Материалдар / 8 сынып зертханалық жауаптарымен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

8 сынып зертханалық жауаптарымен

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып зертханалық жауаптарымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Шілде 2024
187
1 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8 сынып Зертханалық жұмыстар жинағы

Жұмысты орындаған биология пәнінің мұғалімі: Бесембай Жансұлу Рымбекқызы

1 Зертханалық жұмыс

Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу

Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап, өсімдік ұлпаларының құрылысымен танысу.

Құрал- жабдықтар: микроскоп, өсімдік жасушалары мен ұлпаларының дайын препараттары.

Жұмыс барысы

1. Өсімдіктің 6 түрлі ұлпасының әрқайсысының құрылысын дайын микропрепаратын жарық микроскобына салып қарадық.
2. Ұлпалардың әртүрлі типтерінің құрылысының мынадай қырына назар аудардық:

  1. Жасушалар бір типті ме? Олардың пішіндері қандай?

  2. Жасушалар тығыз орналасқан ба, әлде бос орналасқан ба? Жасушааралық қуыстары ірі ме, әлде жасушалар бір-біріне тығыз орналасқан ба?

  3. Вакуольдің құрылысы қандай? Олар көріне ме?

  4. Пластидтері көріне ме? Егер көрінетін болса, түсі қандай?

  5. Көрген ұлпалардың суретін салдық. Олардың атауларын жазыңдық.

  6. Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама берілді.

Сипаттамасы

белгісі

Өсімдік ұлпасының типтері

жабын

түзуші

негізгі

тірек

өткізгіш

бөлуші

Орналасқан жері

Өсімдіктердің сыртын қаптап жатады.

Сабақтың тамырдың, ұштарында, жапырақ негізінде

Өсімдік сабағы, жапырағы, жемістердің жұмсағы

Сабағы, жапырағы

Сабағы, жапырақ

Сабағы, жапырақ

Ұлпа тип тармағы

-

-

-

механикалық

-

-

Жасуша пішіні

Мөлдір қабырғалары қалың

Жасушалары ұсақ

Ірі, домалақ пішінді

Пішіні әртүрлі

Пішіні әртүрлі

Пішіні әртүрлі

Жасуша типтері

Жасушалары тірі

Жас жасушалар ұдайы бөлінеді, тірі

Қабықшасы жұқа.Фотосинтездеуші, қор жинаушы.

Жасушалары тірі, жұқа

Жасушалары өлі

Жасушалар тірі

Жасушалар қалай орналасқан?

Тығыз жанасқан

Тығыз орналасқан

Жасушааралық кеңістіктері кең

Жасушалары тірі, тығыз

Жасушалар тірі, жұқа

Жасушалары жұқа, жұқа күйінде сақталады.

Вакуолінің болуы

-

-

-

-

-

-

Ерекшеліктері

-

Хлоропласт болмайды

Бағаналы, борпылдақ

Беріктік қасиет береді

Хлоропласт болмайды

Жәндіктерді еліктіреді



А   Б
А Түзуші ұлпа Б Ағаш қабығындағы жабын ұлпасы

Қорытынды.Ұлпа – құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ұқсас жасушалар тобы. Олардың әрбір типі белгілі бір тарихи кезеңде қалыптасты. Жоғарыда кестеде біз өсімдік ұлпасының 6 типін: түзуші, негізгі, жабын, механикалық (тірек), өткізгішжәне бөліпшығарушыболатындығын қарастырдық. Әр өсімдік ұлпасы өзіне тән қызметті атқарады. Өсімдіктің тіршілігі үшін маңызды қызмет атқаратындығын байқадық.

2 Зертханалық жұмыс

Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу

Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап, өсімдік ұлпаларының құрылысымен танысу.

Құрал- жабдықтар: микроскоп, жануар ұлпасының дайын микропрепараттары.

Жұмыс барысы

1. Жабын, дәнекер, бұлшық ет, жүйке ұлпаларының микропре- параттарын жарық микроскобына салып қарадық. Олардың құрылысындағы ұқсастықтары 

мен айырмашылықтары туралы баяндап талдадық.
2. Микропрепараттарды оқулықтағы суреттермен салыстырып шықтық. Тұрақты микропрепараттардың боялуында ерекшеліктер бар. Яғни препараттар қанық түске боялған. Ал оқулықтағы суреттерден масштабы бойынша ерекшеленеді.
3 Қарастырған ұлпалардың суреттерін дәптерге салдық, олардың атауларын жазып шықтық.
4. Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама берілді. Кестені дәптерге сызып алып алдық.
Кесте







Сипаттама белгісі


Жануар ұлпаларының типтері

эпителий

бұлшық ет

жүйке

дәнекер

Орналасқан жері

Жабынды эпителии: терінің үстіңгі қабаты, асқазан қуысы т.б
Безді эпителий: барлық бездер түзілген.
Кірпікшелі эпителий: тыныс жолдарында орналасқан.

