ЗАЙСАН АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН
САРЖЫРА НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
Ашық
сабақ
8 сынып қазақ
әдебиеті
Қабдеш
Жұмаділов
Қаздар қайтып
барады
Өткізген: Әлжапаров
Н.Қ
2017-2018 оқу
жылы
Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов
«Қаздар қайтып барады» әңгімесі
Мақсаты:
А)
білімділік: Қ.Жұмаділовтің өмірі мен
шығармашылығына шолу жасай отырып, әңгіменің тақырыбы мен идеясын
ашу;
Ә)
тәрбиелік: Оқушылардың бойында Отанына,
туған жерге, еліне деген сүйіспеншілігін
арттыру;
Б)
дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау
қабілеті мен өздігінше жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты
меңгерту
Әдіс-тәсілдер: Зерттеу,
әңгімелеу, дәлелдеу, зерделеу, топтық
жұмыс
Көрнекіліктер: Презентация,
үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланыс:
Тарих
I Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушыларды түгендеу; Сабаққа
зейіндерін аудару
II Үй тапсырмасын
сұрау
Проблемалық сұрақтар қою
арқылы
-
«Қаздар қайтып барады»
әңгімесінің негізгі тақырыбы не?
-
Қарт қайда сапар шегіп келеді?
Оның арман-тілегі не?
-
Туған жер топырағын аттаған
сәттегі қарттың сезімі, ата-мекенге деген сағынышы шығармада қалай
суреттелген?
-
Осы әңгімеге тақырыптас туған
жер, оған деген перзенттік сүйіспеншілік пен сағыныш жайында басқа
қандай ақын, жазушылардың өлеңдері мен шығармаларын
оқыдыңдар?
-
Топтастыру. Қ.Жұмаділов
кім?
жазушы
драматург
Қ.Жұмаділов кім?
Қоғам
қайраткері журналист
Шағын
бейнеролик: 1930-33 жж қазақ халқы көрген
қысым.
III Жаңа сабақ Байтас шал
мен Жазушы бейнесі
Сынып оқушыларын 3 топқа
бөлемін:
1 топ:
Әдебиетшілер
2 топ:
Тарихшылар
3 топ:
Зерттеушілер
-
Байтас шалға
мінездеме. Оқушыларға үзінділер беріледі,
сол үзінді арқылы Байтас шалға мінездеме
беру.
-
Бар салмағын таяғына салып,
тізесі дірілдеп зорға жылжып келеді. Кеудесі сырылдап, өкпесі
аузына тығылып, әлсін-әлі тоқтап, дем алады. Бірақ алдында көлденең
сұлап жатып алған қырсық асудың төбесіне бір шықсам-ау деген арман
қолтығынан демегендей, өрге қарай өшіге, өршелене қайта
ұмтылады.
-
Шал маңайда жатқан бірнеше
үлкен тасты қасына әкеп алды. Сонан соң «келсең кел» дегендей,
тәуекелмен тас түйіліп, қас дұшпанын күтті де
отырды.
-
Міне, ол қазір де тұла бойының
қан қақсап ауырғанына қарамастан ілгері аяңдап келеді. Біраз
жүргесін денесі қайта қызып, сырқырап ауырғаны басылаййын деді.
Биік жотаның батыс жағынан қабақтап, әлдеқашан шөп басып кеткен
көне бір жолдың тағанымен сайға қарай түсіп
келеді.
-
Алдында қандай қасірет дайын
тұрғанын бұл ауылға келгенде бір-ақ білді. Өткен қыста да сүйек жұт
болып, малдан тігерге тұяқ қалмаған. Адам шығыны да аз емес.
Тірілердің қатары селдіреп, жотадағы зираттың қарасы молая түсіпті.
Қарт сол зираттың шет жағындағы кішкентай жас топырақты құшақтап
бір тәулік ессіз жатты. Өзі жоқта жалғыз жұбанышы Төлеутай аштыққа
төзбей, қыршынынан қиылыпты.
-
Қарт ойына алған жұмысын түгел
орындап тынды да, шекпенінің үстіне: «Аһ» - деп жантая кетті. Бүкіл
тұла бойының талып шаршағаны соншалық, ештеңені ойлауға да зауқы
соқпады. Қыбыр етерге халі жоқ.
-
Байтас шалдың прототипі –
Қабдеш Жұмаділов өзі (деп ойлаймын)
-
Топтық
жұмыс
1 топ:
Әдебиетшілер. Әңгімеге композициялық жоспар
құру.
