Материалдар / 8-сыныпқа 2024-2025 оқу жылына арналған сынып сағаттарының жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8-сыныпқа 2024-2025 оқу жылына арналған сынып сағаттарының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа 2024-2025 оқу жылына арналған сынып сағаттарының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2024
634
2 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Келісемін: Бекітемін:

МДТІЖО:________ Мектеп директоры:________

«____» ______________2024 жыл «____» ______________2024 жыл










Мектеп атауы



8 «» сыныбының 2024-2025 оқу жылына арналған

сынып сағаттарының жоспары







Сынып жетекші:












«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ»

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ:

  • Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиел

  • Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын

болуға баулу;

әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

  • Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;

еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру.

  • Бағдарлама мазмұны:

Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі

жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары

мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;

Наурыз –тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.


  • Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:

Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым

түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту

Негізгі орта мектеп түлегі:

Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;

Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрмет көрсету;

азаматтық және ұлттық бірегейлікті түсіну;

мемлекеттік тілді меңгеру;

Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және оны әрі қарай дәріптеу бойынша волонтерлік қызмет пен жобаларға қатысу;

әр түрлі ұлт өкілдерімен сыйластық қарым-қатынас;

Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.

Құндылық: бірлік және ынтымақ

Құзыреттілік: тиімді коммуникация

Негізгі орта мектеп түлегі:

қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну;

сенімді қарым-қатынас орнату және сыныпта жағымды ахуалды сақтай білу;

тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу;

бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу;

басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Негізгі орта мектеп түлегі:

өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру;

әдеп нормасына сәйкес өзінің және басқалардың іс әрекеттерін талдау;

оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

берілген ортақ іс үшін ұжым алдындағы жауапкершілікті түсіну;

басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу;

Құндылық: заң және тәртіп

Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық

Негізгі орта мектеп түлегі:

құқықтық жүйе мен адам құқығы негіздерін білу;

тәртіп пен әділдік, нормалар мен ережелерді сақтау қажеттілігін түсіну;

қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу.

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Құзыреттілік: инновациялық ойлау

Негізгі орта мектеп түлегі:

өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалау;

түрлі мамандықтар мен олардың қызмет ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылық таныту;

өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;

еңбек қоғамдық және табысты болудың негізі екенін түсіну;

жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу.

Құндылық:жасампаздық және жаңашылдық

Құзыреттілік:шығармашылық

Негізгі орта мектеп түлегі:

тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу;

өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру;

бақылау, өлшеу, эксперименттер мен тәжірибелер жүргізу;

модельдеу, таным объектілерінің құрылымын анықтау, бір бүтіннің әртүрлі бөліктері арасындағы қатынастарды іздеу және бөлу, процестерді кезеңдерге бөлу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алу;

оқу есептерін шешудің оңтайлы тәсілдерін таба білу, ол үшін жаңаларын қолдану және бұрыннан таныс алгоритмдерді біріктіру, оларды стандартты емес есептерді шешуге қолдана алу;

әр түрлі таным құралдарын қолдану дағдылары, әлем туралы білім жинақтау (тілдік, оқырмандық мәдениет, ақпараттық, цифрлық ортадағы қызмет).


Әр айдың іс-шаралары :

күнделікті

«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.

«Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады.

«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу.

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.

«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.

«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу.

«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау апта сайын.




8-сыныптардың сынып сағаттарының жұмыс жоспары

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

1 қыркүйек – «Білім күні»

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні

Қыркүйектің үшінші жексенбісі – Аналар күні

Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні

І тоқсан

1-апта дәйексөзі: Оқу инемен құдық қазғандай.

Тәрбие құндылықтары

бойыншаіс-шара тақырыптары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1.

«Менің Отаным -Қазақстан!» бірыңғай сынып сағаты

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

1-САБАҚ: «Төтенше қызмет нөмірлері және сенім телефондары».


Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

02.09.2024

2-апта дәйексөзі: Еңбегі аздың өнбегі аз.

2.

«Көшбасшылыққа қадам» сынып парламентінің сайлауы

1 ЖЖЕ. Жол жүру ережесінің пайда болу.

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

2-САБАҚ: «Саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)».

Сынып сағаты

видеоролик

Сынып жетекшісі

09.09.2024

3-апта дәйексөзі: Еріншектің күні есінеумен өтеді.

3

1 Экология. «Пластиктің экологиялық зияны және оны азайту жолдары»

«Қамқор» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

3-САБАҚ: «Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет».

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

Мектеп психологімен кездесу

16.09.2024

4-апта дәйексөзі: «Қарыны тоқтық, уайымы жоқтық аздырар адам баласын.» Авторы: Абай Құнанбайұлы

4

«Адал еңбек – жарқын болашақтың кепілі»

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

4-САБАҚ: «Менің қандай құқығым бар?»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

23.09.2024

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

5 қазан – Мұғалімдер күні

24 қазан – Кітапханашылар күні

25 қазан Республика күні

1-апта дәйексөзі: Егеменді ел көрікті, Бетегелі бел көрікті.