Бұлшықетте орналасқан

Ми, жұлында орналасқан.

Қанда, сүйекте, шеміршекте.

Ұлпа тип тармағы

-

--

-

-

Жасуша пішіні

Көпқабатты

Жасуша пішіні әрқилы.

Пішіні жұлдызша тәрізді тармақталған

Қанда-сұйық, сүйекте-қатты, шеміршекте-серпімді.

Негізгі және қосымша ұлпалар

Жабынды эпителии, безді эпителий, кірпікшелі эпителий.

Көлденең жолақты, бірыңғай салалы

Нейрондар

Борпылдақ, тығыз дәнекер ұлпасы.

Жасуша қалай орналасқан?

Тығыз жанасып

Жасушалары көбеюге қабілетті бірігіп орналасқан.

Жасушалары тармақталып орналасқан.

Жасушалары тығыз орналасқан.

Жасуша бояуының ерекшеліктері

Жасуша бояуы қанық

Жасуша бояуы миоциттерге және Fe байл-ы

Жасуша бояуы қанық

Жасуша бояуы қанық



А Безді эпителий Б Сүйекті дәнекер ұлпасы

Қорытынды. Әрбір ұлпа, дамуы кезінде, белгілі бір ұрықтық бастамадан дамыған. Жануарлар ағзасының ұлпалары негізгі төрт топқа біріктірілген — эпителий ұлпасы, дәнекер ұлпасы, бұлшық ет және жүйке ұлпалары. Әр ұлпаның өзіне  тән қасиеті мен қызметі, ерекшелігі бар. Бұл ұлпалар бір-бірімен тығыз байланыста. Ұлпалардың микропрепараттарын бір-бірімен салыстырып, қарап шықтық. Суретін салып, белгіліеп шықтық.

3 Зертханалық жұмыс

Өсімдік бөлімдерінің: балдырлар,мүктәрізділер,қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың ерекше белгілерін анықтау

Жұмыс мақсаты: өсімдіктердің негізгі топтарының құрылысының ерекшеліктерін анықтау.

Құрал- жабдықтар: мүктәрізділер,қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың кеппе – өсімдіктері.

Жұмыс барысы

  1. Ұсынылған өсімдіктердің әрбір бөлімдерінің кеппеөсімдігін қарадық.

  2. Өсімдіктердің әрбір бөлімдерінің мүшелерін анықтадық.

  3. Қарастырылып отырған мүшелердің құрылысының ерекшелігіне назар аудардық.

  4. Жасаған бақылау негізінде кестені дәптерге сызып толтырдық.

Белгісі мүшесі

Мүктәрізділер

Қырықжапырақтәрізділер

Ашықтұқымдылар

Жабықтұқымдылар

Тамыры ерекшелігі

Тамыры болмайды.Тамырдың қызметін ризоидтар атқарады.Ризоид-бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі.


Қосалқы тамырлары бар.


Тамыры жақсы дамыған. Мықты тамыры бар.


Тамыры өте жақсы дамыған

Сабағы ерекшелігі

Сабағы аласа

Қысқарған сабағы бар

Сабағы бар

Сабағы бар

Жапырағы ерекшелігі

Жапырағы бар

Жапырағы бар

Қылқан жапырақты. Ине тәрізді.

Жапырақтары бар. Жай, күрделі

Спорангий болуы

Спорангииі бар жасыл пластинкадан тұрады.


Спорангииі бар.


-


-

Тұқымы ерекшелігі

Спора арқылы көбейеді


Спора арқылы көбейеді


Тұқымы бар


Тұқымы бар

Жемісі (ерекшелігі)


Жемісі жоқ


Жемісі жоқ


Бүрі бар


Жемісі бар

Гүлі (ерекшелігі)

жоқ


жоқ


-

Гүлі бар



Қорытынды: Жоғары сатыдағы өсімдіктерге мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар, жабықтұқымдылар жатады. Кеппешөптерді пайдаланып осы аталған жоғары сатыдағы өсімдіктердің өкілдерімен танысып есте сақтадық.Гүлді өсімдіктердің шығуы және эволюциясы туралы жалпы қабылданған теориялар жоқ. Гүлді өсімдіктердің эволюциясы мен таралуында тозаңдырғыш жәндіктер зор рөл атқарады. Олардың эволюциясы тозаң мен шірінге бай гүлді өсімдіктердің пайда болуы едәуір қарқынды дамыды.



4 Зертханалық жұмыс

Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер класстарының белгілерін зерттеу

Жұмыс мақсаты: нақты өсімдіктің қандай классқа жататынын анықтауды үйрену.

Құрал- жабдықтар: даражарнақты және қосжарнақты өкілдерінің ірі тұқымдарының жиынтығы мен кеппеөсімдік материалдары.