Әңгіменің басталуы Табиғат
көрінісі
Ә ңгіменің дамуы
Жолға шыққан қария
Ә ңгіменің байланысы
Көкжалмен бетпе-бет
Әңгіменің шиеленісуі Туған
жерге жету мақсатында
кедергілерден
өту
Шарықтау шегі Шекарадан
өту
Әңгіменің Туған
топырақ.
шешімі Перзенттік
парыз
2 топ:
Тарихшылар
Тірек сигналдары арқылы
Қ.Жұмаділовтің өсу жолдарын көрсету.
1962 ж
1958 ж
1956ж
1936 ж
ҚХР-да ҚазҰУ-ға Қайтадан
Қытайға Қазақ жастары
дүниеге келген оқуға түседі
шақыртылады шекараны бұзып
бұзып өтеді.
Елге
келіп оқуын
аяқтайды
1998 ж
1990 ж
1983 ж
Жазушылар одағы Қазақстан ҚР
Халық жазушысы
Сыйлығының иегері сыйлығының
иегері
3 топ:
Зерттеушілер
Шет елдегі қазақ диаспоралары
(қандастар) диагграмма құру
Қ.Жұмаділов Дарабозы мен
батырлар жыры
-
Шығармада кездесетін
көркемдегіш, бейнелегіш құралдарды тауып, кестеге
толтыру. А)
Әдебиетшілер
-
Әдебиетшілер
|
эпитет
|
Көнерген
сөздер
|
Қара
мылтық
|
+
|
|
саптыаяқ
|
|
+
|
Қара
домбыра
|
+
|
|
Шоқпар
тас
|
+
|
|
Ә)
Тарихшылар
-
Тарихшылар
|
теңеу
|
фразеологизмдер
|
Бұрауы жеткен
домбырадай
|
+
|
|
Таяқ тастам
жер
|
|
+
|
Қозыкөш
жер
|
|
+
|
Жіпке тізген
моншақтай
|
+
|
|
Б)
Зерттеушілер
-
Зерттеушілер
|
пейзаж
|
Топонимикалық
атаулар
|
Тау іші. Иен жайлау. Аспан да,
жер де сұп-сұрғылт
|
+
|
|
Неткен сұлу, неткен ғажап
таң.
|
+
|
|
Тарбағатай, Айнабұлақ,
Арғанаты, Нұра
|
|
+
|
Тасбастау
|
+
|
|
-
Мақал – сөздің мәйегі. Осы
мақал-мәтелдерге байланысты шығарма үзіндісін әңгімелеп беріңдер?
Әр топқа үлестірмелі карточкалар
таратылады.
-
Әдебиетшілер:
«Жол азабы - көр
азабы»
«Бөрі азығы мен ер азығы
жолда»
-
Тарихшылар:
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз
еліңде ұлтан бол»
«Ерден айырылған көмгенше
жылайды»
-
Зерттеушілер:
«Алла, атам деп жылатсаң да,
балам деп жылата көрме»
«Өлі тоймай тірі
байымас»
-
Бағалау. Бағалау парақшасы
арқылы
-
Тест сұрақтары
-
1.Қабдеш Жұмаділовтің туған
жері
-
С) Қазақстан Т) Қытай У)
Монғолия
-
2. Жазушының қазақтың атақты батыры
Қабанбай туралы жазылған тарихи шығармасы
-
С) «Тағдыр» Т) «Соңғы көш» У)
«Дарабоз»
-
3. «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің
тақырыбы
-
Ғ) Туған жерге деген сүйіспеншілік Д) Табиғатты
қорғау Ж) Аңшылық туралы
-
4. Байтас қарт еліне келер кезде асып өткен
тау
-
А) Тарбағатай Ә) Алатау Б)
Тибет
-
5. Қарттың немересінің қайтыс болу
себебі
-
М) аурудан Н) аштықтан О)
соғыста
-
6. Ақсақалдың тұмарында 40 жылдай сақтап
келген зат
-
Ж) бір уыс топырақ З) Құран сүресі К)
өсиет
-
7. Қарттың 40 жылдай көкірегінде сақтаған
арманы
-
Е) Туған жердің топырағына аяқ
басу
-
Ж) Жасырып кеткен байлықты
алу
-
З) Ата – баба зиратын келіп
көру
-
8. Осы әңгімеге байланысты мақалды
көрсет
-
О) «Өзіңді білуден жеңіс
басталады»
-
Р) «Адамда бір ғана Отан, Бір ғана ана
бар»
-
С) «Отты қозғаған
өшіреді,
Қонысты қозғаған көшіреді»
Туған жер деген сөз
шығады
Үй тапсырмасы:
«Туған жер – алтын бесік»
Ойтолғау