5

2 Экология. «Энергияның баламалы көздері: болашақтың энергиясы».

«Қамқор» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

5-САБАҚ: «Өзіңіз туралы жеке ақпаратты таратудың қаупі»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

30.09.2024

2-апта дәйексөзі: Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

6

«Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік»


2 ЖЖЕ. Қозғалысты реттеу нысандары.


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

6-САБАҚ: «Кибербуллингтің рөлдік құрылымы. егер сіз қатысушы болсаңыз не істеу керек. Өзіңізге алғашқы көмек»

Сынып сағаты


Мектеп инспекторымен кездесу

Сынып жетекшісі

07.10.2024

3-апта дәйексөзі: Отансыз адам Ормансыз бұлбұл.

7

"Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам бас"


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

7-САБАҚ: «Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан, зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

14.10.2024

4-апта дәйексөзі: Отан – оттан да ыстық.

8

"25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесі»

"Менің Республикам - менің мақтанышым!"


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

8-САБАҚ: «Ата-анамен және сенімді ересектермен қауіпсіздік мәселелерін қалай ашық талқылауға болады»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

21.10.2024

Қараша – әділдік және жауапкершілік айы

15 қараша – «Ұлттық валюта» теңге күні

16 қараша–Халықаралық толеранттылық күні

ІІ тоқсан

1-апта дәйексөзі: Шын – бір сөз, өтірік – мың сөз.

9

«Уақытты тиімді басқару: жетістікке апаратын қадам»

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

9-САБАҚ: «Күмәнді келісімдерге қатыспай, салауатт және қауіпсіз өмірге апаратын жол»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

28.10.2024

2-апта дәйексөзі: Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды.

10

3 Экология. «Экологиялық инновациялар: «жасыл» технологиялар»

«Smart bala» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

10-САБАҚ: «Қауіпті селфи»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

04.11.2024

3-апта дәйексөзі: Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың! Авторы: Бауыржан Момышұлы

11

«Кітап арқылы өзіңді дамыту: мотивациялық әдебиет»

«Балалар кітапханасы» жобасы


3 ЖЖЕ. Жол белгілері.


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

11-САБАҚ: «Төтенше қызмет нөмірлері және сенім телефондары».

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

11.11.2024

4-апта дәйексөзі: Әділдік мақсатқа жеткізеді.

12

«Болашақтағы мамандықтар: жасанды интеллект дәуірінде кім боламыз?»

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

12-САБАҚ: «Саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)».

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

18.11.2024

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы

5 желтоқсан – Дүниежүзілік Еріктілер күні

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

1-апта дәйексөзі: Күш бірлікте.

13

«Мүгедек жандарға көмек: қоғамдағы инклюзия»

«Қамқор» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

13-САБАҚ: «Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет».

Сынып сағаты

Мектептегі/сыныптағы тазалықты қолдау акциясы

Сынып жетекшісі

25.11.2024

2-апта дәйексөзі: Бірлік бар жерде тірлік бар.

14

«Достық және қолдау: нағыз дос қандай болу керек?»

«Қамқор» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

14-САБАҚ: «Менің қандай құқығым бар?»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

02.12.2024

3-апта дәйексөзі: Ырыс алды – ынтымақ.

15

4 Экология. «Экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары».

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

15-САБАҚ: «Өзіңіз туралы жеке ақпаратты таратудың қаупі»



09.12.2024

4-апта дәйексөзі: Бірігіп көтерген жүк жеңіл.

16

"Тәуелсіздік – менің теңдессіз дүнием байлық»


4 ЖЖЕ. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің міндеттері мен жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі.

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

16-САБАҚ «Кибербуллингтің рөлдік құрылымы. егер сіз қатысушы болсаңыз не істеу керек. өзіңізге алғашқы көмек»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

16.12.2024

5-апта дәйексөзі: Ел бірлігі – ел теңдігі.

17

«3D модельдеу және дизайн»

«Smart bala» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

17-САБАҚ: «Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан, зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

23.12.2024

ІІІ тоқсан

Қаңтар – заң және тәртіп айы

1 қаңтар – Жаңа жыл

1-апта дәйексөзі: Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен адам артық.

18

«Өзіңе сену – табысқа апарар жол»

«Шабыт» жобасы


5 ЖЖЕ. Бастауыш сынып оқушыларымен ЖЖЕ бойынша әңгімелеу.


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

18-САБАҚ: «Ата-анамен және сенімді ересектермен қауіпсіздік мәселелерін қалай ашық талқылауға болады»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

13.01.2025

2-апта дәйексөздері: Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды.

Авторы: Бауыржан Момышұлы

19

«Кітап оқудың артықшылықтары: неге оқу маңызды?»

«Балалар кітапханасы» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

19-САБАҚ: «Күмәнді келісімдерге қатыспай, салауатт және қауіпсіз өмірге апаратын жол»


Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

20.01.2025

3-апта дәйексөздері: Тура биде – туған жоқ, туғанды биде – иман жоқ.