Жұмыс барысы

  1. Берілген өсімдіктердің тұқымдарын қарадық, олардың қабығын алып тастадық.

  2. Берілген өсімдіктердің әрқайсысының кеппеөсімдігін қарадық.

  3. Жапырақ, тамыр жүйесінің типі, жүйкелену типі сияқты құрылысын анықтадық ұлғайтқыш қоләйнектің көмегімен қарадық.

  4. Гүлдерінің құрылысына назар аударып, қарап шықтық. Гүл бөліктерін санадық.

  5. Жасаған бақылаулар негізінде өсімдіктердің гүлді өсімдіктердің белгілі бір класқа жататыны туралы қорытынды жасадық.

  6. Гүлді өсімдіктердің екі класының негізгі айырмашылықтарын белгілеп, кестені дәптерге сызып алдық.

Даражарнақтылар класы

Белгісі

Қосжарнақтылар класы

Бидай даражарнақты

Тұқымдағы тұқымжарнағының саны

Итмұрын қосжарнақты


Шашақ тамыр


Тамыр жүйесінің типтері


Кіндік тамыр

Параллель жүйкеленген

Жапырақтарының жүйкелену типтері

Жұп қауырсынды

Жай жапырақ

Жапырақтарының типтері

Күрделі жапырақ

Тостағанша жапырақшасы болмайды

Тостаған жапырақшаларының болуы

5 тостағанша жапырақшасы бар

Гүлдері ашық түсті ұсақ

Гүл бөліктерінің еселенуі

Гүлдері ақ, қызғылт түсті

Камбии болмайды


Камбий және сүрегінің болуы


Сүрегі бар


Шөптесін өсімдік


Тіршілік формалары


Жартылай бұта тектес

Қорытынды: қарастырған өсімдіктердің кеппешөптерін салыстырмалы түрде бақылай отырып, даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің тамыр жүйесінде, тұқымжарнағында, жапырағының жүйкеленуі мен гүлінің құрылысында, тіршілік формасында ерекшеліктер болатындығын байқадық.





5 зертханалық жұмыс

Азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтау

Жұмыс мақсаты: азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтаудың қарапайым 

әдістерін меңгеру.
Құрал-жабдықтар: қара қарақат, лимон, алма, ашыған қырыққабат, апельсин, картоп 

шырыны, дистилденген су, крахмал суспензиясы немесе коллоид1, дәріханалық йод, 5%-дық спирт ерітіндісі, химиялық ыдыс.

Жұмыс барысы

  1. Әртүрлі сынауыққа 20 мл-ден шырын құйдық.

  2. Шырынға дайындалған крахмал суспензиясынан шамамен 5 мл- ден құядық. Сосын сынауықтағы қоспаны араластырдық.

  3. Йод ерітіндісін 40 есе сұйылттық. Енді осындай йодтың 1 мл-іне 0,875 мг Сдәрумені сәйкес келеді.

  4. Арнайы химиялық ыдыс арқылы шырыны бар сынауықтарға тамшылатып (титрлеу) дайындалған йод ерітіндісін қостық. Жұмсалған йод мөлшерін мұқият санап алдық.

  5. Шырыны бар ерітіндінің көкшіл түске айналуы бұл – йод- тың С дәруменін тотықтырып, крахмалмен әрекеттесе бастағанына дәлел болды.

  6. Йод сынамасы бояуының өзгеру дәрежесі және жұмсалған йод мөлшері бойынша әртүрлі өсімдік шырынындағы С дәруменінің мөлшері туралы қорытынды жасадық.

  7. Шырындарды С дәрумені мөлшерінің арту реті бойынша орналас- тырып, кестені толтырдық.

Қорытынды:

  1. Лимон шырынына 10 мл йод ерітіндісін тамызғанда түсін өзгертеді.

  2. Апельсин шырынына 11 мл йод ерітіндісін тамызғанда түсін өзгертеді.

  3. Алма шырынына 5 мл йод ерітіндісін тамызғанда түсін өзгертетіндігін байқадық.
    Йод сынамасы бояуының өзгеру дәрежесі және жұмсалған йод мөлшері бойынша әртүрлі өсімдік шырынындағы С дәруменінің мөлшері туралы қорытынды жасайтын болсақ, бірінші кезекте аскарбин қышқылының мөлшері өте жоғары көрсеткішті көрсеткен апельсин шырыны болса, екінші кезекте лимон шырыны, ал үшінші кезекте алма шырынының құрамында аскарбин қышқылы яғни С дәруменінің мөлшері анықталды.Шырындарды С дәрумені мөлшерінің арту реті бойынша орналастырып, кестені толтырдық.

