыл түсті ,

ал ковалентті полюссіз байланыс болса жасыл түсті көрсететінін ескертіңіз.

Оқушылар жұпта элементтердің салыстырмалы электртерістілік мәндерін пайдаланып молекуланың ковалентті полюсті немесе полюссіз екендігін анықтайды.

Оқушылар жұмыс парағындағы тапсырмаларды жеке орындайды.


Дәптер, тақта

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- ненібілдім, неніүйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй тапсырмасына кітаптағы есептерді шығаруды айтыңыз.

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!