20

5 Экология. «Жасыл құрылыс: экологиялық таза үйлер мен ғимараттар»

«Smart bala» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

20-САБАҚ: «Қауіпті селфи»


Сынып сағаты


Сынып жетекшісі



27.01.2025

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

Ақпанның бірінші сейсенбісі – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні

1-апта дәйексөзі: Талаптыға төр кең.

21

«Жас лидерлер: адал еңбек арқылы көшбасшылық қасиеттерді дамыту»

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы


6 ЖЖЕ. Жол қиылысынан өту және жаяу жүргіншілер өтпелері. Қоғамдық көлік аялдамалары


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

21-САБАҚ: «Төтенше қызмет нөмірлері»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

03.02.2025

2-апта дәйексөзі: Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

22

«Музыка шабыттың көзі ретінде»

«Шабыт» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

22-САБАҚ: «Саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)».



Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

10.02.2025

3-апта дәйексөзі: Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.

23

6 Экология. «Қалдықтарды сұрыптау: үйрену және қолдану»

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

23-САБАҚ: «Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет».




Сынып сағаты




Сынып жетекшісі




17.02.2025

4-апта дәйексөзі: Еңбектің түбі – береке.

24

«Білім беру жүйесі: дәстүрлі оқу мен онлайн оқытудың артықшылықтары»

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

24-САБАҚ: «Менің қандай құқығым бар?»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

24.02.2025

Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы

1 наурыз – Алғыс айту күні

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз – Наурыз мерекесі

30 наурыз – ДүниежүзілікЖеркүні

1-апта дәйексөзі: Тәртіптің тамыры тереңде.

25

7 Экология. «Экологиялық қамқорлық: табиғатты қорғау жолдары»

«Қамқор» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

25-САБАҚ: «Өзіңіз туралы жеке ақпаратты таратудың қаупі»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

03.03.2025

2-апта дәйексөзі: Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.

26

«Ана – өмірдегі ұлы есім!»


7 ЖЖЕ. Жол-көлік оқиғасы уақытында есінен танған адамдарға берілетін алғашқы медициналық көмек


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

26-САБАҚ: «Кибербуллингтің рөлдік құрылымы. егер сіз қатысушы болсаңыз не істеу керек. өзіңізге алғашқы көмек»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

10.03.2025

3-апта дәйексөзі: Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп.

27

«Наурыз – құт-береке бастауы!»


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

27-САБАҚ: «Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан, зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

17.03.2025

IV тоқсан

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

12 сәуір – Ғылым күні

15 сәуір – Халықаралық мәдениет күні

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

23 сәуір – Ұлттық кітап күні

1-апта дәйексөзі: Оқысаң озарсың, оқымасаң тозарсың.

28

8 Экология. «Климаттық өзгерістерге қарсы күрес: әр адам маңызды»


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

28-САБАҚ: «Ата-анамен және сенімді ересектермен қауіпсіздік мәселелерін қалай ашық талқылауға болады»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

07.04.2025

2-апта дәйексөзі: Қанатсыз құс ұшпас, оқусыз адам мұратқа жетпес.

29

«Кітап экранизациялары: кітап пен фильмнің айырмашылығы»

«Балалар кітапханасы» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

29-САБАҚ: «Күмәнді келісімдерге қатыспай, салауатт және қауіпсіз өмірге апаратын жол»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

14.04.2025

3-апта дәйексөзі: Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар.

30

«Көшбасшылық қабілеттер: табиғи дарын ба әлде тәрбиелеуге бола ма?

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

30-САБАҚ: «Қауіпті селфи»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

21.04.2025

4-апта дәйексөзі: Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

31

8 ЖЖЕ. Буын шығып кеткен кездегі алғашқы медициналық көмек. Күйікке шалдыққан кездегі алғашқы медициналық көмек.


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

31-САБАҚ: «Төтенше қызмет нөмірлері және сенім телефондары».

Сынып сағаты



Сынып жетекшісі

Мектеп медбикесімен кездесі

28.04.2025

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

1-апта дәйексөзі: Өнерлінің өрісі кең.

32

9 Экология. «Экотуризм: табиғатты сақтап саяхат жасау»


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

32-САБАҚ: «Саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)».

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

05.05.2025

2-апта дәйексөзі: Білгенің – бір тоғыз, білмейтінің – тоқсан тоғыз.

33

«Жас өнертапқыштар: ғылымдағы шабыт»

«Шабыт» жобасы


9 ЖЖЕ. Аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерге қойылатын техникалық талаптар. Веловипедшілер қозғалысына қойылатын қосымша талаптар


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

33-САБАҚ: «Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет».

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

12.05.2025

3-апта дәйексөзі: Ұстаздан шәкірт озар.

34

«Әдебиет және қоғам: кітап оқудың маңызы бүгінгі күні»

«Балалар кітапханасы» жобасы


10 ЖЖЕ. Қорытынды сабақ


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

34-САБАҚ: «Менің қандай құқығым бар?»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі



19.05.2025


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!