Шырынның атауы

Шырын көлемі (мл)

Йод ерітіндісінің мөлшері

С дәруменінің мөлшері

Алма шырыны


20


5


4,375

Лимон шырыны


20


10


8,75

Апельсин шырыны


20


11


9,625






20 мл лимон шырыны = 10 мл йод ерітіндісі, демек 10 мл *0,875 мг (1 мл йод ерітіндісіндегі аскорбин қышқылының мөлшері) = 8,75. Зертханалық жұмысты қорытындылай келе анықтағанымыз, С дәрумені негізінен өсімдіктекті тағамдардың құрамында кездеседі. С дәрумені тіршілікке маңызы зор дәрумен болып табылады.

6 Зертханалық жұмыс

Түрлі ағзалар қанының формалы элементтерін зерттеу

Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттар арқылы әртүрлі ағзалар қанының формалы элементтерінің құрылысының ерекшеліктерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, адам, бақа, құс, лама немесе түйе, қоян қанының дайын микропрепараттары; егер дайын микропрепарат- тар болмаса, олардың кез келген 

тасымалдаушыдағы (электрондық, полиграфиялық) суреттері.

Жұмыс барысы

1. Қан жасушалары — адам мен жануарлар организмдерінің тіршілігіне тым қажет қызметтер атқаратын қанның құрамындағы жасушалар. Қан жасушаларына: эритроциттер (қанның қызыл жасушалары), лейкоциттер (қанның ақ жасушалары) және қан табақшалары (құстар мен төменгі омыртқалы жануарларда — тромбоциттер) жатады.

2. Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі.

3. Эритроцитгер қан плазмасының осмостық қысымының әсеріне аса сезімтал болады. Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. 

4. Лейкоциттер - ядросы бар қан жасушалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт көбейеді. Айталық, туған сәтте 19500 болса, 6 сағатта 22000, 24 сағатта 28000 дейін кобейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 болады. Ал 5-ші тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7-ші тәулікте 8000-11000 шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас болады. Мезгілінен ерте туған сәбилердің лейкоциттерінің саны 3600-36000 шамасында өзгереді. Қыздардың қанындағы 10-12 жаста лейкоциттердің саны 6000-8000, яғни ересек адамдай болады.

Эритроциттер

Қан жасушасының пішіні

Ядросының болуы

Түсі

Адам қанында

екі жағынан ойыс диск тәрізді

ядро болмайды

Қанның қызыл жасушалары

Бақа қанында

сопақ болып келеді

ядросы бар

ақшыл қызғылт



Қорытынды: Адам қанының эритроциттерінің мөлшері кішірек тек микроскоппен көруге болады. Бір мм куб қанда 4.5-5 млн эритроцит кездеседі. Диаметрі 7-8 мкр құрайды жуықтап капиляр қантамырының дм сәйкес келеді.Ал бақаның эрицоттерінің мөлшері үлкен. Диаметрі 22.8 мкр құрайды. Бірақ олардың саны көп емес. Бір мм куб қанда 0.38 млн эритроцит кездеседі. Баканың ядросы сақталған.

7 Зертханалық жұмыс

Денешынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысына әсер етуін зерттеу

Жұмыс мақсаты: жүрек жылуының жиілігі мен дене жүктемесінің арасындағы өзара байланысты анықтау.

Құрал-жабдықтар: оқулық,секундомер немесе секундтық тілі бар сағат.


Жұмыс барысы

1. Пульс – бұл жүрек жиырылуына жауап ретінде тамыр қабырғасының түрткен тәрізді тербелісі.

2. Жүректің соғуы - бұл «тіршілік белгілерінің» бірі немесе адам ағзасындағы денсаулықтың маңызды көрсеткіштері. Ол минутына жүректің жиырылып немесе соғып тұрған санын өлшейді.

3. Жүректің соғу жиілігі жүректің минутына соғу санын өлшейді.10 жастан кейін адамның дем алу кезінде жүрек соғу жылдамдығы минутына 60-тан 100-ге дейін болуы керек.

4. Жаттығу кезінде жүрек соғу жиілігі жоғарылайды.

1 минуттағы тамырдың соғу саны

Тыныш күйде

20 рет отырып тұрғаннан кейін

Отырған кезде

Тұрған кезде

Жаттығу кезінде жүрек жылдамдығы жоғарылайды. Ұсынылған максималды жүрек соғу жиілігі бар, ол адамның жасына байланысты өзгереді.

60 с соғады

максималды жүрек соғу жылдамдығы адамның жасын алып тастағанда 220 айн / мин-ға тең болуы керек дейді.



Қорытынды: Жүрек соғу жылдамдығы физикалық жүктеме, қауіпсіздікке қауіп төндіру және эмоционалды реакциялар нәтижесінде өзгереді. Демалып жатқан жүрек соғу жиілігі адамның босаңсыған кезіндегі жүрек соғу жылдамдығын білдіреді.Қалыпты жүрек соғу жылдамдығы адамның денсаулығында қиындықтар жоқтығына кепілдік бермесе де, бұл денсаулыққа қатысты бірқатар мәселелерді анықтауға пайдалы эталон.



8 Зертханалық жұмыс

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу

Жұмыс мақсаты: өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау.

Құрал-жабдықтар: сұйық, ауа немесе электрондық спирометр.


Жұмыс барысы

1. Спирометр — өкпе көлемін және өкпедегі өмір сыйымдылығын (тіршілікті) өлшеу үшін қолданылатын құрал.

2. Отырып ,барынша терең тыныс алдық. Спирометрге бүкіл демімізді шығардық.

3. ӨТС көрсеткіші: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500 мл

4. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір демалғанда және әрбір дем шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.

Қорытынды: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы – адамның максимальді дем алып, дем шығарғандағы ең үлкен көлемді ауа. Өкпенің көлемдері және сыйымдылығы көрсетілген,олар өкпенің функциялық жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар дем алу қозғалысы мен өкпенің көлемі жәнесыйымдылығының байланысын сипаттайтын пневмограмма көрсетілген. Өкпенің функциялық жағдайы адамның жасына, бойына, жынысына, физикалық дамуына және т.б факторларға байланысты болады.





9 Зертханалық жұмыс

Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы. «Сүйектің химиялық құрамы» деген көрнекі көрсетілген тәжірибе.

Жұмыс мақсаты: табиғи және өзгертілген сүйектің микроскопиялық және микроскопиялық құрылысын зерттеу негізінде сүйектің химиялық құрамы мен құрылымының әртүрлі құрам бөліктерінің рөлдерін анықтау. 

Құрал-жабдықтар: сүйек ұлпасының микропрепараттары,сүтқоректі жануарлардың араланған жалпақ және түтік тәрізді сүйектері, жануарлардың күйдірілген және кальцийсіздірілген сүйектері (мысалы,тауықтың); препараттық ванна немесе табақ.

Жұмыс барысы

1. Араланған сүйектің макроскопиялық құрылысын қараңдар. Мынадай элементтерді анықтаңдар:

  • Тығыз шағын сүйек заты – ол денеде жалпақ және түтік тәрізді сүйектің басында болады.

  • Кемікті зат – сүйек механикалық жүктемеге ұшырайтын бағытқа сәйкес доға тәрізді орналасқан табақшалардан тұрады.

  • Сүйек қабығын табыңдар. Оның қабатын тығыз заттан бөлуге бола ма? Сүйек сыртынан онымен , тұтасып өскен, созылғыш ұлпа сүйекқаппен жабылған. Сүйек сүйекқап жасушаларының ішкі қабатының бөлінуі есебінен өседі.

  • Сүйек басынан гиалинді (тегіс шеміршекті) таптық;

  • Қуысты сары сүйек кемігін таптық.

  • Зерттелетін сүйек типтерін анықтадық;

2. Сүйектің макроскопиялық құрылысын қараңдар. Мынандай элементтерді анықтаңдар:

1. Сүйек цилиндрлерінің пластиналарының жасушалары остеон деп аталады.

2. Остеоциттер және олардың өсінділері;

Остеоциттер – сүйектердің бірнеше жасушасының негізгі типі. Бұлар – өсінділері бар домалақ немесе сопақша жасушалар.

3. Остеондардың орталық қуысы – орталық өзек орналасқан.

3. Сүйектің үш: күйдірілген, кальцийсіздендірілген және өзгертілмеген (табиғи) типтерінің қасиеттерінің көрнекі түрде зерттедік.

Сүйек типтері

Созу

Ию

Құрамының өзгеруі

Алынған нәтиже себептері

Қалыпты

Сүйек органикалық заттар және минералды тұздардан тұрады. 

Органикалық заттар сүйектің иілгіштігіне, минералды тұздар қаттылығына жауап береді.

Уксусқа салып қойсан минералды тұздары еріп кетеді де сүйек жұмсарып қалады.


Ал өртегенде керісінше органикалық заттары жанып кетеді да минералды тұздары ғана қалып, морт сынғыш болады.


Кальцийсіздендірілген

Мықтылық қасиет түзеді.

-

Кальций сүйектің беріктігін ұстайды, егер ол сүйекте болмаса ол морт сынғыш болып келеді.

Кальцийсіздендірілген сүйекте  органикалық

ұнтақ қалады!

Күйдірілген

сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.

Органикалық затына байланысты

Бейорганикалық заттар қалады,ал органикалық заттар

Күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады.

Қорытынды:  Адам қаңқасының негізі — сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.



10 Зертханалық жұмыс

Бұлшық ет ұлпасының құрылысын зерттеу

Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттар арқылы бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының құрылысымен танысу.

Құрал-жабдықтар: микроскоп ,бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтарының дайын микропрепараттары.

Жұмыс барысы

1. Бұлшықеттер - бұл қозу және тітіркендіргіштер сериясына жауап беру қабілеті бар тіндер, мысалы, қысымның өзгеруі, жылу, жарық және басқалар. Бұл тін организмдердің қозғалуына жауап береді. Бұлшықеттер жиырылғыштық, созылғыштық және серпімділік қасиеттерімен сипатталады.Бұлшықеттер шамамен 80% судан тұрады, олар жиырылуда маңызды рөл атқарады және тіндерде болатын бейорганикалық иондар мен органикалық қосылыстар үшін қолайлы орта береді. Оны құрайтын ақуыздар жиырылғыш типке жатады: актин, миозин және тропомиозин.

2. Олардың ядросы едәуір қара болып боялған.

3. Бұлшықеттердің негізін – көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды. Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі. 

4. Жүрек бұлшықеті. Жүрек бұлшықеті тек жүректе кездеседі. Бұл қаңқа бұлшық еттерін бірнеше жағынан еске түсіретін жолақты көп ядролы талшықтардан тұрады. Талшықтар синцитий режимінде, бірақ олар бір-бірімен қосылмайды.Қаңқа бұлшықеттерінен айырмашылығы, жүрек бұлшықеттері АТФ-ны аэробты жолмен түзеді және май қышқылдарын генерациялау үшін пайдаланады (және глюкоза емес).Қаңқа бұлшықеті оны созылған немесе ерікті бұлшықет деп те атайды, өйткені бұл құрылымдарды жануар саналы түрде жұмылдыруы мүмкін. Жасушалар көп ядролы және бойлық орналасады. 

5.Бұлшық еттің құрылысын салу.

Бұлшықеттің құрылысы: 1 – бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 – бұлшықет талшығының шоғыры; 3 – бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 – бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5 – оттекпен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықеттер; 6 – май басып нашар дамыған бұлшықеттер

6. Кестені толтырыңыздар!

Белгілері, ерекшеліктері

Бірыңғай салалы

Көлденең жолақты

Қаңқа

Жүрек

Ядро саны

Бір ядро

Көп ядролы

Көп ядролы

Ядроның орналасуы

Жасушаның ортасында орналасқан

Жасушаның шетінде орналасқан

Миокард қабаты

Жасушаның ортасында

Жасушалардың пішіні

Цитоплазманың пішіні:ұзын жолақты,ұршықтың сабы тәрізді,жіңішке үшкір

Цилиндр тәрізді

Цитоплазмасы ұзын,цилиндр тәрізді

Цитоплазманың боялуы

Ортаңғы бөлігі жуан болып келеді.

Цитоплазманың пішіні ұзын жолақты, ұштары доғал болып келеді.

Талшықтары тарамдалып әр жерінен бір-бірімен торланып бірігіп жатады.

Жасушалардың өзара байланысуы

Әр жасушаның белгілі бір атауы мен қызметтері бар.

Қаңқа бұлшықеттері.

Жүректің бұлшықеті үш қабаттан тұрады

Ағзада орналасуы

Ішкі мүшелердің ішкі жағын астарлап жатады: ішек,қарын,қантамырлар т.б.

Көлденең жолақтанып орналасқан

Көлденең жолақтанып орналасқан

Қызметінің ерекшеліктері

Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.

Адамның еркіне байланысты қозғалады.

Адамның еркінентыс қимылдайтынын анықтайды.



Қорытынды: Бұлшықеттер пішініне, денеде орналасуына, талшықтарының бағытына, атқаратын қызметіне, буынға бекінуіне қарай топтастырылады (жіктеледі):орналасуына қарай бұлшықеттердің шеті біреу немесе бірнешеге ажырайды. Осыған байланысты бірбасты, екібасты, үшбасты, төртбасты бұлшықеттер деп атайды. Кейбір бұлшықеттердің талшықтары шеңберлене орналасады, мысалы, ауыз қуысының, артқы тесіктің бұлшықеттері. Пішіндеріне қарай бұлшықеттер ромбы, трапеция, төртбұрышты деп бөлінеді. Мөлшеріне қарай – ұзын, қысқа, үлкен, кіші делінеді. Ет талшықтары шоғырларының бағытына қарай қиғаш, көлденең бұлшықеттер деп аталады. Бұлшықеттердің атқаратын қызметі: бүгу, жазу, айналдыру, көтеру. Буындарға бекінуіне қарай бұлшықеттер бір буынды, екі буынды, көп буынды болады.

11 Зертханалық жұмыс

Көру қабілетін зерттеу

Жұмыс мақсаты: көру өткірлігі мен көру өрісін анықтауды үйрену.

Құрал-жабдықтар: көру өткірлігін анықтауға арналған кесте ,ұзындығы м-лік рулетка, нұсқар указка лазер сантиметрлік таспа.

Жұмыс барысы

1.Кестені жарық жақсы түсетін жаққа іліп қойдық. Егер жарық жеткіліксіз болса, оған қосымша электр жарығын түсірдік.

2. Зерттелетін оқушыны кестеден м қашықтықта орындыққа отырғыздык. Ол оқушыға бір көзін алақанымен немесе қалқанмен жабуды сұрады.

3. Зерттелетін оқушыға әріпті нұсқармен көрсетіп, атауын сұрады. Жоғары қатардан бастап ең төменгі қатарға түсіріп отырды.

4. Егер оқушы оныншы қатардағы әріптерді дұрыс атаса,демек, көру қабілеті қалыпты деп есептеледі.

5. Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді 5 м қашықтықтан ажырата алмаса,оған окулистке қаралу керегін айтты.

6. Көру өрісін анықтау үшін біз қолымызға картинканы алдық.

Қорытынды:Көру өрісі барлық оқушыларда қалыпты болып табылды. Эхоофтальмография – көздің отикалық жүйесін ультра дыбыс көмегімен зерттеу әдісі. Қазіргі уақытта ультра дыбыс тербелісін пайдаланып диагноз анықтаудың көптеген әдістері бар. Офтальмологияда ЭОМ-24 эхоофтальмометрмен жасалатын ультрадыбыстық эхографиялық А-әдісі кең көлемде таралған.

12 Зертханалық жұмыс

Есту ерекшеліктерін зерттеу есту қабілетін анықтау

Жұмыс мақсаты: есту қабілетін анықтау

Құрал-жабдықтар: сыбырлап сөйлеуді анықтауға арналған сөздер жазылған кесте, 7 м-ден кем емес рулетка.

Жұмыс барысы

Бұл зертханада біз жұппен жұмыс жасадық: алдымен бір оқушы зерттелуші,екінші оқушы зерттеуші рөлін атқарды. Сосын рөлдерін ауыстырды.

1. Толық тыныштықта 6,5 - 7 м арақашықтықта зерттелуші кестедегі сөздерді құлаққа сыбырлап айтты.

2. Зерттелуші кезек-кезек біресе оң , біресе сол құлағын жауып, зерттеушінің сөзін қайталады. Зерттеуші сөздің дұрыс не қате айтылғанын жазып алып отырды.

3. Егер айтушының сөзі қате болса, арақашықтық біртіндеп 5 м – ге дейін қарастырылды.

Сыбырлап сөйлеуді зерттеуге арналған сөздер кестесіне мысал:

Жиілігі төмен сөздер

Жиілігі жоғары сөздер

Бала

Рига

Вагон

Саша

Шұжық

Басқа

Дәм

Бөбек

Мәре

Жас

Шұлық

Шу

Олжа

Дін

Өрік

Шаш

Тас

Тіс

Үкі

Қайрат

Қалам

Шай

Зат

Босқа



Қорытынды: Есту қабілеті— адам мен жануарлар организмінің дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті. Есту қабілетінің үлкен қызметі болып табылатын естудің жәрдемімен бала өзінің сөйлеу тілін бақылап қана қоймай, оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға мүмкіншілігі болады. Жалпы қоршаған орта дыбыстарға толы болып келеді, әрі олар әртүрлілігімен ажыратылады. Біздер музыкалық, шулы, табиғи дыбыстарды естиміз. Сонда адамның дамуында естудің үлкен орны бар екендігі белгілі. Ал баланың жалпы дамуына оның толық жетілген есту қабілеті шешуші қызмет атқарады.

13 Зертханалық жұмыс

Жұмыс мақсаты: торлы қабықтағы соқыр дақты табу. Түстерді алмастыра отырып,сү1йек және ауа өткізгіштігін анықтау.

Құрал-жабдықтар: соқыр дақты анықтауға арналған суреттер,түрлі түсті бояулар: қызғылт ,қызғылт сары ,сары,жасыл, көк және т.б.,қылқалам, суы бар ыдыс. Тербеліс жиілігі 128 Гц (С128) және 2048 Гц (С2048) болатын екі камертон.

1. Соқыр дақты анықтау үшін сол көзіңді алақанмен жауып тұрып , қолымыздағы картинаны алдық. Қолсозым арақашықтықтан көзімізбен қара түсті дөңгелекке қарадық.

2. Ақырын суретті жақындата отырып , екі геометриялық пішінді бір көзбен көруге бола ме екенін анықтадық.

3.Көзден белгілі бір арақашықтықта бір бейне жоғалып кетеді. Бұл арақашықтық шамамен см болуы мүмкін.

4.Оң жақ көзді жауып тұрып, сол көзбен осы тәжірибені қайталап көрдік. Бір бейненің жоғалып кетуіне арақашықтық сәйкес келеді.

5.Суреттегі бір бейненің көз алдынан жоғалып кетуін анықтайтын нақты білім саласын атаймыз.

6. Шыны сынаутың бөлігін сумен толтыамыз. Қылқаламмен бояудың мөлшері бірдей болатындай етіп,сынаққа аз ғана бояу саламыз.

7. Таза сынауықтарға мынандай түсті бояуларды араластырамыз: жасыл/көк көкшіл; сары/ қызыл; қызыл/көк; қызғылт сары /жасыл. Сынауықтағы бастапқы зат қалатындай етіп алынған бөлігіне дейін құямыз.

8. Оларды бастапқы түсімен салыстырдық.

9. Камертон браншты алақанға (С128) немесе тізеге бірдей күшпен соғу арқылы дірілдетеді. Камертон аяғын саусақпен жайлап ұстау керек екенін есте сақтау қажет.

10.Ауа өткізгіштігін анықтау үшін камертонды сыртқы есту түтігіне құлаққа тигізбейтіндей етіп жақындатамыз. Камертонның екі браншыда, сыртқы есту түтігінің тесігі де жалпы бір жазықтықта болуы керек. Есту мүшесінің бейімделмеуі және шаршамауы үшін әрбір с сайын камертонды алыстатып, қайтадан құлаққа жақындату керек.

11. Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытын белгілеп алады,кейін мәліметтерді кестеге жазады.

12. Сүйек өткізгіштігінзерттеу үшін камертон аяғын емізікше тәрізді өсіндіге бас сүйекке, құлақтың астына тақап қояды.

13. Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты белгілеп алады. Мәліметті кестеге толтырдық.

14. Қорытынды жасау. Кесте.

Зерттелуші дыбыстыеститін уақыт , секундпен

Ауа өткізгіштігі

Сүйек өткізгіштігі

Дыбыстардың тербеліс энергиясы бірдей болған жағдайда, біз жиілігі 1000—5000 Гц аралығындағы дыбыстарды жақсырақ қабылдайды екенбіз.

мысалы, ұшақ қозғалтқышы гуілінің энергиясы жапырақ сыбдырыныкінен 1012 есе көп, ал дыбыс қаттылығы бойынша ұшақ қозғалтқышы гуілінікі 120 дБ, жапырақ 118 сыбдырыныкі 10 дБ шамасында болады. 180дБ-ден артық болатын дыбыс құлақ жарғағын зақымдауы мүмкін.

Қорытынды: Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон — доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады. Камертонды таяқшамен неғұрлым қаттырақ ұрсақ, ол соғұрлым қаттырақ дыбыс шығарады және камертонның тармақтары едәуір үлкендеу амплитудамен тербелетін болады. Камертонды ақырын ұру — амплитудасы кіші тербеліс тудырады, бұл кезде бәсең дыбыс шығады.Демек, дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.

14 Зертханалық жұмыс

Терінің сезімталдығын зерттеу

Жұмыс мақсаты: терінің беткі жағында орналасқан тактильді және суықты қабылдайтын рецепторлардың орналасу жиілігін анықтау.

Құрал-жабдықтар: басы доғал түйреуіш , С температурадағы су, мұз,сиясы түрлі түсті қалам.

Жұмыс барысы

1. Алақанның сыртқы бетінен және білек буынынан басы доғал түйреуішпен тактильді нүктелерді тауып,оны қызыл түсті сиямен белгілеп қойдық.

2. Осы жерлерден суытылған түйреуіштің басымен теріде орналасқан суықты қабылдайтын нүктелерді тауып,көк түсті сиямен қоршадық.

3. Терінің см ауданындағы тактильді және суықты қабылдайтын нүктелерді санап шықтық. Терінің см ауданында шамамен тактильді суықты қабылдайтын нүктелер орналасады.Бір тәулікте бөлінетін тердің мөлшері сыртқы орта температурасына , атқаратын жұмысқа, жыныс пен жасқа байланысты болады. Егер қандай да бір себепке байланысты тер бөліну тоқтайтын болса, бүйрекке түсетін жүктеме күрт артады. Зат алмасу артқанда , қарқынды дене жүктемесі және ыстық кезде тер көп бөлінеді.

Қорытынды: Тері анализаторы. Теріде сезімтал жүйкелер рецепторлары,тері ,май бездері,ет ұлпалары орналасады. Тері рецепторлары денеге тиген қатты жұмсақты,ыстық суықты,қысымды қабылдайды-бұны механикалық,химиялық,температуралық тітіркендіргіштер дейді. Тері рецепторлары тері анализаторларының шеткі бөлігі болып саналады.Ал,орталығы болып үлкен ми сыңарларындағы артқы орталық қатпар есептеледі.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!